Жастарға қалай насихат айту керекСұрақ: Мұсылман әкесі баласына немесе қызына насихат ретінде не айтуына болады? Жауап: Осы тақырып бойынша Имам Раббани хазрет жас шәкіртіне былай деген: «Ей, қадірлі ұлым! Қазір сен бүкіл қалауларыңды оңай істей алатын жағдайдасың. Жастық шағың, денсаулығың, күш-қуатың, мал-мүлкің және рахаттығың бәрі бірге бар болып тұрған шақтасың. Жақсы амал жасауды неліктен ертеңге қалдырып жатырсың? Адам өмірінің ең жақсы шағы болған жас кезінде Жаратқанның әмірлерін орындауға, Оған ғибадат жасауға тырысуы қажет, ислам діні тыйым салғандарынан сақтануы керек. Бес уақыт намаз оқуды қолдан жіберіп алмаған жөн. Нисап мөлшерінде мүлкі бар мұсылмандардың зекет беруі әмір етілді. Олардың міндетті түрде, қуанып зекет беруі қажет. Аллаһу та'ала аса мейірімді болғандықтан, жиырма төрт сағатта ғибадатқа тек қана бес уақыт ажыратқан, сауда тауарынан және жайлауда жайылатын төрт түлік малдың дәл немесе шамамен тек қырықтан бір бөлігін ғана кедейлерге беруін әмір еткен. Бірнеше зиянды нәрсені харам қылып, көп нәрсені халал қылған, рұқсат берген. Олай болса, жиырма төрт сағаттың ішінде бір сағатқа да толмайтын уақытты Аллаһу та'аланың бұйрығын орындауға ажыратпау және бай бола тұра мүлкінің қырықтан бірін мұсылмандардың кедейлеріне бермеу және санауға келмейтіндей көп халалды тастап, харам мен күмәнді нәрселерге ұмтылу неткен қырсықтық, неткен ынсапсыздық болмақ. Жастық шақ – нәпіс құтырып, шәһуат ойнап тұрған, адам мен жын-шайтандар азғырып тұрған уақыт. Осындай уақытта жасалған аздаған амалға өте көп сауап беріледі. Қартайған кезде өкінуден, күйінуден басқа ештеңе болмайды. Пайғамбарымыз хабар берген шексіз азаптар әлбетте болады, әркім жазасын табады. Адам мен жын-шайтандар қазір Аллаһу та'аланың кешірімділігін, мейірімділігін айтып, жастарды алдап жатыр, ғибадаттарды істеткізбей, күнәларға жетелеп жатыр. Бұл дүние – емтихан, сынақ орны екенін жақсылап біліп алу керек. Сондықтан, мұнда дос пен дұшпан араласып кеткен, бәріне бірдей қамқорлық көрсетілуде. Расында, «Араф» сүресінің 155-ші аятында: «Қамқорлығым барлық нәрсені сыйдырған» делінген. Қияметте дұшпандар достардан ажыратылады. «Ясин» сүресіндегі: «Ей, кәпірлер, бүгін достарымнан ажырап шығыңдар!» деген аяти карима осыны хабар беруде». |