19 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     21 - Қараша, 2024 жыл.   


АНЫҚТАМА

Асхаби кирамды жамандайтындар жиырма екі топқа бөлінген. Ең жаманы: «Аллаһ Әлидің ішінде. Әлиге табыну Оған табынумен тең» дейтіндер. Екінші топ бұларды жамандайды: «Әли Аллаһ бола ма? Ол адам. Бірақ адамдардың ең үстемі. Аллаһ Құран кәрімді оған жіберген. Жәбрейіл Мұхаммедке (алейһиссалам) жақтасып Оған әкелді. Мұхаммед (алейһиссалам) Әлидің хақысын жеді» детіндер. Үшінші топ бұларды жамандайтындар: «Бұлай болуы мүмкін бе? Біздің пайғамбарымыз Мұхаммед (алейһиссалам). Бірақ «Менен кейін Әли халифа болсын» деген. Асхаби кирам тыңдамай басқа үшеуін халифа қылды. Әлиді төртінші қылып қалдырды» дейтіндер. Басқа үш халифаға: «Әлидің хақысын жеді» деп дұшпандық етіп, асхаби кирамның барлығына «Оның хақысын бермеді» деп дұшпандық ететіндер. Бұлар «Өз хақысына ұмтылмады» деп Әлиге де (радиаллаһу анһ) қатты ашуланады. Бұл үш топтың барлығы кәпір болуда. Қалған топтар я кәпір, я бидғатшы болуда. Аллаһу та'ала бәріне хидаят берсін! Тура жолға түсуді нәсіп етсін!

Қазіргі таңда Иранның көптеген ауылдарында және Иракта миллиондаған адамның санасы уланған, тура жолдан адасқан. Ол адасушылардың пікірі бойынша ең құнды кітап саналатын «Хусния» атты жүз беттік роман қолымызға түсті. Стамбұлда басылған бұл кітапта Харун Рашидтың сарайындағы Хусния есімді күң біреулермен сөйлескені туралы жазған екен. Мұның Мұртаза есімді бір парсылық яһуди тарапынан Иранда жазылғаны, парсы тілінен түрікшеге аударылғаны аңғарылуда. Аяти карималарға және хадис шәрифтерге қате мағына беріп, оқиғалар мен хикаяларды қате жеткізіп, асхаби кирамға (радиаллаһу та'ала анһум) және әһли сүннет ғалымдарына тиісуде, қайғылы хикаялар ойлап шығарып, сауатсыздарды алдауда. Мысалы:

1) «Имам Шафии Бағдатта еді. Әбу Юсуф қазы еді. Араларында үлкен дұшпандық бар еді» дейді. Ижтиһадтан хабары болмағандықтан, ижтиһадтағы бөлінуді дұшпандық деп санауда.

2) «Әбу Юсуф пен Шафии және Бағдат ғалымдары Хуснияға жауап бере алмады» дейді. Имам Шафиидың ұлылығын білмегендіктен, еш қысылмай осылай жазған. Алайда Фәридәддин Аттар (рахметуллаһи алейһ) «Тәзкирәт-ул әулия» кітабында былай жазған:

Имам Мұхаммед Шафии (рахимә-һуллаһу та'ала) он үш жасында Харам шәрифте «Менен қалағандарыңызды сұраңыздар» дейтін. Он бес жасында фәтуа беретін. Сол заманның ең үлкен ғұламасы және үш жүз мың хадис жатқа білетін Имам Ахмед бин Ханбал (рахимә-һуллаһу та'ала) одан дәріс алуға келетін. Көп адам Имам Ахмедке «Осындай үлкен ғалым бола тұра өзің секілді жас жігіттің алдында қалай отырсың?» деп сұрағанда «Біздің жаттағандарымыздың мағынасын ол біледі. Егер оны көрмегенімде, білімнің есік аузында қалатын едім. Ол әлемге жарық шашатын күн, рухқа азық» дейтін. Бір ретінде: «Фиқһ есігі жабылған еді. Аллаһу та'ала бұл есікті құлдарына Шафии арқылы қайтадан ашты» деген. Бір ретінде: «Исламға қазір Шафииден көп қызмет ететін ешкімді білмеймін» деді. Имам Ахмед тағы айтқанындай, «Аллаһу та'ала әр жүз жыл сайын бір ғалым жаратады, менің дінімді баршаға ол арқылы үйретеді!» деген хадис шәрифтегі айтылған ғалым – Имам Шафии. [Бұл хадис шәриф ол ғалымдардың дар-ул исламда пайда болатынын хабар берген]. Суфян Сәури (рахимә-һуллаһу та'ала) айтқан: «Шафиидың ақылы сол замандағы адамдардың жартысының ақыл жиынтығынан көп». Абдуллаһ Ансари (рахимә-һуллаһу та'ала) айтқан: «Шафии мазһабын жақсы білмеймін. Бірақ Имам Шафииды қатты жақсы көремін. Өйткені қай мәртебеге қарасам да оны бәрінің алдында көремін». Имам Шафии бір күні дәріс беріп жатқанда орнынан бірнеше рет тұрып отырды. Себебін сұрағандарға: «Сәйид бала есік алдында ойнап жүрген еді. Алдымнан өткен сайын оған құрмет ретінде орнымнан тұрамын. Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) немересін көріп, орнымнан тұрмау жаиз емес» деді. [Әр уақытта барлық жерде әрбір мұсылманның сәйидтерге құрмет көрсетуі қажет]. Хусния кітабын жазған адамның бұдан хабары болғанда «Имам Шафии әһли бәйттің дұшпаны еді» деп айтуға даты бармас еді. Рәби бин Хайсәм (рахимә-һуллаһу та'ала) айтады: «Түсімде Адам алейһиссаламның өлгенін көрдім. Заманымыздың ең үлкен ғалымы қайтыс болады деген дауыс естідім. Өйткені аяти каримада білімнің Адам алейһиссаламның ерекшелігі екені айтылған. Бірнеше күннен кейін Имам Шафии қайтыс болды».

3) «Хусния өз мазһабын жариялап, Расулуллаһтың әһли бәйтін жақсы көретінін мәлімдеп, сол ойын үгіттеп, сол үшін күресе бастады. Ғұламалардың жауап беруге шамасы жетпеді» деп жазуда. Әһли бәйттің және асхаби кирамның бәрінің сенімдері бірдей еді. Барлығы Құран кәрім мен хадис шәриф көрсеткен жолда еді.

Расында Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) «Сахабаларым аспандағы жұлдыздар секілді. Қайбіріне ерсеңдер, тура жолмен жүрген боласыңдар!» деді. Сахабаларымның кейбірлері немесе тек қана әһли бәйтім жұлдыздар секілді демеді. Сахабаларым деп бәрінің бірдей сенімде екенін хабар берді. Ал олар өздерінің қате хикаяларына, бұзылған сенімдеріне «Әһли бәйти Расул мазһабы» деп еліміздегі мұсылмандарды алдауға тырысуда. Ол мәжіліске бір ғалым қатысқанда, ол күң масқара болып, аузын аша алмас еді. Ғалымдар жауап бере алмады деп әһли сүннет ғалымдарына тіл тигізуге тырысуда.

4) «Әлидің (радиаллаһу анһ) бала кезінде иман келтіргенін және баланың иманы қабыл болғанын өтірік дәлелдермен көрсетеді. Осы үшін халифалық оның хақысы деп ғалымдардың үнін өшірді» дейді.

Әһли сүннетті хазреті Әлидің (радиаллаһу анһ) бала кезінде иман келтіргеніне сенбейтіндей қылып көрсетіп, әһли сүннет ғалымдарын масқара қылды дейді. Алайда әһли сүннет кітаптарының бәрі Имам Әлидің (радиаллаһу анһ) бала кезінде иман келтіргенін кеңінен баяндап, Аллаһтың арыстанын мақтап мадақтауда.

5) Бір бетінде «Әли Расулуллаһтан кейін барлық пайғамбарлардан үстем. Имам Расулуллаһтың мұрагері және сухуфтардың, Таураттың, Зәбурдың, Інжілдің және Фурқанның хафызы (жатқа білген). Ал Әбу Бәкір қырық жасында Лат пен Узза деген мүсіндерге ғибадат етуді тастап, исламға келген болса да, көп рет Расулуллаһқа қарсы шыққан және денесі, қаны шараппен азықтанған бола тұра, оның иманына жүгініп, пайғамбардың отбасынан күнәсіз пенделердің иманына жүгінуге болмайды дейсіңдер және жүректеріңде оларға деген дұшпандық, жек көрушілік сақтайсыңдар» деп әһли сүннетке тиісуде.

Аллаһу та'ала Құран кәрімнің көптеген жерінде, мысалы «Әнам» сүресінің сексен алтыншы аятында «Пайғамбарлардың барлығының пайғамбар болмаған адамдардың барлығынан әлдеқайда үстем екенін» хабар берген. Хазреті Әлидің (радиаллаһу анһ) пайғамбарлардан жоғары екенін айту Құран кәрімге қарсы шығу болып, күпір саналады. Басқа сәмәуи кітаптар ұйқас болмауымен қатар ешкім оларды жатқа білмейтін еді. Расында Расулуллаһ та (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) Таураттан сұралған үш сұраққа үш күн жауап бермей, Жәбрейіл алейһиссаламның жауап әкелуін күтті және үш күн қынжылды. Бүкіл мұсылмандар да қынжылды. Кейін «Кәһф» сүресі келіп, Тауратқа сай жауап берілді. Хазреті Әбу Бәкір Сыддық (радиаллаһу анһ) бала кезінен Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) досы еді. Сол заманнан бері екеуі бір-бірін жақсы көріп, бірге өскен. Екеуінің де мүлде шарап ішпегені, пұтқа табынбағаны кітаптарда жазулы. Мысалы «Мәалил фәрәдж» атты кітапта жазылғанындай, Қазы Әбулхасан Әбу Хурайрадан (радиаллаһу анһ) хабар берген: «Расулуллаһпен (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) бірге отырған едік. Әбу Бәкір (радиаллаһу анһ) «Йа, Расулаллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм)! Сіздің хақыңызға ант етемін, өмірімде ешқашан пұтқа табынбадым» деді. Сонда хазреті Омар «Неге Расулуллаһтың хаққына дедіңіз? Осыншама жыл надандық уақыт өткіздік» деп сұрады. Хазреті Әбу Бәкір (радиаллаһу та'ала анһ) жауап ретінде: «Әкем Әбу Кухафа мені мүсіндер тұрған жерге апарды. «Сені жаратқан, құтқарған осылар. Олардың алдына тұрып иіл» деді де, кетіп қалды. Мен пұтқа «Қарным аш. Маған жейтін бір нәрсе бер» дедім. Жауап бермеді. Су, киім сұрадым. Үн шықпады. «Саған тас лақтырамын. Шамаң жетсе ұрғызба» дедім. Дауыс шығармады. Тас лақтырдым, етпетінен құлады. Әкем келіп, құлатқанымды көріп таңқалды. Мені үйге апарды. Анам «Оған ештеңе айтпайық» деді». Әбу Бәкір сөзін аяқтағанда Расул алейһиссалам айтты: «Жәбрейіл алейһиссалам келіп, үш рет «Әбу Бәкір рас айтты» деді».

Әбу Бәкір Сыддық (радиаллаһу анһ) бүкіл байлығын, жанын, бала-шағасын, бәрін оған пида еткен еді. «Әбу Бәкірдің (радиаллаһу анһ) иманы бүкіл үмбетімнің иманының жиынтығынан да көп» деген хадис шәриф оның барлық сахабалардан үстем екенін көрсетуге жетеді. Алайда үстем екенін көрсететін тағы қаншама хадис шәриф бар. Олардың бірнешеуі дәлелдерімен бірге «Саадәти Әбәдия» кітабында жазылған. Әбу Бәкір Сыддық (радиаллаһу анһ) Расулуллаһқа (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) ешқашан қарсы шықпаған, ижтиһадтары да үнемі Оған сай болған. Тіпті Оның бір қателігін өзінің бүкіл ғибадаттарына ауыстырғысы келген. Әһли сүннет кітаптары әһли бәйтке деген сүйіспеншілікке, құрметке толы. «Жек көресіңдер, дұшпансыңдар» деуі бұл кітаптың әһли сүннетке қарсы қаншалықты төмен, опасыз жалаларға толы екенін көрсетеді. Әһли сүннет ғалымдары (рахимә-һумуллаһу та'ала) жазған тәфсир және хадис кітаптарында хазреті Әлиді (радиаллаһу анһ) мақтайтын хабарлар соншалықты көп, олардың бірнешеуін естімеген мұсылман жоқ. Мысалы, Абдуллаһ ибн Аббас (радиаллаһу анһума) айтқан: «Расулуллаһтан естідім, «Әлиді жақсы көру оттың отынды өртегеніндей мұсылманның күнәларын жояды» деді». Оны жақсы көру, Оны және сөздерін дұрыстап үйреніп, сондай болуға тырысу деген сөз.

6) Бір бетте «Әһли сүннет жамандық пен қарсылық, күпірлік пен күнә Аллаһтың қазасы және тағдырымен болады, разылығымен емес дейді. Бұл сөздері қазының өзінің шығарған үкіміне разы болмауына ұқсайды. Бұл сөзді ұстанатындар өздерінің күпірліктерін білгендіктен, күпірді, кәпірлікті қаза мен тағдырға байланыстырып, өздерінің кінәларын жапқысы келді. Бұл болса Ібілістің жолы» дейді.

