19 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     21 - Қараша, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Дерттерден құтылу үшін көп истиғфар айт!

Дерттерден құтылу үшін көп истиғфар айт!

Ибн Саффар хазреттері фиқһ және хадис ғалымы. 338 (м.949) жылы Әндулусте (Испания) Қуртубада (Кордоба) туылды. Сол жерде 429 (м.1038) жылы қайтыс болды. «Китаб-ут-тәһәжжуд» атты кітабында былай жазуда:

Тәһәжжуд намазын зәрулік болмағанша қолдан жібермеу керек. Тәһәжжуд – түннің үштен екісі өткеннен кейін оқылатын намаз, имсак уақытынан бұрын оқылады. Тәһәжжуд – ұйқыны тәрк ету деген сөз. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) тәһәжжудті тіпті соғыстарда да оқитын еді.

Тәһәжжуд және басқа да нәпіл намаздардың қалай оқылатындығы фиқһ кітаптарында жазылған. Түнде ояну қиын болса, жұбайына, қызметшісіне ескерту керек. Бірнеше түн тұрғаннан кейін әдетке айналып, үнемі өзі оянатын болады.

Тәһәжжуд және таң намаздарына оянғысы келген адам құптанды оқығаннан кейін дереу ұйықтап, түнді бос нәрселермен ұйқысыз өткізбеуі қажет. Тәһәжжуд уақытында тәубе, истиғфар ету, Аллаһу та'алаға дұға етіп жалбарыну, күнәларын ойлау, кемшіліктерін, қателіктерін еске алу, қияметтегі қиыншылықтарды ойлап қорқу, тозақтың шексіз азабынан дірілдеу керек. Кешірім тілеп, көп жалбарыну қажет. Осы уақытта және әрдайым жүз рет «Әстағфируллаһ әл азыйм әлләзи лә илаһа иллә һууәл хаййәл қаййумә уә әтубу илайһ» деп, мағынасын ойлап айту керек. (Азыйм – заты мен сипаттары кәмілдікте дегенді білдіреді. Кәбир – заты кәмілдікте, ал жәлил – сипаттары кәмілдікте деген сөз.) Мұны екінді намазынан кейін (тәсбихтерден және дұғадан кейін) жүз рет оқу керек. Дәретсіз оқуға болады.

Хадис шәрифте: «Қияметте дәптерінде көп истиғфар болған адамдарға сүйінші болсын!» делінген. Бәле-жаладан, қиыншылықтардан құтылу үшін истиғфар оқу өте пайдалы және тәжірибемен байқалған. Өлімнен басқа барлық дерттен құтқарады. Ал ажалы келген адамның аурусыз, қиыншылықсыз өліміне көмектеседі. Барлық қиындықтан құтқаратындығы және ризықты арттыратындығы хадис шәрифте айтылған. Истиғфарды және басқа барлық дұғаларды мағынасын ойламай, таза жүрекпен айтпаса, тек ауызбен ғана айтса, еш пайдасы болмайды. Ауызбен үш рет айтқанда таза жүрек те айта бастайды. Күнә істеумен қарайған жүректің айтуы үшін ауызбен көп айту керек. Намаз оқымайтын және харам азық жейтін адамның жүрегі қап-қара болады. Осындай жүректер де айта бастауы үшін ауызбен ең аз дегенде жетпіс рет айту қажет.