2 - Жамазиәл-ахир, 1446 жыл.
     3 - Желтоқсан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Иман және Ислам / "Қиямет және Ахирет" кітабы / УАҺҺАБИЛІКТІҢ БАСТАЛУЫ ЖӘНЕ ЖАЙЫЛУЫ (7)

УАҺҺАБИЛІКТІҢ БАСТАЛУЫ ЖӘНЕ ЖАЙЫЛУЫ (7)

42) Мұсылмандардың халифасы сұлтан екінші Махмұд Адли ханның (рахметуллаһи алейһ) бұйрығымен Мысыр әкімі Мұхаммед Әли паша қасиетті Хижаз аймақтарын тазалағаннан кейін Асхаби кирамның, пайғамбарымыздың жұбайларының, шәһидтердің (радиаллаһу та'ала анһум) кесенелерін қайтадан қалпына келтірді. «Мәсжид-и саадат» пен «Хужрә-и Нәбәуи» екеуіне жөндеу жұмыстары жасалды. Сұлтан Абдулмәжид хан осыларды жасатқызу, жөндеу және бақылау үшін дорба-дорба жүз мыңдаған алтын жұмсады. Сұлтан Абдулмәжид ханның бұл жолда еңбегі мен ынтасы таңқаларлықтай көп. Мұны 15-ші бөлімнің соңында жазған болатынбыз. [1285] жылы Сұлтан Абдулазиз хан (рахметуллаһи алейһ) да Мәдина айналасын қоршап тұрған қабырғаларды да берік қылып жөндеуден өткізді. Сонымен қатар, үлкен зеңбірекхана, үкімет үйі, зындан және қару-жарақ қоймасын салғызды. Сұлтан екінші Абдулхамид хан (рахметуллаһи алейһ) Шамнан Мәдинаға темір жолын жүргізді. 1326 [м.1908] жылы, 19 тамызда алғашқы пойыз Мәдинаға кірді. Меккеде он алтыншы дивизия бар еді.

Сұлтан екінші Абдулхамид хан (рахметуллаһи алейһ) дәуірінде Мекке қаласында мұнаралы алты үлкен мешіт, алпыс жеті кіші мешіт, алты медресе, екі кітапхана, бір орта мектеп, қырық үш бастауыш мектеп, екі сауда үйі, тоғыз керуен сарай, он тоғыз намазхана, екі монша, жиырма бес үлкен дүкен, үш мың шағын дүкен, бір аурухана және қырық су құдығы бар еді. Сонымен қатар, қажыларға арналған үлкен және жайлы қонақ үйлер салынды. Харун-ур-рашид дәуірінде Меккеден үш күндік қашықтықтан Арафатқа дейін мол су жүргізілген болатын. Сұлтан Сүлейман ханның қызы Миһримаһ ханым бұл суды Мекке қаласына кіргізді. Ол кезде қалада сексен мың халық тұратын.

Мәдина қаласы отыз метр биіктіктегі қабырғамен қоршаулы. Оның қырық мұнарасы, төрт есігі бар еді. Харам мешітінің ұзындығы жүз алпыс бес, ені жүз отыз қадам. Харам мешітінің оңтүстік-батыс бұрышында мәрмәрмен және алтын жазулармен әшекейленген «Бабуссалам» есігі бар. Харам мешітінің ішінде оңтүстік-шығыс бұрышында «Хужрә-и Нәбәуи» орналасқан. Құбыла қабырғасының алдында құбылаға қарап тұрған адамның оң жағында Бабуссалам, сол жағында Хужрә-и саадат болады. Оның барлық жері өте қымбат әшекейлермен безендірілген. Мәдина үйлері Меккедегі үйлер сияқты тастан қаланған болып, көбі төрт-бес қабатты еді. Сұлтан Сүлейман хан (рахметуллаһи алейһ) Құбадан қалаға су жолын жүргізді. Қаланың солтүстігінде екі сағаттық қашықтықта Ухуд тауы бар. Нұрлы қалада он мешіт, он жеті медресе, бір орта мектеп, он бір бастауыш мектеп, он екі кітапхана, сегіз намазхана, тоғыз жүз отыз екі дүкен, төрт керуен сарай, екі монша, жүз сегіз қонақ үй бар еді. Халқы жиырма мың еді.