Осылайша бұлар қаза мен тағдырға сенбейді. Имам Жафәр Садыққа да сенбеген болуда. Барлық нәрсені Аллаһу та'аланың жаратқандығын хабарлайтын аяти карималарды өзгертіп, өз ойлары бойынша мағына шығаруда. Алайда бұл аяти карималардың шынайы мағыналары «Байдауи» шәрһі болған Шәйхзада [Мұхаммед бин шәйх Мұстафа] тәфсирі ақыл иелеріне таңданыс тудыратындай түрде жазылған. Хусния: «Бес жасынан жиырма жасына дейін Имам Жафәр Садықтың (алейһиссалам) үйінде едім. Бұл білімнің бәрін одан алдым» деген екен. Күпірлігін, өтіріктерін баршаға сендіру үшін ұлы имамға да жала жапқан. Алайда Имам Жафәр Садықтың (радиаллаһу анһ) қаза мен тағдыр туралы айтқан cөздері «Мәктубат» кітабының 1-ші томы, 289-шы хатында ұзақ жазылған. Қалау мен разы болуды біріктіру үшін қазының өз үкіміне разы болмауы мухал деуі де қате пікір. Өйткені қазының дұрыс үкімдеріне разы болмауы әлбетте мухал. Өйткені разы болатынын айтқан. Бірақ қазы мәжбүрлеп немесе қателікпен шығарған үкіміне қатесін түсінгенде қалай разы болуы мүмкін? Қалау білдірген, үкім шығарған болса да разы бола алмайды. «Сиражия фәтуалары» кітабының авторы Сиражуддин Әли бин Осман Уши «Әмали» атты өте құнды қасидасының үшінші шумағында «Аллаһу та'аланың хаят сипаты бар [яғни тірі]. Барлығын, әр ісін қалайды, ежелде тағдырға жазады» дейді. Бұл қасиданы көптеген ғалым шәрһ еткен. Сәйид Ахмед Асым түрік тіліне аударып, шәрһ еткен кезінде: «Тағдыр – Аллаһу та'аланың келешекте болатын барлық нәрсені ежелден білуі деген сөз. Қаза – бұл білгендерін Ләуһ-ил махфузда көрсетуі» дейді. Кәшшаф кітабының шәрһ етушісі [Тайиби] «Кейбірлердің ойынша тағдыр жалпы әмір. Қаза бұлардың бір-бірден орындалуы. Мысалы [әр жанды өледі] дегені тағдыр. Әр жандының өлуі қаза» деді. «Тауали» кітабын шәрһ еткен Шәмсәддин Махмуд бин Абдуррахман Исфәхани айтқан: «Тағдыр барлық нәрсенің Ләуһ-ил махфузда жинақталып, қысқаша бар болуы. Ал қаза бір қойма бидайға ұқсайды. Қаза – өлшеп алып қолдану деген сөз. Тағдыр мен қаза сөздері бір-бірінің орнына қолданылуда. Тағдыр: «Ахмед өз қалауы және күшімен мұсылман болады. Киркор өз қалауымен, ұнатып күпірлікті таңдайды дегендей. Мұны көрсететін аяти карималар көп». Қаза мен тағдыр туралы «Саадәти Әбәдия» кітабында кеңірек мәлімет бар. Оны жақсылап оқығанда Хусния кітабын дайындаған яһудидің көз байлаушы секілді жасаған қате дәлелдері оңай аңғарылады. Тәфсир білетіндер бұл кітаптың аяти карималарға, ғылымға, ақылға сай келмейтін мағыналар бергенін бірден түсінеді, бірақ тәфсирден және жиырма негізгі ілімнен хабары жоқ сауатсыздар «жеңіп шықты, масқара қылды, ұялтып қойды, жауап бере алмады, не айтарын білмей қалды» секілді сөздерге алданып сенеді. Сондықтан осындай өтірік, қате кітаптарды, журналдар мен газеттерді мүлде оқымау керек. Бұларды оқымау өзін кәпір болудан құтқару деген сөз.

7) Бір жерінде: «Кезінде шәйх Бәһлул [Бәһлул Дана] айтқан еді: Ей, Әбу Ханифа! Сен адамда таңдау еркіндігі жоқ екенін айтасың. Есектер сенен ақылды және қадірлі. Өйткені өте алмайтын өзеніне қанша қинасаң да аяқ баспайды! Бұл сөзге Ибраһим Халид жауап бере алмады. Харун Рашид пен Яхия Бәрмәки күлді» дейді.

Қадария ағымының бұл үмбеттің мәжусилері екенін хабар берген хадис шәрифті де жазып, «Күнә істеп, бұл іс Аллаһтан, ежелде жазылып қойған дейтіндер Қадария. Исламнан бұрын құрайш мүшриктері жәбри ағымында еді. Ислам бұл ағымды алып тастады, дегенмен әмир-ул мүминин хазреті Әли шәһид болғаннан кейін Муауия мен Язид алейһилланә заманында бұл ағым қайтадан шықты да, әһли сүннетке мирас ретінде қалды» деп жазған және жас баланың сөзі секілді ақылға да, нақылға да қонымсыз сөздермен, мысалдармен дәлелдеуге тырысқан.

Әһли сүннет ғалымдары (рахимә-һумуллаһу та'ала) адамда таңдау еркіндігі жоқ демеген. Жәбрия ағымының кәпір екенін айтқан. Бұл кітаптың мұндай ынсапсыз жалаларына тек әһли сүннет кітаптарын ешқашан оқып көрмеген надандар ғана сенеді. Қадария ағымы Мутәзила ағымының бір атауы. Шиилер де осы жолда екені осы кітаптан аңғарылып тұр. Қаза мен тағдырға сенбегені үшін адам қалағанын әлбетте істейді, жаратады дегендіктен Мутәзила ағымын «Қадария» деп те атайды. Яғни тағдырға сенбейтіндер қадария. Сенгендер әһли сүннет.

Мұхаммед бин Абдулкәрим Шихристани «Миләл уә нихал» кітабында жазған: Мутәзила ағымының басшысы Уасил бин Ата және оның жолын ұстанушылар айтады: «Адам ықтияри, яғни қалаулы әрекеттерін өзі жаратады. Аллаһу та'ала құлдарына пайдалы іс жасауға мәжбүр. Жақсыларға сауап, жамандарға азап беруі керек. Аллаһ бір. Бөлек сипаттары бола алмайды. Құран – әріп, сөз және дыбыс. Ал бұлар жаратылыс, кейіннен жаратылған. Адам жақсы-жаман барлық істерін өзі жаратады. Аллаһу та'ала жамандықты, күнәларды, күпірді жаратады деу дұрыс емес. Бұл сөздер оны жамандау саналады. Өйткені зұлымдықты жаратқан – залым. Аллаһу та'ала залым емес» дейді. Бұлардың сөздері қате. Іс-әрекет иесі істі жаратушы емес, сол істі атқарушы. Адам жаратылыс болғанындай, күпірлігі, иманы, ғибадаты және қарсылығы да жаратылыс. «Саффат» сүресінің тоқсан алтыншы аяти каримасында: «Аллаһу та'ала сендерді жаратты және жасаған істеріңді де жаратуда» делінген. Әһли сүннет ғалымдарынан Имам Бәйдауи (рахметуллаһи алейһ) бұл аяттың тәфсирінде «жасаған істерің адамның әрекетімен, қимылымен болғандықтан, адамның ісі болады. Бірақ әрекетке күш-қуат беретін, іс атқаруға қажетті нәрселерді жарататын Аллаһу та'ала» деген. Қадария әркім өз ісінің жаратушысы дегендіктен, үмбеттің мәжусилері болған. Әһли сүннет жаратушы жалғыз дейді. Мәжусилер жаратушы екеу деді.

Мәулана Халид Бағдади (рахимә-һуллаһу та'ала) араб тіліндегі «Иқд-ул жәуһари» кітабында ирада-и жузияны ұзақ баяндаған. Абдулхамид Харпути (рахметуллаһи алейһ) бұл кітапты шәрһ етіп, «Симт-ул абқари» деп атаған. Бұл шәрһ 1305 [м.1888] жылы Стамбұлда басылған. Мәулананың «Ирада-и жузия» рисаласы 1291 [м.1874] жылы білім министрі Сафуәт пашаның заманында «Рәшәхат» кітабының соңында литография жолымен Стамбұлда басылған. «Буғят-ул уажид» кітабының тоғызыншы хаты осы рисала. Бұл рисалада былай жазылған:

Жер мен көкті жоқтан бар қылған, адамдар мен жануарларды және олардың әрекеттерін, істерін жаратқан Аллаһу та'алаға шүкір етемін. Аллаһу та'ала бір нәрсе жаратқысы келген кезде оған «Бол!» дейді, бірден бар болады.

Мырзамыз, ұлы тұлғамыз, көшпенді және отырықшы халықтың ең жақсысы Мұхаммед алейһиссаламға, Оның отбасына, туыстарына және сахабаларына дұға, салаламаттық және жақсылық болсын!

Ей, мұсылман! Аллаһу та'ала зейініңді ашсын! Тура жолда жүруіңді нәсіп етсін! Жақсылап біліп ал, мұсылмандардың барлық ағымдары, барлық топтары, тіпті пәлсәпашылар және басқа діндегілердің көбі «Жануарлардың әрекеттерінен басқа барлық болмысты, барлық нәрсені әрекет еттіретін, әсер ететін жалғыз бір құдірет бар, ол жалғыз Аллаһу та'ала» деген. Жануар мен адамның әрекеттерін де Ол жарататындығы күмәнсіз. Яғни әрі саналы болған [яғни еститін, ұғынатын] мысалы ауру, денсаулық, ұйқы, сергектік секілді, әрі санасыз түрде болған [өзі хабары болмайтын] мысалы өсу, азықтың қорытылуы секілді табиғи әрекеттерді, яғни қалауына байланысты болмаған әрекеттерді, барлығын Аллаһу та'ала жаратуда. Жануарлардың және адамдардың ықтияри әрекеттеріне, яғни өз қалауларымен жасаған әрекеттеріне келер болсақ, олардың пайда болуы әр түрлі түсіндірілген. Мысалы Жәбрия ағымы ықтияри әрекеттердің де тек қана Аллаһу та'аланың құдіретімен іске асатынын, мұнда құлдың ешқандай құдіреті жоқ екенін айтады. Ақидадағы имамдарымыздан Әбул Хасан Әли Әшари (рахимә-һуллаһу та'ала) да Аллаһу та'аланың құдіретімен болып, құлдың құдіреті араласпайтынын айтқан. Мутәзила ағымы болса тек қана құлдың құдіретімен және қалауымен болатынын, пәлсәпашылар да құлдың құдіретімен болатынын, құлдың мұны істеуге мәжбүр екенін айтуда. Харамәйн имамы атағымен танымал Абдулмәлик Жувәйни (радиаллаһу та'ала анһ) туралы да «осылай айтқан» дейтіндер бар болса да, бұл дұрыс емес. Ғалым, әулие Мұхаммед бин Юсуф Синнуси (рахимә-һуллаһу та'ала) «Уммул бәрахин» кітабында және Садәддин Тафтазани (рахимә-һуллаһу та'ала) [722-792 Самарқандта] «Шәрһи мәқасид» кітабында мұның дұрыс емес екенін анық жазған. Ақидадағы ғалымдарымыздан ұстаз Ибраһим бин Мұхаммед Исфәраини (рахимә-һуллаһу та'ала) болса «Істің пайда болуы әрі Аллаһу та'аланың, әрі құлдың құдіретінің әсерімен болады» дейді. Қазы Әбу Бәкір Бақиллани (рахимә-һуллаһу та'ала) «Істі атқаратын Аллаһу та'аланың құдіреті болып, құлдың құдіреті істің сипатына, жағдайына, жақсы немесе жаман болуына әсер етуде» дейді. Ақидадағы мазһабымыздың имамы Мұхаммед бин Махмұд Әбу Мансұр Матуридидің (рахимә-һуллаһу та'ала) да осылай айтқанын Кәмаладдин Мұхаммед Ибнулхумам (рахимә-һуллаһу та'ала) «Әлмусаяра» кітабында және Кәмаладдин Мұхаммед бин Әбу Шәриф құдси (рахимә-һуллаһу та'ала) «Әлмусамара фи шәрһил мусаяра» кітабында, Молда Фәнаридің немересі Хасан Чәләби бин Мұхаммед Шах (рахимә-һуллаһу та'ала) «Шәрһи мәуақиф» хашиясында, зерттеуші Гәләнбәуи (рахимә-һуллаһу та'ала) «Ақаид-уд дәууанийя» шәрһінде айтқан. Мәуланадан осыншалықты аударылды.

Әһли сүннет ғалымдарынан Имам Биргиуи (рахимә-һуллаһу та'ала) түрік тіліндегі «Биргиуи өсиетнамасы» кітабында әһли сүннеттің Құран кәрімнен және хадис шәрифтерден түсінген дұрыс мағыналарын қысқа әрі анық күйде өте тамаша жазған. Қазызада шәрһінің жиырма төртінші бетінде былай жазылған:

Аллаһу та'ала мүрид. Яғни Оның ирада (қалау) сипаты бар. Ол қалағанын істейді. Бар болуын қалаған затын бар қылады. Бар болуын қаламайтыны бар болмайды. Ешбір нәрсені орындау Оған қажет емес. Ешкім Оған мәжбүрлеп бір нәрсе істеткізе алмайды. Өйткені Аллаһу та'ала бәрінен үстем. Ешкім Оны жеңе алмайды. Ол әлсіз емес. Барлық нәрсе Оның қалауымен бар болуда. Иман, ақида секілді жақсылықтар және күпірлік, қарсылық секілді барлық жамандықтар Оның қалауымен бар болуда. Мутәзила ағымы: «Аллаһу та'ала жамандықтардың, күнәлардың жасалғанын қаламайды және жаратпайды. Бұларды адамдар мен шайтан жаратуда. Өйткені жамандықтарды жарату жамандық жасау болады. Ал Аллаһу та'ала ешқашан жамандық жасамайды» дейді. Әһли сүннет оларға былай жауап береді: «Жамандықтарды жарату жамандық жасау болмайды. Адамдардың жамандық істеуі жамандық болады». Мутәзила айтады: «Аллаһу та'ала жамандықтарды және күпірлікті қаласа, көздесе, адамдардың күпірлікке, жамандыққа разы болуы, бұларды ұнатуы қажет болар еді. Өйткені қазаға (тағдырға) разы болу керек». Әһли сүннет бұған былай жауап береді: «Күпірліктің өзі Аллаһу та'аланың қазасы, тағдыры емес. Мақзиі (пенде қалағаны үшін орындаған нәрсе). Қаза етуіне разы болу қажет. Бірақ мақзиге (пенденің қалауымен орындалғандарға) разы болу қажет емес. Аллаһу та'ала «Барлығын жаратамын және қалаймын. Күпірлікке разы емеспін» деген». Мутәзила «Аллаһу та'ала жамандық жасалуын қалағанда жамандық, күпірлік жасалғанда және Құдайға қарсы шыққанда сауап берілетін еді. Өйткені Аллаһу та'аланың қалағанын істеген болады. Қалағанын жасау Оның бұйрығын орындау деген сөз» дейді. Әһли сүннет: «Бағыну үшін, сауап алу үшін тек қана әмірлерді орындау қажет. Құдайдың қалауын орындау бағыну болмайды» деп жауап береді.

