ШӘУАҺИД-УН НУБУВВӘБИСМИЛЛАҺИР РАХМАНИР РАХИМ Жаратқандырын куә қылып құдайлық сырларын бізге хабарлаған Аллаһу та'алаға хамд болсын. Ол кейіннен жаратлығандар және мүмкін дәлелдерімен рубубиятының (Раббі екндігінің) сену жолын бізге көрсетті. Оған құлшылық жасау абыройын ізгілігімен және ихсанымен көрсетті. Ұлылығының сыйы ретінде бізге бақытқа, қамқорлыққа және кешірімге себеп болатын жолдарды көрсетті. Ақыр заманда адамдарға және жындарға Аднан ұлдарынан дүниеге келген сүйіктісі Мұхаммед алейһиссаламды пайғамбар ретінде жіберу арқылы жүректерді иман нұрымен және білім сырларымен жарытты. Құран кәрім дастарханын түсіру арқылы хабибіне (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) сый-сияпат көрсетті. Сүйіктісін Фурқан (Құран) мен және хидаятқа себеп болушы ретінде жіберді. Басқа пайғамбарларға ешқашан бермеген алты нәрсемен хабибін ерекшелендірді. Оның үмбетін де ішінде Өзінің кешірімі мен разылығы болған бес нәрсемен үстем қылды. Ол Құрайыш тайпасынан, Хашим ұлдарынан үмми (оқу-жазу білмейтін) пайғамбар еді. Оның діні бүкіл діндердің үкімін жойды. Әбул Қасым Мұхаммед алейһиссалам әуелгілердің және кейінгілердің сәйиді (көсемі) (саллаллаһу алейһи уә сәлләм уә алә саирил-әнбия-и уәл мүрсәлин уә ала алиһи уә сахбиһи). Оның сахабалары (ридуануллаһи та'ала алейһим әжмаин) дін аспанындағы шайтандарды қуатын жұлдыздары болды. Қайбіріне ерсеңіз, Аллаһу та'аланың көмегімен және қуат беруімен құтыласыз. Табиин, тәбә-и табиин және сәләф-и салихинның (рахметуллаһи та'ала алейһим әжмаин) бәріне дұға мен сәлем болсын. Мен Аллаһу та'аладан басқа илаһ жоқ деп куәлік етемін. [Илаһ – барлық нәрсені жоқтан бар қылған және әр сәтте бар қылып ұстап тұрушы деген сөз.] Тағы, Мұхаммед алейһиссалам Аллаһу та'аланың құлы және Расулы, сенімдісі екендігіне куәлік етемін. Тұрақты және дұрыс болған куәлікпен куәлік етемін. Сөйлеу арқылы аспан мен жердің барлығын толтыратын куәлікпен куәлік етемін. Аллаһым! Адамдар мен жындардың ғибадаттары, заттық және рухани әлемдегілердің құлшылықтары Сенің еш нәрсеге мұқтаж еместігің, шексіз құдіретің алдында мәнсіз үн болмақ. Алайда, осы әлсіз және көңілі мұңды құлдарыңның жалбарынуы мен махаббат гүлзарында сайраған бұлбұлдардың ынталы дауыстары Сенің дәргейіңде құндырақ. Йа, Аллаһ! Біздің қателігіміз бен күнәміздің соңы жоқ болса да, Сенің мейірім және кешірім теңізің де шексіз. Күнә алауы әлемді қаптаса, Сенің мейіріміңнің бір тамшысы оны сөндіреді. Әлемді зұлмат (қараңғылық) бұлты қаптаса да, Сенің қамқорлық самалыңның бір тыныстық есуімен ол тарап кетеді. Әлемді зұлмат бұлты қаптаса, Сенің хидаят күніңнің бір сәулесі ол пердені алып тастайды. Йа, Аллаһ! Сен өмір берген жүректі ешкім өлтіре алмайды. Сен жаққан шамды ешкім сөндіре алмайды. Сенің махаббаттық тартымдылығың нәсіп болған кісі Сенің сүйіктіңе айналады. Сенің ұлықтығыңның бір ұшқынына қауышқан адам қайран болады. Йа, Аллаһ! Сен хош қарсылыған мақбыл, қадірлі құлдарыңның қолы қылыштай кесті. Олардың гауһар жаны қуаныш нұрымен толды. Сен қабыл алмай кері қайтарған сұлтандардың қолдары ұстамай қалды. Олар нәпсі жолына түсіп, құрып кетті. Йа, Аллаһ! Бүкіл әлемге қамқорлық пен рахметіңді жаудырсаң, ұлылығыңнан бір түйір де кемімейді. Бірақ, хикметіңнің сырын түсінуге ақылдың шамасы жетпейді. Йа, Аллаһ! Рия өртінен