19 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     21 - Қараша, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Намаз / Мешітте сапты түзеу

Мешітте сапты түзеу

Сұрақ: Жамағатқа кеш келген адам алдыңғы сапта бос орын болса, қалай әрекет етуі керек? Бір имамға ұйып тұрған еркек пен әйел бір-біріне жақын тұрып намаз оқуына болады ма?

Жауап: Имамға ұюдың дұрыс болуы үшін керекті шарттардың біршамасы мынадай:

«Мәсжиди харамда имамның Мақам-и Ибраһимде тұруы абзал. Мешітте отырғандарды қинамау үшін енді келген адамның алдыңғы сапқа өтпегені абзал. Парыз намазы басталғанда алдыңғы саптағы бос орынға өту керек. Жаназа намазында артындағы саптар алдыңғы саптардан сауаптырақ. Мешітке келген кезде имам рукуда тұрса, рәкатты жіберіп алмау үшін соңғы сапқа тұрады. Алдыңғы қатарға өтпейді. Соңғы сапта орын жоқ болса, ол рәкатты жіберіп алатын болса да жалғыз өзі тұрмайды. Бірінші сапта бос орын болып, екінші сапта орын болмаса, екінші сапты жарып өтіп, алдыңғы саптағы бос орынға өтеді. Алдыңғы сапқа өту үшін жамағаттың алдынан өту күнә болмайды.

Жамағатпен оқыған адам бір имамға ұйған кезкелген әйелмен бір рүкін шамасында бір қатарда тұрса және араларында қалың перде немесе бармақтан жуан тірек яки адам сиятындай ашық жер болмаса, ер кісінің намазы бұзылады. Бір сапта әйел намаз оқыса, тек қана оның екі жағындағы және дәл артындағы ер кісілердің намаздары бұзылады. Артындағы кісі тоғыз аяқтан алыс тұрса, оның намазы бұзылмайды. Бір имамға ұймаған әйелдің ер кісімен бір қатарда намаз оқуы мәкрух. Ер кісі қасында имамға ұймақшы болған әйелді көрсе, артқа өтуі үшін қолымен ишара етуі керек. Артқа өтпесе, әйелдің намазы қабыл болмайды. Ер кісінің намазы бұзылмайды. Бір қатарда тұрған әйел адам бойындай биікте немесе төменде болса, зияны жоқ». (С.Әбәдия, 252 бет)