Нәпістің қалауларының бәрі өзіне зиян!Нәпіс – Аллаһу та'аланың дұшпаны. Нәпістің қалауларының адамды Аллаһ жолынан адастырушы екендігі Құран кәрімде хабар берілген. Өйткені нәпіс әрдайым Раббымызды жоққа шығаруды және оған қарсы шығуды қалайды. Сондықтан оның қалауларының бәрі өзіне зиян. Әр істе нәпістің қалауларына еру – нәпіске табыну болып табылады. Нәпіске еруден құтылу – дүниедегі ниғметтердің ең үлкені. Өйткені ол – құл мен Раббы арасындағы ең үлкен қалқан. Сәһл бин Абдуллаһ Тустери хазреті: «Ғибадаттардың ең құндысы – нәпіске ермеу» деген. Құран кәрімде былай делінеді: «Аллаһтан қорқып, нәпсін жаман қалаулардан аулақ қылғандардың баратын жері – міндетті түрде жәннат». (Назиат 40, 41) Хадис шәрифте былай делінген: «Адамды пәлекетке жетелейтін үш нәрсе бар: Сараңдық, нәпіске еру және өз-өзін жақсы көру». Екінші хадис шәрифте: «Үмбетімнің екі жаман мінезге тұтылуынан қорқамын. Олар: нәпіске еру және өлімді ұмытып, дүниеліктің соңынан кету» делінген. Ең үлкен дұшпан болған нәпістің жаман екенін мәлімдейтін хадис шәрифтер көп. Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) айтқан: «Сенің ең үлкен дұшпаның – сені толықтай қоршап тұрған нәпсің». «Ең үстем жиһад – Аллаһ жолында нәпіске қарсы күрес». «Нағыз қаһарман – нәпсін жеңген адам». Ислам діні адамзаттың дүниеде де, ахиретте де бақытты өмір сүруін қалайды. Ақыл болмағанда адам үнемі нәпсіне еріп, пәлекетке түсер еді. Нәпіс болмағанда адамның өмір сүруге және көбеюге ынтасы қалмас еді. Нәпіспен күресу сауабынан да мақұрым қалар еді. Періштелерден үстем болу жолы жабылар еді. Мейлі, онда осыншалықты зиянды нәпіс неліктен жаратылды? Қолымыздағы барлық нәрсенің жақсы жағы да, жаман жағы да бар. Электр қуаты біз үшін ниғмет. Егер өз орнымен қолданылмаса, адамның өліміне себеп болуы мүмкін. Нәпіс те осыған ұқсайды. Әрі пайдалы, әрі зиянды жақтары бар. Адамның өмір сүруі, көбеюі, дүниелік үшін еңбектенуі нәпістің арқасында мүмкін. Нәпіс болмаса үлкен жиһад сауабын қалай аламыз?! Сахабалар (радиаллаһу анһум) ауыр соғыстан қайтып келе жатқан еді. Жеңіске жеткен еді. Сүйікті пайғамбарымыз (алейһиссалам) сахабаларын құттықтағаннан кейін: «Кіші жиһадтан қайттық, енді үлкен жиһадқа бара жатырмыз» деген екен. Сонда сахабалар түсінбей: «Бұдан үлкен қандай жиһад бар?» деп сұрады. Пайғамбарымыз жауап ретінде: «Нәпіспен жиһад (күрес)» деген екен. Соғыста жеңіліп қаза болған азамат шәһид болып, мәңгі бақытқа кенеледі. Ал жеңіске жетіп оралғаны «Ғази» (ардагер) болады. Екеуі де жақсы. Нәпіспен күресіп жеңіп шыққан адам үлкен ниғметтерге бөленеді, ең үлкен жауын жеңу абыройын алады. Ал жеңілген адам пәлекетке, қиыншылыққа түседі. Хадис шәрифте айтылғанындай: «Ең үлкен жауың – ішіңдегі нәпсің». Нәпіс шайттаннан да қауіпті. Шайтан кейде адамның жүрегіне уәсуәса (жаман ой) салады. Ал нәпіс әрдайым адамның ішінде... |