19 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     21 - Қараша, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Дін бауырын қорғағанды тозақ оты жақпайды!

Дін бауырын қорғағанды тозақ оты жақпайды!

Алауддин Әли ибн Хатиб хазреттері – фиқһ ғалымы. 774 (м.1372) жылы Халепте туылды. Шам және Құдыста білім алғаннан кейін Халепке қазы болып тағайындалды. Ибн Хажәр Асқалани Халепке келгенінде онымен көрісіп, бір-бірінен хадис риуаят еткен болатын. Ибн Хатиб 843 (м.1440) жылы Халепте қайтыс болды. Мұсылмандарға жәрдем беру туралы мынадай хадис шәрифтер жеткізді:

«Мұсылманның қиыншылығын кетірген немесе мазлұмға (зұлымдық көргенге) көмектескен адамды Аллаһу та'ала кешіреді.»

«Дін бауырының қажеттілігін беріп көмектескен адам өмір бойы Аллаһу та'алаға ғибадат еткендей сауап алады.»

«Кімде-кім мүминді мұнафиқтың жәбірінен қорғаса, Аллаһу та'ала да оны тозақ отынан қорғайды.»

«Аллаһ дәргейінде ең құнды амал – мүминді қуанту, қиыншылығын кетіру, қарызын өтеп беру немесе қарнын тойдыру.»

«Дін бауырын қорғаған мұсылманды Аллаһу та'ала тозақ отынан қорғайды.»

«Дін бауырының артынан жаман сөз айтылғанда оны қорғауға шамасы жете тұра қорғамаған адамды Аллаһу та'ала дүние мен ахиретте қор қылады.»

«Аллаһ дәргейінде ең құнды амал – мұсылманды қуанту немесе қиыншылығын кетіру немесе сабырын тауысқан дертін шешіп беру немесе қарызын өтеп беру.»

«Адамдардың жақсысы – адамдарға жақсылық жасағаны.»

«Достың жақсысы досына, ал көршінің жақсысы көршісіне жақсылық жасайтын кісі.»

«Араларыңдағы ең жақсыларың – үнемі жақсылық күтілетін және жамандық істемейтініне сенімді болғандарың.»

«Қайырымдылыққа себеп болған адам өзі қайырымдылық жасағандай болады. Аллаһу та'ала қиын жағдайға түскен, шарасыз қалған адамға көмектескен құлын жақсы көреді.»

«Лайық болғанға да, лайық болмағанға да жақсылық жаса. Егер лайық болғанына жақсылық жасасаң қандай жақсы. Егер ол жақсылыққа лайықты болмаса, сен жақсылық жасаушылардан боласың.»

«Бір-біріне деген сүйіспеншілік пен мейірімде мүминдер тұтас дене сияқты. Дененің бір жері ауырса, бүкіл дененің мазасы кетіп, ұйықтай алмай, оны емдеумен әуре болғанындай, мұсылмандар да бір-біріне көмекке асығуы керек!»

«Мұсылмандардың дерттерімен айналыспаған адам олардан емес.»

«Шайтан кедей болып қаласыңдар деп қорқытып, сендерге сараңдықты, жаман нәрселерді істеткізеді. Садақа бергендеріңді қаламайды. Аллаһ болса өз қамқорлығынан сендерге кешірім және мол ниғмет уәде етеді. Аллаһтың ихсаны мол, Ол барлық нәрсені ақиқатымен білуші.»

«Ауруларыңды садақамен емдеңдер. Садақа барлық ауруды және бәле-жаланы кетіреді.»

«Білімді болған адам білімімен, мал-мүлкі бар адам мал-мүлкімен садақа берсін.»

«Жақсылық өмірді арттырады, садақа күнәларды кетіреді және жаман өлімнен қорғайды.»