Ысыраптың жаман болуының себебіСұрақ: Кітаптарда ысыраптың өте жаман екенін жазады. Ысыраптың соншалықты жаман болуының негізгі себебі қандай? Жауап: Ысыраптың жаман болуының себебі – мал-мүліктің қадірлі болуы. Мал-мүлік – Аллаһу та'аланың берген ниғметі. Ахиретті жақсарту мал-мүлік арқылы жүзеге асады. Дүние мен ахирет мал-мүлік арқылы ретке келеді. Қажылық, жиһад сауабына мал-мүлік арқылы жету мүмкін. Деннің саулығы, бақуат болу мал-мүлік арқылы мүмкін. Біреуге мұқтаж болудан адамды қорғайтын мал-мүлік. Садақа беру, туған-туысқандарды аралау, кедейлерге көмектесу мал-мүлік арқылы жүзеге асады. Мешіт, мектеп, аурухана, жол, көпір жасау, су жүргізу, әскер жетілдіру секілді адамдарға қызмет ету де мал-мүлік арқылы орындалады. Дініміз: «Адамдардың қайырлысы – оларға көп пайдасы тиетіні» дейді. Адамдарға көмектесу үшін жұмыс істеп ақша табу нәпіл ғибадат жасаудан сауаптырақ. Жәннаттың үлкен дәрежелеріне мал-мүлік арқылы жету мүмкін. Имам Тирмизи хазрет хабар берген хадис шәрифте: «Аллаһу та'ала құлына мал-мүлік пен білім береді. Ол құл барлық харамнан бойын аулақ ұстап, туыстарын қуантып, мал-мүлкін хақысы бар болғадарға өзі біліп беретін болса, жәннаттың үлкен дәрежесіне жетеді» делінген. Бұхари және Мүслимдегі хадис шәрифте: «Екі нәрсенің біріне қол жеткізген адамға сүйсініп қарау орынды болады. Аллаһу та'ала бір адамға ислам білімдерін нәсіп етеді. Ол әрбір іс-әрекетін біліміне сай орындайды. Екіншісі, Аллаһу та'ала біреуге көп мал-мүлік береді. Ол адам да мал-мүлкін Аллаһу та'ала разы болған, құптаған жолда жұмсайды» делінген. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) Амр бин Ас хазрет туралы: «Жақсы адамға мал-мүліктің жақсысы қандай әдемі жарасады» деген. Әнәс бин Малик хазрет туралы: «Йа, Раббым! Бұған көп мал-мүлік пен көп бала-шаға бер және солармен оны берекеттендір!» деп дұға еткен. Хазреті Каб мал-мүлкін толықтай садақа қылып беретін кезінде: «Мал-мүлкіңнің бір бөлігін өзіңе қалдырсаң жақсы болады» деген. Аллаһу та'ала Құран кәрімде мал-мүлікті «Қайырлы нәрсе» деп атаған және сүйіктісіне (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) берген ниғметтерін еске салғанда: «Сен мал-мүліксіз едің, саған ешкімге мұқтаж болмайтындай мал-мүлік бердім» деген. Мал-мүлікті ысырап ету болса Аллаһу та'аланың ниғметін қорлау, ниғметті менсінбеу, қадірлемеу, ниғметті қолдан жіберіп алу, қысқасы оған шүкір етпеу болып саналады. |