Жақсылықты санап емес, шашып істе!Аллаһу та'аланың құлдарына қызмет ету арқылы дүние мен ахиретте әртүрлі ниғметтер беріледі. Адамдарға жақсылық жасау, олардың істерін күлімдеген жүзбен және жылы сөзбен, оңайлықпен жасау адамды Аллаһтың сүйіспеншілігіне жетелейді. Ахирет азаптарынан құтылуға және жәннат ниғметтерінің артуына себеп болады. Хадис шәрифте: «Аллаһу та'аланың ең сүйікті пендесі – оның ниғметтерінің құлдарына жетіп баруына арашы болған пендесі» деп айтылған. (Дәйләми) Ислам ғұламалары бұл тақырыпта былай деген: «Аллаһу та'аланың сендерге қандай мәміле танытқанын қаласаңдар, оның құлдарына да сондай мәміле көрсетіңдер». «Жақсылықты санап емес, шашып істеңдер». «Жомарт деп берушіге емес, бергеніне қуанатын адамға айтылады». «Бүкіл жамандықтар, талас-тартыстар алумен байланысты. Бүкіл жақсылықтар берумен байланысты». Бәріне жақсылық жасау, қарыз немесе садақа беру үлкен сауап. Туыстарға жасалған жақсылықтың сауабы көбірек. Бір әйел Расулуллаһтан «Кедей күйеуіме көмектесетін болсам, бұл садақа орнына өте ме?» деп сұрағанында пайғамбарымыз: «Екі сауап бар. Бірі садақа, екіншісі сыла-и рахм (жақынын қуанту) сауабы» деді. Мұхаммед Масум хазрет айтады: «Өмір қысқа. Мәңгілік ахирет өмірінде адамның алдынан шығатын нәрселер дүниеде сүрген жағдайына байланысты. Ақылды, алдын көре алатын адам қысқа дүние өмірінде ахиретте жақсы және рахат өмір сүруге себеп болатын амалдарды істейді. Адамдарға қызмет етуге тырысады. Адамдарға жақсылық жасау ахиретте азаптан құтылуға және жәннат ниғметтерінің артуына себеп болады». Хадис шәрифтерде былай делінеді: «Аллаһу та'аланың парыздардан кейін ең жақсы көретін амалы – мұсылманды қуанту». (Табарани) «Адамдардың ең жақсысы – оларға көп пайдасы тигені». (Қудаи) «Кей адамдар басқаларының қажеттілігін атқару, оларға көмектесу үшін жаратылған. Қажеттілігі бар адамдар оларға жүгінеді. Оларға ахиретте азаптан қорқу болмайды». (Табарани) «Аллаһу та'ала кей адамдарға көп ниғмет берген. Оларды баршаға пайдалы болу үшін жаратқан. Ол ниғметтерді тарататын болса, азаймайды. Таратпаса, олардан алып қойып, басқасына береді». (Табарани) «Дін бауыры қиыншылықтан құтылуы және рахат жүруі үшін басшылармен жолыққан адамға сырат көпірінде бәрінің аяғы тайған кезде Аллаһу та'ала оған көмектеседі». (Табарани) Тағы да Мұхаммед Масум хазрет айтады: Жақсылық жасайтын, қолы ашық адамды бәрі жақсы көреді. Хадис шәрифте айтылғанындай: «Қолы ашық, жомарт адамды жақсы көру адамдардың жаратылысында бар». |