ШӘРИФ ХУСЕЙН ПАШАНЫҢ БІРІНШІ БАЯНДАМАСЫНЫҢ АУДАРМАСЫТарихты жақсы білетіндер жақсы түсінеді, Ислам ынтымағының артуы үшін Ислам әмірлерінен және әкімдерінен Османлы мемлекетіне алғаш болып бағынғандар, байланғандар – Мекке қаласының әмірлері. Османлы патшаларының «Китабуллаһты» (Құран кәрімді) және «Сүннәти Расулуллаһты» (Ислам дінін) ұстануының, Исламға бағыну ынтасының және осы жолда өздерін пида етуінің арқасында осы араб әмірлері Османлыларға әрдайым жақын болатын. Тіпті 1327 [м.1909] жылы мен арабтардан құрылған әскери күшпен арабтарға басқыншылық жасап, Османлы мемлекетінің абыройы мен құрметін қорғау үшін «Әбханы» қоршалудан құтқаруға тырыстым. Келесі жылы сол мақсатпен ұлдарымның бірінің қолбасшылығымен сол әрекетті жүзеге асырдым. Баршаға мәлім, бұл үлкен мақсатымнан мүлдем бастартпадым. «Иттихад және Тәраққи қоғамының» пайда болуы, мемлекет басқармасын қолдарына алуы және түбегейлі қате болған басқаруы ішкі және сыртқы көптеген былыққа, әрі бәріне мәлім болғанындай, көптеген соғыстарға себеп берген, мемлекеттің абыройы мен күшін кетіріп, әсіресе соңғы соғысқа қажетсіз кірістіріп, мемлекетті өте қауіпті жағдайға түсірген. Бұл ауыр жағдайды көрмеген, аңғармаған адам жоқ. Түсіндіруге қажеттілік те қалмады. Біз бүкіл Ислам әлемінің осы үлкен Ислам мемлекетіне деген байланысының әлсіреуін, қайғырғанын, қиналғанын көргіміз келмейді. Мемлекетіміздің қолымызда қалған бөлшегіндегі мұсылман және мұсылман болмаған азаматтардың өлім жазасын алып, зынданға қамалып және сүргінге қуылып Османлы халқының бірлігі бұзылды, осылайша халықтың мал-мүлкінің, жанының қауіпсіздігі қалмады. Мына соңғы соғысқа қатысқаннан кейін «Киелі жерлердегі» халықтың көрген қиыншылықтарының көп болғаны соншалық, әл-ауқаты орташа болғандар үйлерінің есік-терезелерін және бүкіл қажетті заттарын сатқаннан кейін шатырының тақтайларын да сатуға мәжбүр болды. Иттихадшылар мұнымен шектелмей, Османлы сұлтандығы мен бүкіл мұсылмандардың арасындағы жалғыз байланыс болған «Китабуллаһ» және «Сүннети сәнияны» бұзуға кірісті және империяның астанасында садри ағзам (бас уәзір), шайх-ул-ислам және бүкіл уәзірлер мен сенаторлардың көз алдында басылып шығатын «Ижтиһад» газеті пайғамбарымызды жаман жазбалармен мазақ қылумен қатар, ешкімнің үн шығара алмағанына одан сайын есіріп, Құран кәрімнің аяттарын да өзгертуге тырысты. «Мирас бөлімін» баяндайтын аяти кариманы мазақ қылу арсыздығын жасады. [Осы арсыз жазба және жазушысының Зия Гөкалп екендігі «Пайдалы мағлұматтар» кітабының «Дұрысқа сен, араңдатушыға сенбе» бөлімінде 197-ші бетті жазылған.] Бұлардан басқа олар Ислам дінінің бес негізінің бірін жоюға тырысты. Ресей әскеріне қарсы соғысып жатқан әскерлерге ұқсағандай болып, Мекке, Мәдина және Шамдағы мұсылман әскерлерінің қасиетті Рамазан айында ораза ұстамауын әмір етті. Осыған ұқсас көптеген Ислам негіздерін жоюға және Аллаһу та'аланың тыйым салғандарын істеуге және істеткізуге еш қысылмады. Қамқор, мәртебелі патшамыздың (рахметуллаһи алейһ) бүкіл құқықтарын тартып алумен