19 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     21 - Қараша, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Иман және Ислам / Күнә істеуді қалау

Күнә істеуді қалау

Сұрақ: Бір адам қандай да бір күнәні істеуді қаласа, бірақ оны істемесе, сонда да күнә істегендей күнә бола ма?

Жауап: «Бәззазия» фәтуа кітабында былай жазылған:

«Сазды (музыкалық) аспаптың барлық түрін тыңдау харам болып табылады. Ұятсыздықты, күнәні баяндайтын өлең тыңдау мәкрух. Күнә істеуді қалау күнә емес. Істеуге шешім қабылдаса, тек шешім қабылдау күнәсі жазылады, істеу күнәсі жазылмайды. Күпір және күпірге себеп болатын нәрселер мұндай емес. Бұларға шешім қабылдаған адам кәпір болады.

Кәпір ата-анаға қызмет ету, напақаларын беру, оларға барып көңілін аулау керек. Күпірге себеп болатын нәрсе істеткізетінінен қорықса, оларға бармау керек.

Кәпірлермен бірге ішіп-жеу (тамақтану) бір-екі рет болса рұқсат. Үнемі болса, мәкрух болады.

Шарап жасау үшін еңбекақыға жүзім езу мәкрух. Шіркеудің жөндеу жұмыстарын жасау мәкрух емес. Өйткені бұл істің өзі күнә емес».

Аңғарылғанындай, исламды ұстануды керітартпалық дейтін, яғни ғибадат жасауды және харамдардан сақтануды жақтырмайтын ата-ананың үйіне бару қажет емес. Осындай туған-туысқандардың үйіне де баруға болмайды. Бір сылтаулар, себептер айтып үйлеріне бармаған жөн, оларды ренжітетін, фитна шығаратын сөздер айтпау керек.

Ешкіммен сөз тартыспаған жөн. Сөз тартысу достықты жояды. Дұшпандардың көбеюіне себеп болады. Фитна шығармау керек, доспен де, дұшпанмен де жылы сөйлесіп, бәрінің алдында күлімдеп жүру қажет.

 

Сұрақ: Балаға анасы жаман нәрселер үйретсе, баланың әкесі бұған жауапкер бола ма?

Жауап: Ананың, әкенің балаларын мәжбүрлеп оқыту, тәрбиелеу керек. Әйел баласының оқуына, мінез-құлығына мән бермесе, жаман жетілдірсе, ер адамның «Мен разы емеспін, мұның күнәсі саған жазылсын!» деуі оны құтқармайды. Жамандыққа бөгет болуы керек. Әйел қырсығып, фитна шығарса немесе күйеуінен жасырын істесе, күйеуі күнәдан құтылады.

 

Сұрақ: Ересектерге харам болған істі балаларына жасатқан адамға күнә жазыла ма?

Жауап: Ересектерге харам болған істерді баласына жасатқан адам өзі харам істеген болады.

 

Сұрақ: Ерлі-зайыптылар ажырасқанда балаларды жетілдіру кімнің хақы?

Жауап: Ажырасқанда баланы жетілдіру басқа біреумен тұрмыс құрмаған анасының хақы. Анадан кейін бала нағашы апасына (әжесі), кейін өз апасына (әжесіне) беріледі. Одан кейін әпкесіне, кейін нағашы әпкесіне (тәтесіне) беріледі. Бала кімнің қолында болса да, напақасын әкесі беруі керек.