19 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     21 - Қараша, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Дүние мен ахирет бақыты үшін

Дүние мен ахирет бақыты үшін

Раббымызға қанша шүкір етсек те, аз. Біз әлі дүниеге келмей тұрып, дүние өмірінде жайбарақат және бақытты өмір сүре алуымызға нелер қажет болса, бәрін жаратып беріп, бізге сыйлады. Олардың ешқайсысын біз сұрамадық, ондай нәрсені тіпті ойламадық, ойлайтын болсақ та, оны істеуге шамамыз жетпейтін еді. Барлығы бізді жаратқан Аллаһу та'аланың қамқорлығы мен сыйы.

Ризығымызды әлі біз дүниеге келуден бұрын анамыздың омырауында әзірлеп қойды. Сади Ширази ғұлама (рахметуллаһи алейһ) айтқан екен:

«Адамдар ризықтарын несіне уайымдайды, ол дүниеге келген сәтінде ризығы дайын тұрады.»

Ішіп-жеместен өмір сүру мүмкін емес. Ауамызды, суымызды, азығымызды қиялымызға да келмейтіндей керемет күйде кім бізге жаратып беріп, нәсіп етіп жатыр?!

Күн сәулесі алмаға да, қызыл бұрышқа да бірдей түседі, екеуі де қызыл. Бірақ біреуін тәтті қылса, екіншісін ащы қылады. Екеуі де бізге қажет. Осындай керемет азықтар болмаса, аштықтан өлмеу үшін қолымызға түскенін жеуге мәжбүр болар едік.

Бақытты өмір сүре алуымыз үшін жер мен көктегі барлық болмыс бізге қызмет етеді, ақысын да талап етпейді, қарсы шықпайды да! Мысалы, аспандағы күн: «Мен адамдарға мыңдаған жылдар бойы жарық пен өмір бердім, маған тіпті рахмет те айтпады, бұдан былай оларға бұл жақсылығымды жасамаймын, не істесе де өздері білсін!» дей алады. Ол кезде біздің де, дүниеміздің де шаруасы бітетін еді.

Осыншалықты керемет және кемшіліксіз жаратылған және бізге қызмет етіп жатқан табиғатты көрген сайын, ойлаған сайын Аллаһу та'аланың құдіретін, ұлылығын және бізді қаншалықты жақсы көретіндігін өз көзімізбен көріп, таңырқап жүрміз. Осындай ойлар бізді Раббымызға одан сайын жақындатып, сүйіспеншілігімізді арттыруда.

Дүниеге келген және келетін барша адамзаттың құрметті қонақ сияқты күтіліп, қарсы алынғанына куә болып жүрміз. Осылай ойлайтын, осындай түсінікпен өмір сүретін адам өте құнды. Дүниедегі өмірінде-ақ жәннат өмірін сүре бастайды. Оның жәннаты көкірегінде болады, әрдайым өзімен бірге жүреді.

Аяқ-қолсыз дүниеде өмір сүру қиын болғандықтан, анамыздың жатырында-ақ бізге нәсіп болды. Ахиретте де мәңгі бақытқа қолжеткізу үшін бізге бұйрықтар мен тыйымдар берілді. Берілген бұйрықтарды орындап, харамдардан сақтансақ, дүниеде рахат өмір сүргеніміздей, ахиретте де бақытты боламыз.