қатар, сарайға бас хатшы таңдау және тағайындау құқығын да бермеген. Османлы патшаларын мұсылмандардың жұмысын атқару құқығынан да мақрұм қалдырып, өздері жасаған және әлемге жариялаған конституцияларын өздері бұзды. Османлы патшаларын конституция бойынша берілген құзіреттен мақрұм қалдырды. Барша мұсылмандар және барша шетелдіктер осы жексұрын қылықтарын көріп, наразы болуда. Осындай Ислам дініне қайшы әрекеттерді көре тұра, қазірге дейін байқамағандай болып жүруіміз, жақсыға жоруымыз мұсылмандар арасында бүлік пен бөлінуге себеп болмауы үшін еді. Ұлы Османлы мемлекетінің басқармасы Әнуар, Жамал және Талат пашалардың қолына өтті деген өсектің өлкенің барлық жеріне таралуы бекерге емес екен. Мұның мәні неде екендігі күн өткен сайын мәлім болуда. Олар қалағанын істейді, қалағанын істеткізеді. Олардың бұйрықтары конституциядан, заңнан жоғары екендігін бәрі жақсы түсінді. Меккенің «Шариғи сот қазысына» жіберген бұйрықтарында сотта куәгерлердің тыңдалуы және сотта жазылмаған ақталулардың қабылданбауы жазылған. Бұл бұйрық Құран кәрімде анық көрсетілген мұсылмандар арасында ақталу керектігін жоққа шығаруда. Бұдан бөлек, атақты Ислам ғалымдарынан және араб азаматтарының ұлы тұлғаларынан әмір Омар-әл Жәзаири, әмір Ариф-әл-Шахаби, Шәфиқ бек, әл-Муәййәд Шүкрі бек, Асени, Абдулуаһһаб, Тәуфиқ бек, әл-Басат, Абдулхамид Зарауи, Абдулғани-әл-Ариси және олар сияқты тағы қаншама құрметті және пайдалы адамдар сотсыз, заңсыз дарға асылып, ату жазасына тартылған. Басшылардың мас кезде, есін білмейтін күйде берілген бұйрықтарымен көптеген жанұялар жойылуда. Қатігез, тасжүрек диктаторлар да жасамайтын осы қылмыстарына сылтау тапсам да, олардың артында қалған күнәсіз, жазықсыз жанұяларының, әйелдерінің, бала-шағаларының отанынан, панасынан шығарылуына, сүргінге қуылуына, осылайша пәлекет үстіне пәлекет, қиыншылық үстіне қиыншылық көруіне қандай сылтау келтіруге болады? Жанұя отағасын қандай себеппен болса да, өлтіруі, зынданға қамауы, үйлерін, балаларын жазалауға жеткілікті бола тұра, артында қалған жақындарын тағы сүргінге қуып шырылдату ешқандай қисынға, әділеттікке, адамгершілікке жатпайтын нәрсе екендігі айдан анық. «Әнам» сүресінің жүз алпыс төртінші аятында: «Ешкімді біреудің қылмысы үшін жазалауға болмайды!» делінген. Әділеттікке нұсқаулық болған осы бұйрық анық тұрғанда иттихадшылардың сол хайуанша әрекеттерін қай ережеге сәйкестендіруге болады? Бұл екінші қылмысты да саяси себепке байланыстырып, бір бөлімге сәйкестендіре алсақ та, жанұяларының отағасынан айрылған әйелдер мен балалардың мал-мүлкін тартып алуына не деуге болады? Мейлі, осы ең оңбаған әрекеттеріне де көз жұмайық. Халықтың, мемлекеттің саламаттығы үшін бейкүнә, зұлымдық көрген жандарды қорғау міндетімізді де қоя тұрайық. Бірақ, әйгілі қаһарман әмір Абдулқадір Жәзаиридің арлы, намысты және құрметті қызының қорлануына, оның ар-намысы мен қадір-қасиетін кемсітуіне қандай себеп көрсетуге болады? Билейтін, көңіл көтеретін әдепсіз әйелдер табылмай қалып, тарихқа енген, мұсылмандардың көз қарашығындай