«УАҺҺАБИ СЕНІМДЕРІ ЖӘНЕ ӘҺЛИ СҮННЕТ ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ ОЛАРҒА БЕРГЕН ЖАУАПТАРЫ (29)»29) Автор бес жүз үшінші бетте былай дейді: «Бір істің орындалуы үшін тірі болған кезкелген адамнан шапағат сұрау, яғни көмектесуін және дұға етуін сұрау жаиз (рұқсат). Хазреті Омар Мәдинадан Меккеге умра жасауға бара жатқанда Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) «Салих дұғадан бізді де ұмытпа, бауырым» деді. Бұл хадис шәриф Әбу Даудтың және Имам Ахмедтің дәлелінде жазулы. Хазреті Омардың айтуынша, бұл хадис шәрифтегі «Бауырым» сөзінен де жағымды сөз өмірімде еш естімедім. Ислам діні өлілерге тек дұға етуге ғана рұқсат еткен. Бірақ өліден дұға сұрау айтылмаған. Аят пен хадистер бұған тыйым салған. «Фатыр» сүресінің он үшінші аятында «Аллаһу та'аладан басқа ғибадат еткен пұттарың құрма сүйегінің үстіндегі қабығындай да сендерге пайда бермейді. Ол пұттарға дұға етсеңдер, олар естімейді. Еститін болса да, пайда тигізуге күші жетпегендіктен, сендерге жауап бермейді. Қиямет күнінде пұттар оларды Аллаһу та'алаға серік қылғандарыңның қате екенін айтады» делінген. Бұл аят өлілерден дұға сұраушылардың қияметте кәпір болатынын көрсетуде. Осындай екендігін «Ахкаф» сүресінің алтыншы аяты болған «Кәпірлер қияметте тірілгенде пұттары оларға дұшпан болып, олардың ғибадаттарының қате болғандығын айтады» сөйлемі көрсетуде. Олай болса, ешбір өлі және ғайып болған (алыстағы) тірі адам естімейді, пайда және зиян тигізбейді. Сахабалар және олардың ұлылары Хуләфа-и рашидин Расулуллаһтың қабіріне келіп, ештеңе сұрамаған. Хазреті Омар (радиаллаһу анһ) жаңбыр дұғасына хазреті Аббасты алып барып, жаңбыр жаусын деп дұға етуін сұрады. Өйткені, ол тірі еді. Раббына дұға ете алатын еді. Өліден жаңбыр дұғасын сұрау рұқсат болғанда, хазреті Омар және сахабалар Расулуллаһтың қабірінен сұрайтын еді» дейді. Кітаптың төрт жүз сексен алтыншы бетінде «Маған арнап кезкелген жерде оқыған дұға мен сәлемдерің маған білдіріледі» хадис шәрифін жазған және бұл хадис шәриф дұрыс және мәшһүр деген еді. Енді Расулуллаһтың ештеңе естімейтіндігін, дұға ете алмайтындығын, Одан дұға сұраудың ширк екендігін жазуда. Жазбалары бір-біріне қайшы келуде. Дәлел ретінде жазған «Фатыр» сүресіндегі аяти каримасы Аллаһу та'алаға сенбейтін, Оған ғибадат жасамай, пұттарға, мүсіндерге табынатын кәпірлерді айтуда. Аллаһу та'аланың сүйікті пайғамбарының немесе әулиесінің қабіріне барып, шапағат және дұға етуін сұраған мұсылмандарды мүшрик деп атай алу үшін кәпірлер туралы айтылған аяти карималарды дәлел ретінде жазу – Құран кәрімге де, мұсылмандарға да жала жабу болып табылады. Бұл аяти карима мазарларды және өлілерді айтпаған. Аллаһу та'алаға сенбейтін, пұттарға табынатын кәпірлерді айтқан. Мұсылмандарға қарсы бұл аяти кариманы көрсететіндердің сөзін растайтын бірде-бір дәлел жоқ. «Ахкаф» сүресінде жазған аяти каримадан бұрын Аллаһу та'ала «Аллаһу та'алаға иман және ғибадат етпей, естімейтін пұттарға ғибадат еткен адамнан да жаманырақ, одан да адасқан ешкім жоқ» дейді. Бұл аяти карима да кәпірлерді айтуда. Хазреті Омардың жаңбыр дұғасына шығуы сүннетке сай болу үшін еді. Өйткені, Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) жаңбыр дұғасын жасағандықтан, хазреті Омар да сүннетті ұстанып дұға жасады. Жаңбыр дұғасы – ғибадат. Ғибадаттар әлбетте сүннетке сай орындалады. Сондай болуымен қатар, Ханафи мазһабының ғалымдарынан Хасан Шернблали «Нур-ул-изах» және оның шәрһі болған «Мәрақил фәлах» кітабында айтады: «Мәдинада болғандардың жаңбыр дұғасы үшін «Мәсжиди Нәби»-де жиналуы жақсырақ болады. Өйткені, ол жақта Расулуллаһтан (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) басқа бір нәрсені арашы қылумен Аллаһу та'аладан ештеңе сұралмайды және ештеңеге қолжеткізілмейді. Расулуллаһтың да (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) «Мәсжиди Нәби» ішінде жаңбыр дұғасын жасағандығы Бұхариде және Мүслимде жазылған. Дұға етілген жер қаншалықты қадірлі болса, мейірім жаууы соншалықты көп болады. Алдымен екі халифасын арашы қылып, Расулуллаһтан