Көздің нұрын кетіріп, қарабет ететін күнәЕр және әйел әр бір мұсылманның әр сөзінде, әр ісінде Аллаһу та'аланың бұйрықтарына, яғни парыздары мен харамдарына мән беруі қажет. Аяти каримада былай делінеді: «Ей, Расулым, мүминдерге (иман еткендерге) айт, харамға қарамасын және әурет жерлерін харамдардан қорғасын! Иманды әйелдерге де айт, харамға қарамасын және әурет жерлерін харамнан қорғасын!» (Нұр 30) Құран кәрімде «Фухштың (ұятсыздықтың) ашығына да, жасырынына да жақындамаңдар!» делінген. (Әнам 151) Мұндағы «Жақындамаңдар!» дегені «зинаға апарар себептерден, сондай іс-әрекеттерден сақтаныңдар, бөтен әйелдерді ойламаңдар, олармен сөйлеспеңдер, олардың дауыстарын тыңдамаңдар, оларға қарамаңдар» деген сөз. Бөтен әйелдерге (қыздарға) қарау көздің нұрын кетіріп, жүректі қарайтады. Имам Раббани хазрет «Харамдар – жылтыраған нәжіске ұқсайды» деген. Сырты сәнді, бірақ іші нашар! Пайғамбарымыз да «көз зинасы» туралы былай деген: «Бөтен әйелге шәһуатпен қарау – көз зинасы, оны ұстау – қол зинасы, оған бару – аяқ зинасы». (Р.Насихин) Хадис шәрифтерде айтылған: «Бөтен әйелді көргенде одан беттеріңді бұрыңдар! Байқамай қарап қалу күнә болмағанымен, қайталап қарау күнә болады». (Әбу Дауд, Дарими) «Бір бөтен әйелді көріп, Аллаһтан қорқып, одан басын бұрған адамға Аллаһу та'ала ғибадаттың ләззатын сездіреді». (Әбу Дауд, И.Ахмед, Хаким) Жүнәйд Бағдади хазреттің басқа қалада тұратын шәкірттерінің бірі айтып берген: Бір күні базарда жүргенімде бір сұлу әйелді көріп, оған қайта-қайта қарадым. Кешке үйге келгенімде жұбайым менен: - Отағасы, бүгін сенде бір оғаштық бар! Көзіңнің нұры кетіп, жүзің қарайып кетіпті. Не болды саған? – деп сұрады. Айнаны алып қарасам, шынымен де жүзім мен көзім жұбайым айтқандай болыпты. Неліктен олай болғанын ойланып отырып, әлгі базардағы әйелге қарағанымды есіме түсірдім. Қатты өкіндім. Бір үңгірге қамалып, күндер бойы жылап, күнәмнің кешірілуін тілеп, Аллаһу та'алаға жалбарындым. Сонда да көңілім толмады. Кейін Жүнәйд Бағдади ұстазымды зиярат ету ойыма келді. Бағдатқа қарай жолға шықтым. Шәйхымның үйіне барып, есікті қаққанымда іштен маған: - Кел, ей Абдуллаһ! Сен базарда күнә істейсің, ал біз Бағдатта сен үшін истиғфар етейік, солай ма?! – деді. Ішке кіріп, мүбәрәк қолын сүйіп, отырдым. Таңырқаумен қатар қатты ұялдым. Сөзін жалғастырып былай деді: - Өкіну, тәубе ету – үлкен ниғмет. Жүрек көмектеспесе дене мүшелерінің діннің бұйрығына бағынуы өте қиын. Әулие-ғұламаларды жақсы көрмейінше жүректің көмегі тимейді. Бұларды тек Аллаһ адамдары ғана атқара алады. Әулиені жақсы көрген кісі мақұрым қалмайды... |