жүректерімізді тазалап біздерді мухлис (ихласты) ете көр. Бұл жүректі махаббат оқбақырыңда қамқорлық гауһарыңмен таза алтынға айналдыра көр. Йа, Аллаһ! Қателігім қанша көп болса да, хабибің (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) құрметіне кешіре көр! Мейіріміңе лайық болғанын нәсіп ете көр! Йа, Аллаһ! Аңсаған жан айрылықтың азабын сезбейді. Сағынған көңіл қауышудан пайда болатын зауықты сезбейді. Йа, Аллаһ! Бұл отқа толған, диуаналық ұйытқысы және шөлдеудің бұлағы болған қандай керемет сусын екен. Йа, Аллаһ! Бұл қандай жүз мың мұхит ішілсе, сол күйінде қалып, шөл баспайтын және бітпейтін шөлдеу екен. Йа, Аллаһ, бұл толтырушысы қауышудың ынтасы болған не деген тұрақты қалатын ыдыс екен. Йа, Аллаһ, бұл ұсынған сайын таусылмай қала беретін қандай әсерлі сусын таратушы екен. Йа, Аллаһ, бұған ақыл жетпейді. Себебі көркемдігіңнің күні барынша айқын болғанымен, жасырынып, көрінбейді. Бұл жарқырап тұрған қандай керемет нұр екен, көз оны көріп таңқалуда. Йа, Аллаһ, бұл не деген ғажап көңіл сыры болды, ақыл оны білуге шамасы жетпей қалуда. Йа, Аллаһ, кісінің жаннаттық немесе тозақтық екендігі маңдайына жазылған. Олай болса, жақсы істерімізге де қатты жүгінбеуіміз керек [Оның кешіріміне жүгіну керек]. Аллаһым, өйткені, жазмышты өшіретін құдірет жоқ. Олай болса, Сенің қамқорлығыңның тысында қандайда бір нәрсе тапқандар да жоқ. Йа, Аллаһ, бұл қандай ұлы әсемдік екен, сол әсемдікті баяндау [мен сияқты] әлсіз құмырсқаға бұйырып отыр. Йа, Аллаһ, бұл қандай ұлылық пен жалал екен, ақыл оны түсінгенін айтып беруге сөзі жетпей жатыр. Кейде үкіміңнің сыры өзіне өрмекші торын перде қылады. Кейде ұлылығың масаның инесін зулфиқар қылыштай мықты етеді.
Исламның шарттарының біріншісі калима-и шаһадатты айту. Яғни «Әшһәду ән лә илаһа иллаллаһ уә әшһәду әннә Мухаммадан абдуһу уә Расулуһу» деп айту. Шынайы иман – осы екі негіздің мағынасына шын көңілімен нақты сену, растау. Яғни, әуелі Аллаһу та'аланың жалғыз илаһ екенін қабылдап сену, кейін Мұхаммед Мұстафаның (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) пайғамбарлығын және елшілігін айтып қабылдау. Аллаһу та'аланың жалғыз илаһ екендігін қабылдау және растау тек қана пайғамбардың хабар берген қайнарынан алып сену арқылы іске асады. Тек ғылыми дәлелдерге жүгініп, философтар сияқты пайғамбарлық қайнардан алмастан сену құтылуға және жоғары дәрежелерге жеткізбейді. Бүкіл бақыттылықтың қазынасы және бүкіл ниғметтердің жоғары мәртебесі – Мұхаммед Мұстафаның (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) пайғамбарлығына және елшілігіне сену. Яғни «Иқрарун бил лисан және тасдиқун бил жанан» [тілмен айтып, жүрекпен растау]. Осылай сену де Ол үйреткен шариғатқа және Одан келген бүкіл үкімдерге сенуді, растауды қажет қылады. Осы растау және иманда негіз болған нәрсе – жаратылыстың негізінде Расулуллаһ алейһиссаламмен байланыстың, ұқсастықтың бар болуы. Адамдар осы ұқсастық пен байланыс тұрғысында бір-бірінен өзгеше. Кейбір адамдарда бұл байланыс сондай күшті, Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) мүбәрәк жамалын тек көрумен ғана және мұғжиза көрсетуіне қажеттілік болмастан иман бақытымен абыройланды. Мәснәуи Иманның себебі емес мұғжизалар. Оған ұқсастық сипаттарды тартады. Дұшпанды басуға керек мұғжизалар. Оған ұқсастық көңілді тартады.
