Ғибадат және жәннатСұрақ: «Ислам ахлақы» кітабында «Аллаһу та'ала ғибадаттарды жәннатқа кіруге себеп қылғанын айтқан. Яғни жәннат ниғметтерін ғибадаттардың марапаты ретінде жаратқан. Хадис шәрифте: «Ешкім жәннатқа ғибадаты себебімен кірмейді» делінген. Марапат басқа, себеп болу басқа» деп жазылған. Бұл жерде ешқандай қайшылық жоқ па? Жауап: Қайшылық жоқ. Иман келтірмеген және ғибадат етпеген адамды жәннатына кіргізбейді. Жәннатты ғибадаттардың марапаты қылып жаратқан. Марапат басқа, себеп басқа. Жәннатқа Аллаһу та'аланың мейірімі және сыйы арқылы кіріледі. Мейірім мен сыйға қауышу үшін иманды болу шарт болуымен қатар, иманды қорғау үшін ғибадат ету де қажет. Иманды болмағандарға бұл мейірім жасалмайды. Шетелге шығу үшін паспорт алсақ, қажылық мезгілінде, қажылыққа бара алмаймыз, өйткені паспортта виза да қажет. Паспортым бар деп кезкелген мемлекетке бара алмаймыз. Паспорты бар адамға виза алу шарты бар. Бірақ паспорты жоқ адам не виза алуға, не шетелге шығуға құқылы емес. Паспорт ол жаққа бару үшін себеп, ал виза шарт. Осы сияқты, имансыз және ғибадатсыз адам паспортсыз кісіге ұқсайды. Оның виза жасататын ештеңесі жоқ. Паспорты бар адам тағы виза да алса, ол мемлекетке бара алады. Кіруіне ешқандай бөгет болмаса, виза беріледі. Ғибадат еткен адамның иманы дұрыс болса, виза беріліп, жәннатқа кіреді. «Біздің ғибадатымыз бар, былай тұрыңдар, біз визасыз кіреміз» деп айта алмаймыз. Егер кісінің иманы бұзылған болса, ғибадаты да жарамайды, паспортына виза қойылмайды. Демек, паспорты бар кісі де визасыз жәннатқа кіре алмайды. Паспорты жоқ болса, мүлдем кіре алмайды. Алдымен виза алатын паспорты болу қажет.
Иманмен өлгендер құтылады Сұрақ: «Иманмен өл, қалғанына араласпа» деген сөз бар. Олай болса, күнәларымыз не болады? Жауап: Бұл сөз – хадис шәриф. Иманмен өлу – Әһли сүннет сенімінде қайтыс болу деген сөз. Бидғат сенімімен өлген адам бұл сүйіншіге қауыша алмайды. Ғұламаларымыз: «Дұрыс иманмен өлгенге шапағат көп, оған еш қорқыныш жоқ» деген. Ахиретте шапағат көп. Пайғамбарлар шапағат етеді, періштелер, ғалымдар, салихтар, шәһидтер, қажылар шапағат етеді, оқылған Құран кәрім шапағат етеді. Одан басқа тағы көп шапағаттар болады. Дұрыс иманмен өлсек болғаны. Тәубесі жасалған күнәлар онсыз да кешіріледі. Тәубесі жасалмаған күнәлар, қаншалықты үлкен болса да, шапағатпен кешіріледі. Хадис шәрифте айтылған: «Үлкен күнә істеген әр мұсылманға шапағат етемін.» (Бұхари, Мүслим, Әбу Дауд, Тирмизи, Нәсаи) Көрініп тұрғанындай, иманмен қайтыс болған адам шапағатқа қауышады. Маңызды болғаны – дұрыс иманмен жан тапсыру. Шапағат болады екен деп күнә істеп жүре бермеу керек, өйткені күнәлар уақыт өте адамды күпірге түсіреді. Ал күпірге түскен адамға шапағат болмайды. Иманды тек қана күнәлардан сақтанып, ғибадаттарды орындау арқылы қорғау мүмкін.
Ғибадат жасамастан жәннатты тілеу Сұрақ: Бір адам ғибадат етпестен, күнәлардан сақтанбастан дұға етіп жәннатқа кіре алады ма? Жауап: Бұл туралы Имам Ғазали хазреттері бір шәкіртіне қарап былай деген: «Пайғамбарымыз Мұхаммед алейһиссалам: «Ахиретте есепке тартылмай тұрып дүниеде өздеріңді есепке тартыңдар» деген.Хазреті Әли айтады: «Еңбектенбей, тырыспай жәннатқа кіремін деп ойлайтын адам қиялға беріледі. Еңбектеніп қауышамын деген адамның күш жұмсауы, ғибадат машақатын арқалауы қажет.» Хазреті Әлидің шәкірттерінен Хасан Басри хазреттері: «Ғибадат етпей Аллаһу та'аладан жәннатты сұрау үлкен күнә» деген. Ғұламалардың бірінің айтқанындай, «Білімі пайдалы болған адам ғибадатты тастамайды, ғибадаттың сауабын ойлауды тастайды.» Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) «Ақыл иесі нәпсін қинап, ахиретте қажет болған нәрселерге күш жұмсайды. Ақымақ болған адам нәпсінің қалауларының соңынан жүгіріп, жәннаттқа кіргізуін тілеп Аллаһқа дұға етеді» деген.» |