Мутәзила ғалымдарынан Рәй қаласының қазысы Абдулжәббар Хамадани уәзір Сахиб бин Ибадтың бөлмесіне келді. Іште әһли сүннет ғұламасы Әбу Исхақ Исфәханиді (рахимә-һуллаһу та'ала) көргенде араларында мынадай диалог өтті:

Абдулжәббар – Аллаһу та'ала жамандықтарды, күнәларды қаламайды және жаратпайды. Бұларды жаман адамдар мен шайтан жаратады.

Әбу Исхақ – Жақсылық пен жамандықтың барлығын Аллаһу та'ала жаратады. Оның мүлкінде тек қана Оның қалағаны бар болады.

Абдулжәббар – Раббымыз Өзіне қарсы шығуды тілей ме?

Әбу Исхақ – Аллаһу та'ала күпірлікті және күнәларды тілемесе және жаратпаса, құлдар күшпен, мәжбүрлікпен Оған қарсы шыға ала ма? Құлдар ирада-и жузияларымен күпірлік, күнә, жамандық жасауды қалайды. Аллаһу та'ала да қаласа, олардың қалағанын жаратады.

Абдулжәббар – Аллаһу та'ала адамға хидаят тілемесе, оның күпірлік, жамандық жасауын тағдырға жазып, қаза етіп жаратса, оған жақсылық жасаған бола ма, әлде жамандық па?

Әбу Исхақ – Егер құлдың хақысын беруді қаламаса, жамандық болады. Бірақ өз хақысын алуды тілемесе жамандық болмайды. Түйірдей жақсылық жасағанға Ол марапатын береді. Ешкімнің жақсылығы жауапсыз қалмайды. Күпірліктен басқа жамандықтардың көбісін кешіреді. Күпірлікті қалауына келер болсақ, Аллаһу та'ала Алим (білім иесі, бәрін біледі). Алдағы уақытта болатындарды біледі. Ол Хаким, барлық нәрсенің ең жақсысын істейді. Қалаған құлын рақымына бөлеп, хидаят нәсіп етеді. Ол ештеңе істеуге мәжбүр емес. Расында Құран кәрімде, «Фатыр» сүресінің сегізінші аяти каримасында: «Қалаған адамдарын қисық, адасқан жолда қалдырады. Қалаған адамдарына хидаят береді. Тура, жақсы жолды көрсетеді» делінген. Яғни жақсылық пен жамандықты құлдардың қалауы, тілеуі арқылы жаратады. Құлдың қалауы жаратуға себепші, құрал. Мұсылмандар ирада-и жузияларымен иманды, бағынуды қалағанда Аллаһу та'ала да соны тілеп жаратады. Егер Аллаһу та'ала да қаламаса, ешкім мұсылман болмайтын, бағынбайтын еді. Кәпір күпірлігін және пасық күнә істеуін қалағанда Ол да қаласа жаратады. Егер қаламаса, ешкім кәпір, пасық бола алмайды.

Тек құлдың қалауымен ғана бір нәрсе бар болып қалмайды. Аллаһу та'ала да қаласа бар болады. Аллаһу та'ала жамандықтарды да тілейді және жаратады. Бірақ оларды жақтырмайды, разы болмайды. Игіліктерді, жақсылықтарды әрі қалайды, әрі разы болады, ұнатады және жаратады. Аллаһу та'ала қаламайынша маса да қанатын қимылдата алмайды. Адамдар жасаған барлық жақсылықтар мен жамандықтар Оның қалауымен ғана орындалуда. Құлдар бір нәрсе істеуді қалаған кезде Ол қаламаса, ол іс орындалмайды. Ол да қаласа орындалады. Бар болуын қаламаған нәрсе бар болмайды. Бар болса, әлсіздік, шамасының жетпеуі болар еді Аллаһу та'аланың барлық нәрсеге күші жетеді. Қаласа барша адамдар мен жындар мұсылман болып бағынады. Қаласа бәрі кәпір болар еді.

Сұрақ: Барлық нәрсе Оның қалауымен болады. Кәпірлердің күпірлігін қалаған екен. Олар бұл қалауға қарсы келе алмайды. Сондықтан олар мәжбүрлікпен кәпір болуда. Оларға иман келтіруге бұйрық беру орындалмайтын нәрсені қалау болады. Олардың иман келтіруін әмір еткен, онда неліктен иман келтіруін қаламайды? Бәріне иман келтіруді әмір еткен, бірақ неге бәрінің иман келтіруін қаламайды, тілемейді?

Жауап: Аллаһу та'аладан жасаған нәрселерін ұнатпай олардың себебін сұрауға болмайды. Аллаһу та'ала алда болатын барлық нәрсені ежелде, шексіз бұрында білетін еді. Білімі болатын нәрселерге байланысты. Яғни қалай болатын болса, солай білген. Солай болатындықтан, солай білген. Әйтпесе солай білгені үшін солай болуға мәжбүр болмайды. Аллаһу та'аланың қалауы осы біліміне сай болуда. Құдірет және тәкуин сипаттары да қалауына сай болуда.

Құлдарда ирада-и жузия, яғни таңдау, қалау еркіндігі бар. Бір нәрсе істеуді қалайды немесе қаламайды. Әһли сүннеттің екі имамынан Әбу Мансур Матуриди (рахимә-һуллаһу та'ала) айтқанындай, ирада-и жузия жеке өзі болмыс емес. Сыртта бар емес. Құдрет-и илаһияға қатысы жоқ. Аллаһу та'ала пәленше адамның күнә істеуді қалайтынын ежелден білетін. Ол адам қалаған кезде Аллаһу та'ала да қалап жаратады. Күнә пайда болады. Құлдың қалауы Аллаһу та'аланың қазасына, тағдырына және жаратуына себеп болуда.

Адамдардың істей алмайтын нәрселері үш түрлі болады:

1) Ол нәрсенің өзін істеу мүмкін емес. Екі затты бір уақытта бір жерде ұстау секілді. Ыдыстан суды шығармайынша басқа сұйықтық құю мүмкін емес.

2) Өзі істелуі мүмкін. Бірақ әдетте құлдар істей алмайды. Тауды орнынан алып тастау секілді.

3) Істеуге болады. Бірақ Аллаһу та'ала құлдың істемейтіндігін білгендіктен, құл оны тілемейді. Аллаһу та'ала бірінші және екінші нұсқаны әмір етпеді. Үшінші нұсқаны істеуді әмір етуде. Мысалы Әбу Жәһлдің иман келтірмейтінін ежелден білген және күпірлігін орындаған болса да иман келтіруін әмір етті.

Демек адам істеуді немесе істемеуді таңдауда, қалағанын істеуде. Құлдың бұл қалауы Аллаһу та'аланың қалауына және жаратуына себеп болуда. Құл жақсылық істеуді қалағанда Ол да қалайды және жаратады. Жамандық істеуді қалағанда Ол да қалайды және жамандықты жаратады. Ол ешкімді мәжбүрлеп кәпір қылмайды және ешкімге қинап күнә істеткізбейді.

Аллаһу та'ала әдеті бойынша барлық нәрсені себеппен жаратуда. Адамдардың қалауларын олардың жақсы және жаман істерін жаратуға себеп қылған. Иманды, қайырымдылықты, сауапты құлдарына хабарлау үшін пайғамбарлар (алейһимуссалам) жіберді. Иман келтіруді және ғибадат пен жақсылық жасауды әмір етті. Күпірлікке және күнә істеуге, жамандық жасауға тыйым салды. Адамдарға ақыл берді. Ақылы барларға әмір етті.

Аллаһу та'ала қалағанын жаратады. Жаратқан барлық нәрсесінде түрлі пайдалар бар. Яғни Ол Хаким. Адамның ақылы бұларды түсіне алмайды. Ақыл тек қана өзіне үйреншікті, сезім мүшелері арқылы алған мәліметті ғана түсінеді. Кәпірлерді жаратуында, оларға ұзақ өмір, мол ризық, атақ-даңқ, мансап беруінде, күпірліктерін, жамандық жасауын тілеуінде және жыланды, шошқаны, уларды жаратуында [адамдарды өлтіруші, мемлекеттерді қиратушы энергия көздерін жаратуында, көрінбейтін атомның ойға симайтын кіп-кішкентай ядросында таңқалдыратын, қалаларды жоқ қылып жіберетін үлкен энергия орналастыруында, жарық, электрика, магнит және химиялық энергияларды жаратуында, физикада, химияда, биологияда оқытылатын және көбі әліге дейін толық зерттелмеген зат, энергия, өмір заңдылықтарын, тәртібін құруында] сансыз хикметтер, пайдалар бар. Пайдасыз нәрсе істеу әбестік, төмендік. Аллаһу та'аланың барлық жаратуында әртүрлі пайда бар. Қалауы (Ирада) Оның сегіз сипатының бірі болып, бұл сипаты қадим (бастаусыз, мәңгі), үнемі бар еді. Ежелден өзі де, сегіз сипаты да үздіксіз бар еді. Кейіннен пайда болатындай емес. Мушаббиха сектасынан Кәррамия атты адасқандар «Ирада (қалау) сипаты қадим емес, хадис, яғни кейіннен шыққан» деді. Олар кәпір болды. Сегіз сипатының бірін «Қадим емес, хадис» деген адам кәпір болады.

Аллаһу та'ала барлық нәрсені тәкуин сипатымен жаратуда. Тәкуин – бар қылу деген сөз. Жер мен аспанда бар болған бүкіл болмысты, заттарды, денелерді, ерекшеліктерді, құбылыстарды, қуаттарды, заңдылықтарды, байланыстарды жаратқан тек қана Ол. Одан басқа жаратушы жоқ. Одан өзгесіне жаратушы деуге болмайды және ешкімге бір нәрсе жаратты деуге болмайды. Құран кәрімде «Барлық нәрсені жаратқан жалғыз Аллаһу та'ала» делінеді. Аяти каримада: «Жарататын және әмір ететін тек қана Ол» және «Ясин» сүресіндегі аяти каримада: «Жалғыз Ол ғана жаратушы және көп білуші» делінген. Құрлықта, теңіздерде, ауада өмір сүретін жан-жануарлардың [микробтардың, атомның айналасындағы электрондардың, молекулалардың, иондардың] және адамдардың, періштелердің, жындардың, яғни бүкіл бар болғандардың өздерін, әрекеттерін, істерін, тоқтауларын, ғибадаттары мен күнәларын, жақсылықтарын, зияндарын, күпірліктерін және имандарын жарататын Ол. Мутәзила «Құлдар істерін өздері жаратады. Аллаһу та'ала құлдарға көп құдірет беріп, өз істерін өздері жаратады. Жануарлар да осындай» дейді. Олардың бұл сөздері қате.

Адамдар мен жануарлар ирада-и жузияларымен іс атқаруды қалайды. Бұл қалау «Кәсб ету» деп аталады. Аллаһу та'ала да қаласа, ол істі жаратады. Құл ештеңе жарата алмайды. Біздің [яғни Қазызада Ахмед мырзаның] «Ирада-и жузия» рисаламызда осыны ұзақ түсіндірдік. Қолдың, аяқтың қимылдауын, тілдің сөйлеуін, көздің ашылып жабылуын және көруін жарататын Ол. Шыбын-шіркейдің, құрт-құмырсқаның, микробтардың, жұлдыздардың, желдердің әрекеттерін [және тербелістерін, электрлік тартылу мен тебінуін, дененің тартылыс күшін, сұйықтықтар мен газдардың көтеру күштерін] жарататын тек қана Ол. Адамдардың, жануарлардың, жындардың және рухтарымыздың ризығын жарататын, жіберетін Ол. Халалға да, харамға да ризық делінеді. Мутәзила «Харамнан келгені ризық емес» деді. Олардың бұл сөзі қате. Әр жандының ризығы таусылмайынша ажалы келмейді, өлмейді. Ешкім ешкімнің ризығын жей алмайды. Ризық ғибадат жасау арқылы артпайды, бірақ берекелі болады. Аллаһу та'ала әркімнің ризығын ежелде тағдырға жазып, бекітіп, ажыратып қойған. Бұл артпайды және кемімейді. Жандыларды өлтіретін, өлілерді тірілтетін, дені сауларды ауру қылатын, ауруларды жазатын тек қана Ол. Микробтар, дәрігер және Әзірейіл алейһиссалам – бәрі себепшілер. Олар әсер еткенде істі жарататын, оларға әсерді беретін Ол. Отта жағу, қарда суыту, [электр қуатында жылу, жарық және электролиз пайда қылу] ерекшеліктерінің бәрін Ол жаратуда. От, қар, электр қуаты – көрінетін себептер. Аллаһу та'аланың әдеті болған құралдар мен шарттар. [Сезім мүшелерімізді, олардағы сезу күшін, жасушалардағы қоректену, көбею, зиянды заттарды шығару, оттегімен әрекеттесу және осмос құбылыстарын, жүректі, қанды, қан жүйесінің, басқа ұлпалардың, мүшелердің, жүйелердің жұмыс істеуін, араларындағы жүйені жарататын Ол. Коммунисттер, кітапсыз кәпірлер және бұрыннан келе жатқан дүмшелер] адасушылардың айтуынша, әр зат пен қуат өз ерекшелігімен өзі әсер етеді. Мысалы от жағады. Әр уақытта әлбетте жағады. Бұл сөздері қате. Әһли сүннет ғалымдарының (рахимә-һумуллаһу та'ала) айтуы бойынша, себептердің әсері өздігінен емес. Себептерді бар қылғанда олардың әсерін, ісін де бірден жаратуы Оның әдеті. Отта жағу қасиетін жаратпаса, от мүлде жақпайды. Отқа түскен адамды ол қаламаса от жақпайды. Заттың өзінде ерекшелік жоқ. Заттың ерекшеліктерін, себептерінің әсерлерін және істерін Аллаһу та'ала жаратуда. Ол қаламаса, бұл ерекшеліктерді және әсерлерін жаратпайды. Ол қаласа, қарда ыстық, отта суық жарататын еді. Қылыштың кесуін, оқтың тесуін, удың өлтіруін жаратқан Ол. Теңізге түскенде тұншығуды жаратады. Қаласа тұншықпайды, сау қалады. Құстың, ұшақтың ұшуын, [ауаның көтеруін, үйкеліс күштерін] жаратқан Ол. Бұл ерекшеліктерді, күштерді жаратпаса, ұшқызбайды. Ауруларды, түрлі дәрілерді түрлі қасиеттерді жаратуда. Ибраһим алейһиссалам Нәмрудтың отында отырды. От мүлде жақпады. Егер жағу оттың табиғаты, ерекшелігі болғанда әлбетте жағар еді. Жағуды орындайтын от емес, Аллаһу та'ала жаққызуда. Аллаһу та'ала заттарға қалаған ерекшелікті, істі жаратады. Жаратқан ісі заттан пайда болады. Бірақ Аллаһу та'аланың хикметі мен әдеті бойынша, Ол әр затқа белгілі бір ерекшелік, бәлкім әсер берген. Заттарды бір-бірінің өзгеруіне себеп қылған. Бидай ұрығынан бидай, арпадан арпа жаратады. Адамнан адам, жануардан жануар түрін жаратады. [Оба бацилласынан оба, менингококк бактериясынан менингит жаратады. Атомдар арасындағы электрон алмасуын, радиоактивтілікті және атомдық реакцияларды әр затта басқа түрде жаратуда]. Тамақ арқылы тоқ болуды жаратуда. Егер тоюды жаратпаса, тонналап тамақ жесек те тоймас едік. Шөлді жаратпаса, мүлде су ішпесек де шөлдемес едік.

