19 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     21 - Қараша, 2024 жыл.   


Әбжәд деген не?

Сұрақ: Әбжад есебі деген не?

Жауап: Әбжәд есебі – әрбір әрпі бір санды көрсететін, ислам әріптерімен жазылған сегіз сөзден құралған есептеу жүйесі. Оқиғалардың уақытын белгілеу және оңай есте сақтау үшін қолданылады. Хижри айдың алғашқы күнін де әбжәд есебі бойынша табуға болады. Ислам дінінде әбжәдті қолданып, оқиғалардың күнін, мешіттердің, кесенелердің және т.б. нәрселердің құрылған күнін белгілеу жаиз (рұқсат), бірақ, мысалы ауру адамның немесе анасының есімін әбжәд есебімен есептеп, «Саған осындай тұмар керек» деп тұмар жазып, ақы алу харам болып табылады. Діни үкім шығару да мүлде рұқсат емес.