2 - Жамазиәл-ахир, 1446 жыл.
     3 - Желтоқсан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Ислам ғұламалары / Имам Ағзам Әбу Ханифа

Имам Ағзам Әбу Ханифа

Әһли сүннеттің амалдағы төрт мазһабының бірі болған Ханафи мазһабының құрушысы болып табылады. Мутлақ мүжтахид болып табылады. Есімі Нұғман. Әкесі Сабит хазреті Әлимен кездескен, тегі үшін батасын алған. Әбу Ханифа нағыз мұсылмандардың әкесі деген сөз. Әйтпесе, оның Ханифа деген қызы болмаған. Хижри 80-150, милади 699-767 жылдары аралығында Куфа мен Бағдатта өмір сүрді. Бағдатта шәйіт болды.

            Ханафи мазһабы Осман мемлекеті кезеңінде жан-жаққа таралды. Бүкіл мұсылмандардың жартысынан көбі Ханафи мазһабы бойынша ғибадат жасайды. Имам Ағзамнан бір мәселе туралы сұралған кезде шығарған үкімін ұстаздарына айтатын. Олар келіспейінше жауабын айтпайтын. Куфа мешітінде сабақ берген кезінде мың шәкірті оның барлық сабағына қатысатын. Бір мәселеге шешім тапқан кезде шәкірттеріне айтатын. Барлығы келіссе «әлхамдулиллаһ» деп, шәкірттеріне «мұны жазыңдар» дейтін.

            Хазреті Мәулана Мұхаммед Абдулжәлил былай деген: «Имам Ағзам Әбу Ханифа хазреті уәра және тақуа иесі еді. Хадис нақл ету үшін өте ауыр шарттар қойған еді. Тек осы шарттарға сай болған хадистерді нақл ететін. Сол себепті аз хадис риуаят етуі, тек қана оны мақтауға себеп болып табылады.»

            Имам Захаби былай деген: «Имам Ағзам Әбу Ханифа хадис ғалымы еді. 4000 ғалымнан хадис үйренді. Бұлардан 300-і табиин хадис ғалымы еді.»

            Хазреті Имам Шарани былай деген: «Имам Ағзамның мүснәд кітаптарынан үшеуін зерттедім. Барлығы табииннің мәшһүр ғалымдарынан риуаят етілген.»