Одан басқа жаратушы жоқ. Барлық болмысты ол жаратқан. Ол заттарды әрекет еткізеді. Орындарын ауыстырады. Бір уақыттан басқа уақытқа апарады. Бір күйден басқа күйге айналдырады. Ақылға симайтын, қайран қылатын нәрселер жаратады. Бір тамшы мәниден және көрінбейтін сперматозоидтан жетік адам жаратады. [Нұх алейһиссаламдай ұлы пайғамбардан Кәнан есімді кәпір, ақымақ ұл жаратады. Әбу Жәһл секілді тасжүрек, азғын кәпірден Икримә секілді мұсылман ұл жаратады. Қолының, тілінің, денесінің әр түйірінің дұрыс құрылымдары, ерекшеліктері және әрекеттерімен Оның болмысын, қалауын, құдіретінің ұлылығын айтып түсіндіретін, жариялайтын опасыз кәпірдің жүрегінде күпірлік жаратады. Олардың сөзбен, жазумен, мансап және мал-мүлік күшімен дінге тиісулерін жаратады. Өз мақұлығын, өз жаратылысын, еңбегін өзіне дұшпан қылады. Адамдардың жүрегінде орналастырған көңіл атты гауһардың, қуаттың кейбірін нұрландырып, тазалап, өзіне айна қылады. Кейбірін қарайтып, күпірлік пен жамандықтың қоймасы қылады]. Ең кішкентай түйірдей, тіпті микроскоппен де көрінбейтін атомның түбінде, ядросында тауларды қопаратын ядролық күш-қуат жаратады. Қызылшада шекер жаратады. Жапырақта фотосинтез, ассимиляция күшін жаратады. Арадан бал жаратады. Бір бидай данасынан көптеген бидай жаратады. Жансыз жұмыртқадан жанды жануар жаратады. Гүлдерден әтірлер, хош иістер жаратады. Қураған ағаштан жапырақ, гүл, жеміс-жидек жаратады. Судың ішінде жануарлар, гүлдер, ағаштар жаратады. Ащы судың ішінде тұщы су жаратады. [Химиялық реакцияларды және неше түрлі физикалық, химиялық ерекшеліктерді жаратады. Топырақты өсімдік күйіне, өсімдікті жануар күйіне айналдырады. Адамдарды, жануарларды шірітіп, топыраққа, су мен газға айналдырады. Барлық нәрсенің терісін де істейтіні, реверсивтік реакциялар істегеніндей мұның да теріс, кері қайтатын күйін жаратады. Бұл әлем фабрикасында барлық нәрсені есеппен, тәртіппен жаратуда. Тәртіпсіз, құлдырататындай, бұзатындай болып көрінген өзгерістердің, бәрінің де үлкен есеппен, өте үйлесімділікпен, байланыстармен, таңқалдыратын тәртіппен жаратылғаны ғылым тарапынан күннен күнге анықталуда].

8) «Йа, Расулаллаһ! Жетпіс үш топтың арасындағы құтылатын фырқа-и нажия тобы қайбірі? – деген сұраққа «Әһли бәйтім Нұхтың кемесі секілді. Оған мінгендер құтылады» деп жауаптады» дейді.

Алайда мұны басқа уақытта айтқан еді. Бұл сұраққа жауап ретінде «Фырқа-и нажия – менің және сахабаларымның жолымен жүргендер» дегені кітаптарда жазылған. Бұлар хадис шәрифтерді де еш қысылмай өзгертуде. Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) және асхаби кирамның жолында болған дұрыс иманды мұсылмандар «Әһли сүннет уәл жамағат» деп аталады.

9) «Сахабалардың барлығы мутәзила да, шафии де, малики де, ханафи де, ханбали де емес еді. Фырқа-и уаһидә және нажия (құтылатын жол) Расулуллаһтың және әһли бәйттің жолында болғандар. Әһли бәйттің жолында болмағандар құтыла алмайды» деп өздерінің әһли бәйттің сенімінде екенін айтқысы келеді.

Алайда әһли бәйттің (радиаллаһу та'ала анһум әжмаин) сенімі – хазреті Әлидің (радиаллаһу анһ) сенімі. Яғни асхаби кирамның (радиаллаһу та'ала анһум әжмаин) сенімі. Бұл болса Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) көрсеткен ақида (сенім). Мыңдаған «Әһли сүннет» ғалымы осы ақиданы жинақтап, әрбірін кітаптарына дәлелдерімен бірге жазған. Ижтиһад дәрежесіне көтерілмеген, діни білімде біліктілікке қолжеткізбеген бірнеше адам Құран кәрімнен және хадис шәрифтерден қате мағыналар шығарып, осы тоқыма және күлкілі сөздеріне әһли бәйт мазһабы деп, бәрін осыған сендіргісі келген. Ислам дұшпандары да осы фитнаны өршітіп, жауыздық оймен кітаптар жазған. Имам Ағзам Әбу Ханифа білімінің басым бөлігін ұстазы, әһли бәйттің асыл тәжі Имам Жафәр Садықтан үйренген және үйренген білімдерін шәкірттеріне жеткізген. Олай болса, «Алеуи» дегеніміз, яғни Имам Әлидің жолында және әһли бәйт мазһабында дегеніміз әһли сүннет деген сөз. Әһли сүннетке алеуи деу орынды болады. Қазіргі таңда Иранда, Сирияда және Иракта өздерін «Алеуи» атайтындар алеуи емес.

«Мәудуат-ул улум» кітабының алты жүз жетінші бетінде былай жазылған: Асхаби кирамның сенімі бір-бірінікі секілді еді. Өйткені бәрі Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) сұхбатына қатысумен және Оған қызмет етумен абыройланды. Осы сұхбаттың нұрында күмәндары қалмады. Құран кәрімнің және хадис шәрифтердің мағынасын жақсы түсініп, толықтай сенді. Асхаби кирам қалмаған соң әр жерде сауатсыз надандар, нәпсілеріне алданғандар тарап, қате сөйлеуді және жазуды бастады. Бәрі жолдан шықты. Көп адамды жолдан шығарды. Бидғаттар, адасқан ағымдар жан-жаққа жайыла бастады. Ислам жұртшылығы жетпіс үш топқа бөлінді. Ғалымдардың бір бөлігі шектен шығудан және шайтанға еруден қорқып, асхаби кирамның жолында қалды. Осы тура жолдағылар «Әһли сүннет» деп аталды. Әһли сүннет ғалымдары ғибадатта, амалда бірнеше мазһабқа бөлінді. Қазіргі заманда төрт мазһабтың кітабы бар. Олар ханафи, шафии, малики және ханбали мазһабтары. Олардан басқа хақ мазһаб қалмады. Әһли сүннеттің мазһабтарға бөлінуі Аллаһу та'аланың рақымдылығы. «Али Имран» сүресінің жүз бесінші аяти каримасында: «Бір-бірінен бөлінгендер және айқын аяттар, белгілер келсе де әр түрлі жолдарға адасқандар секілді болмаңдар!» делінген. Бәйдауи (рахметуллаһи алейһ) бұл аяти кариманы тәфсирлегенде: «Яһудилерге және Насараға, яғни христиандарға бірігуі қажет болған тура жол айқын, нақты дәлелдермен көрсетілген болса да олар Аллаһу та'аланың жалғыз екенін, ешбір жаратылысқа ұқсамайтынын және ахиреттегі болмыстарды түсіне алмады. Өзгеше-өзгеше сөздер айтты. Ей, мұсылмандар, сендер де олар сияқты топтарға бөлінбеңдер!» деген. Бұл аяти карима сенетін нәрселерде бөлінуге тыйым салуда. Фиқһ білімінде, ғибадат етуде мазһабтарға бөлінуге тыйым салмады. Өйткені Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) «Үмбетімнің бір-бірінен бөлінуі [фиқһ білімінде бөлінуі] Аллаһу та'аланың рақымдылығы» деді. Хадис шәрифте де: «Мүжтәһид дұрыс ижтиһад етсе екі сауап алады. Ижтиһадында қателессе, бір сауап беріледі» делінген.

10) «Үңгірде бірге болғаны айтылған аяти каримада Әбу Бәкір туралы қасиеттілік жоқ, бәлкім бұл аят оның имансыз екенін және қинаушы екенін көрсетуде. Ол түні Жәбрейіл түсіп, «Бұл түні кәпірлер сені өлтіруге шешім қабылдады. Сахабаларыңның бәріне айт, бұл түні үйлерінен шықпасын. Сен жалғыз өзің үңгірге бар» деді. Хазреті Расул кешке жақын сахабаларын жинап, осы әмірді хабарлады. Түнде хазреті Әли жасы кішкентай болса да қорықпастан төсегіне жатты. Расулуллаһ үңгірге бара жатқанда алыстан біреудің келе жатқанын байқап тоқтады. Келгенінде Әбу Бәкір екенін көрді. «Ей, Әбу Бәкір, Аллаһтың бұйрығын сендерге айтқан едім. Неліктен көшеде жүрсің?» деді. Ол «Йа, Расулаллаһ! Сіз үшін қорықтым. Сізді жалғыз қалдырып үйімде отыра алмадым» деп жауаптады. Расулуллаһ ойланып тұрғанда Жәбрейіл келіп, «Йа, Расулаллаһ! Әбу Бәкірді жіберме! Кәпірлер келіп, Әбу Бәкірді ұстап алып, артыңнан келіп сені тауып алып өлтіреді» деді. Хазреті Расул шарасыз қалып, Әбу Бәкірді үңгірге алып кетті. Өйткені хазреті Расул кәпірлерге және Әбу Бәкірге сенімсіз еді. Аллаһу та'ала Әбу Бәкірдің және сахабаларының қарсы шығатынын хабар берген, Әбу Бәкірден шығатын оқиғаларды білдірген және «Жүректерінде болмағандарды айтуда» деген. Олардың қарсы шығатынын хабарлаған аяттар көп. Расулуллаһ жолдасқа және досқа мұқтаж емес еді. «Сен көрмейтін әскермен Аллаһ сені күшейтті» аяты осыны көрсетуде. Әбу Бәкір ешбір соғысқа қатыспаған, қашқан еді. Мұсылманның кәпірге, кәпірдің мұсылманға дос екенін көрсететін аяттар көп. Араб тілінде есектің адамға дос екенін айту көп кездеседі. Олай болса, Әбу Бәкірдің дос аталуының ешқандай маңызы жоқ. Үңгірде Расулуллаһ үшін қорыққан болса да, бұл қорқуы ғибадат болады. Оған қорықпа деу ғибадатынан бастартқызу болып саналады. Расулуллаһ ешкімге ғибадаттан бастартқызбайды. Оның қорқуы күнәдан болса, Аллаһу та'аланың пайғамбарына сенбегендігінен болса, достықтан оған не пайда тиеді? Қорықпа деу оған пайда бермейді. Расулуллаһ әлбетте күнәға тыйым салады. Расул оған «Дұшпандардан қорғанып қаламын» деген еді. Ол бұған сенбеді. Айқай салуының мақсаты кәпірлерге хабар беру еді деп айту орынды болар. Иманды болса Аллаһу та'ала оны да жыланның шағуынан қорғайтын еді. Аллаһ бізбен бірге деп айту да оны қадірлі етіп көрсетпейді. «Үш адам жасырын сөйлессе, олардың төртіншісі Аллаһу та'ала» делінген, жасырын сөйлескен кәпірлер де қадірлі болу керек еді. Әбу Бәкірдің масқарасын және иманнан мақұрым қалғанын осы аяти карима айқын көрсетіп тұр. Аяти каримада оған тыныштық, бейқамдық бердім дейді. Оларға бердім демейді. Бұл да иманы жоқ екенін көрсетуде. Осындай күнәһар пасықтарды бәлкім кәпірлерден де жамандарды абзал деп пайғамбардың жанұясының күнәсіз таза адамдарын олардан үстем көрсету болар, Расулуллаһтан кейін көш еткендерге «Мухажир» дейді. Бірге немесе бұрын барғандар мухажир болмайды» деп жазған.

