19 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     21 - Қараша, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Жастық шақтың маңызы

Жастық шақтың маңызы

Жас кездегі қалаулар – Аллаһу та'аланың дұшпандары нәпіс пен шайтан жақсы көретін нәрселер. Ал дінге сай нәрселер – Аллаһу та'аланың жақсы көретін нәрселері. Аллаһу та'аланың осы дұшпандарын қуантып, бүкіл ниғметтерді берген, шынайы қожайынды ашуландыру ақылды адам істейтін тірлік емес. Осы табысты уақыт кезінде ізгі адам бұл уақыттың қадірін біліп, қолдан жіберіп алмайды. Қарттық бәріне нәсіп болмайды. Нәсіп болса да, бос, рахат уақыт табылмайды. Уақыт табылса да, дүниенің қызығы азайып, күш-жігер таусылып, көздегенге жету мүмкіндігі мен талабы қалмаған кезде пайдасы іс атқару мүмкін емес. Күш-жігер бар кезде қай сылтаумен, қай себеппен бүгіннің ісін ертеңге қалдыруға болады?

Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) «Ертең істеймін деген адам құрыды, зиянға ұшырады» деген. Егер дүниелік істер ертеңге қалдырылып, бүгін ахиреттік істер атқарылса жақсы болады. Бірақ мұның терісін істеу өте жаман. Жастық шақта адамды үш дін дұшпаны нәпіс, шайтан және жаман дос алдауға тырысады. Оларға қарсы тұрып аздаған ғибадат жасау өте құнды болады.

Хадис шәрифте айтылған: «Әр ғасырда, әр дәуірде Аллаһу та'ала дәргейінде ең сүйікті жандар – тәубе етуші жастар».

Аллаһу та'ала аса мейірімді, құлдарына жанашыр болғандықтан, жиырма төрт сағат ішінде ғибадатқа тек қана бес уақыт ажыратқан, бірнеше нәрсені харам қылған, көп нәрсені халал қылып рұқсат берген. Олай болса, қалағанның бәрін оңай істей алатын жастық шақтың қадірін біліп, тиімді қолдану керек. Мәңгілік бақытқа жеткізетін себептерге жүгініп, жақсы амалдар жасау керек, бүгіннің ісін ертеңге қалдырмау қажет.

Дүниенің өмірі өте қысқа. Ахиреттің азаптары өте ауыр және шексіз. Көреген, ақылды адамдар қартайып, өкініп қалмауы үшін Аллаһу та'алаға құлшылық жасауға ең табысты кезең жастық шақтың қадірін білуі керек.

Әбу Тураб Нахшәби хазрет айтқан:

Бүгінді ойлаймын, кеше өтті, ертең бар ма?

Жастыққа да сенбеймін, өлгеннің бәрі қария ма?

Қожа Бахауддин Нақшибәнд Бұхари (құддиса сиррух) айтқан:

Өмірімде мені ең таңқалдырған оқиға мынау болған: Бір күні ақ сақалды бір қария қағбаның жамылғысын ұстап, сүйіп, көзін сүртіп жатқан еді. Көзінен жас тоқтамай аққан еді. Оның бұл жағдайына сүйсіндім. Сол мезетте «Сен оның жүрегіне назар сал!» деген аян келді. Жүрегіне назар салғанымда ауылындағы екі ешкісі мен бірнеше қойын ойлап тұрған екен. Таңқалдым...

Ол жерден Мина базарына бардым. Ол жақта бір жігіт елу мың алтын құнындағы тауар сатып, тек қана сауда-саттықпен айналысып жатты. «Қап, бұл жігіт құрыды! Осыншама ақшаның арасында обал болды» деп ойладым. Тағы да «Сен оның жүрегіне қара!» деген аян келді. Жүрегіне назар салып қарасам, жүрегі «Аллаһ» деп соғып тұрған екен. «Біреудің хақысын жеп қоймайын, дініме зиян тимесін» деп уайымдап тұрған екен. «Субханаллаһ! Йа, Раббым, осыншалықты байлықтың ортасында жігіт «Аллаһ» дейді, ал әлгі қария жоқшылықтың ортасында, қағбаның алдында қойларын уайымдайды» деп таңқалдым.