Әбу Талибтың тірілуіСұрақ: Хазреті Әлидің әкесі және Расулуллаһтың көкесі Әбу Талиб имансыз өлді ме? Жауап: Иә, имансыз өлген. Бұл туралы хадис шәриф: «Тозақта ең жеңіл азап Әбу Талибқа беріледі. Аяқтарында оттан жасалған екі налын (аяқ-киім) болады, олардың ыстығынан миы қайнайды». (Мүслим) Бұл хадис шәриф Әбу Талибтың тіріліп, иман келтіруінен кейін Имам Қуртуби және Имам Суюти хазреттер хабар берген «Көкем Әбу Талиб тірілді және иман келтірді» деген хадис шәрифпен нәсіһ етілген (яғни үкімі жойылған). Әбу Талибтың тіріліп иман келтіргенін хабар берген хадис шәриф Қуртубиден риуаят етіліп Ибн Хажәр Мекки хазреттің «Нимет-ул кубра» кітабында жазылған (10 бет). Әбу Талибтың тіріліп иман келтіргендігі «Шифа-и шәриф» шәрһінде де жазулы. Имам Суюти хазрет Әбу Талибтың иманды екенін дәлелдейтін құнды кітап жазып, 12 хадис ғалымынан дәлел келтірген. (Мират-и Мекке, 1096 б).
Саған ешкім тиісе алмайды Ислам діні күшейген сайын мүшриктердің дұшпандықтары арта берді. Бірақ Әбу Талибтан қорыққандықтан, зиян тигізе алмаған еді. Мүшриктер Әбу Талибқа келіп «Не ініңді бізге тапсыр, не пұттарымызды қорламасын» деді. Әбу Талиб мүшриктердің талабын Расулуллаһқа айтты. Расулуллаһ келіспеді. Әбу Талиб «Әй, балам, сен міндетіңді атқара бер, мен бар кезде саған ешкім тиісе алмайды» деді. Мүшриктер Әбу Талибтан қорыққандықтан, Расулуллаһқа ештеңе істей алмады. Бірақ Бәни Хашиммен барлық қарым-қатынасты үзіп, келісім-шарт құрып, Қағбаның қабырғасына іліп қойды. Байланысты үзу (бойкот) ұзаққа созылғандықтан, Бәни Хашим жақтастары қиналып қалды. Әбу Талиб Расулуллаһты қатты қорғайтын. Әр түні қылышымен пайғамбарымыздың үйін таңға дейін айналып жүретін. Пайғамбарымыз «Жәбрейіл келді. Мүшриктер іліп қойған келісім-шарттарғы жазуды күйе жегенін хабар берді» деді. Сонда Әбу Талиб «Сенің тәңірің хақ. Сен шындықты айтасың» деп мүшриктерге барды. «Інімнің құдайы бір құрт жіберіп, келісім-шарттағы жазудың бәрін құртқан екен. Тек қана Аллаһ есімін қалдырған екен» деді. Мүшриктер мазақтап күлгенде Әбу Талиб «Егер сөзі өтірік болса, оны сендерге тапсырамын. Егер шын болып шықса, дұшпандықтарыңды доғарасыңдар» деді. Бәрі келісті. Барып тексеріп көрсе, Аллаһ есімінен басқа барлық жазулардың жоқ болып кеткенін көрді. Мүшриктер масқара болды.
Ініме бағыныңдар! Мәдариж-ун нубуввә кітабында былай жазылған: «Әбу Талиб ауырып қалғанда көңілін сұрап келгендерге: «Қағбаны құрметтеңдер, туған-туыстармен араласып тұрыңдар, әлсіздерге көмектесіңдер, кедейлерге жақсылық жасаңдар, аманатты қорғаңдар, інім Мұхаммедке бағыныңдар! Ол арабтың ең сенімдісі. Сөзінде тұрады. Оның шақырған діні ақылға да қонымды. Араб және басқа да ұлттардың оны растап, оған бағынатынына сенімдімін. Оған жақындаңдар, мал-жандарыңмен көмектесіңдер!» деген еді. Әбу Талиб өлім төсегінде жатқанда Расулуллаһ оған келіп «Иман келтір» деді. Әбу Талиб «Ей, інім, айтқаның жақсы нәрсе екенін білемін. Бірақ өлімнен қорыққандықтан иманға келді деген өсектен қорқамын» деді. Көз жұматын кезінде бір нәрсе айтты. Бірақ әлсіз болғандықтан дауысы өте ақырын шыққандықтан ешкім ести алмады. Қасында отырған хазреті Аббас «Бауырым иман келтірді» деді. Бірақ пайғамбарымыз «Мен естімедім» деді». |