Жаман дос улы жыланнан зияндыҚазы Исфәхани хазрет – Шафии мазһабының фиқһ ғалымы. 585 (м.1189) жылы Исфәханда қайтыс болды. Фиқһ ілімін Шәһид Мұхаммед бин Яхиядан үйренді. Басқа ғалымдармен де кездесіп, олардан да білім алды. Көптеген ілімдерде, әсіресе хилаф ілімінде үлкен жетістіктерге жетті. Ол былай деген: Білім алу жолында дос таңдағанда оның мына ерекшеліктері болуы керек: 1) Еңбекқор болуы, 2) Тақуа және Аллаһу та'аладан қорқатын кісі болуы, 3) Жақсы мінезді болуы, 4) Түсінігі мол болуы, 5) Жалқау және уақытын босқа өткізетін адам болмауы, 6) Көп сөйлемеуі, 7) Бүлікші және араңдатушы болмауы керек. Бұл мәселеде: «Бір адамның жақсы немесе жаман екенін білгің келсе, оның достарына қара. Өйткені адам досына ереді. Егер адам жаман болса, одан дереу аулақ бол. Қайырлы адам болған кезде ғана оған жақында, сонда дұрыс жолды таба аласың». Бір өлеңде айтылғанындай: «Жалқау адаммен дос болма, көптеген жақсы адамдар бар, досының жаман болуынан бұзылып кетеді. Ақымақ адамның ақымақтығы зерек және ақылды адамдарға тез жұғады және күлдің арасына тасталған оттың шоғындай сөніп қалады». Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) хадис шәрифте: «Барлық балалар мұсылмандыққа бейім және лайықты болып туылады. Оларды кейіннен ата-аналары христиан, яһуди немесе дінсіз қылады» деген. Парсы елінің мақалында достың адамға тигізетін әсері туралы былай делінеді: «Жаман дос улы жыланнан да жаман және зиянды. Мекенге тәуелсіз болған Аллаһу та'аланың хаққы үшін, жаман дос тозаққа түсіреді». Жақсы адаммен достық құрыңдар, ол арқылы жәннаттың жолын таба аласыңдар. Бұл туралы: «Егер білімді, білімдіні немесе ғайыптағы біреу туралы хабар беретін куәгер іздейтін болсаң, топырақтан үлгі ал, соған жүгін! Топырақты қандай сипатпен танитын болсаң, таңдайтын досыңды да оның досынан таны» делінген. Білім талапкері білімге және ұстазына құрмет көрсетпейінше білімге қолжеткізбейді және алған білімін пайдалана алмайды. Білім алуды мақсат қылғандар тек қана білімді және ұстазын құрметтеу арқылы мақсатына жеткен. Ал білімде мақсатына жете алмағандар тек құрмет етпегендіктен ғана осындай жағдайға түскен. Бір ислам ғалымының айтуынша: «Құрмет – жақсы амалдан қайырлырақ». Адам Аллаһу та'алаға қарсы шығумен, күнә істеумен кәпір болмайды, бірақ Аллаһу та'аланың бұйрықтары мен тыйымдарын менсінбеу арқылы құрметсіздік жасаса, кәпір болады. |