Алайда үңгірде бірге болғаны аятылған «Тәубе» сүресінің қырқыншы аяти каримасы хазреті Әбу Бәкір Сыддықтың (радиаллаһу анһ) үстемдігін, құрметін көрсетуде. Өйткені ол түні Жәбрейіл алейһиссалам келіп, «Бұл түні кәпірлер сені өлтіруге шешім қабылдады. Бұл түні Әлиді (радиаллаһу анһ) төсегіңе жатқыз да, Әбу Бәкір Сыддықпен бірге Мәдинаға хижрет ет!» деді. Ол түні хазреті Әлидің (радиаллаһу анһ) жасы кіші еді деп айту да қате. Ол жиырма үш жаста еді. Әли (радиаллаһу анһ) «Мың жаным болса да сіздің жолыңызға пида» деп төсегіне жатты. Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) сафар айының жиырма жетінші бейсенбі түні есіктен шығып, «Ясин» сүресінің басынан он екі аяти карима оқып, көшеде тізіліп тұрған кәпірлерге үрледі. Жылдам өтіп, бір жерге барды. Түскі уақытта хазреті Әбу Бәкір Сыддықтың үйіне барды. Қызметшілері Әбу Бәкірді шақырған соң ол есік алдында ай туғандай жарқыраған Расулуллаһтың дидарын көргенде «Қандай бұйрығыңыз бар, йа, Расулаллаһ! Ішке кіріңіз» деді. Расулуллаһ ішке кіріп, «Бұл түні Мәдинаға көшуге әмір алдым» деді. Әбу Бәкір «Сізбен бірге болып, сізге қызмет етумен абыройлансам» деп өтінді. «Сен де біргесің» дегенінде хазреті Әбу Бәкір қуанды. «Маған хижрет етуге түйе қажет» дегенінде хазреті Әбу Бәкір «Бүкіл мал-мүлкім, жаным, бала-шағам сізге пида. Екі түйем бар. Қайбірін таңдасаңыз, сізге сыйладым» деді. «Әрдайым сыйлығыңды қабыл еттім және етемін. Бірақ бұл түні хижрет ету ғибадатын өз мүлкіммен атқарғым келеді. Бір түйеңді маған сат!» деп әмір етті. Ақшасын берді. Бұйрық беріп жолсерік ретінде Абдуллаһ бин Урәйкит есімді біреуді Әбу Бәкір шақырды. Ақылы жолсерік ретінде жалдап, екі түйені оған тапсырды. «Үш күннен кейін түйелерді Сәур тауындағы үңгірге алып кел» деді. Әбу Бәкірдің ұлы Абдуллаһқа ескертіп «Әр түні үңгірге келіп, Меккедеге хабарларды бізге жеткіз» деді. Әбу Бәкірдің қызы Әсма үш күндік азық дайындады. Дорбаны байлайтын жіп таппай, белбеуін шешіп, екіге қақ бөліп, дорбаны байлады. Сол күннен бастап Әсманың есімі «Екі белбеулі Әсма» болды. Әбу Бәкір Сыддық есікті ашып, шығатын кездерінде «Есікті жап. Артқы терезеден шығамыз» деп бұйырды. Аяқ іздері байқалмасын деп терезеден шықты. Үңгірдің алдына келгенде Әбу Бәкір «Тоқтаңыз, йа, Расулаллаһ! Алдымен мен кіріп қарап шығайын. Зиянды бір нәрсе болса, мүбәрәк тәніңізге зияны тимесін» деп ішке өзі кірді. Үңгірдің ішін тазалап шықты. Көйлегін шешіп, жыртып, тесіктерді бітеді. Кейін «Ішке кіріңіз, йа, Расулаллаһ!» деп шақырды. Адамзаттың мырзасы, Аллаһу та'аланың сүйіктісі (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) қараңғы үңгірге кірді. Әбу Бәкір Сыддық кейіннен айтқан болатын: «Үңгірге келгенде мүбәрәк аяғы қанағанын көрдім. Жыладым. Нәзік аяғы жалаң аяқ жүруге үйренбегенін осыдан түсіндім».

[Үңгірде үш түн қалып, дүйсенбі күні шықты. Қыркүйек айының жиырмасыншы және рабиул әууәл айының сегізінші дүйсенбі күні Мәдина маңындағы Құба ауылына келді. Осы күні мұсылмандардың «Хижри шәмси жыл» басы болды. 623-ші григоряндық жыл басы хижри шәмси және қамари бірінші жылдары ішінде болды].

Аңғарылғанындай, Әбу Бәкір Сыддықты (радиаллаһу анһ) қаралау үшін хижретті қате баяндап, оқырмандарын жылатып, алдау үшін Әли (радиаллаһу анһ) кішкентай бала кезінде төсекке жатты дейді. Асхаби кирамды жамандай алу үшін аяти карималарға қате мағына беруге, хадис ойлап шығаруға, сахих хадистерді жоққа шығаруға еш тартынбайды. Кәпірлер, мұнафықтар туралы келген аяти карималарды хазреті Әбу Бәкір Сыддыққа және асхаби кирамға (алейһимурридуан) қатысты келген деп айтатындай төмендікке барды. Расында «Фәтх» сүресінде, он бірінші аяти каримасында: «Жиһадқа барғысы келмей қашқан болса да «Баратын едік, бірақ жұмыстарымыздан босай алмадық» дейтіндер жүректерінде болмаған нәрселерді айтуда» делінген. Мұның хазреті Әбу Бәкір Сыддыққа қатысты екенін жазып, аяти кариманы өзгерткен. Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) адасқан адамдар шығатынын түрлі хадис шәрифтерде хабар берген. Сондай хадис шәрифтердің бірінде: «Мұсылман атын жамылған адамдардан ең қорқатыным Құран кәрімнің мағынасын өзгертетіндер» деген. Бір ретінде: «Кәпірлерге, ислам дұшпандарына қатысты келген аяти карималарды мұсылмандарға қатысты етеді» деді. Әбу Бәкір Сыддық пен Омар Фаруқтың (радиаллаһу анһума) Бәдр, Ухуд, Хандек, Меккенің алынуы, Хунәйн мен Тәбук және бүкіл соғыстарға қатысқаны әрі Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) айналасында қорғаштап жүргендігі барлық сияр кітаптарында, тіпті тәфсирлерде жазылған.

Әбу Бәкір (радиаллаһу анһ) кей жорықтарда қолбасшы да болған. Мысалы хижреттің жетінші жылы шабан айында оның қолбасшылығындағы әскер Фәзара тайпасына жіберілді. Ол қақтығыста, біразы мерт болып, көп кәпірлер тұтқындалып Мәдинаға әкелінді.

Өте маңызды мына мысалды да айта кетейік: «Мәнақиб-и Чихар Яр» кітабында жазылғанындай, Бәдр соғысында рамазанның он жетінші жұма күні шілде айының түскі ыстығында екі тарап шабуылдаған еді. Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) Әбу Бәкір, Омар, Әбу Зәр, Сад және Саидпен (радиаллаһу анһум) қолбасшы орнына отырған еді. Ислам әскері қиналған еді. Сад пен Саидты көмекке жіберді. Кейін Әбу Зәрді жіберді. Кейін Омарды жіберді. Бір сағат өтті. Әбу Бәкір қиындықтың азаймағанын көріп, қылышын шығарып, атын жетектеп бара жатқанында Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) қолынан ұстап: «Қасымнан кетпе, йа Әбу Бәкір! Денеме және жүрегіме келетін барлық ауыртпалық сенің мүбәрәк жүзіңді көргенімде жеңілдеуде. Сенімен жүрегім қуаттануда» деді.

Дос болу жақсы және жаман адамдар туралы әрі жануарлар үшін де қолданылады. Бірақ бұл достықтың жақсы және мақтау үшін бе, әлде жамандау үшін бе екендігі аяти карималардың мағынасынан айқын аңғарылуда. Тіпті кейбір аяттарда мырза, қорғаушы, насихаттаушы мағынасында кездеседі. Бұларды түсіну үшін лұғат, мәтин-и лұғат, иштиқақ, сарф, нахв, баян, бәди, мәани және бәлағат секілді ауқымды және терең ілімдерді жақсы білу қажет. Бұларды меңгермей тұрып аяти карималарға шала мағына беретіндер Құран кәрімге жала жапқан болады. Аллаһу та'ала «Әнам» сүресінің жиырма бірінші аятында осындай жалақорларға шағым келтіріп, олардың залымдардың ең жаманы екенін айтуда. Әбу Бәкір Сыддықтың (радиаллаһу та'ала анһ) дос аталуының ол үшін абырой мен ізгілік екенін дәл сол аят көрсетуде. Өйткені оған қорықпа делінген және тыныштық [бейқамдық, батылдық] жіберілген.

Қорқу, мұңаю өз бетінше ғибадат емес. Күнә да емес. Себебіне, ниетіне қарай ғибадат немесе күнә болады. Ғұсыл, ораза, Аллаһ жолында жиһад секілді ғибадаттарды орындағанда зиян көруден қорқу күнә. Ұлылығын ойлап, Аллаһу та'аладан қорқу ғибадат. Өйткені бірінші қорқу парыздарды орындауға тосқауыл болуда, ал екіншісі адамды харамнан қорғауда. Хусейн уаиз Кашифи Хирауи (рахимә-һуллаһу та'ала) тәфсирінде былай дейді: «Кәпірлер үңгірдің алдына келді. Әбу Бәкір «Йа, Расулаллаһ! Кәпірлердің бірі аяқ астына (төменге) қараса бізді көреді» деді. Сонда Расулуллаһ «Ол екі кісіге не болады дейсің, олардың үшіншісі Аллаһу та'ала» деді. Бұл хадис шәриф Әбу Бәкірдің үстемдігін көрсетіп тұр. Яғни Аллаһу та'аланың көмегі, қорғауы бізбен бірге деді». Олай болса Әбу Бәкір Сыддыққа «Қорықпа» дегені өзіңді қинама дегенді білдіріп, маған деген сүйіспеншілігіңді жүрегіңнен шығар деген сөз емес. Демек Әбу Бәкір Сыддықтың Расулуллаһ үшін қорқуы жүрегіндегі сүйіспеншіліктің, яғни ғибадаттың белгісі еді. Оған қорықпа делінуі осы ең құнды, ең қасиетті ғибадатты хабар беріп, оны ғибадаттан бастартқызу емес.

Расулуллаһтың дұшпандардан сақтанатыны жайлы сахабаларына хабар бергенін жазған болса да, «Жәбрейіл келіп, йа, Расулаллаһ! Әбу Бәкірді қалдырма! Кәпірлер оны ұстап алып, сенің жолыңды тауып алады да, өлтіреді» дейді. Екі жазбасы бір-біріне қайшы. Ойдан шығарылғаны аңғарылуда.

Әбу Бәкір Сыддық айқай салмады. Бүкіл кітаптарда жазылғанындай, «Йа, Расулаллаһ, мүбәрәк денеңізге зиян тигізуінен қорқамын» деді. Үңгірде Расулуллаһқа (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) зиян тимесін деп ашық қалған тесікті мүбәрәк аяғымен жапқан еді. Тесіктегі жыланның аяғын шағып алуы неге айып болсын? Расулуллаһты да (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) бір кездері шаян шағып алған еді. Хазреті Әлидің (радиаллаһу анһ) сүйікті ұлы Мухсинді қораз шұқып өліміне себеп болған еді. Хасанды (радиаллаһу анһ) у өлтірген еді. Бұлардың бәрі неліктен айып болсын? Не үшін имансыздыққа себеп болсын?

Аллаһу та'аланың құлдармен бірге болуы сипаттарының бірге болуы деген сөз. Қахр, ғадаб сипатының бірге болуы пәлекет пен масқара болғанындай, рақымдылық, жәрдем, махаббат сипаттарының бірге болуы да қадірлік пен бақыт болады. Расулуллаһ «Аллаһ бізбен бірге» деп өзінің пайғамбарлығына тән бірге болуға хазреті Әбу Бәкірді де қосқан. Осылайша өзіне берілген махаббат, мейірім, ихсан мен сыйларға хазреті Әбу Бәкірдің де ортақ екенін сүйіншілеген. Бұл неткен бақыт! Ізгілік осындай болады! Аяти карималармен, хадис шәрифтермен хабар берілген ізгіліктен, қадірліктен үстем абырой бар ма? Дұшпанның сөзіне сеніп, күннің нұрын жоққа шығару дұрыс па? Бұған тек ақымақтар мен соқырлар ғана сенеді.

Аллаһу та'аланың жасырын сөйлегендермен бірге болуы ілім сипатының бірге болуы деген сөз. Яғни олардың сырларын біледі деген сөз. Бұл аяти карима ұнату немесе жамандау болмай, ілім сипатын хабар беруде.

«Кейін Аллаһу та'ала оған бейқамдық түсірді» мағынасындағы аяти каримаға да қате мағына берген. Бейқамдық Расулуллаһқа түсті дейді. Бейқамдық қайда жоқ болса, сол жерге түседі. Оның жазуынан Расулуллаһта (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) оған дейін бейқамдық болмағаны, қорыққаны аңғарылады. Алайда Аллаһу та'ала басынан сені кәпірлерден қорғаймын дегенін жазған болатын. Демек Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) Аллаһу та'аланың бұл уәдесіне сенбей қорыққаны ма? Кейін оған бейқамдық түсірілді деу Аллаһтың пайғамбарына өте үлкен қорлау мен жамандау болады. Әбу Бәкір Сыддықты жамандағысы келіп, Расулуллаһты жамандап күпірлікке жетеленгенінен хабары жоқ. Бәлкім Расулуллаһты да жамандап, осылайша исламды құлатқысы келеді. Бүкіл тәфсирлер бейқамдықтың Әбу Бәкір Сыддыққа түскенін айтады. Өйткені Расулуллаһтың бейқамдығы онсыз да бар еді. Ал Әбу Бәкір Сыддық Расулуллаһқа деген шамадан тыс сүйіспеншілігінен бейқамдығын жоғалтқан еді. Расында Хунәйн соғысында асхаби кирамның көбі тарап кетіп, тек қана Аббас, Әбу Бәкір және бірнеше қаһарман (радиаллаһу та'ала анһум әжмаин) өлуден қорықпай кері қайтпады. Ол кезде Расулуллаһтың да (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) Аллаһтың дінінің жоқ болатынына қайғырып, бейқамдығын жоғалтқаны аяти каримадан аңғарылуда. Тәубе сүресінің жиырма жетінші аяти каримасында: «Хунәйн күні Аллаһу та'ала Расулына және мүминдерге бейқамдық түсірді» делінген.

