Аллаһу та'ала жомарттарға барлық көріктілікті бергенЖомарттық – өте жақсы қасиет және құнды кітаптарда сипатталуы бойынша, ақшаны, мал-мүлікті қайырлы, жақсы жерлерге таратудан рахаттану. Ислам бұйырған жерлерге қуанып беру. Аллаһу та'ала көріктіліктің барлық түрін жомарт кісіге берген... Пайғамбарымыздың (алейһиссалам) Исламға шақыруынан бұрын өмір сүрген Хатәм Таи есімді жомарттығымен аты шыққан ақын бар еді. Йеменнің Тайи ауылынан шыққан. Оның елінде жылқы еті желінетін еді (Таяу шығыстың көп елінде жылқы еті желінбейді). Хатәм Таидың өте көп жылқысы бар еді. Бірақ көп жылқысының ішіндегі асыл тұқымды біреуі барлық тұрғыдан мінсіз болатын. Өте жылдам шапқандықтан оған «Желаяқ» деген ат қойған. Сол заманның патшасы Хатәмнің шынымен де жұрт айтқандай жомарт екендігіне көз жеткізгісі келеді. Уәзірімен ақылдасып, бүкіл байлығына татитын Желаяқ есімді атын сұрауға он кісі жібереді. Егер ол сүйікті атын бермесе, онда оның жомарттығы жұрт айтқандай емес екені аңғарылады... Он кісі өздерін таныстырмай бір түні Хатәмнің үйіне қонақ болып барады. Хатәм дереу бір жылқы сойып, дастархан дайындап, шаршағандарын басу үшін қонақтарға демалатын жерлерін көрсетіп, жаңа төсек пен киім береді. Керемет астан кейін он кісі өздерін таныстырып, патшаның қалауын білдіреді: - Патшамыз аты әлемге әйгілі араб жылқысы Желаяқты сұрап жатыр. Хатәм күрсініп, былай дейді: - Мені ең әлсіз жерімнен ұстадыңдар. Аяқ-қолымды байлағандай болдыңдар. Бүкіл байлығымды сұраңдар, бірақ менен Желаяқты сұрамаңдаршы. Тіпті жанымды да сұраңдар, патшама жанымды беремін. Бірақ оны сұрамаңдаршы. Хатәмнің осылай жылап айтқан сөздерін естіген адамдар араб жылқысының өте құнды екенін түсініп, одан сұрайды: - Ей, жомарт адам, жаныңды беріп, бір атыңды бере алмайтындай бұл не жағдай болды? Сонда түсінгеніміз бойынша, атың бүкіл байлығыңнан, тіпті өміріңнен қымбат боғаны ма? - Жоқ, олай емес. Түнде кенеттен келіп қалдыңдар ғой, сондықтан жайлаудағы жылқылардың бірін алып келгенше бәлкім таң атып кетер еді. Сендердің аш ұйықтағандарыңды қаламадым. Сондықтан ең сүйікті жылқым Желаяқты союға мәжбүр болдым. Қонағымның көңілін разы қылу әйгілі жылқымнан, байлығымнан, тіпті жанымнан да маңызды. Хатәм олардан қаншама рет кешірім сұрады. Қонақтарды шығарып саларда әрқайсысына бір-бірден араб жылқысы мен бір-бір дорба алтын берді. Иә, Хатәм Таи есімді осы бай кісінің жомарттығы ауыздан ауызға тарап, дастанға айналған. 15 ғасыр өтіп кетсе де әлі ұмытылмаған. Асри саадәттен (пайғамбарымыздың бақыттылық дәуірінен) бұрын өмір сүрген осындай жомарт әкенің Сәффана есімді қызы Расулуллаһтың (алейһиссалам) алдында иман келтіріп абырой тапқан, ал бауыры Адий бин Хатәм сахабалардың ұлыларынан болған... |