19 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     21 - Қараша, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Біз оның тозақтық болғанынан қорқамыз

Біз оның тозақтық болғанынан қорқамыз

Аллаһу та'ала мұсылман және салих (діндар) болған туған-туысқандарды зиярат етуді, олардан хабар алып тұруды бұйырған. Әркім мүмкіншілігіне қарай аптасына немесе айына бір рет зиярат еткені жөн, қырық күннен асырмау керек. Алыс жерде тұратын болса, телефон соғу арқылы, хат (смс) жолдап болсын көңілін аулап тұру қажет. Туыстары келмесе де, жауап бермесе де, өзі барып немесе сыйлық, сәлем жолдап хал-жағдайын сұрап, ара-қатынасты үзбеу қажет. Аллаһу та'ала Құран кәрімде былай дейді:

«Ей, адам баласы, мал-мүлкіңмен туған-туыстарыңды және жақындарыңды зиярат ет. Егер мүлкіңде сараңдық танытып, оларға ештеңе алып бармасаң, яки оларға беретіндей ештеңең болмаса, онда ең болмағанда жаяу барып оларды зиярат ет.»

Меккеде хорасандық сенімді бір кісі бар еді. Ол жерге келген шетелдік азаматтар заттары мен аманаттарын оған тапсыратын.

Бір ретінде жолаушылардың бірі оған он мың ақшаны аманат қылып тапсырды. Белгілі бір уақыттан кейін әлгі адам аманатын алу үшін қайтадан Меккеге келгенінде аманатшының қайтыс болғанын естіді. Мәселені оның жанұясындағыларға ашты. Бірақ, олар ондай аманаттан бейхабар екендіктерін айтты. Сонда ол Меккенің ғұламаларына мән-жайды түсіндіріп жүгінді. Не істеу керектігі туралы пікірлерін сұрады. Ғұламалар бірауыздан:

- Біз хорасандықты өте адал және діндар адам деп білеміз. Ол туралы ойымыз – ол жәннаттық. Сен түннің үштен бірі, немесе түннің жартысы өткеннен кейін зәмзәм құдығының басына бар да, сол жерде «Ей, пәленше ұлы түгенше! Мен аманаттың иесімін!» деп дауыста. Сол кезде саған жауап беріледі деп үміттенеміз, – деді.

Аманат иесі қатарынан үш күн осылай жасады. Бірақ, ешқандай жауап, ешқандай үн шықпады. Ғалымдар бұл жағдайға таңқалды:

- Мұндай жағдайда біз хорасандықтың тозақтық болғанынан қауіпсіреп тұрмыз. Мәрхут деген бір алқап бар. Сол алқапта да бір құдық бар. Түннің үштен бірі немесе түннің жартысы өткенде соның басында «Ей, пәленше ұлы түгенше! Мен аманаттың иесімін!» деп дауыста, – десті.

Ол кісі айтылған уақытта сол жерге барып, айтылғандай үн қатты. Бірінші айтқанында-ақ оған жауап берді. Аманатшының дауысын таныған және үрейленген әлгі кісі одан:

- Бұл жерге түсіп қалуыңның себебі не? – деп сұрады.

- Менің Хорасанда туыстарым, достарым бар еді. Меккеге келгеннен бері мүлдем сыла-и рахым жасамадым. Яғни оларды еш іздемедім, хал-жағдайларын сұрап бармадым. Ақыр соңында өмірім аяқталып, қайтыс болдым. Аллаһу та'ала мені осы себептен жазалады. Сенің аманатыңа келер болсақ, ақшаң сол күйінде сақтаулы. Мен оны үйдің пәлен жеріне тығып қойған болатынмын. Балаларыма айт, аманатыңды сол күйінде қайтарып ал!

Адам аманатшының балаларына барып, айтылған жерді іздеді. Шынымен де ақшасы сол күйінде сақталып тұрған еді...