«Аллаһу та'алаға және Расулына хижрет етушілер» деген аяти карима Расул (алейһиссалам) Мәдинаға барғаннан кейін Оған келген дегенді білдірмейді. Аллаһ үшін және оның Расулының әмірімен қаланы тастап кеткен деген сөз. Хадис шәрифтер аяти кариманы осылай тәфсир етуде. Расулуллаһтың хижретінен бұрын Хабешистанға және Мәдинаға жіберілгендер де мұхажир еді. Ахмед бин Мұхаммед Қасталани «Мәуаһиб-и ләдунния» кітабында жазғанындай, Расул алейһиссалам Ақабә келісімінен кейін сахабаларына Мәдинаға хижрет етуіне бұйрық берді. Асхаби кирам топ-топ болып Меккеден шықты. Өзі Меккеде қалып рұқсат күтті. Омар бин Хаттаб және бауыры Зәйдпен бірге жиырма адам түйелермен кетті. Меккеде Расулуллаһпен бірге хазреті Әбу Бәкір және хазреті Әлиден (радиаллаһу анһума) басқа ешкім қалмады. Әбу Бәкір де кетуге рұқсат сұрады. «Сабыр ет, ей, Әбу Бәкір! Аллаһу та'ала сені маған жолдас етеді деген үмітім бар» деді. «Ол түні Жәбрейіл түсіп, сахабаларыңның бәріне айт, үйлерінен шықпасын!» деген жазуының жалған екенін осыдан аңғарылуда. Меккеде екі сахабадан басқа мұсылман қалмаған еді, бұл сөз кімге айтылады? Кәпірлер жиналып, Расулуллаһты өлтіруге келісті. Жәбрейіл алейһиссалам мұны хабар беріп, «Бұл түні төсегіңе жатпа!» деді. Бұл кітаптың «Басындағы әмір бойынша Меккеден шыққан бүкіл сахабалардың ешқайсысы мұхажир болмайды. Мұхажир хижреттен кейін келген бірнеше адам болады» деуінің де өте қате сөз екені анық. Олай болса Әбу Бәкір Сыддық (радиаллаһу анһ) мұхажирлердің ең қадірлісі, ең абыройлысы.

11) «Құран – әріптер мен сөздер. Бұлар хадис (кейіннен жаратылған). Аллаһтың сөзі қадим емес. Басқа сипаттар да қадим емес. Құран қадим болса, жаратылыстар жоқ кезде кімге әмір мен уахи беретін еді? Жоқ нәрсені бір нәрсемен уәде ету, бір нәрсені уахи ету мухал (мүмкін емес). Аллаһу та'ала кәпірлерге «Оған ұқсас хадис айтыңдар» дейді. Хадис дегеннен мақсаты Құран. Хадис болған нәрсе қадим бола алмайды. Құран қадим болса, Құранда есімі өткен адамдар да қадим болар еді» дейді.

Сегіз сипаттың қадим болмағанына сену Аллаһу та'аланың жаратылыстарды жаратудан бұрын құдіретсіз, әлсіз және сауатсыз болуын қажет етеді. Аллаһу та'ала Құран кәрімде айтылған нәрселерді ежелден білетін еді. Білгендерін хабарлауы хабарланған нәрселерінің қадим болуын қажет етпейді. Бұл адасқандар Аллаһу та'аланың сипаттарын адамдардың сипаттарына ұқсатқандықтан Құран кәрімде айтылған сипаттарды жоққа шығаруда. «Саадәти Әбәдия» кітабының бірінші бөлімі, отыз бірінші тақырыбын оқыңыз! Аяти каримада «хадис» сөзі Құран кәрім дегенді білдірмейді. Кәпірлердің сөздері. Яғни «Құран кәрімге ұқсас сөз айтыңдар. Айта алмайсыңдар! Өйткені Құран кәрім қадим. Ал сендердің сөздерің хадис, жаратылыс» деген сөз.

Әмали қасидасы «Аллаһу та'аланың заттық және субути сипаттарының бәрі қадим. Үнемі бар еді. Ешқашан жоқ болып кетпейді» өлеңінің шәрһінде айтқан: «Сипаттары кейіннен болса, болмысында өзгеріс болар еді. Өзгеріске ұшыраған нәрсе хадис, яғни кейіннен бар болған болады. Бұл Аллаһу та'аланың кейіннен бар болуын қажет етеді. Ал бұлай болуы мүмкін емес».

Әмали қасидасының он бірінші шумағында «Құран кәрім Аллаһу та'аланың сөзі. Ол жаратылыс емес, кейіннен жаратылмаған. Зат-и илаһидің сипаты» дейді. Ахмед Асым мұны былай түсіндіреді: Құран кәрім бұл сөздерден, дыбыстардан шыққан мағыналар. Сөздер, дыбыстар кәлам-и илаһи емес. Адамның сөзі де жүрегінде. Сөздеріміз мұны сыртқа шығаратын аудармашы. Әр тірі жанның кемелдігі, үстемдігі кәлам сипатымен көрінеді. Кәлам сипаты болмаса кемшілікті болады. Аллаһу та'ала да тірі болғандықтан, кәлам иесі болуы қажет. Бүкіл пайғамбарлар, бүкіл кітаптар Аллаһу та'аланың кәлам сипаты бар деді. Мұса алейһиссаламның ағаштан естіген сөз бен дауыс кәлам-и илаһи еді. Қаридың дауысы емес еді. Бұл дауыстың мағыналары кәлам-и илаһи. Аллаһу та'ала жаратылыстардың сөзін әріпсіз, дауыссыз естиді. Әріпсіз, дауыссыз болған өз сөздерін араб тілінде түсірді. Кәлам-и илаһиде еш өзгеріс болмады. Адам түрлі киіммен, әр түрлі кейіпте көрінеді, бірақ адамның өзінде өзгеріс болмайды. Аллаһу та'аланың сөзі жаратылыстарының сөзі секілді сөз бен дауысқа мұқтаж емес. Бірақ бұл сөз бен дауыс өзгертілсе, аударылса, кәлам-и илаһи өзгертілген, бұзылған болады. Құран кәрім осы сөздерге, осы дауысқа тән. Аллаһу та'ала кәламын осы сөздерге, дауыстарға өзі орналастырған.

Құран кәрім ләуһул махфузда да осы сөздермен біз білмейтін түрде жазулы еді. Жаратылыс емес еді. Жәбрейіл алейһиссалам әріппен, дауыспен Расулуллаһқа (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) кейде мүбәрәк құлағына, кейде әріпсіз және дауыссыз тікелей жүрегіне оқыды, орнықтырды. Әйтпесе мағыналар сөзсіз мүбәрәк жүрегіне аян етілген, Мұхаммед алейһиссалам арабша сөйлегендіктен осы кәлам-и илаһиді өзі сол сөз және дауыспен айтқан емес. Иә, осы түрмен де уахи болған. Кәлам-и илаһи мүбәрәк жүрегіне уахи етілді және мұны өзі белгілі сөз қалпына келтіріп айтты. Бұлардың мағынасы Аллаһу та'аладан, сөздері, дауыстары Мұхаммед алейһиссаламнан болды, бұлар «Хадис құдси» деп аталды. Құран кәрімді хадис құдсимен араластырмау керек. Сөз бен дауыс ішіндегі «Кәлам-и лафзи» сөзсіз, дауыссыз болған «Кәлам-и нәфси»-мен бірдей. Аллаһу та'аланың ілім сипаты басқа, кәлам сипаты басқа. Құран кәрім ілім сипаты емес, кәлам сипаты.

Имам Раббани мүжәддид әлфи сәни Ахмед бин Абдулахад Фаруқи (қуддиса сиррух) «Мәктубат» кітабының үшінші томы, сексен тоғызыншы хатында айтқан: «Имам Ағзам Әбу Ханифа мен Имам Әбу Юсуф (рахимә-һумуллаһу та'ала) «Құран кәрім жаратылыс па, жаратылыс емес пе?» деп алты ай сөйлесіп, өзара келісе алмады. Алты айдан кейін бір сөзге келіп, Құран кәрімге жаратылыс деген адам кәпір болады десті. Кәлам-и нәфсиді көрсететін, кәлам-и лафзиді түсіндіретін әріптер, сөздер, дауыстар әлбетте жаратылыс, хадис. Бүкіл жаратылыстардың арасында Аллаһу та'алаға ең жақын, ең қадірлі – Құран кәрімнің әріптері мен сөздері. Ал кәлам-и лафзи мен кәлам-и нәфси әзәли және қадим». Осы тақырыпта жүзінші және жүз жиырмасыншы хаттарда да кең мәлімет берген.

12) «Біз білетін хадистер мен тәфсирлерді әмир-ул мүминин хазреті Әли және Имам Хасан, Имам Хусейн, Салман, Әбу Зәр, Миқдад, Аммар бин Ясер риуаят еткен. Ал сендер риуаят еткен хадистер тек қана Муауия, Амр бин Ас, Әнәс бин Малик, Айша және осылар сияқты адамдардан келтірілген. Алайда діннің иесі айтқан: «Менен риуаят етілген хадистер төрт адамнан шығуы мүмкін. Олардың бесіншісі жоқ. Басқалары мұнафиқ». Ол мұнафиқтарды мұсылмандарға басшы қылдыңдар. Сахабалардың ешқайсысы Расулуллаһқа сұрақ қоя алмайтын. Өйткені мұсылмандардың сұрақ қоюына аяти карима тыйым салған еді. Тек хазреті Әли ғана сұрайтын» дейді.

Жоғарыдағы жазбаның дін дұшпаны тарапынан дайындалғаны анық. «Саадәт-и Әбәдия» кітабы оларға берілген жауаптарға толы. Әсіресе үлкен ғалым сәйид Абдулхакимнің (рахимә-һуллаһу та'ала) «Тәфсир кітаптары және хадис шәрифтер» атты жазбасын оқуды кеңес береміз.

Осман империясы дәуірінде жетіліп шыққан ғалымдар туралы жазылған «Шақаиқ-и Нумания» кітабының авторы Ташкөпрузада Ахмед бин Мұстафаның «Мифтахусаадә» кітабын оның ұлы Кәмаладдин Мұхаммед (рахимә-һумуллаһу та'ала) түрік тіліне аударып, «Мәудуат-ул Улум» деп атаған. Бұл кітапта былай жазылған:

Әһли сүннет ғалымдары (рахимә-һумуллаһу та'ала) тәфсир және хадис білімін төрт халифа арасынан ең көп хазреті Әлиден (радиаллаһу анһ) алған. Өйткені үш халифа бұрын қайтыс болды. Хазреті Әбу Бәкір (радиаллаһу анһ) алғаш иман келтіргендіктен, дінді таратумен уақыт өткізгендіктен, ислам үкімдерін және мұсылмандардың жұмыстарын атқаруға тырысқандықтан, одан келген хабарлар аз болды. Осы себептен әһли сүннет ғалымдарының көбі білімдерін хазреті Әлиден (радиаллаһу анһ) алды. Хазреті Әли (радиаллаһу анһ): «Менен қалағандарыңды сұраңдар! Әр аяттың түнде немесе күндіз, соғыста немесе бейбіт кезде, ауылда немесе тауда келгенін білемін» деді. «Әр аяттың не үшін келгенін білемін. Әр аяттың мағынасын сұрадым, білдім, жаттадым, айтып беремін. Менен сұраңдар» деді. Абдуллаһ бин Мәсуд: «Құран кәрім жеті әріп, яғни жеті лұғат бойынша келді. Әрбір әріптің ішкі және сыртқы мағыналары бар. Ол мағыналардың бәрі Әлиде» деген.

Әһли сүннет ғалымдары тәфсир және хадис шәриф білімдерін Имам Әлиден, хазреті Хасан мен хазреті Хусейннен, Салман мен Әбу Зәрдан (радиаллаһу анһум) алғанындай, асхаби кирамның барлығынан да алған. Өйткені олардың барлығы жоғары дәрежелі, әділ еді. Жамаладдин Юсуф бин Ибраһим Әрдәбили «Әнуар ли-амал-ил әбрар» атты фиқһ кітабында жазғанындай, Әбу Амр бин Салах «Марифат-ул хадис» кітабында және Яхия бин Шәрәф Мухиддин Нәуәуи «Иршад» кітабында айтқан, Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) қайтыс болған кезде жүз жиырма төрт мың сахаба бар еді. Олардың барлығы жоғары дәрежелі және әділ еді. Имам Бәғауидың «Мәсабиһ» атты хадис кітабында [төрт мың жеті жүз он тоғыз хадис шәриф бар]. Әбу Саид Худри жеткізген хадис шәрифте: «Сахабаларымды жамандамаңдар! Ухуд тауындай алтын садақа берсеңдер, сахабаларымның бірінің жарты муд арпа садақасының сауабына жете алмайсыңдар!» делінген. [Бір муд – 875 грам]. Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) алдында, сұхбатында жетілудің пайдасы осындай еді. Асхаби кирамды балағаттау харам. Үлкен күнә. Өйткені асхаби кирамның барлығы мүжтәһид. Ол соғыстарда өз ижтиһадтары бойынша амал етуі уәжіп болды және солай істеді. Тағы «Әнуар» кітабында Әрдәбили айтқан, хазреті Муауияны (радиаллаһу анһ) балағаттау, жамандау рұқсат емес. Өйткені ол сахабалардың ұлыларынан. Имам Мұхаммед бин Мұхаммед Ғазали айтқан, Имам Хасанның және Имам Хусейннің қалай шәһид болғанын және асхаби кирам арасындағы соғыстарды баяндау, жазу харам. Өйткені бұл асхаби кирамнан кезкелген бірін жамандауға, жақсы көрмеуге себеп болады. Ислам дінін кейіннен келгендерге жеткізген олардың бәрі. Олардың бірін жамандау исламды жамандау, дінді құлату болады.

«Мәсабиһ» кітабында Имран бин Хасин (радиаллаһу та'ала анһ) жеткізген хадис шәрифте: «Үмбетімнің ең қайырлы, ең үстемдері – менің заманымдағылар. Олардан кейін ең қайырлылары олардан кейін келгендер. Олардан кейін ең қайырлылары олардан кейін келгендер. Олардан кейін сондай адамдар келеді, сұратпай куәлік етеді және сенімді болмайды. Опасыз болады. Атағандарын орындамайды. Жеке басының рахатына, құмарлықтарына берілген болады» делінген. Тағы осы кітапта Жабир бин Абдуллаһ жеткізген хадис шәрифте: «Мені көрген және мені көргендерді көрген мұсылмандардың ешбірі тозаққа кірмейді!» деді.

Абдуллаһ бин Зубәйрдің әкесі Зубәйр бин Аууамнан (радиаллаһу анһума) естіп жеткізген хадис шәрифте: «Кез келген елде қайтыс болған сахабамның бірі қияметте махшар алаңына бара жатқанда сол елдің мұсылмандарына жетекші болады және олардың алдын жарықтандырады» деді.

