19 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     21 - Қараша, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Ораза / Намаздан кейін ауыз ашу

Намаздан кейін ауыз ашу

Сұрақ: Оразаны бұзып қоймау үшін алдымен ақшам намазын оқып, кейін ауыз ашуға бола ма?

Жауап: Ақшам намазынан бұрын ауыз ашу мүстаһаб болғанымен, ғибадатты бұзу қауіпінен құтқару үшін мүстаһабты тәрк ету керек. Алдымен ақшам намазын оқып, кейін ауыз ашу қажет. Осылай істегенде жұлдыз көрінбей тұрып ауыз ашқан болады. Яғни асыққан болып саналып, әрі ораза бұзылу қаупінен құтылады. Ақшам намазын уақыты шықпай тұрып қайта оқу мүмкін. Кестеде, сағатта, азанда бір қателік орын алса, оразаны құтқару мүмкін болмайды. Ибн Абидин намаз уақыттарын түсіндірген кезде айтады:

«Ауыз ашу үшін күннің батқанын екі әділ мұсылманның хабар беруі қажет. Хабар беруші бір адам болса да зияны жоқ».

Көргеніміздей, ораза кестесін дайындаған адамның және азан айтқан азаншының әділ болуы керек. Әділ дегеніміз – үлкен күнә істемейтін және кіші күнәдан тыйылатын адам. Сондықтан Рамазан айының, айт күнінің, қажылық уақытының келгенінде, ауыз ашар және намаз уақыттарын білуде және барлық діни істерде сенімі мен амалы қате адамдардың сөзіне жүгінуге болмайды.

 

Сұрақ: Имсак уақытынан бұрын және имсак уақытынан кейін оразаға қалай ниет етіледі?

Жауап: Имсак уақытынан бұрын оразаға ниет еткенде «Ниет еттім ертең ораза ұстауға» делінеді. Имсак уақытынан кейін ниет еткенде «Ниет еттім бүгін ораза ұстауға» деп ниет етіледі.

 

Сұрақ: Мешітке кірген адам құптанның парызы немесе тарауих оқылып жатқанын біле алмаса, қалай амал етуі керек?

Жауап: Мешіттегі жамағатқа намаз үстінде келген адам құптанның парызы немесе тарауих оқылып жатқанын аңғара алмаса, парызға ниет етіп имамға ұяды. Егер тарауих оқылып жатқан болса, оның намазы парыздан бұрын болғандықтан нәпіл болады. Өйткені парыздан бұрын тарауих оқылмайды. Дереу парызды оқып, тарауихтың бір бөлігін жамағатпен оқиды. Жетпей қалған рәкаттарын кейін жалғыз өзі оқып толықтырады. Одан кейін үтір намазын оқиды.

 

Сұрақ: Рамазанда бір үзірлі себеппен ұсталмаған оразалардың қазасын ұстау да парыз ба? Олардың уақыты Рамазан оразасындағыдай ма?

Жауап: Рамазан оразасы әр мұсылманға парыз болғанындай, үзірлі себеппен ұсталмағандарының қазасын өтеу де парыз. Қаза мен кафарат оразасына, белгілі болмаған нәзір оразаларына фәжрден, яғни имсактан кейін ниет етілмейді.