19 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     21 - Қараша, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Иман және Ислам / Иса пайғамбар (алейһиссалам) өлген емес

Иса пайғамбар (алейһиссалам) өлген емес

Сұрақ: Хазреті Иса пайғамбардың өлмей аспанға көтерілгеніне сенетіндермен қатар өлгеніне сенетіндер де бар. Егер өлмеген болса, қайтадан дүниеге келіп, барлық жанды секілді Ол да өлімді басынан кешеді ме?

Жауап: Иса алейһиссалам – «Улул азм» пайғамбарлардың бірі. Аллаһу та'ала Оны әкесіз жаратты. Анасы – хазреті Мәриәм. Отыз жасында Оған пайғамбар екендігі білдірілді. Отыз үш жасында тірідей аспанға көтерілгені туралы барлық кітаптарда жазылған. Иса алейһиссалам өлмеді. Яһудилер оны өлтірмек болғанда Аллаһу та'ала оны тірідей аспанға көтерді. Құран кәрімде бұл жайт баяндалған. «Ниса» сүресінің 156-158 аяттарында:

«Және де яһудилердің Исаға қарсы шығуы және Мәриәмға үлкен жала жабуы және «Аллаһтың расулы Мәриәм ұлы Исаны өлтірдік» деуі себепті біз оларды лағнеттедік, қамқорлығымыздан қудық. Алайда олар Исаны өлтіре алмады және креске тартпады. Бірақ оларға ұқсастық жасалды. [Яһуда деген адам Иса алейһиссаламның кейіпіне еніп, соны асты]. Бұл мәселеде олардың өздері де бір сөзге келмей, күмән ішінде. Олардың бұл мәселеде еш мағлұматтары жоқ. Тек маңызсыз жорамалдарын қуып жүр. Олар ақиқатында Исаны өлтірмеген. Аллаһ Оны өз дәргейіне көтерді. Аллаһ қадірлі, үкімінде хикмет иесі» делінген.

Иса алейһиссалам қияметке жақын уақытта аспаннан Шам қаласына түседі және Мұхаммед алейһиссаламның дінін қабылдайды. Оған аз адам сенген. Қиямет жақындағанда Ол Шамдағы Умайя мешітінің мұнарасына түседі, үйленеді, бала-шағасы болады, хазреті Мәһдимен кездеседі, қырық жыл өмір сүріп, Мәдина қаласында қайтыс болып, сүйікті пайғамбарымыздың қасына жерленеді. Хадис шәрифте былай делінген:

«Асхаби Кәһф хазреті Мәһдидің көмекшілері болады және Иса алейһиссалам оның дәуірінде аспаннан жерге түседі. Иса алейһиссалам Дәжжалмен соғысқан кезде хазреті Мәһди онымен бірге болады. Оның билігі кезінде әр уақытта болатынның терісіне, есептерге қайшы Рамазан айының он төртінші күні күн тұтылады және бірінші түні ай тұтылады».

Мұхаммед Париса хазрет «Фусул-и ситтә» кітабында былай жазған:

«Иса алейһиссалам аспаннан жерге түсіп, Имам Ағзам Әбу Ханифаның мазһабына сай ижтиһад жасайды (үкім шығарады), оның «халал» дегеніне «халал», «харам» дегеніне «харам» дейді».