19 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     21 - Қараша, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Басқа да тақырыптар / Бәле-жала, қиыншылық келгенде не істеу керек

Бәле-жала, қиыншылық келгенде не істеу керек

Сұрақ: Бәле-жала, қиыншылық немесе індет келген кезде өзін қалай ұстау керек, не оқу қажет, жалпы не істеген жөн?

Жауап: Бұл туралы Имам Раббани хазреттері бір шәкіртіне жолдаған хатында былай дейді:

«Құнды хатыңыз келді. Ол аймақтарда екі үрейлі жағдай басталғанын, бірі оба ауруы, екіншісі ашаршылық, азық-түліктің тапшылығы екенідігін жазыпсыз. Аллаһу та'ала бізді және сіздерді бәле-жаладан қорғасын. Бәрімізге амандық берсін!

Мұндай уақыттарда төрт «Құл» сүрелерін (Кафирун, Ихлас, Фалақ, Нас) көп оқыңыз! Бұл сүрелер жынның және адамдардың зиянынан сақтайды.

Ер кісілердің кебіні үш бөліктен болуы сүннет. Басына сәлде орау бидғат болады. «Келісім шарт қағазы» деп аталып жүрген сұрақ періштелеріне берілетін жауаптар және дұға мен истиғфар жазылған қағазды қабірдің ішіне қоймау керек. Киелі жазулардың, атаулардың мәйіттің ластығымен араласуына себеп болады. Мәйітке қамистың (кебін бөлігі) орнына бір ғұламаның көйлегін кигізу жақсы болады. Шәһидтердің кебіндері – үстіндегі киімдері. Қарудан жараланып өлген шәһидтер жуылмайды және кебінделмейді. Соғыста жараланбай өлген және бейбіт шақта жұқпалы ауру мен апаттарда өлгендер шәһид сауабын алады, бірақ оларды жуындыру және кебіндеу керек.

Қабірдегі өмір бір жағынан дүние өміріне ұқсағандықтан, мәйіт дамиды, дәрежесі көтеріледі. Қабір өмірі адамдарға байланысты әртүрлі болады. Пайғамбарлар қабірлерінде намаз оқиды делінген. Сүйікті пайғамбарымыз миғраж түнінде Мұса алейһиссаламның қабірінің қасынан өтіп бара жатқанда оның өз қабірінде намаз оқығанын көрді. Қабір өмірі – таңқаларлық өмір. Ол туралы аздаған мағлұмат айтылса, ақыл түсінбейді, фитналарға, бүлікке себеп болады. Жәннаттың төбесі – Арш. Бірақ, қабір де жәннат бақшаларының бірі. Ақыл көзі мұны байқай алмайды. Қабірдегі таңқаларлық нәрселер басқа көзбен байқалады. Иә, иман, сенім қандай болса да, азаптан құтылудың себебі. Бірақ, сол көркем сөздің, калима-и тәухидтің Аллаһу та'ала тарапынан қабылдануы үшін дүниеде Ислам дінін ұстану, салих амалдар жасау қажет.

Өліп қалмау үшін оба ауруы жайылған жерден қашу үлкен күнә. Соғыста дұшпанның алдынан қашу сияқты. Оба жайылған жерден қашпай сабыр еткен адам өлетін болса, шәһид сауабына бөленеді. Қабір азабын көрмейді. Сабыр еткен кісі өлмей аман қалса, ғази (ардагер) сауабын алады.»