Нәпістің дұшпандығыСұрақ: Нәпістің қалауларының бәрі өзіне зиянды делінеді. Нәпістің мақсаты не? Жауап: Нәпістің мақсаты – адамды кәпір қылу. Адамды ең көп мал-мүлік пен атақ-даңққа беріліп кетуге итермелейді. Мал-мүлік пен атақ-даңққа берілу нәпістен туындайды. Көбірек осы жолдармен адамды пәлекетке түсіруге тырысады. Көп мал-мүлік пен атақ-даңқ иесі болу барлық уақытта жаман емес. Дінге және мұсылмандарға қызмет ету үшін көп мал-мүлік иесі болу әрине жақсы. Осындай ниетпен мансап иесі болу да жақсы. Нәпіс бұларды жаман жолдарда қолдануға тырысады. Бұларға харам жолдармен қолжеткізуге итермелейді. Мысалы, мешіт ашқызғанда атын жаздырады, осылайша мақтануға, рияға түсіреді. Діни кітап жазады, барлық жерге атын жайғысы келеді. Халал жолдардан көп мал-мүлік табу біраз қиын. Сондықтан ата-бабаларымыз «Көп сөз өтіріксіз, көп мүлік харамсыз болмайды» деген. Бұл көп мал-мүлікке міндетті түрде харам араласады деген сөз емес. Байлық та, кедейлік те адамды аздырып, күпірге түсіруі мүмкін. Сондықтан пайғамбарымыз алейһиссалам «Йа, Раббым! Аздыратын байлық пен аздыратын кедейліктен саған сиынамын» деп дұға етуді үйреткен. Кейбірлері кедей болғанына наразы болып, кейбірлері бай болғанда тәкәппарланып, Аллаһты ұмытады, бұл олардың пәлекетіне себеп болады. Осы тұрғыдан, шүкірін жасай алатын қайырлы мал-мүлік сұрауымыз керек. Атақ-даңққа ие болу да қауіпті бола алады. Сондықтан «Атақ-даңқ – апат» делінген. Аллаһу та'аланың қорғағандарынан басқа көптеген адамдар атақ-даңқ пен абыройдың құрбаны болады. Міне осылай нәпіс адамды атақ-даңқ пен мал-мүлік арқылы күпірге түсіруге тырысады. Нәпістің қулығына түспеуге тырысу керек. |