19 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     21 - Қараша, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Басқа да тақырыптар / Исламға дейінгі Араб түбегі

Исламға дейінгі Араб түбегі

Сұрақ: Ислам діні келмей тұрып Араб түбегіндегі адамдардың сенімдері және білімдері қандай болған?

Жауап: Ахмед Жевдет Паша «Қысас-и Әнбия» кітабында былай жазған:

«Иса алейһиссалам аспанға шығарылғаннан қырық жыл өткен соң римдықтар Құдысқа шабуылдады, яһудилердің біразын өлтірді, біразын тұтқынға алды. Құдысты тонап, жер мен жексен етті. Тәураттарды және басқа да кітаптарының барлығын өртеді. Мәсжид-и Ақсаны қиратты. Яһуди халқы одан кейін жинала алмады. Жан-жаққа тарап кетіп, жүрген жерлерінде қорланып, бейшара болып өмір сүрді.

Иса алейһиссаламның отыз жасында пайғамбар екендігі білдірілді. Оған он екі адам сенді. Оларды «Хауарийун» деп атайды. Ол отыз жасында аспанға тірідей көтерілгенде хауарилер тарап кетіп, жаңа дінді тарата бастады. Кейін Інжіл атынан әр түрлі кітаптар жазылды. Олар – Иса алейһиссалам туралы жазылған тарих кітаптары еді. Негізгі Інжіл сақтала алмады. Барлық жерге күпір мен ширк жайылған еді. Иса алейһиссаламның діні үш жүз жыл жасырын сақталды. Өйткені Оған сенген кісіні адамдар біліп қойса, оны ұстап алып, азаптайтын еді.

Рим императоры Константин үш жүз оныншы жылы бұл дінге рұқсат берді. Өзі де христиан болды. Стамбұл қаласын соқты. Өзі Римнан Стамбұлға көшті. Бірақ ол діннің негіздері бұзылған және ұмытылғандықтан, поптардың өзі дінді ойыншыққа айналдырып жіберген.

Григорияндық күнтізбенің үш жүз тоқсан бесінші жылында Рим империясы екіге бөлінді. Римдағы папаға бағынғандар «католик», Стамбұлдағы патриархқа бағынғандар «православ» деп аталды. Шіркеулерге суреттер, мүсіндер қойыла бастады.

Басқа ұлттар да күпір мен ширкке батқан еді. Римдықтар бүкіл Еуропаны, Мысырды, Сирияны, Иракты жаулап алды. Олар ғылым мен өнеркәсіпте дамығанымен, мінез-құлықтары бұзылған, әдептен жұрдай еді. Жаулап алған елдеріне жаман мінез-құлықтарын орнықтырды. Бірақ, Араб түбегіне олар тиіспеген болатын. Арабтар сауатсыз болып қалған еді. Кейбірлері христиан, кейбірлері яһуди, көбісі пұтқа табынушы болып, ал бір бөлігі Ибраһим және Исмаил пайғамбарлардың дәстүрлерін ұстанатын болған.

Мекке тұрғындарының көбі мүшрик болып пұттарға табынатын. Қағбаның ішін пұтқа толтырған еді. Бүкіл әлем қараңғылық пен адасушылықта еді. Арабтар ғылымда қалып кеткенімен, әдебиетке аса мән беретін. Олардың мықты шешендері мен ақындары бар еді. Өлең оқуды мақтан тұтатын. Араб тілінің жетіліп, кемелденуі Аллаһ тарапынан кітап түсетініне бір белгі еді».