19 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     21 - Қараша, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Қажетті дұғалар / Хазреті Әли жеткізген дұғалар

Хазреті Әли жеткізген дұғалар

Сұрақ: Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) тікелей хазреті Әлидің өзіне үйреткен дұғалар бар ма?

Жауап: «Мәнақиб-и Чихар Йар-и Гузин» кітабында пайғамбарымыздың хазреті Әлиге қарап былай дегендігі жеткізілген:

«Йа, Әли! Ұйықтамақшы болғаныңда истиғфар айт. Субханаллаһи уәлхамдулиллаһи уә лә илаһа иллаллаһу уаллаһу әкбар уә лә хаула уә лә қууата илла биллаһил алийил азыйм деп оқы және Қул һуаллаһу ахад (Ихлас) сүресін оқы – ол Құран кәрімнің нұры. Саған Аят-ул күрсиді оқу мойныңа міндет болсын, оның бір әрпінде мың берекет, мың рахмет бар. Кімде-кім «Мүлік» сүресін жатар кезінде оқып, Аллаһумма а’симни бил ислами қаимән уә а’симни бил ислами рақидән уә лә тушәммитни адуввән уә лә хасидән, Аллаһумма инни әузу бика мин шәрри нәфси уә мин шәрри кулли даббәтин әнтә ахизун бинасиятиха уә әсәлука минәл хайри куллиһи дейтін болса, Аллаһу та'ала жын мен адам зиянынан және барлық жаратылыстың зиянынан оны қорғайды.

Йа, Әли! Саған мұң басқанда Субханака рабби лә илаһа илла әнтә алейкә тәуәккәлту уә әнтә раббул аршил азыйм дұғасын оқы. Мына дұғаны оқы, оны Жәбрейіл алейһиссалам маған үйреткен: Аллаһумма инни әсәлука афуа уәл афията фиддини уәддунйа уәл ахирата.

Йа, Әли! Аллаһу та'аланы қайғы, мұң басқан кезде зікір ет және Йа хайю йа қайюму йа лә илаһа илла әнтә рахматика әстағису фағфирли уә әслиһли шә’ни уә фәрриж һәмми деп айт.

Йа, Әли! Залымнан қорққан болсаң, Йа илаһа, Жәбраилә уә Исрафилә уә Микаилә уә Азраилә уә йа илаһа Ибраһима уә Исмаилә уә Исхақа уә мүнзәлит Таурати уәл Инжили уәз Забури уәл Фәрқан, Кун ли, жарән мин фуланибни Фулан, мин кәза уә кәза деп айт. Сапарға шығатын кезіңде Йа әрда Әмәнту бирабби уә раббики Аллаһулләзи лә илаһа иллаһууәлләзи халақани уә халақаки уә әсәдин. Уә мин шәрри уалидин уә мә уәләдин деп оқы.

Йа, Әли! Кімде-кім күнде жиырма бес рет Аллаһумма бәрик ли филмәут уә фи мә бәдәл мәути деп оқыса, Аллаһу та'аланың оған дүниеде берген ниғметінің есебі жоқ.

Йа, Әли! Күнде он рет Әлхамдулиллаһ қаблә кулли әхадин уә әлхамдулиллаһи ба’дә кулли әхадин уәлхамдулиллаһ йабқа раббуна йафна кулли әхадин уәлхамдулиллаһи алә кулли халин десе, Аллаһу та'ала ол кісіні, үлкен күнәсі болса да, кешіреді.»