1398 [м.1978] жылы Англияда басылған «Мемлекет-ул-арабиятус-саудия» атласының көрсеткіші бойынша, соңғы салынған жолдың ұзындықтары: Мәдина мен Рияд арасы 1011 км, Таиф арасы 535 км, Жиддә арасы 424 км, Мекке арасы 442 км, Тәбук арасы 686 км. Мекке мен Рияд арасы 989 км, Таиф арасы 88, Жиддә арасы 72 км, Тәбук арасы 1133 км, Наджран арасы 898 км, Кувейт арасы 1879 км. Меккеден Таифқа барар жолда Мина, Муздәлифа және Арафат алаңдары бар.

Мекке мен Мәдина қалаларындағы құнды тарихи және мәдени жәдігерлерді уаһһабилер әлі күнге дейін құртып, жоюда.

«Мират-и Мәдина» кітабында жазылғаны бойынша, Мәдина қаласындағы алғашқы мешітті хижреттің бірінші жылы Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) сахабалармен бірге салды. Хижреттің екінші жылы Ражаб айында құбыланың Құдыстан Қағбаға ауысуы әмір етілгенде мешіттің Меккеге қараған есігі жабылып, қарсы тараптан, яғни Шам жағынан жаңа есік ашылды. Қазір бұл есік «Баб-ут-тәуәссул» деп аталады. Мәдинада Құдысқа қарап он алты ай бойы намаз оқылды. Меккеде алдымен Қағбаға қарап намаз оқылатын. Хижреттен аз уақыт бұрын Құдысқа қарап оқу әмір етілді. Мешіттің құбыласы ауыстырылып жатқанда Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) Қағбаны мүбәрәк көздерімен көріп, құбыланың бағытын анықтап белгіледі. Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) көбінесе намаз оқыған орны мінбер мен «Хужрә-и саадат» арасында, мінберге жақынырақ жерде еді. Хаджаж деген патшаның Мәдинаға жіберген Құран кітабы үлкен сандықтың ішінде болғандықтан, бұл сандық осы жердің алдындағы тіректің оң жағына қойылған болатын. Бұл жерге алғаш рет михрабты Омар бин Абдулазиз қойды. Мәсжиди саадаттың екінші рет өртенгеннен кейінгі жөндеу жұмыстарында 888 [м.1483] жылы мәрмәрден қазіргі михраб жасалған. Бірақ, ол михраб Хужрә-и саадат жақа жақынырақ орналастырылған еді. «Мәсжид-ун Нәбиде» мінбер жасалмаған еді. Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) хұтбаны түрегеп оқитын. Кейіннен сол жерге құрма шыбығы қадалды. Кейінірек төрт баспалдақты мінбер жасалды. Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) үшінші баспалдақда түрегеп тұратын. Хазреті Муауия дәуірінде мінбердің есігіне перде ілінді. Сол сағадат ғасырында Мәсжиди Нәбидің сегіз тірегі бар еді. Мешіттің кеңейтілуіне діни тұрғыда қажеттілік туындағанда тіректер көбейтіліп, 327ке жетті. «Рауда-и Мутаһһарада» үш қатар тірек бар. Әр қатарда төрт тіректен бар. Бұл тіректердің бір бөлігі қабырғалардың ішінде. Көрініп тұрған тірек саны 229. Мешіттің оңтүстіктегі қабырғасы құбылаға қарап тұр. «Асхаби суффа» тұрақтаған шатыр солтүстіктегі қабырғаның сыртында. Осы киелі жердің топырағын, кейіннен жоғалып кетпеуі үшін, жарты метрге көтеріп, айналасына жарты метр биіктікте ағаштан шарбақ жасалған.

