Иманмен кету үшінСұрақ: Иманмен өлу үшін не қажет? Жауап: Иманмен өлу үшін дұрыс иман иесі болуға, салих амалдар жасап, салих адамдармен дос болуға тырысу керек. Хадис шәрифтерде айтылған: «Құлдың қиямет күні ең алғаш есепке тартылатын амалы – намаз. Егер ол дұрыс болып шықса, басқа амалдары да дұрыс болады. Егер ол бұзылған болса, басқа амалдары да бұзылған болады.» (Табарани) «"Субханаллаһ" деп айту мизан таразының сауап табағының жартысын толтырады. "Әлхамдулиллаһ" деп айту толықтай толтырады. Тәкбір айту (Аллаһу әкбар) аспан мен жердің арасын толтырады.» (Тирмизи) «Мизанда ең ауыр келетін мына бес калима: "Субханаллаһи уәлхамдулиллаһи уәлә илаһа иллаллаһу уаллаһу әкбар" және өзінен бұрын қайтыс болған салих перзентінің себебімен күткен сауабы.» (Нәсаи) «Ант етемін, жер мен көктің арасындағылардың бәрін алып келіп, мизан таразының бір табағына қойылса, ал "Лә илаһа иллаллаһ" басқа табаққа қойылса, міндетті түрде бәрінен ауыр басады.» (Табарани) «80 жасқа келген мұсылман мизанға апарылмайды, сұраққа тартылмайды және оған "жәннатқа кір" делінеді.» (Әбу Нуайм) «Жәбрейіл алейһиссалам: "Қалағаныңша өмір сүр, әлбетте өлесің. Қалағаныңды жақсы көр, ақыр соңында одан айрыласың. Қалағаныңды істе, соңында оның есебін бересің" деген хабар алып келді.» (Табарани) «Әр адам бір сәтке болса да біреумен достық құрса, осы достығының есебін береді.» (Ибн Жәрир)
Сұрақ: Адамның иманды болып ахиретке кететіндігі әуелден белгілі болады ма, әлде соңғы демінде белгілі болады ма? Жауап: Мұсылман және кәпір соңғы демде белгілі болады. Көптеген адам бүкіл өмірі бойы кәпір болып, соңында иманға қауыша алады. Бүкіл өмірін иманмен өткізіп, соңында керісінше имансыз өлгендер де кездеседі. Қияметте адамдардың соңғы деміндегі жағдайына қаралады.
Сұрақ: Адамның міндетті түрде иманмен өлетінін айту діни тұрғыда дұрыс па? Жауап: Адамның міндетті түрде иманмен өлетінін айта алу үшін ол адам туралы аят немесе хадистің бар болуы керек. Өйткені адамның мұсылман немесе кәпір болатындығы соңғы демінде белгілі болады. Көп адам бүкіл өмірі бойы кәпір болып, соңында иманға қауышады. Бүкіл өмірі иманмен өтіп, соңында кәпір болғандар да бар.
Сұрақ: Тірі болған қандай да бір мұсылман туралы «Міндетті түрде жәннаттық» деп айтуға болады ма? Жауап: Адамның ахиретте мұсылман болатыны соңғы демінде белгілі болады. Алпыс жастағы кәпір өліміне аз қалғанда мұсылман болса, ахиретте мұсылман болып тіріледі. Пайғамбарлардан және жәннатқа кіретіндігі айтылғандардан басқа ешкімге жәннаттық деуге болмайды. Өйткені, соңғы демінің қандай болатындығы белгісіз. |