Екі жаһанда саламатта болу үшінХазреті Әлиден (кәрәмаллаһу уәжһәһ) былай риуаят етілген: «Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) мені алдына шақырды. Маған айтты: Йа, Әли! Сен маған Харун алейһиссаламның Мұса алейһиссаламға болғанындайсың. Бірақ, менен кейін пайғамбар келмейді. Саған өсиет етемін, тыңдап жаттап алсаң, шүкір етушілерден және шәһид боласың. Аллаһу та'ала сені қиямет күнінде фақих және ғалым қылып тірілтеді. Йа, Әли! Біліп ал, мұсылманның үш белгісі болады. Намаз оқу, ораза ұстау және садақа беру. Мұнафиқтың да (екі жүздінің) үш белгісі болады. Адамдардың арасында намаздың руку мен сәждесін толық жасайды, жалғыз қалғанда ешқандай рукндарын орындамайды. Мақтаған кезде қуанып істейді. Аллаһу та'аланы жұрттың көзінше көп зікір етеді. Жалғыз қалғанда Аллаһу та'аланы ұмытады. Йа, Әли! Ешбір мұсылманды қарғама. Ешбір жануарды қарғама. Қарғыс саған (қарғаушыға) қайтып келеді. Йа, Әли! Кімде-кім Аллаһу та'аланың ниғметтеріне шүкір етсе, жіберген бәле-жалаларына сабыр етсе, күнәларына истиғфар етсе, жәннатқа қай есіктен қаласа да кіреді. Йа, Әли! Бес нәрсе жүректі жарық қылады, жарқыратады, қараңғылығын кетіреді. Білім мәжілісіне қатысу. Қолымен жетімнің басын сипау. Сәре уақытында көп истиғфар ету. Көп тамақтануды доғару. Көп ораза ұстау. Йа, Әли! Әййам-и бәйд оразасын қалдырма, ол айдың он үшінші, он төртінші, он бесінші күндері ұсталатын ораза. Аллаһу та'ала осы күндері ораза ұстағандардың жүздерін ақ қылады. Сол жылы толықтай ораза ұстағандай болады. Йа, Әли! Бір адамның үстінен ғалым мәжілісіне қатыспастан қырық күн өтетін болса, оның жүрегі қараяды. Үлкен күнә істейді. Өйткені білім жүректі тірі ұстайды. Білімсіз ғибадат болмайды. Йа, Әли! Аллаһу та'ала бір адамға салиха және тақуа жұбай бергенде оның көңілін разы қылуы, имаммен намаз оқуы, көршілерінің одан разы болуы Аллаһу та'аланың оған берген сыйынан. Йа, Әли! Періштелер мына адамға истиғфар етеді (кешірілуін сұрап дұға етеді): оның үйінде бал, зәйтүн және қара зере болады. Ішінде сурет (жандының бейнесі) болған, шарап, ит болған, ата-анасына қарсы шыққан және қонақ келмейтін үйге (рахмет) періштелері мүлдем кірмейді. Сапарға немесе соғысқа аттанғанда «Ясин» сүресін оқы. Он рет «Қадір» сүресін оқы, Аллаһу та'ала дұшпандардың зиянынан сақ қылады. Йа, Әли! Менің өсиетімді сақтап қой. Мен Жәбрейіл алейһиссаламнан, Ол Аллаһу та'аладан қалай сақтап қойған болса, сен де солай сақта. Йа, Әли! Саған бұл өсиетте әуелдің және ақырдың білімін бердім. Кімде-кім осымен амал етсе, дүниеде және ахиретте саламатта болады.» (Мәнақиб-и чихар йар-и гузин) |