Өмірді босқа өткізбеу керекСұрақ: Кейбір кісілер адамдар арасында сөз тасып, өсек айтып жүреді. Оларға қалай насихат айтуға болады? Жауап: Бұл туралы Имам Раббани хазреттері бір салиха әйелге жазған хатында былай дейді: «Құнды өмірді қажетсіз мубахтарға да жұмсамау керек. Харам істеп өткізбеу керек. Музыка, ән және сазды аспаптармен айналыспай, олардың нәпіске беретін ләззатына алданбау керек. Олар бал араласқан, шекермен қапталған у сияқты. Ғайбаттан сақтану қажет. Ғайбаттау харам. Ғайбат – мұсылманның жасырын кемшілігін артынан айту деген сөз. Бидғатшылардың және ашық түрде күнә істейтіндердің сол күнәларын айту, мұсылмандарға зұлымдық жасайтындардың және саудада оларды алдайтындардың сол жамандықтарын мұсылмандарға хабар беріп, олардың зиянынан қорғануына себеп болу, мұсылмандықты қате жеткізетіндердің, жазатындардың бұл жалаларын айту керек, бұл ғайбат болмайды. Нәмимә, яғни мұсылмандар арасында сөз тасымау керек. Осы екі күнәні істегендерге түрлі азаптар берілетіндігі хабар берілген. Өтірік айту және жала жабу да харам, сақтану қажет. Бұл екі жаман қасиет барлық діндерде харам еді. Жазасы өте ауыр. Мұсылмандардың кемшіліктерін жасыру, жасырын күнәларын жарияламау және қателіктерін кешіру үлкен сауап. Кішілерге, қол астындағыларға, кедейлерге қамқор болу керек. Олардың кемшіліктерін бетіне баспаған жөн. Болмашы себептермен ол байқұстарды ренжітпеу, ұрмау және сөкпеу керек. Ешкімнің дініне, мал-жанына, абыройына, намысына тиісуге болмайды. Бәріне қарыздарды қайтару қажет. Пара алу және беру харам. Тек қана залымның зұлымдығынан құтылу үшін және қорқытылған кезде, мәжбүрлегенде беру пара болмайды. Бірақ, мұны алу харам болады. Әр адам өзінің кемшіліктерін көріп, Аллаһу та'аланың алдында жасаған қателіктерін ойлауы керек. Аллаһу та'аланың оны жазалауға асықпағанын, ризық беруді үзбегендігін білген жөн. Сенімді (ақиданы) түзеткеннен және фиқһ бұйрықтарын орындағаннан кейін барлық уақытты Аллаһу та'аланы зікір етумен өткізген жөн. Бұған, яғни жүрекпен Аллаһу та'аланың зікір етуге тосқауыл болатын барлық нәрсені дұшпан деп білу керек. Ислам үкімдеріне қаншалықты көп бағынған сайын, Оны ойлаудың ләззаты соншалықты артады. Ислам үкімдеріне бағынуда немқұрайлық, жалқаулық артқан сайын ол ләззат да азайып, ақыр соңында жоқ болады.»
|