Мәсжиди шәриф салынған кезде қасына екі «Зәужә-и тахира» үшін бір-бір үйден соғылған. Үйлердің саны уақыт өте тоғызға жетті. Шатыры бір жарым метрдей биік еді. Үйлер мешіттің шығыс, солтүстік және оңтүстік тараптарында еді. Әр үйдің және кейбір сахабалардың үйлерінің бірі мешітке, бірі көшеге қараған екі есігі бар еді. Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) көбірек уақыт қонатын Айша (радиаллаһу анһа) үйінің мешітке ашылған есігі үнді емені ағашынан жасалған. Төрт халифа дәуірінде сахабалар жұма намазын оқитын кезде сегіз үйден орын алуға тырысатын. Хазреті Фатиманың бөлмесі хазреті Айшаның (радиаллаһу анһума) бөлмесінің қасында және солтүстік тарапында еді. Бұл бөлме кейіннен шәбәкә-и саадаттың ішіне қосып жіберілді. Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) қайтыс болуынан бес күн бұрын мешітке ашылған есіктерден тек Әбу Бәкірдің есігін ғана қалдырып, қалғандарын жапқызды.

Бірінші халифа Әбу Бәкірдің (радиаллаһу анһ) алғашқы жұмысы Арабстан жарты аралындағы мүртәдтермен айналысу болғандықтан, Мәсжиди саадатты кеңейтуге уақыт таба алмады.

Хижреттің он жетінші жылы хазреті Омар (радиаллаһу анһ) сахабаларды жинап, «Мәсжиди шәрифті үлкейту керек!» деген хадис шәрифті оқыды. Сахабалар бір ауыздан қабылдап, Шам және батыс қабырғаларын бұзып, мешітті он бес метрге кеңейтті. Көп үйлерді сатып алып, жерін мешітке қосты.

Отыз бесінші жылы хазреті Осман (радиаллаһу анһ) «Асхаби шурамен» ақылдасып, кейін сахабалардың келісімін алып, құбыла, батыс, солтүстік қабырғаларын бұзып, мешіттің енін он метрге, ұзындығын жиырма метрге кеңейтті. Сол кезде хазреті Хафсаның, Талха бин Абдуллаһтың және Аббастың үйлері мешітке қосылды. Халифа Уәлид Мәдинаның әкімі болған көкесінің ұлы Омар бин Абдулазизге бұйрық жазып, сексен жетінші жылы зәужати тахираның және Фатимат-уз Захраның шығыс тарапындағы үйлерін бұзғызып, жерін мешітке қосқызды. Осылайша, Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) мүбәрәк кесенесі мешіттің ішіне кірген болды. Сахабалар, төрт мазһаб имамы және мың төрт жүз жылдан бері ешбір Ислам ғалымы бұған қарсы ештеңе айтпады. Сауд Арабиясындағы Рияд қаласындағы «Жамиа-и исламия» атты медресе шығарған апталық «Әд-дағуа» журналының 1397 [м.1977] жылғы Шабан санында «Жақында Мәсжиди Нәбәуиді үлкейтетін кезде тек батыс тарапын ғана кеңейту керек, үлкен бидғатты тоқтату қажет. Үлкен бидғат – үш қабірдің мешіт ішіне кіруі. Шығыс жақтағы дуалын бұрынғы жағдайына қайтарып, қабірлерді мешіттің сыртына шығару қажет» деп жазған. Журналдың бұл жазбасы ижма-и үмметке (сахабалардың ауызбірлігіне) қарсы шығу, Ислам жамағатынан айрылу болып табылады. Мұның күпірлік екендігін төрт мазһабтың ғалымдары (рахимә-һумуллаһу та'ала) бір ауыздан айтқан.