Хусейн бин Яхия Бұхари (рахимә-һуллаһу та'ала) «Раудатул Уләма» кітабында айтқан: «Мүжтәһидтің барлық хадиспен амал етуі рұқсат. Асхаби кирамның әрбірінің сөзі дәлел». Имам Ағзам Әбу Ханифа (рахимә-һуллаһу та'ала) айтқан, асхаби кирамның кез келген бірінің менің ижтиһадыма сай келмейтін сөзін естісеңдер, менің сөзімді тастап, сахабаның сөзімен амал етіңдер!

Бұлардан аңғарылғаны бойынша, әһли сүннет ғалымдары (рахимә-һумуллаһу та'ала) әһли бәйттің сөздерін дәлел ретінде алған және білімдерін осы негіздің үстіне құрған. Өйткені әһли бәйт және бүкіл асхаби кирам (радиаллаһу та'ала анһум әжмаин) бәрі пайғамбарымыздан (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) үйренгендерін, яғни бәрі бір нәрселерді айтқан. Олардың ижтиһадтары арасындағы айырмашылық аяти карималарды және хадис шәрифтерді өзгерту деген сөз емес.

13) «Біз әһли бәйт мазһабындамыз. Әһли бәйтке қарсы шыққан адам лағнеттелген. Әр уақытта мансус (аяттарға сай) және масум (күнәсыз) имамның болуы қажет. Әр пайғамбар мұрагер және халифа тағайындаған. Біздің Расулымыз пайғамбарлардың абзалы болып, оның мұрагері бүкіл мұрагерлердің сәйиді. Бізден болғандар ешқашан дәретсіз болмайды. Таза су таппайынша дәрет алмайды. Екі қолмен бетін жумайды, оң қолымен жуады. Құлақ пен мойынға мәсіһ тартпайды. Аяқтарын жумайды. Сәжде, руку, қиям және соңғы отырысты әһли бәйт секілді орындайды. Истихазалы қоян етін жеуді харам деп біледі. Иттің терісі илеумен таза болмайды дейді. Күнәһар адамға ұйып намаз оқымайды. Қажылықты пасықтың тыйым салуымен зая етпейді. Зинадан туылған қызбен некелеспейді. Қияспен амал етпейді. Ең алғаш қияс еткен Ібіліс. Екінші қияс еткен Әбу Ханифа дейді. Жүзікті оң қолының сұқ саусағына тағады. Әмир-ул мүмининнің есімі тек Әлиге ғана тән. Оның дұшпандарын қарғап, кәпір деп біледі. Шафии бастапқыда Әбу Ханифаны мазақ қылды. Кейін төмендікті тәрк етуде онымен ортақ болып, нұрлы жолда жүруде жолдас болды дейді. Әһли сүннет Әлиге деген махаббатты тастап, пасықтардың, залымдардың тозақ жолын ұстанған дейді. Әбу Бәкір халифалығын бастаған кезде Әли оны және оған бағынғандарды масқаралап, абыройын түсірді дейді. Расулуллаһтың жолы осы дейді» деп жазған.

Еліміздегі таза мұсылмандар өтірікші, адасушы адамдардың ішкі дүниесін түсінсін деп кітаптарындағы жазбаларды өзгертпей жаздық. Аллаһу та'алаға шексіз шүкір, ислам ғалымдары оларға дәлелдерге сүйеніп жауап берген, олардың ұстанған жолдарының қате жол екенін көрсеткен.

«Қияс» дегеніміз – Құран кәрімде және хадис шәрифтерде айқын көрсетілмеген бұйрықтарды жарыққа шығару деген сөз. Ібіліс қияс жасамады. Ол бұйрыққа қарсы шықты. Қарсы шығуға, күпірлікке қияс деген атау беріп, Имам Ағзам Әбу Ханифаға деген дұшпандығын жасыруды, ұлы ғалымның атына дақ түсіріп, ислам дінін құлатуды көздеуде.

«Хусния» кітабының ислам дұшпаны, яһуди тарапынан әзірленгенін «Тухфә-и исна ашария» кітабы жазған. «Тухфә» кітабы парсы тілінде. Хақиқат Кітап үйі жаңадан басып шығарған. «Хусния» кітабының мұсылмандардың арасына іріткі салып исламды іштен құлату, бұзу үшін бір яһуди тарапынан жазылғаны анық. Ең үлкен шабуылдау құралы – әһли сүннет ғалымдарын әһли бәйтке дұшпандай етіп көрсету. Алайда әһли сүннеттің әһли бәйтті аса құрметтеп жақсы көргені, олардың әрбір сөзін дәлел ретінде алғаны кітаптарымызда жазулы. Әһли бәйтке ғашық адамдарды оларға дұшпан ретінде таныту үлкен бетпақтық. Арамдықпен бұлардың құл тарапынан әһли сүннет ғалымдарына қарсы айтылғанын және ешкімнің жауап бере алмай масқара болғанын жазуда. Ол күң бұл мәліметтерді Имам Жафәр Садықтан (рахимә-һуллаһу та'ала) біліп алды деп, осы күпірлік пен дұшпандығын сол ұлы имамға да жұқтыруға тырысуда. Гиридли Сырри пашаның (рахимә-һуллаһу та'ала) «Шәрһ-и Ақаид» аудармасында, «Миләл уә Нихал» кітабында, Камус аудармашысы Ахмед Асымның (рахимә-һуллаһу та'ала) «Әмали қасидасы» шәрһінде, «Саадәти Әбәдия» және «Хақ сөздің дәлелдері» кітаптарында бұл жазбалардың қателері жеке-жеке көрсетілген, аяти карималар және хадис шәрифтермен дәлелденген.

Сәйид Әйюб бин Сыддық (рахимә-һуллаһу та'ала) «Мәнақиб Чихар йар-и гузин» кітабында алпыс үшінші оқиғасында жазғаны бойынша, Куфа қаласында Абдулмәжид есімді адасушы бар еді. Ол Жафәр Садықтың (рахимә-һуллаһу та'ала) алдына келіп былай сұрады:

А. – Сахабалар арасында ең үстем кім?

Жафәр Садық – Әбу Бәкір Сыддық (радиаллаһу та'ала анһ) бәрінен үстем.

А. – Мұны қайдан білесің?

Ж.С. – Аллаһу та'ала ол туралы «Расулдан кейін екінші» деген. Бұдан асатын абырой жоқ.

А. – Әли (радиаллаһу анһ) Расулдың төсегіне кәпірлерден қорықпай жатпады ма?

Ж.С. – Әбу Бәкір (радиаллаһу та'ала анһ) ештеңеден қорықпай Расулуллаһтан (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) бұрын үңгірге кірді.

А. – Кәпірлерден қорықпаса кірмес еді. Алайда Аллаһу та'ала Расулына хабар беріп, Әбу Бәкірге қорықпа деді. Демек ол қорықты.

Ж.С. – Ол Расулуллаһқа зиян келуінен қорықты. Аяғымен тесікті бітеді. Жылан оны қанша рет шақты. Соның ауыруына шыдап, Расулдың мазасын алмау үшін аяғын тартпады. Расулуллаһты оятпау үшін дыбысын шығармады. Өзі үшін қорықса, уланып, өз жанын Расулға пида етпес еді.

А. – «Маида» сүресінде «Рукуда тұрып садақа береді» деген елу сегізінші аяти каримамен мақталған Әли.

Ж.С.«Аллаһу та'ала мүртәдтерге қарсы жиһад ететін қауым әкеледі. Аллаһу та'ала оларды жақсы көреді» деген аяти карима Әбу Бәкір Сыддыққа қатысты және оның дәрежесін одан сайын көтеруде.

А. – «Бақара» сүресінің екі жүз жетпіс төртінші аятында «Мал-мүліктерін күндіз-түні, жасырын-ашық беретіндер» деп мақталған Әли емес пе?

Ж.С. – Әбу Бәкір Сыддықты мақтаған «Уәлләйл» сүресі абыройын аса көтеруде. Өйткені Әбу Бәкір қырық мың алтын берді. Өзіне мүлде қалдырмады. Аллаһу та'ала Расулына Жәбрейіл алейһиссаламды жіберіп, «Мен Әбу Бәкірге разымын. Ол маған разы ма?» деді. Әбу Бәкір «Мен Аллаһу та'алаға разымын, разымын, разымын» деп жауап берді.

А. – «Тәубе» сүресінің жиырмасыншы аятында: «Қажыларға су беруді және Харам мешітін құруды иман келтірумен және Аллаһ жолында жиһад етумен тең көресіңдер ме? Жоқ. Олай емес» деп Әли мақталуда.

Ж.С. – «Хадид» сүресінің оныншы аятында: «Меккені жаулап алудан бұрын садақа беріп, жиһад етуші мен жаулап алғаннан кейінгі беруші мен жиһад етуші бір емес. Әуелгісінің дәрежесі жоғарырақ» деп Әбу Бәкір мақталуда. Әбу Жәһл [Амр бин Хишам бин Муғира] Расулуллаһты ұрғысы келді. Әбу Бәкір жетіп келіп мұның алдын алды.

А. – Әли мүлде кәпір болмады.

Ж.С. – Иә, солай. Бірақ Аллаһу та'ала «Тәубе» сүресінің жүз бірінші аятында: «Мухажир және ансардың бұрынырақ келгендеріне Аллаһу та'ала разы. Оларға жәннатта шексіз нығметтер бар» және «Зумәр» сүресінің отыз үшінші аятында: «Дұрыс хабарлармен келген және Оған сенген адамға жәннатта қалайтын барлық нәрсесі бар» деп Әбу Бәкірдің (радиаллаһу та'ала анһ) иманын мақтауда. Басқалардың иманы бұлай мақталмады. Меккеде Расулуллаһ не айтса да кәпірлер «Өтірік айтасың» дейтін. Әбу Бәкір бірден келіп, «Дұрыс айтасыз, йа, Расулаллаһ» дейтін.

А. – «Али Имран» сүресінің жүз елу бесінші аятында Аллаһу та'ала: «Ухуд соғысында шайтанға еріп тарап кеткендер» деп шағым келтірмеді ме?

Ж.С. – Аяти кариманың соңын да оқы! «Олардың бұл кемшілігін кешірдім» деген.

А. – Әлиді жақсы көру парыз. «Шура» сүресінің жиырма үшінші аятында: «Сендерге исламды жібергенім және жәннатты сүйіншілегенім үшін ештеңе күтпеймін. Бірақ менің жақындарымды жақсы көріңдер» деген, олар Әли, Фатима, Хасан мен Хусейн.

Ж.С. – Әбу Бәкірге (радиаллаһу та'ала анһ) дұға ету және Оны жақсы көру парыз. «Хашр» сүресінің оныншы аяти каримасында: «Мухажирлар мен ансарлардан кейін қияметке дейін келетін мұсылмандар «Йа, Раббым! Бізді кешір және бізден бұрын келген дін бауырларымызды [яғни асхаби кирамды] кешір» дейді» делінген. Хусейни тәфсирінде жазылған: «Ғалымдардың айтуынша, асхаби кирамнан (радиаллаһу та'ала анһум әжмаин) бірін жақсы көрмейтін адам осы аятта айтылған мұсылмандардан болмайды. Бұл дұғадан мақұрым қалады».

А. – Расул алейһиссалам: «Хасан мен Хусейн жәннат жігіттерінің үстемдері. Ал әкелері олардан да үстемірек» деді.

Ж.С. – Әбу Бәкір Сыддық (радиаллаһу та'ала анһ) туралы бұдан да жақсысын айтты. Әкем Мұхаммед Бақырдан естідім. Атам Имам Әли (радиаллаһу та'ала анһ) айтқан, Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) алдында едім. Әбу Бәкір мен Омар келді. Расулуллаһ: «Йа, Әли! Бұл екеуі жәннат ерлерінің ең үстемдері» деді.

А. – Йа, Жафәр, Айша үстем бе, әлде Фатима ма?

Ж.С. – Айша (радиаллаһу анһа) Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) жұбайы еді. Жәннатта оның қасында болады. Фатима (радиаллаһу анһа) Әлидің (радиаллаһу та'ала анһ) жұбайы еді. Оның қасында болады.

А. – Айша Әлиге қарсы соғысты. Ол жәннатқа кіре ме?

Ж.С. – «Ахзаб» сүресінің елу үшінші аятында: «Рауслуллаһты ренжітпеңдер. Одан кейін жұбайларын некемен алушы болмаңдар. Бұлардың екеуі де үлкен күнә» делінген. Бәйдауи және Хусейни тәфсирлерінде айтылуы бойынша, бұл аят Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) қайтыс болғаннан кейін де оған құрмет көрсету үшін жұбайларын құрметтеу керектігін көрсетіп тұр.

А. – Әбу Бәкірдің халифа болатынын Құран кәрімнен көрсете аласың ба?

Ж.С. – Құран кәрімнен де, Таураттан да, Інжілден де көрсете аламын. «Әнам» сүресінің жүз алпыс бесінші аятында: «Аллаһу та'ала сендерді жер жүзінің халифасы қылды», бір-бірлеріңнің орнына тұрасыңдар. «Нұр» сүресінің елу бесінші аятында: «Иман келтірген және бұйрықтарымды орындағандарыңды жер жүзіне әмірші ететініме сөз беремін. Исраил ұлдарын халифа қылғанымдай, сендерді де бірінен соң біріңді халифа қыламын» делінген. Бәйдауи және Хусейни тәфсирлерінің айтуынша, бұл аяти карима ғайыптан хабар беріп, Құран кәрімнің Аллаһу та'аланың сөзі екенін және төрт халифасының (радиаллаһу та'ала анһум әжмаин) заңды, дұрыс екенін көрсетуде. Тауратта және Інжілде, «Фәтх» сүресінің соңғы: «Расулуллаһ және Онымен бірге болғандар бір-бірлерін әрдайым қатты жақсы көреді және әр уақытта кәпірлерге дұшпан болады!» аятында бүкіл сахабалар айтылған және Әбу Бәкірдің абыройына ишара етілген. Бұл аяттың соңында: «Сахабаларының мысалдары Тауратта және Інжілде аталды» деген. Атам Әли хабар берген хадис шәрифте: «Аллаһу та'ала ешбір пайғамбарға бермеген кереметтерді маған береді. Қияметте қабірден әуелі мен тұрамын, Аллаһу та'ала «Төрт халифаңды шақыр» дейді. «Олар кім, йа, Раббым?» деп сұраймын. «Әбу Бәкір» дейді. Жер жарылып, Әбу Бәкір бәрінен бұрын қабірден шығады. Кейін Омар, кейін Осман, кейін Әли тұрады...» делінген.