Абдуллаһ бин Сәламнан (радиаллаһу анһ) риуаят етілген. Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) Мәдинаға келген кезде Оны көрейін деп алдына бардым. Оның мүбәрәк жүзін көрген сәтімде бұл жүз өтірікшінің жүзі емес екендігін бірден түсіндім. Әмир-ул-мүминин Омар (радиаллаһу анһ) бір күні Абдуллаһ бин Сәламнан (радиаллаһу анһ) пайғамбар (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) туралы сұрады. Ол: «Оның пайғамбарлығының рас екендігіне сенімділігім баламның өз ұлым екендігіне сенімімділігінен артық» деп жауап берді. Әмир-ул-мүминин Омар (радиаллаһу анһ) «Бұл қалай болғаны?» деп сұрағанда: «Ұлымның анасы маған қиянат жасап, ұлым менен туылмаған болуы мүмкін. Бірақ, Мұхаммед алейһиссаламның құрметіне және Оның адалдығына ешқандай күмәнім жоқ. [Толықтай сенемін]» деген жауап қайтарды. Әмир-ул-мүминин Омар (радиаллаһу анһ) оның беті мен көзін сүйді. Әбу Рәмсә Тәймиден нақыл етілген. Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) қасына бардым. Мүбәрәк жамалын маған көрсетті. Сонда мен «Ол ешбір күмәнсіз Аллаһу та'аланың Расулы» дедім. Жами бин Шәддад (радиаллаһу анһ) баяндайды: Арамыздан Тарық есімді біреу былай деді: Расулуллаһты (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) Мәдинаға келгенінде көрдім. Бірақ оны танымайтын едім. Менен «Сататын бір нәрсең бар ма?» деп сұрады. Мен «Бар, мына түйені сатамын» дедім. «Қаншаға сатасың?» деп сұрап еді, «Пәлен құрмаға сатамын» деп жауап бердім. Дереу түйемнің жүгенін ұстап алып кетті. Ол кетіп қалғаннан кейін біз арамызда сөйлесіп «Түйемізді өзімізі танымайтын кісіге беріп жібердік қой» дестік. Қасымызда бір әйел бар еді, бізге «Мен түйелеріңе кепіл боламын. Айдың он төртіндей нұрлы кісінің сендерді алдап кетуі мүмкін емес» деді. Таң атты. Бір кісі біраз құрма алып келді. Бізге «Мен Аллаһтың Расулының (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) елшісімін. Мені сендерге жіберді, мына құрмадан дәм татсын, кейін келіп түйелерінің құнын алып кетсін деп жатыр» деді. Кейбір ғалымдардың айтуынша, Аллаһу та'ала: «...Мүбәрәк зәйтүн ағашының майымен жағылады. Ол алау тимесе де да жарық беретіндей сондай таза май. Ол жарық нұр үстіне нұр. (Аллаһу та'аланың мүминдерге берген хидаяты иман нұрының үстіне нұр.) Аллаһу та'ала қалағанын Өз нұрына бөлейді. Аллаһу та'ала адамдарға ғибрат алып, иман келтірсін деп осындай мысалдар береді. Аллаһу та'ала бәрін біледі» деген [Нұр сүресі 35] аяти каримада айтып мысал келтіруі Расулына (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) қатысты. Бұл мысал Аллаһу та'аланың Расулы жайлы келтірілген. Яғни Құран кәрім оқылып хабар берілмесе де, оның мүбәрәк жүзі пайғамбарлығына және жоғары дәрежесіне дәлел болады делінген. Абдуллаһ бин Рәуаха (радиаллаһу анһ) да былай деген, шумақ: Егер болмағанда еді Онда айқын дәлелдер. Сұлу бейнесі де саған қайырлы хабар берер. [Сендегі осы сұлу бейне мен көркем мінез күндей жарқырап тұрған дәлел.] Көкірегі ояу болғандардың мұғжизалар мен дәлелдерді көруі олардың сүйіспеншіліктерін нығайтып, кәшф пен яқиндарын арттырады. Аллаһу та'ала [Фәтх сүресінің 4-ші аятында] «...