Тәһәжжуд намазы және тәһәжжудке тұруСұрақ: Тәһәжжуд деген не, қай уақытта оқылады және сол уақытта ғибадат жасаудың, намаз оқудың қасиеті қандай? Жауап: Тәһәжжуд – түннің үштен екісі өткен соң оқылатын намаз, «имсак» уақытынан бұрын оқылады. Тәһәжжуд – ұйқыны бөлу деген сөз. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) соғыстарда да тәһәжжуд намазын қалдырмай оқитын еді. Қаза намазынан қарызы бар адамдар тәһәжжуд уақытында қаза намазын оқуы тиіс. Осылайша әрі қаза намазының қарызы өтеледі, әрі тәһәжжуд сауабына да бөленеді. Тәһәжжуд уақытында тәубе ету, истиғфар айту, Аллаһу та'алаға жалбарынып дұға ету, күнәларын ойлау, қателіктерін, кемшіліктерін еске түсіру, қияметтегі азаптарды ойлап қорқу, тозақтың шексіз азаптарынан үрейлену керек. Кешірім тілеп, көп жалбарынған жөн. Ол уақытта және жалпы барлық кездері жүз рет: «Әстағфируллаһ әл азыйм әлләзи лә илаһа илла һу уәл хайял қайюмә уә әтубу илайһ» дұғасын оқып, мағынасын ойлап айту қажет. Мұны екінді (аср) намазынан кейін, яғни тәсбих пен дұғадан соң жүз рет оқыған жөн. Истиғфар дұғасын дәретсіз де оқуға болады. Хадис шәрифте: «Қияметте амал дәптерінде көп истиғфар бар адамдарға сүйінші!» делінген. Мұхаммед Масум Фаруқи хазрет екінші томының 80-ші хатында былай дейді: «Бәле-жаладан, қиыншылықтардан құтылу үшін истиғфар оқу өте пайдалы, бұл тәжірибемен анықталған. Өлімнен басқа барлық дерттен құтқарады. Ажалы келген болса, аурусыз, қиындықсыз жан тапсыруына көмектеседі. Барлық қиыншылықтан құтқаратыны және ризықты арттыратыны хадис шәрифте хабар берілген. Әр парыз (бес уақыт) намаздан соң мұны үш рет оқып, намаздың соңында дұғадан кейін тек қана «Әстағфируллаһ» деп жетпіске толтыру керек». Истиғфарды және барлық дұғаларды мағынасын ойламай, таза жүрекпен айтылмаса, тек қана аузымен айтып қойса, еш пайдасы тимейді. Ауызбен үш рет айтқанда таза жүрек те айта бастайды. Күнә істеумен қарайып кеткен жүректің айтуы үшін ауызбен көп айту қажет. Намаз оқымайтын және харам жейтін адамның жүрегі қап-қара болады. Ондай жүректердің де айта бастауы үшін ауызбен ең кемінде жетпіс рет айтқан жөн. «Дұха» уақытында ең болмағанда екі рәкат намаз оқу керек. Тәһәжжуд және дұха намаздарының екі көбі он екі рәкаттан тұрады. Нәпіл намаздарда түнде екі рәкатта, ал күндіз төрт рәкатта бір сәлем беріледі. |