Дүние бізді тастамай тұрып біз дүниені тастайықӘһли хикмет ғұламалар былай деген: Бір әулие кісі сауда-саттықпен айналысатын шәкіртіне «Жұмыс орныңа дос-дұшпан әртүрлі адам келеді. Бұған қандай да бір шара қолданасың ба?» деп сұрайды. Шәкірті былай деген екен: «Ұстаз, әр келген адамға алдымен бұл өмірдің қиял, ал өлімнің хақ екенін, әр адам міндетті түрде өлетінін, негізгі өмірдің өлгеннен кейін басталатынын, сондықтан бұл дүниеге аса берілмеу керектігін түсіндіремін. Келген кісі дос болса түсінеді, дұшпан болса «Бұл жерде өліммен қорқытады екен» деп шошып қашады, ендігәрі келмейді.» Ұстазы шәкіртінің бұл жауабын ұнатып, оған разылығын білдіреді. Аллаһу та'ала бізді өз-өзімізге зиян тигізуден сақтасын. Аллаһтың дұшпаны болған ішіміздегі нәпсіміз әр сәтте, күндіз-түні бізбен бірге. Әсіресе өлетін сәтте имансыз өлтіру үшін ол шайтанға көмектеседі. Бірлік пен ынтымақта мейірім, ал бөлінуде Аллаһтың азабы бар. Сондықтан, мұсылмандармен бірге болуға жан-тәнімен тырысу керек. Өйткені, екі мұсылман кездесіп бірге болса, пайдалы ештеңе істемесе де, Аллаһу та'алаға деген сүйіспеншілігі көбірек болғанының жүрегінен екіншісінің жүрегіне сүйіспеншілік ағады. Өздері байқамаса да, сезінбесе де. Бұл өзара қосылған екі ыдысқа құйылған судың теңесуі сияқты (Паскаль заңы). Сондықтан, кезкелген бір сылтаумен жиналып тұру керек. Мақсат – бірге болу. Сұхбаттың мәні осында. Харам істеп жүрген адам, жарқанаттың күннен қашқанындай, сұхбаттан, бірге болудан қашып жүреді. Бұл тосқауылды бар күшті салып жою керек. Бір күні барымызды тастап кетеміз, олай болса, қазірден тастауымыз керек. Әр ісімізді Аллаһтың разылығына мән беріп істеуіміз қажет. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) «Дүние сендерді тастамай тұрып, сендер дүниені тастаңдар!» деген. Дүние бір күні «Саған осы жетеді, бар енді есебіңді бер!» дейді. Олай болса, сол күнді күтіп жүрмей қазірден оны тастау керек. Аллаһқа жүгінсек, Ол бізді қорғайды. Кейбір адамдар әлсіз кісіге немесе өз өміріне, яки басқа бір нәрсеге сенеді. Алайда, сол сенгендері, жүгінгендері де Аллаһқа мұқтаж. Дүниеде ананы сатып аламын, мынаны істеймін» дейді. Соның бәрін атқаруға өмірі жетеді ме екен? Бізді жаратқан және әр сәтте бар қылып ұстап тұрған Аллаһу та'ала, аманатты бір күні алатын да Ол. Ұлы Аллаһ кепіл болып тұрғанда мұны ұмытып, басқа біреудің кепілдігін іздеу, осылайша бүкіл өмірін құрту ақымақтық емес пе? |