Иманды, парыздар мен харамдарды үйренуСұрақ: Иман келтірген әр адамның өзіне қажетті діни білімдерін үйреніп, соларды ұстануы керек пе? Жауап: Әр мұсылманға ең алғаш парыз болған нәрсе – парыздарды, харамдарды үйрену. Бұларды үйренбейінше мұсылмандық бола алмайды, иманды сақтап қала алмайды. Хақтың және құлдардың алдындағы борыштарын үйрене алмайды. Ниетті, мінез-құлықты түзете алмайды және тазалай алмайды. Ниетін тураламайынша ешбір парызы қабыл болмайды. Сондықтан әркімнің ілімхал білімдерін үйренуі қажет. Хадис шәрифте: «Бір сағат білім алу немесе үйрету таңға дейін түнімен ғибадат етуден де сауаптырақ» делінген. Мұсылмандардың білуі, үйренуі қажет болған білімдерді «Улум-и исламия», «Мұсылмандық білімдері» деп атайды. Бұл білімдердің кейбірін үйрену парыз, кейбірін сүннет, ал кейбірін үйрену мубах. Иманды, парыздар мен харамдарды үйрену, білу – парыз. Отыз үш парыз мәшһүр. Олардың төртеуі негізгі болып, олар – намаз оқу, ораза ұстау, зекет беру және қажылыққа бару. Иманмен бірге осы төрт парыз – Исламның шарты. Иман келтіріп, ғибадат жасаған, яғни осы төрт парызды орындаған адамды «Мұсылман» деп атайды. Төртеуін бірден орындап, харамдардан сақтанып жүретін адам – нағыз мұсылман. Олардың бірі кемшілікті болса немесе мүлде болмаса, мұсылмандық та кемшілікті болады. Төртеуін де орындай алмаған адам мүмин саналғанымен, мұсылмандығы толық емес. Ондай иман адамды тек дүниеде ғана қорғайды, ахиретке иманмен кетуі қиын болады. Иман шамға ұқсайды, ал ислам үкімдері шамның айналасындағы әйнек секілді. Шаммен бірге әйнек – ислам діні. Әйнексіз шам тез сөніп қалады. Имансыз ислам бола алмайды. Ислам болмаса, иман да жоқ. Олай болса, әр мұсылманға ең алғаш қажет болған, бірінші парыз болған нәрсе – иманды, парыздарды, харамдарды үйрену. Әуелі әһли сүннет ғалымдарының кітаптарында жазылғандай иман келтіру керек. Қияметте құтылу жолы – олар көрсеткен жол. Өйткені дінді бұзылудан қорғайтындар – әһли сүннет ғалымдары. Мұхаммед алейһиссаламға бағыну үшін әуелі иман келтіру, кейін мұсылмандықты жақсылап үйрену, кейін парыздарды орындап, харамдардан сақтану, содан соң сүннеттерді орындап, мәкрухтардан сақтану қажет. Бұлардан кейін мубахтарда да Оған бағынуға тырысу керек. Мұсылман кісі мубахтарда да пайғамбарымызға қаншалықты бағынатын болса, сол дәрежеде кемел және жетілген мұсылман болады. Аллаһу та'алаға сол дәрежеде жақын, яғни сүйікті болады. |