Сауди Арабия үкіметінің осы жаман әрекетке кіріспеуін, әлемдегі барлық мұсылмандардың жүрегін жараламауын тілейміз. Хужрә-и саадатқа әдепсіздік жасалғаны көп болған, бірақ Аллаһу та'ала оларды дүниеде де жазалады. Бұған мысал көп. «Мират-и Мәдина» кітабының соңында жазылғанындай, 1296 [м.1879] жылы Хижаз әкімі Халет паша Мәдинаға келгенде Хужрә-и саадат қызметшілерінің басшысы Тахсин аға пашаға жағымпаздану үшін «Жанұяңыздағы ханымдарыңызға Хужрә-и саадатты зиярат еткізейік. Мұндай мүмкіндік басқа келмейді» дейді. Паша бұдан тартынғанымен, ағаның көндіруімен түндердің бірінде пашаның алыс-жақын байланысы болған барлық әйелдерді Шәбәкә-и саадатқа кіргізеді. Дәретсіз, лас әйелдер де бар болғандықтан, Расулуллаһқа (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) жасалған осы әдепсіздіктің кесірінен ертеңіне таңертең Мәдинада үш үлкен зілзала болады. Халық қорққанынан жан-жаққа қашады. Себебі мәлім болғанда паша масқара болады. Мәдинадан сыртқа шығарылады. Көп ұзамай қайтыс болып, жанұясы тарқап кетеді. Осы сияқты, Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) кесенесіне әдепсіздік жасағандар әрдайым опат болып, құрып кеткен.

Хужрә-и саадат қызметшілерінің басшысы Шәмсәддин мырза заманында Халептен келген ирандық бірнеше бұзақы хазреті Әбу Бәкір мен хазреті Омардың (радиаллаһу анһума) мүбәрәк денелерін шығарып ұрлау үшін бір түні Мәсжид-и Нәбиге кірді. Бірақ, бәрі жерге батып, жоқ болып кетті. Бұл оқиға «Мират-и Мәдина» соңында және «Рияд-ун-надара» кітабында ұзақ жазылған.

Шам қаласының маңайындағы «Наблус» қаласына жақын «Керек» қамалы мен ауылдарының әкімі Әртат есімді тозақтық та 578 [м.1183] жылы пайғамбарымыздың мүбәрәк денесін ұрлап, еліне алып кетуге кіші кемелер жасатады. Оларды Қызыл теңізге апарып қояды. Үш жүз елу жексұрынмен бірге Мәдинаның айлағы болған «Йәнбу» қаласына жібереді. Мәдина шәрифтері мұны естіп, Харрандағы Салахаддин Әйюбиге (рахметуллаһи алейһ) хабар береді. Салахаддин қатты қынжылып, Мысыр әкімі Хусамеддин Сәйфуддаулаға (рахимә-һумуллаһу та'ала) бұйрық жолдайды. Хусамеддин Лулудың қолбасшылығымен әскер жіберіп, жексұрындар Мәдинаға жақын жерде өлтіріліп, тұтқындалып, Мысырға жіберіледі. Бұл оқиға «Рауда-тул-әбрар» кітабында ұзақ жазылған. Расулуллаһқа (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) көзі тірісінде де, қайтыс болғанынан кейін де әдепсіздік жасамақшы болғандар Аллаһу та'ала тарапынан өте ауыр түрде жазаланып тұрған. Саудилер қате сенімдеріне, нашар түсініктеріне еріп, осындай жаман әрекетке кірісетін болса, жақсылап біліп алсын, сол күн олардың мемлекеттерінің де, сенімдерінің де соңы болады, қияметке дейін лағнетпен еске алынатын болады.

[Уаһһабилер Адам алейһиссаламның пайғамбар екендігіне сенбегендіктен және бүкіл мұсылмандарға мүшрик дегендіктен, өздері кәпір болуда. 92, 93 және 108 беттерге қараңыз!]