Анасының жатырында тісі шыққан кісіДаххақ бин Музахим хазрет – Табиин дәуірінің үлкен ғұламасы және атақты тәфсир ғалымы. Бәлх қаласының тумасы, Әбул Қасым және Әбу Мұхаммед лақап аттары бар. Анасы оны жатырында екі жыл көтеріп, туылған кезінде тістері бар еді. Күлгенінде тістері көрінетін. Сондықтан да оны «Даххақ» деп атап кеткен. 105 (м.723) жылы Бәлх қаласында қайтыс болды. Даххақ бин Музахим сахаба Абдуллаһ ибн Аббас хазреттің сұхбатында жетілді. Одан тәфсир, хадис секілді көптеген ілімдерді үйренді. Көп хадис шәриф риуаят етті. Даххақ хазрет Куфадан Хорасан аймағына барып, ол жақта Құран кәрім үйретті. Құран кәрім оқуды тегін үйрететін. Медресесінде үш мың ұл және жеті жүз қыз бала болатын. Шәкірттерін атына мініп айналып жүретіні жазылған. Көптеген шәкірт жетілдіріп, қадірлі ғалымдардан риуаят етіп, Ислам дініне қызмет еткен Даххақ (радиаллаһу анһ) үлкен тәфсир ғалымы еді. Ибн Ади да оның үлкен муфәссир екенін атап кеткен. Оның «Тәфсир-и Құран» атты еңбегі бар. Абдуллаһ бин Аббас және Абдуллаһ бин Мәсудтан үйреніп, тәфсир ілімінде аты шыққандардың бірі – Даххақ бин Музахим. Ибн Хабиб хазрет Даххақ бин Музахимді «Әшраф ул муаллимин уә фуқахаһим» (Ұстаздардың ең қадірлісі және ең зерегі) деген атақ беріп, оның білім дәрежесінің жоғары екенін атап өткен. Даххақ бин Музахим хазреттің көркем насихаттарының кейбірі төменде: «Кімде-кім шарап ішуін тоқтатпаған күйде өлсе, қиямет күні мас болып тіріледі». «Мен ахирет ғалымдарына жеттім. Олар бір-бірінен тек қана тақуалықты үйренетін. Ал қазіргі ғалымдар сөз таласуды үйренумен әуре». «Расулуллаһ (алейһиссалам) айтты: Бұл үмбеттің ғалымдары екіге бөлінеді: Біріншісі, Аллаһ оған білім берді. Ол ақы сұрамастан білімін адамдарға жеткізіп, оларға үйретті, оқытты. Бұл адамға аспандағы құстар, теңіздегі балықтар, құрлықтағы жануарлар және кирамән катибин періштелері дұға етеді. Қиямет күні ол пайғамбарлармен дос болады, дәрежесі жоғары және салмақты күйде Аллаһтың алдына шығады. Екіншісі, Аллаһу та'ала нәсіп еткен білімге сараңдық танытып, білімді Аллаһу та'аланың құлдарына ақыға беретін ғалым. Оны қиямет күні аузына оттан ауыздық салып, жетектеп әкеледі де, жаршы «Бұл адам пәленше ұлы түгенше. Аллаһу та'ала дүниеде оған берген білімін адамдардан қызғанды, тек қана ақша үшін, ақыға білім берді» деп үндейді, адамдар есептен құтылғанға дейін ол азапқа душар болады». |