қорғайтын әйелдерінің тектілігін, абыройын таптайтындардың ойлары мен мақсаттарын түсінбейтін адам бар ма? Иттихадшылардың заңның, әдептіліктің, ынсаптың тысындағы албырт және ессіз іс-әрекеттерінен баршаға мәлім болған бірнеше қасіретті оқиғаны жоғарыда жаздық. Оларды бүкіл адамзатқа және барша иманды бауырларыма хабарлаймын. Оқығандар, түсінгендер ар-ождандарынан шыққан үкімдерін береді. Бұл жетекшілердің Ислам дінін қалай түсінгендігін және мәселені қай жерге дейін апарғысы келгенін жеткізу үшін бүкіл мұсылмандардың жүрегін ауыртқан тым жексұрындық, аса бетпақ қылықтарын жазбасқа болмайды: Мекке халқының жанына, намысына тиетін шабуылдардың тоқтатылуы үшін даярлаған көрсету маршында бір иттихадшы қолбасшының бұйрығымен «Қала-и Жиядтан» мұсылмандардың құбыласы және мүминдердің қағбасы болған «Бәйтуллаһ» үстіне атылған зеңбіректің екі оғының бірі «Хажәр-ул-әсуад» киелі тасына бір метрге, екіншісі үш метрге жуық жерге түсті. Қағбаның үстін қаптап тұрған «Сүтрә-и шәрифа» жамылғысы да осы оқтардан өртеніп кетті. Адамдар Қағба есігін ашып, үстіне шығып, өртті сөндіруге мәжбүр болды. Сол кезде өртті көре тұра «Мақамы Ибраһим» және «Харам шәриф» мешітінің үстіне үздіксіз зеңбірекпен оқ жаудырып, бірнеше мұсылманның шәһид болуына себеп болды. Халық күндер бойы мешітке кіре алмай, намаз оқи алмады. Мұсылмандардың мешіттерді және «Қағбаны» құрметтеп, тағзым етуі қажет бола тұра, осындай мазақ етуге және бұзуға тырысқан адамдардың имандарының және көзқарастарының қандай болуы мүмкін екендігін аңғаруды бүкіл дүниедегі мұсылмандардың өздеріне қалдырамын. Ислам дінінің және бүкіл отандастарымның келешегін осындай түсініктегі және осындай сенімдегі иттихадшылардың қолында ойыншық қылып қалдыра алмаймыз. Аллаһу та'ала ұлтымызды қапыда ауланудан сақтады. Хижаз мұсылмандары енді өз еңбектерімен тәуелсіздіктеріне қолжеткізіп, сол ержүректер аймағына көз тіккен иттихадшы жетекшілерден мемлекетті құтқаруға шешім қабылдады. Ешқандай мемлекетпен келіспестен, ешқандай көмек қабылдамастан, өз иман күшімен және тарихқа енген қаһармандығымен толық және тұтас тәуелсіздікке қолжеткізді. Ислам әлеміне қас болған иттихадшы жетекшілерінің зұлымдығында, зорлық-зомбылығында қиналып жүрген мемлекеттерден айрылып, «Ислам дінін» қорғаудан және «Калима-и тәухидті» үстем қылудан тұратын асыл мақсатымызға қарай дұрыс ұмтылудамыз. Ислам дініне жарасатын және лайықты болған әртүрлі пән ғылымдарын үйренеміз. Заманауи өнеркәсіп құрамыз. Мәдениет жолында бар жан-тәнімізбен еңбектенеміз. Бүкіл Ислам әлеміндегі дін бауырларымыздың міндетті атқару жолындағы осы әрекетімізді бауыр ретінде демейтініне және осы қасиетті жиһадымызда бізге көмектесетініне үміт етеміз. Қолдарымызды ұлы Раббымыз Аллаһқа жайып, бізге дұрыс жолды көрсетуін және бұл жолда жетістікке жеткізуін тілеп, Оның ұлы пайғамбары құрметіне дұға етеміз. Оның көмегі әр жалбарынған адамға жетеді және жеткілікті болады. Ол өте жақсы жәрдем беруші. 25 Шабан, 1334 (1916) жыл Мекке қаласының әмірі Шәриф Хусейн бин Әли
|