19 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     21 - Қараша, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Ораза / Пітір садақасының мөлшері

Пітір садақасының мөлшері

Сұрақ: Жыл сайын адамдар «Биыл пітір қанша екен?» деп сұрап жатады. Бұл мәселеде Ислам діні бекіткен белгілі бір өлшем жоқ па?

Жауап: Пітір мөлшері жыл сайын өзгеріп тұрмайды. Ислам діні бекіткен өлшем – бидай мен ұн 1750 грам; арпа, мейіз және құрма әр адамға 3500 грам. Әр жылы осы өлшемдерге қарап белгіленеді. Ханафи мазһабында бидай, арпа және ұн мол болған кездері олардың құнын алтын немесе күміс ретінде беру жақсырақ болады. Ал тапшылық кездері олардың өзін беру сауаптырақ болады.

Шафии, Малики және Ханбали мазһабтарында бір күндік тамағы бар адамның пітір беруі парыз және бидайдан да, арпадан да бір са’ (өлшем бірлігі) беру қажет. Шафии мазһабында бір са’ – 1680 грам.

Пітір садақасы аз болғандықтан, күміс ретінде беріледі. «Жәуһәра» кітабында: «Пітір садақасын бергенде арпа, бидай орнына олардың құнын беруге де болады» деп жазылған. «Дуррул мухтар» кітабында «Құны ретінде алтын немесе күміс беріледі» делінген.

Осы себептен, пітірді көпшіліктің сөзін ұстанып, алтын немесе күміс ретінде беру керек. бұларды беру қиын болса, басқа затпен немесе қағаз ақшамен берместен, 1,75 кг бидай немесе ұн, яки 3,5 кг арпа, мейіз немесе құрма беру керек. Малики мен Ханбалиде құрма беру, Шафииде бидай беру, Ханафиде құны жоғары болғанын беру абзал.

Пітір мөлшері бидай, ұн, арпа, мейіз және құрма бағаларына қарай 300 теңгеден 30 мың теңгеге дейін көтерілуі мүмкін. Әркім өз жағдайына қарай бидай, ұн, арпа, мейіз және құрма арасынан біреуін белгіленген шамада тікелей өзін немесе құнын алтын, күміс ретінде беруіне болады.