21 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     23 - Қараша, 2024 жыл.   


Сәйид Мұхаммед Салих

Сәйид Мұхаммед Салих хазреттері Османлы дәуірінде Анадолыда жетілген әулиелердің ең ұлыларынан. Силсилә-и алийаның отыз екіншісі. Үлкен әулие Сәйид Абдулқадир Гейлани хазреттерінің он бірінші ұрпағы және Таха Хаққари хазреттерінің бауыры. Сәйид. 1865 жылы Нехриде қайтыс болды. Қабірі ағасы және ұстазы Сәйид Таха Хаққари хазреттерінің аяқ жағында.

Сәйид Салих кіші жасында Құран кәрім оқуды үйренді. Өте зерек еді. Қысқа уақытта Құран кәрімді жаттап алды. Медресеге барып, тәфсир, хадис, фиқһ сияқты захири ғылымдарды және заманының жаратылыстану және әдебиет білімдерін үйреніп, үлкен ғалым болды. Тасаууфта да жетіліп, жүрек білімдерінде марифет иесі болу үшін ағасы Сәйид Таха Хаққаридың сұхбатымен абыройланды. Жылдар бойы оған қызмет етті. Мүбәрәк тәуәжжуһіне қауышты. Әулиелік дәрежелерінде көтерілді. Ұстазы оған ижазат беріп, шәкірт жетілдіру үшін Бәрдәсурге жіберді. Сәйид Салих хазреттері ол жақта шәкірт жетілдіре бастады.

Сәйид Таха хазреттері қайтыс болатын кезінде өзінен кейін орнына кімнің отыратындығы сұралғанда: «Бауырым Салих кәміл және жетілген әулие. Бәрінің басы оның етегінен төмен тұр» деп Сәйид Салихты орнына қалдырды. Ауру жүректерге шипа болған сұхбаттарымен ғашықтарының кәмілдікке жетуіне, Хаққа жақындап, әулие болуларына себепші болды.

Сәйид Салих хазреттері махаббат және әдеп иесі еді. Уәра және тақуалығы көп еді. Харамдардан аса сақтанып, күмәнді деген оймен мубахтардың көбін тәрк ететін. Күндердің көбін ораза ұстап өткізетін. Түндерін ғибадатпен өткізіп, ұйқысын түске жақын қайлулә жасап қандыратын, әрі сүннетті орындайтын. Өте мейірімді болып, ешкімді ренжітпейтін. Адамдардың тозақта жанбауы үшін қолынан келгенін істейтін. Аллаһу та'аланың әмірлерін айтып, тыйымдарынан сақтануына көмектесетін. Тіпті кәпірлерге де жақсылық жасайтын. Осы себептен бәрі оны жақсы көретін.

Сәйид Таха хазреттерінің баласы Убайдуллаһ әкесінің орнына өткен көкесі Сәйид Салих хазреттеріне шәкірт болмай, басқа халифасы Сәйид Фәхим хазреттеріне бағынышты болғысы келді. Ал Фәхим Арваси оған «Құрметті әкеңіз орнына Сәйид Салих хазреттерін тағайындады. Сондықтан, сіз де, біз де оның сұхбатына барып, оған бағынуымыз қажет» деді. Бұған қарамастан Убайдуллаһ оған қарсы шықты. Сонда Фәхим Арваси: «Мүбәрәк ұстазымыздың қабіріне барып сұрайық. Не айтса, соны орындайсың ба?» деп сұрады. Ол: «Иә, орындаймын» деді. Сөйтіп мазарға барды. Мазардың кіреберісіне аяқ киімдерін шешіп, қабірдің қасына жақындады. Әлі ештеңе айтпай тұрып Таха Хаққари хазреттерінің «Фәхим, Убайдуллаһты бауырым Салихқа алып бар» дегенін естіді. Убайдуллаһ әкесінің осы бұйрығына бағынып, дереу көкесіне жүгірді.

Сәйид Салих 1865 жылы ауырып қалды. Шәкірттерін жинап, әрқайсысымен қоштасты, халалдасты. Өсиетін қалдырды. Қабірі туралы: «Қабірімді ағам Сәйид Таха хазреттерінің қабірінің аяқ жағына қазыңдар. Әдепті ұстанып, қабірді де мүбәрәк аяқтары басымның үстінде тұратындай етіп жерлеңдер. Бізден кейін Сәйид Фәхимге бағыныңдар» деді. Кейін шәкірттері Құран кәрім оқып жатқан кезде қайтыс болып, сүйгендеріне қауышты. Өсиеті айтқанындай орындалды. Қабірі ұстазының аяқ жағына қазылды. Қазір бұл екі қабірдің үш тасы бар. Яғни Сәйид Таха хазреттерінің қабірінің аяқ жағындағы тасы Сәйид Салих хазреттерінің бас тасы.

Сәйид Мұхаммед Салих хазреттерінің қайтыс болғанынан кейін орнына Сәйид Фәхим Арваси хазреттері өтіп, міндетін жалғастырды. Адамдарға Ислам дінінің әмірлері мен тыйымдарын үйретіп, олардың құтылуына себеп болды.