Имандары артсын деп мүминдердің жүректеріне рухани рахаттықты түсірді. Бүкіл аспан мен жердің әскерлері Аллаһтікі. Аллаһ алим (бәрін білуші) және хаким (барлығына ие)!» делінген. Ал кейбір адамдардың Расулуллаһпен (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) байланысы бар болса да, әдет-ғұрып пен салт-дәстүрлер бойларына әбден сіңіп кеткендіктен [ол жағдайлар мінезге айналғандықтан], Онымен арасындағы байланысы жабылып қалған. Сол себепті ондайларға, Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) күйін, сөздерін және мұғжизаларын өз көзімен көріп естімегенше Оған иман келтіру ниғметі нәсіп болмайды. Олай болса, белгілер мен мұғжизалар осындай адамдардың иманның негізіне қауышуына себеп болады. Ал осыларды көрместен иман келтірген адамдардың осыларды көре-көре яқиндары (сенімдері) артады. Осы тұрғыдан Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) пайғамбарлығының, елшілігінің дәлелдерін көзімен көргендер екіге бөлінеді. Осы сияқты, әділ және сенімді адамдардан дәлелдерді және мұғжизаларды естігендер де екіге бөлінеді. Олардың бір бөлігі Расулуллаһқа (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) байланғандығы соншалық, Оның заманынан кейін мұғжизадай болмаса да, халдерін және мінезін естігендерінде Оның пайғамбарлығын растап, хабар бергендеріне иман келтіреді. Ал мұғжизалар олардың иманы мен сенімін одан сайын күшейтеді. Екінші топтағы адамдар болса мұғжизаларды естіп, Оның (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) пайғамбарлығын растамағанша иман ниғметі нәсіп болмайды. Растау және иман келтіру ниғметіне қауышқаннан кейін мұғжизаларды ойлау және ғибратпен толғану яқинды арттырады. Ал адамдардың басқа бір тобы Расулуллаһпен (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) байланысы және ұқсастық нұрын жоғалтқан. Оның (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) пайғамбарлығының дәлелдері және мұғжизалары дәл алдында тұрса да, оларды қанша көрсе де, қырсықтығы мен тәкәппарлығы кесірінен сенбеді. Құрайш тайпасының абройлылары осындай еді. Олар иман келтіру үшін мұғжиза талап етті. Мұғжизаларды көргенде «Бұлар сиқыр және көзбояушылық» деді. Мұғжизаларды көруі олардың тозаққа жақындауынан және бақыттылықтан айрылуынан басқа ештеңеге жарамады. Мүлхидтер (діннен шыққандар) мен зындықтар (сырты мұсылман іші кәпірлер) да солардың қатарында. Олардан кейінгі ғасырларда келгендер мұғжизаларға сенбеді және әлі де қарсы шығып, қырсықтық пен тәкәппарлық жолына түсті. Олар әліге дейін осылай мұғжизаларды, пайғамбарлықты толықтай жоққа шығарып, қарсы шығуда. Қайта тірілуге, махшарда жиналуға, қиямет күніне, есепке тартылуға, жәннат пен тозаққа және пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) хабар берген басқа жайттарға сенбейді. Адамдардың бір тобы нақыл етілген дәлелдерге және мұғжизаларға сенетіндігін айтқанымен, олардың бәрін бұрмалайды. Оларды мұғжиза күйінен басқаша түрде түсіндіреді. Мұғжизаларды, таңғажайып жағдайларды түгелдей жоққа шығарады. Одан да таңқаларлығы, осы жоққа шығаруына қарамастан халықтың көңілін өздеріне аудару үшін және оларды пайдаланып қалу үшін өздерінің бойында керемет және ғажайып нәрселер бар екенін мәлімдейді. Әртүрлі өтірік және қулықпен сауатсыз, білімсіз адамдарды өздеріне баурайды. Нәпсіміздің зиянынан және амалдарымыздың жамандықтарынан Аллаһу та'алаға сыйынамыз. Аллаһу та'аланың хидаят жолына түсірген құлын ешкім адастыра алмайды. Ол адастырған адамды да ешкім хидаятқа қаушытыра алмайды. Мұғжизаларды өз көзімен көру немесе әділ, сенімді адамдардан есту, мәлім болғанындай, кейбір адамдардың иман келтіруіне, ал кейбірлерінің сенімінің артуына себеп болады. Сондықтан, пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) ізімен жүрген дін ғұламалары Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) үмбетіне қамқорлық ретінде және Оның сүннетін ұстануға ынталандыру үшін пайғамбарлығының куәгерлерін және елшілігінің дәлелдерін баяндайтын кітаптар жазды. Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) басқа халдерінен және сөздерінен бөлек кітаптарын осы дәлелдермен безендірген. Осындай ғалымдардың бірі – үлкен ғұлама және ұлы әулие Мәулана Абдуррахман Жами хазреттері. [817 [м.1414] жылы Иранның Жам ауылында туылып, 898 [м.1492] жылы Хиратта қайтыс болды.] Бұрынғы және кейінгі ғалымдар жазған кітаптарда жазулы айқын және мәшһүр хабарларды жинақтап, «ШӘУАҺИД-УН НУБУВВӘ ЛИ-ТАҚУИЯТИ ӘҺЛИЛ ФУТУВВӘ» деген атпен кіріспеден және жеті бөлімнен тұратын кітап жазды. Құлдардың ең төмені және әлсізі мен – Махмұд бин Осман Ламии (Аллаһу та'ала күнәларын кешірсін) осы кітапты толықтай оқып шығуым нәсіп болды. Махаббаттың күшеюіне көп пайдасы тигінен байқадым. Расулуллаһқа (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) бағынудың шексіз көркемдіктерін таптым. Кәміл ұстаз және ізгі имам Мәулана Абдуррахман Жамидың осы кітапты ерекше ынтамен жазғанына және көп күш салғанына куә болдым. Анық, құнды және пайдалы болуы үшін әртүрлі риуаяттарды және түрлі дәлелдерін алмаған. Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) жанұясынан, сахабаларынан, табииннен және тәбә-и табиинен байқалған таңғажайып жағдайларды [кереметтерді] де мұғжиза қатарына қосқан. Өйткені, әулиенің кереметі пайғамбардың мұғжизасынан саналады делінген. Себебі, бағыну арқылы бағынған кісіде пайда болған барлық кәмілдік бағынылған адамдікі саналады. Олай болса, үмбетте жарқырап шыққан әр ізгілік пен керемет нұры, ақиқатында, пайғамбарлықтың жарқын нұрына жатады. Күмәнсіз, Ол нәбидің мұғжизаларынан. Мәулана Абдуррахман Жами хазреттері бұл кітапты парсы тілінде жазды. Бұл пақыр (Ламии Челеби) оңай түсінілуі және баршаға пайдалы болуы үшін өз тіліміз түрікшеге аудардым. («Түркістан кітап үйі» редакциясы қазақ тіліне аударуда.) [Махмұд бин Осман Ламии Челеби 877 [м.1472] жылы Бурсада туылып, 938 [м.1531] жылы сол жақта қайтыс болды.] Аллаһу та'аланың нәсіп еткен пайдалы сырларды және құнды кітаптарда жазылған сахих дәлелдерден тапқандарымды осы кітапта жинақтадым. Дұрыс жолға түсіретін Аллаһу та'ала. Ол дұғаларды қабыл етуші. Жаңылысудан және қателік жіберуден Оған сыйынамыз. Үміт етеміз, Хақ та'ала жомарттығынан және баршаға шашқан ниғметтерінен ғашық және адал пенделерінің және дін бауырларымның жүректерін осы кітапты оқу арқылы және осы хабарлар мен мұғжизаларды ойлауы арқылы яқин және иман нұрымен толтырып, шаттыққа бөлесін. Әмин! Йа Мужибәссаилин.
Бұл кітапта бір кіріспе, жеті бөлім, бір қорытынды бар: 1) Кіріспе: Нәби және мүрсәл сөздерінің мағыналарын және осыған байланысты білімдер түсіндірілген.
2) Бірінші бөлім: Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) туылуынан бұрын пайғамбарлығына дәлел болатын белгілер туралы.
3) Екінші бөлім: Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) туылғанынан бисәтіне [пайғамбар екендігі хабарланған уақытқа] дейін орын алған белгілер туралы.
4) Үшінші бөлім: Бисәттен хижретке дейін орын алған мұғжизалар туралы.
5) Төртінші бөлім: Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) хижреттен қайтыс болуына дейінгі мұғжизалары туралы.
6) Бесінші бөлім: Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) қайтыс болуынан кейін орын алған және сондай-ақ уақыты нақты белгілі болмаған немесе бір кезеңге тиесілі болмаған белгілер туралы.
7) Алтыншы бөлім: Асхаби кирамнан (сахабалардан) және Әһли бәйттен [он екі имамнан] шыққан кереметтер баяндалуда.
8) Жетінші бөлім: Табиин, тәбә-и табиин және тасаууф ғұламаларынан көрінген кереметтер туралы.
9) Қорытынды: Дін дұшпандарының басына келген жаза мен бәле-жала туралы айтылған. |