19 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     21 - Қараша, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Құран Кәрім / Құран мұсылманға шипа

Құран мұсылманға шипа

Сұрақ: Өлгендердің артынан және ауырып қалған адамдарға Ясин, Фатиха сүрелері оқылады. Бұл сүрелердің аудармасында шипа туралы айтылмайды. Фатиха сүресін оқығанда өзімізге дұға еткен боламыз. Олардың шипаға қандай қатысы бар?

Жауап: Не туралы айтылса да, Құран кәрімнің әр аяты, әр әрпі шипа.

Хадис шәрифте: «Дәрілердің ең жақсысы – Құран кәрім» делінген. (Ибн Мажа)

Пайғамбарымыз үш түрлі ем қолданатын. Құран кәрім немесе дұға оқитын. Ғылыммен табылған дәрілерді қабылдайтын. Екеуін бірге қолданатын. Хадис шәрифте былай делінген:

«Құран кәрімнен шипа күтпеген адам шипа көре алмайды.» (Дәйләми)

Құран кәрім және дұға шарттарына сай оқылса, әлбетте шипа береді. Оқыған адамның және науқастың бұған сенуі керек. Харам істеушінің және сенімі дұрыс болмаған адамның оқуы пайдасын тигізбейді. Құран кәрімді ақыға оқу харам. (Тәфсир-и Мазхари)

Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Фатиха – барлық дертке дауа.» (Бәйһақи)

«Фатиха сүресі Аллаһу та'аланың ашуының алдын алады.» (Шира)

«Өлілеріңе Ясин оқыңдар!» (И.Ахмед)

«Мазарға келген адам Ясин сүресін оқыса, сол күні өлілердің азаптары жеңілдейді. Өлілердің санындай ол адамға сауап беріледі.» (Әтфал-ул-мүслимин)

«Ясин оқыған адамның қиыншылығы кетеді.» (Дәйләми)

«Жұма түні Ясин сүресін оқыған адамның күнәлары кешіріледі.» (Исфәхани)

«Түнде Ясин оқыған адам таңға кешірілген болып шығады.» (Бұхари)

«Аллаһ разылығы үшін Ясин оқыған адамның күнәлары кешіріледі.» (Ибн Сүнни)

«Әр түні Ясин оқып тұратын адам шәһид болып өледі.» (Табарани)

«Барлық нәрсенің жүрегі бар. Құранның жүрегі – Ясин.» (Тирмизи)

«Бір рет Ясин оқыған адам он рет Құран кәрімді оқығандай сауап алады.» (Тирмизи)

Ясин сүресінде қияметте болатын нәрселер, дүниенің өткінші екендігі, жәннат ниғметтері және тозақ азаптары баяндалған. Түсінетін науқас адам қасында оқылған кезде иманмен кетуге себеп болатын нәрселерді естіген болады. Имам Ғазали хазреттері айтқан:

«Имам Ахмед бин Ханбал хазреттері Аллаһу та'аланың «Түсініп те, түсінбей де Құран кәрім оқыған адам менің разылығыма қауышады» дегенін хабар берген.» (Ихия)

Өлілерге де Ясин сүресін оқу бұйырылған. Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Қасында Ясин сүресі оқылған науқас суға қанған болып қайтыс болады, тойған болып қабірге кіреді.»

«Мұсылман науқас қасында Ясин оқылса, Ридуан есімді періште жәннат шәрбатын алып келеді. Ол адам суға қанған болып рухын тапсырады. Тойған күйде қабірге кіреді, суға мұқтаж болмайды.» (С.Әбәдия)

 

Дұғалар және шипалар

Аурудың жағдайына байланысты ем дәрімен, садақа берумен және дұғамен жасалады. Шипаны беретін тек қана Аллаһу та'ала. Құран кәрімде былай делінеді:

«Ибраһим «ауруыма тек қана Ол шипа береді» деді.» (Шуара 80)

«Құран кәрім мүминдерге шипа және мейірім.» (Исра 82)

 

Хадис шәрифтерде де былай делінген:

«Негізгі дауа – Құран.» (Ибн Наср)

«Фатиха мен Аят-ул күрсиді оқыған адамға сол күні назар тимейді.» (Дәйләми)

«Лә илаһа иллә әнтә субханака инни кунту минәз-залимин деп оқыған адам дерт пен бәле-жаладан құтылады.» (Хаким) (40 рет оқыған жақсы болады.)

«Таңертең-кешке Ихлас және Фәлақ пен Нас сүрелерін үш реттен оқы! Олар бүкіл бәле-жаланы, апаттарды, қиыншылықтарды және қаламайтын нәрселеріңді кетіреді.» (Тирмизи)