Үйде жамағатпен намаз оқуСұрақ: Мұсылман кісі бес уақыт намаз оқуға мешітке бармай, өз үйінде әйелі және бала-шағасымен жамағат болып намазын оқыса, жамағат сауабын ала ма, әлде жамағат сауабын алу үшін міндетті түрде мешітке баруы керек пе? Жауап: Бұл туралы «Уюн-ул-бәсаир» кітабында былай жазылған: «Кешірімді себебі болмаса да мешітке бармай, үйінде жанұясымен жамағат жасаған адам мешіттегі жамағаттың сауабын ала алмайды. Яғни мешітке тән үлкен сауапты алмайды. Бірақ үйде жамағатпен оқығанда да жамағат сауабын, яғни жиырма төрт есе сауапты алады. Бірақ атап өтетін бір жайт, бұл үкім екі жамағат та шарттарға, сүннеттерге сай болған кездерге қатысты. Егер үйдегі жамағат дұрыс болса, онда үйде оқу керек».
Сұрақ: Әке немесе ана бір мүлікті балаларына сыйламақшы болғанда балалары арасында тең бөліп үлестіруі керек пе? Жауап: Бір адам салих ұл және қыз балаларына сыйлық бергенде тең бөліп беруі абзал. Мал-мүлкінің барлығын ұлына сыйлауы рұқсат болғанымен, күнә саналады. Осылай сыйлыққа берілген мүлік баласының иелігі болады, бірақ сыйлықты берген әкеге күнә болатыны «Хиндия» кітабында жазылған. Ата-ананың салих немесе білім алып жүрген балаларына көбірек мал-мүлік беруі рұқсат. Ол балалары тақуалықта тең болса, берілетін сыйлықты тең қылып бөліп беру керек. Балалары фасық, күнәһар болған адамның мирас қалдырмай, оны салих кісілерге, қайырымдылыққа бергені абзал. Өйткені осылайша күнә істеуге көмектеспеген болады. Күнәһар балаға напақадан артық көмек бермеген жөн.
Сұрақ: Күнә істеп жатқан немесе күнә істемекші болған адамға бәрінің көзінше дөрекі түрде сол күнәдан бастартуын айту шариғат бойынша дұрыс па? Жауап: Харам, күнә істейтін адамға жасырын түрде насихат айтылады. Харам істеп жатқан адамға сол жерде жылы сөзбен айтылады. Әр адамға алдымен жасырын, ешкім жоқ жерде, оңаша қалғанда насихат айту әсерлірек болады. Әмри маруф жасаудың (дінді насихаттаудың) үш шарты бар: Біріншісі, Аллаһу та'аланың бұйрықтарын және тыйымдарын жеткізуге ниет ету. Екіншісі, айтылған насихаттың дәлелін, қайнарын білу. Үшіншісі, содан туындайтын қиыншылықтарға сабыр ету. Жылы сөйлеу, дөрекі болмау керек. Дөрекі сөйлеген және сөз тартысқан адам фитнаның шығуына себеп болады.
Сұрақ: Діни білімдерге сенбеу, дін ғалымдарын жамандау иманның кетуіне себеп пе? Жауап: Ислам білімдеріне сенбеу, сол білімдерді және дін ғалымдарын кемсіту күпір болады. |