Араб тілінің ерекшелігіСұрақ: Араб тілінде «Иә» сөзі екі түрде қолданылады екен. Қазақ тілінде болмаған көптеген қажетсіз шылаулар бар екен. Араб тілі Құранның тілі бола тұра, осындай кемшіліктерінің бар болуын қалай түсіндіруге болады? Жауап: Жіберілген сәмәуи кітаптардың барлығы сол жердегі халықтың тілінде түскен. Тілдің мінсіз болуына қатысы жоқ. Пайғамбар француздардан шықса, жіберілген кітап французша болар еді. Тілдің үстемдігіне қарай түскен жоқ. Сонымен қатар, араб тілі басқа тілдерге қарағанда, әсіресе қазақ тіліне қарағанда мінсіз, кемел тіл. Кемшілік қазақ тілінде бар. Араб тілінде қажетсіз сөздер мен шылаулар жоқ. Араб тілінде «Иә» деген мағынада екі сөздің болуы оның мінсіз екенін көрсетеді. Қазақ тілінің ондай мүмкіндігі жоқ. «Нәам» да, «Бәла» да «Иә» деген мағынаны береді, бірақ қолданатын жері өзгеше. Болымсыз сұрақтардың болымды жауабы үшін «Нәам» емес, «Бәла» қолданылады. Мысалы «Мен сендердің Раббыларыңмын ба?» деген сұраққа арабшада «Бәла» (Иә) десе, «Иә, Раббымызсың» деп аңғарылады. «Мен сендердің Раббыларың емеспін бе?» деп сұралғанда «Нәам» (Иә) делінсе, «Раббымыз емессің» деген мағына шығады. Яғни болымсыз сөз расталады. «Бәла» дегенде болымсыздың терісі расталады. Яғни «Иә, Раббымызсың» деген болады. Қазақ тілінде мұндай ерекшелік жоқ. Бұл кемшілікке жатады. Біреуге қазақша «Сәлем саған» десек, ол адамның ер кісі ме, әйел ме, кім екені белгісіз. Ал арабшада бұл бірден аңғарылады. «Оған Аллаһ разы болсын» десек, ол адамның ер кісі ме, әйел кісі ме, кім екені қазақшада белгісіз, ал арабшада белгілі. Осы сияқты ерекшеліктер бар. Бұлардың бәрі ол тілдің бай екенін көрсетеді. Сөйлемдерде де тілдің бай екені байқалады. Мысалы, қазақ тілінде қастандыққа ұшырап, өлейін деп жатқан адамнан «Саған кім қастандық жасады?» деп сұрасақ, оған қастандық жасаған Сартай ұлы Дулат болса, «Сартай» деп сөзін аяқтамай өліп қалса, біз «Сартай өлтірген екен» деп ойлап қаламыз. Дәл осы сұрақты арабша сұрағанда «Дулат бин Сартай» дейді. Толық айта алмай көз жұмса да, тек қана Дулат десе, қастандық жасаған адамның Дулат екені мәлім болады. Дулат есімді бірнеше адам болса, арасынан табу оңайырақ болады. Араб тілінде әуелі маңызды нәрсе айтылады. Тілдер адамдар тарапынан пайда болды. Ал араб тілі адамдар жаратылудан бұрын да бар еді. Ең алғашқы адам Адам алейһиссалам жәннатқа кіргенінде барлық жерде «Лә илаһа иллаллаһ» деп жазылғанын көрді. Яғни адамдар жоқ кезде осы әріптер, осы тіл бар еді. Демек, жәннат тілі араб тілінің үстемдігі осыдан туындайды. |