УАҺҺАБИ СЕНІМДЕРІ ЖӘНЕ ӘҺЛИ СҮННЕТ ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ ОЛАРҒА БЕРГЕН ЖАУАПТАРЫ (28)28) Төрт жүз тоқсаныншы бетінде: «Мүслим сахихы және Әбу Дауд пен Тирмизидің Имран бин Хусайннан (радиаллаһу та'ала анһ) жеткізген хадис шәрифінде: «Үмбетімнің ең жақсылары – менің заманымдағылар. Олардан кейін ең жақсылары – олардан кейін келгендер. Ал олардан кейін ең жақсылары – олардан кейін келгендер» делінген. Бұл хадис шәриф Бұхарида да жазылған және «Ең жақсыларың» деп басталған. Ең жақсы болу – білімдері, имандары, амалдары ең жақсы болғандары деген сөз. Олар шыққан бидғаттарды жоққа шығарып, жойған. Үшінші ғасырда бидғаттар көбейді, дегенмен ғалымдар көп еді. Ислам діні құнды еді. Жиһад жасалып жатқан еді. Мүслим сахихындағы Абдуллаһ ибн Мәсуд тарапынан жеткізілген хадис шәриф те осындай. Тек бұл жерде кейіннен келген ғасырлар үш рет қайталанған. Төртінші ғасырдың соңына дейін жақсылықтың жамандықтан көп болғандығы аңғарылуда» дейді. Бұл хадис шәриф Әһли сүннет ғалымдарын мақтауда. Өйткені, Әһли сүннет ғалымдары (рахимә-һумуллаһу та'ала) ең қайырлы болған осы төрт ғасырдың ең үстемдері, ең қадірлілері еді. Бұл үстемдіктері өз ғасырларындағы миллиондаған мұсылманның сөз бірлігімен айтылған. Автор Әһли сүннет ғалымдарын өзіне керек кезде мақтаған, олардың жазбаларын, ижтиһад етіп көрсеткен нәрселерін өз сөздеріне дәлел ретінде жазған. Бір жағынан Әһли сүннет ғалымдарын мақтауға мәжбүр болуда, бір жағынан аяти карималарға және хадис шәрифтерге Әһли сүннет ғалымдары берген мағыналарды ұнатпауда. Бұл мағыналардың көбісіне ширк дейді. Әһли сүннетті мүшрик деп атауға еш ұялмайды. Автор көптеген жерінде хадис ғалымдарынан Исмаил бин Омар ибн Кәсир Имадеддиннің кітаптарынан дәлелдер келтірген. Өйткені, Имад бин Кәсир Ибн Тәймияға қарап фәтуа беретін. [Әбулфида хафыз Исмаил ибн Кәсир Шафии Басри 734 [м.1372] жылы Шамда қайтыс болды.] |