сұралады. Одан кейін үшеуін арашы қылып, Аллаһу та'алаға жалбарынады.» Кітаптың «Қабри саадатты зиярат еткенде құбылаға қарап тұру, қабірді артта қалдыру керек» дегені де жала. «Мәрақил фәлах»-та «Қабірге бұрылады. Құбыла артта қалады. Барлық қабірді зиярат еткенде де осылай жасалады» деп жазылған. Жаңбыр сұрау үшін сүннетке сай жиналып дұға ету аятпен және сүннетпен белгілі болған ғибадат. Бұл ғибадатты сүннетке сай жасамай, Қабри саадатқа барып сұрау ғибадатты өзгерту болып саналады. Оқылмаған намаздардың күнәсін кешірту үшін қазаларын оқу әмір етілді. Оқылмаған намаздардың қазасын өтеместен кешірілуін Қабри саадаттан сұрау жаиз болмағанындай, жаңбырды да Қабри саадаттан сұрау жаиз болмайды. Бірақ, ондай ғибадаттарды Қабри саадаттың қасында жасау басқа жерде жасағаннан мың есе пайдалы екендігі мәшһүр хадис шәрифте айтылған. Иә, әулиелер үшін намаз оқылмайды. Әулиенің қабіріне қарап намаз оқуға да болмайды. Олай жасау үлкен күнә, тіпті ширк болады. Бірақ әулиенің қабірінің қасында тек қана Аллаһ үшін және құбылаға қарап намаз оқу үлкен сауап болады. Өйткені, әулиелердің қабірлеріне мейірім жауып тұрады. Қабірдің қасында, кесененің қасында намаз оқу рұқсат болмағанда, Асхаби кирам Қабри саадатты (пайғамбар қабірін) мешіттің ішінде қалдырмас еді. Сахабалардың барлығы және мың төрт жүз жылдан бері келген миллиардтаған мұсылман Қабри саадаттың қасында намаз оқыған. Бұл жерде намаз оқудың қасиетінің көптігін хадис шәриф арқылы хабар берілген. Мәсжиди саадатта артқы сапта намаз оқитындар Қабри саадатқа қарап тұрады. Мың төрт жүз жылдан бері ешқандай ғалым бұған ештеңе демеген. Әулиелердің (қаддәсаллаһу та'ала әсраруһум) қабірлерінің қасында намаз оқудың жаиз (рұқсат) екендігіне бұдан үлкен дәлел болуы мүмкін бе? Қабірге қарап намаз оқуды көздеуге, осы ниетпен оқуға хадис шәрифпен тыйым салынған. Бірақ құбылаға қарап оқуды көздегенде қабірге тура келіп қалуы жаиз (рұқсат) екендігі ижма-и үмметпен бекітілген. [Шәрнблали 1069 [м.1658] жылы Мысырда қайтыс болды.] Ибн Хажәр Хитәми Мекки (рахимә-һуллаһу та'ала) «Зәуажир» кітабында тоқсан бірінші бетте былай дейді: «Бұхаридегі хадис құдсида: «Аллаһу та'ала айтады, әулиелерімнің біріне дұшпандық еткен адам менімен соғысқан болады. Құлымды маған жақындататын нәрселердің арасында маған ең сүйікті болғандары – оған парыз еткен нәрселерім. Құлым нәпіл ғибадаттарды орындау арқылы маған соншалықты жақындайды, оны қатты жақсы көремін және әр қалағанын беремін» делінген. Тоқсан бесінші бетіндегі хадис шәрифте: «Кімде-кім маған салауат оқыса, маған білдіріледі. Мен де оған дұға етемін» делінген. Бір хадис шәрифте: «Бір мұсылман маған сәлем берсе, рухым денеме келеді. Сәлеміне жауап беремін. Пайғамбарлар қабірлерінде тірі» делінген. Әбуддәрда жеткізген хадис шәрифте: «Топырақ пайғамбарлардың денелерін шірітпейді. Жұма күндері маған көп салауат оқыңдар! Үмбетімнің оқыған салауаттары әр жұма күні маған білдіріледі» делінген. «Йа, Расулаллаһ! Сіз қабірде шірігеннен кейін сәлемдер қалай білдіріледі?» деген сұраққа жауап ретінде: «Аллаһу та'ала топыраққа пайғамбарларды шірітуді харам еткен» деді. Осы сияқты хадис шәрифтердің көрсетіп тұрғаны, пайғамбарлар (алейһимуссалауату уәттәслимат) қабірлерінде тірі, шірімейді. Әулиелер де олардың мұрагерлері.» Ибн Әби Шәйба мен Әбу Нуайм жеткізген және «Кунуз-уд-дақаиқ» кітабында жазылған хадис шәрифте: «Әулиені көргенде Аллаһу та'ала еске түседі» және «Аллаһу та'аланың әулиелері бар. Оларды көргенде Аллаһу та'ала еске түседі» делінген. Дәйләми жеткізген және «Кунуз-уд-дақаиқ»-та өткен хадис шәрифте: «Қабірдегілер болмаса, қаладағылар күйер еді» делінген. Бұл хадис шәрифтердің көрсетуінше, Аллаһу та'ала қабірдегілердің себебі және берекетімен тірілерге жақсылықтар беруде. Әскери жеткізген және Мунауидің «Кунуз» кітабында жазылған хадис шәрифте: «Яхия бин Зәкәрияның қабірін білсем, зиярат ететін едім» делінген. [Абдуррауф Мунауи Шафии (рахметуллаһи алейһ) 1031 [м.1621] жылы Каирде қайтыс болды.] [Ибн Әби Шәйба Абдуллаһ 235 [м.850] жылы қайтыс болды.]
|