Адасушы бірден сөз алып:

- Йа, Жафәр, бұлар Құранда бар ма? – деп сұрайды.

Ж.С. – «Зумәр» сүресінің алпыс тоғызыншы аяти каримасында: «Пайғамбар және олардың куәгерлері есеп үшін әкелінеді» делінген. Немесе шәһидтері әкелінеді делінген.

А. – Йа, Жафәр! Қазірге дейін үш халифаны жақсы көрмейтін едім. Қазір бұған өкіндім. Тәубе етсем қабыл бола ма?

Ж.С. – Тез тәубе ет! Бұл тәубе бақыттың белгісі. Сол күйіңде ахиретке кеткеніңде дінің босқа кетер еді.

Байқалғанындай, әһли бәйттің барлығы хазреті Әбу Бәкірді және бүкіл сахабаларды (радиаллаһу та'ала анһум әжмаин) жақсы көретін еді. Күңнің Имам Жафәр Садықты көргені және оған қызмет етумен абыройланғаны рас болғанда, ол да асхаби кирамның ұлылығын біліп, бәрін жақсы көретін еді. Ирандағы, Ирактағы және Сириядағы адасушылардың Имам Жафәр Садыққа жала жапқаны осыдан аңғарылуда.

Әбу Бәкір Сыддық (радиаллаһу та'ала анһ) он үшінші жылы қайтыс болғанда Мәдинада бәрі жылады, қайғырды. Әли (радиаллаһу анһ) қайғылы хабарды естігенде жылап келді де, «Халифалық бүгін тоқтады» деді. Есік алдында тұрып:

«Йа, Әбу Бәкір! Сіз Расулуллаһтың сүйіктісі, досы, дерт ортағы, сырласы және кеңесшісі едіңіз. Бәрінен бұрын иманға келген сіз болдыңыз. Сіздің иманыңыз бәріміздің иманымыздан таза болды. Сіздің сеніміңіз әлдеқайда күшті, Аллаһтан қорқуыңыз көбірек болды. Бәрінен бай, бәрінен жомарт сіз едіңіз. Расулуллаһқа ең қамқор, ең көмекші сіз едіңіз. Расулуллаһпен сұхбаттасуыңыз бәріміздің сұхбаттасуынан жақсырақ еді. Қайырымды жандардың біріншісі сіз! Сіздің жақсылықтарыңыз бәріміздікінен көп. Барлық жақсылықта сіз алдасыз. Расулуллаһтың алдында сіздің дәрежеңіз ең жоғары болды. Оған ең жақын сіз болдыңыз. Сыйласуда, ихсанда, көркем мінезде, бойда, жаста, баста Оған ең көп ұқсайтын сіз болдыңыз. Аллаһу та'ала сізге көп марапат берсін, Расулуллаһқа бәрі өтірікші дегенде сіз «Дұрыс айттыңыз, сендім» дедіңіз. Сіз Оның құлағы және көзі секілді едіңіз. Аллаһу та'ала сізге Құран кәрімде «Сыдқ» абыройын берді. Расулуллаһқа ең қиын кездерінде көмекші болдыңыз. Бейбіт күндері Оның алдында, соғыстарда Оның қасында едіңіз. Оның үмбетінің халифасы, Оның дінінің қорғаушысы едіңіз. Надандар діннен шыққанда сіз ислам дініне күш бердіңіз. Бәрі не істерін білмей қалған кезде сіз арыстандай ортаға шықтыңыз. Бәрі тарап жатқанда сіз Мұхаммед Мұстафаның жолын ұстандыңыз. Сахабалардың аз сөйлейтіні және ең анық, көркем сөйлетіні сіз едіңіз. Әр сөзіңіз, әр табысыңыз дұрыс, әр ісіңіз таза еді. Көңіліңіз бәрінен қуатты, сеніміңіз бәрімізден берік еді. Әр істің соңын әуелден көріп, қалғандарын исламға кіргізіп жарқырататын едіңіз. Мұсылмандарға мейірімді, кешірімді әке едіңіз. Исламның ауыр жүгін сіз тасыдыңыз. Исламның хақысын бәрі қолдан жіберіп алғанда сіз орындадыңыз. Сіз жел қимылдата алмайтын таудай едіңіз. Ісіңіз туралық, ілім еді. Сөзіңіз ерлікпен туралықты айту еді. Кері ойларды, қате сенімдерді түбімен қопардыңыз. Хақ дін ағашын отырғыздыңыз. Қиындықтарды мұсылмандарға жеңілдеттіңіз. Күпірлік пен мүртәдтік отын сөндірдіңіз. Рахманның дінін сіз дұрыстадыңыз. Исламға, иманға сіз қуат болдыңыз. Аспанда періштелердің арасында сіздің дәрежеңіз өте биік. Мухажир мен ансар сахабалар (радиаллаһу та'ала анһум әжмаин) арасында сізден айрылу қайғысы өте ауыр» деді. Әрі қатты жылады. Мүбәрәк көзінен қан ақты. Кейін:

«Аллаһу та'аланың тағдырына разы болдық. Берген қиыншылықтарын қабыл алдық. Йа, Әбу Бәкір! Расулуллаһтан айрылу қайғысынан кейін бізге сіздің қайтыс болуыңыздан ауыр қиыншылық келмеді. Сіз мұсылмандарға пана, тірек және көлеңке едіңіз. Мұнафиқтарға қарсы өте қатаң және айбынды едіңіз. Аллаһу та'ала сізді Мұхаммед алейһиссаламның құзырына қауыштырсын! Бізге сізден айрылу азабына сабыр мен сауап берсін! Біздерді сізден кейін адасудан, азғындаудан қорғасын» деді. Асхаби кирамның бәрі үнсіз хазреті Әлидің (радиаллаһу анһум) сөздерін тыңдады. Соңында бәрі жылады.

Хазреті Әлидің (радиаллаһу анһ) бұл сөздері «Фәтх» сүресінің соңғы аятының қаншалықты дұрыс екенін, асхаби кирамның бір-бірін қаншалықты қатты жақсы көргенін айқын көрсетуде. Осы ақиқатқа қарсы мына «Хусния» кітабының неткен опасыздықпен ойдан шығарылғаны, әһли бәйттің атын жамылып, исламды іштен құлату үшін қалай ойластырылғаны аңғарылуда. Бұл кітапты жыртып жойып жіберу, осылайша еліміздегі мұсылман алеуи балаларын осы қауіпті микробтан қорғау әр иман иесіне парыз.

14) Хусния кітабында «Расул өлім аузында жатқанда «Қағаз бен қалам әкеліңдер, сендерге кітап жазамын» дегенінде Омар Расулуллаһтың өсиетіне бөгет болды. Алайда оның әр сөзінің уахи екені Құран кәрімде жазылған» дейді. Мұның жауабы «Саадәти Әбәдия» кітабында ұзақ және өте керемет жазылған. Сол жерден оқыңыз!

15) «Расулуллаһ қайтыс болған күні сахабалардың мұнафиқтары «Сакифә-и бәни Саида» деген жерде отырды. Халифат туралы сөз таласа бастады. Бірнеше адамға ұсынды. Сад бин Убадә қабылдағанда баласы әкесіне қылыш шығарып, «Әлиге не жауап бересіз? Ғадир Хуммда Расул оны қолынан ұстап «Мен оны сендерге халифа және имам қылдым» деген еді. Сіздер келісіп, қол берген едіңіздер. Ал қазір қалайша сөздеріңізден бас тартасыздар?» деді. Кейін Омар қылышын шығарып, Әбу Бәкірге бағынды. Кейін адасушылардан Әбу Убәйдә және жиырма адам бағынды. Ешбірі жаназа намазын оқымады. Үш күннен кейін Әли де келіп мешітте бәрі жиналды. Омар Әлидің қасына келіп, «Халықтың көбі Әбу Бәкірге бағынды. Сен және Бәни Хашим да бағынуларың керек» деді. Зубәйр қылышпен Омарға бас салды. Әли бөгет болып тоқтатты. Әли Әбу Бәкір мен Омарға қарап, «Ей, сахабалар, пайғамбарға қарсы келіп, Аллаһқа қарсы шықтыңдар. Халифалық менің хақым. Хақымды беріңдер» деді. Омар: «Саған бағынбаймыз» деді. Әли жауап ретінде: «Расул өсиет етпегенде, сен секілді мұнафиқ және дін дұшпандарын өлтіретін едім» деді. Әбу Бәкір және Әбу Убәйдә «Ей, Әли, сен әлі жассың. Отыз үш жастасың. Ал Әбу Бәкір қария. Соңында халифалық сенікі болады. Сөнген отты қайта жақпа!» деді. Әли: «Халифалық бізге тән. Ешкімнің хақысы жоқ» деді. Бәшир бин Сад Ансари: «Йа, Әли, бұл сөзіңді ертерек айтқаныңда, Әбу Бәкірге ешкім бағынбайтын еді» деді. Омар Әлиге бәрі бағынатынынан қорқып, мәжілісті тарқатты. Ертеңіне Салман, Әбу Зәр, Миқдад, Аммар бин Ясер, Бурәйдә Әсләми, Сәһл бин Ханиф, Хузәйфәтибни Сабит, Әбу Әйюб Ансари: «Әбу Бәкірді өлтіреміз» десті. Әли мұны қабылдамай, «Расул хабар берген, Ей, Әли, сен маған Харун мен Мұса секілдісің. Бәни Исраил Харунды тастап, өгізге табынғанындай, үмбетім сені тастап, өзгесін таңдайды» деді. Сахабалар жұма күні мешітке келіп, «Ей, Әбу Бәкір, мына жаман істен бас тарт» десті. Мәселе ұзады. Үш күннен кейін Халид бин Уәлид үлкен әскер жинап, Омар да олардың алдына өтіп мешітке келді. Әлиге тиісе бастады. Салман тұрып оларға «Сендердің тозақтың иттері екендіктеріңді Расул хабар берді» деді. Омар көшеде бәрін қинап, Әбу Бәкірге бағындырды. Хазреж тайпасы мен Сад бин Убадә тоғыз мың адаммен бағынбады. Малик бин Нувәйрә он мың адаммен бағынбағандықтан, Омар Халид бин Уәлидті жіберіп, сол мұсылманды намазда өлтірді. Мұның қай жеріне ижма-и уммет делінеді?» дейді.

Хусния кітабы өзіне ұнайтындай етіп жаза тұрсын, біз тарихи дәлелдерге қарайық.

Үлкен Табари тарих кітабын Мұхаммед бин Жәрир (рахимә-һуллаһу та'ала) жазған. Мұның аудармасында, үшінші томының бірінші беті былай басталған:

Расулуллаһ науқастанғалы бері Әбу Бәкір Сыддық үйіне қайтпады. Мәсжиди саадатта қалып, барлық уақыт Расулуллаһқа қызмет еткен еді. Расулуллаһ хижреттің он бірінші жылы рабиул әууәл айының он екінші дүйсенбі күні қадірлі рухын тапсырды. Мүбәрәк басы хазреті Айшаның (радиаллаһу анһа) кеудесінде еді. Хазреті Әли (радиаллаһу анһ) жылап сыртқа шықты. Хазреті Әбу Бәкір ішке кіріп, Айшаның жылап, бетін қолымен ұрып жатқанын көрді. Расул (алейһиссалам) жатқан, көйлегімен беті жабылған еді. Бетін ашқанда қайтыс болғанын көрді. Қайта бетін жауып, мешітке кірді. Хұтба оқыды да, «Ей, сахабалар! Расулуллаһ қайтыс болды. Аллаһу та'ала оған өлім нәсіп етті. Мұхаммед алейһиссаламға табынатындар бар болса, білсін, ол қайтыс болды. Аллаһу та'алаға табынатындар білсін, Аллаһу та'ала ешқашан өлмейді» деді. Кейін «Али Имран» сүресінің жүз қырық төртінші аятын оқыды. Ол аяти каримада: «Мұхаммед (алейһиссалам) Расул. Оған дейін де Расулдар келген. Ол да өледі. Қайтыс болса немесе өлтірілсе, діндеріңден бет бұрасыңдар ма? Дінінен шығатындар болса, Аллаһу та'алаға зиян келмейді. Олар өздеріне зиян береді. Дінінен қайтпағандарға Аллаһу та'ала сауап береді» делінген.

Муғира-тәбни Шубә келіп, ансар сахабалардың бір жерге жиналғанын, Сад бин Убадәні халифа қылғанын айтты. Хазреті Әбу Бәкір хазреті Омарды жетектеп, екеуі сыртқа шықты. Жолда Әбу Убәйдә бин Жәррах хазретті кездестірді. [Әбу Убәйдә бин Жәррах (радиаллаһу анһ) Ашарә-и мубашшарадан, яғни жәннатқа кіретіні сүйіншіленген он адамның бірі. Барлық соғысқа қатысты. Өте ержүрек, батыл еді. Шамға кірген әскердің қолбасшысы еді. «Қысас-и Әнбия» кітабында баяндалуы бойынша Расул (алейһиссалам) ол туралы «Үмбетімнің сенімдісі осы» деген еді. Он сегізінші жылы елу сегіз [58] жасында қайтыс болды. Қайтыс болғанында жындардың жылап, аза тұтқаны естілді. Расулуллаһтың жәннатпен сүйіншілеген және үмбетімнің сенімдісі деген, өмірін Расулуллаһтың көз алдында, дін дұшпандарына шабуылдаумен өткізген осындай мүбәрәк тұлғаны ұялмай «Адасушы» деген осы яһуди кітабының мұсылмандықты бөлшектеу үшін жазылғаны айдан анық]. Әбу Убәйдә хазрет те «Ансар сахабалар Бәни Саиданың үйіне жиналды, Сад бин Убадәні халифа қылып жатыр» деді. Үшеуі сол жаққа барды. Әус және Хазрәж тайпалары жиналып Сад бин Убадәға қол беріп бағынғысы келгенін көрді. Сад (радиаллаһу анһ) науқастанып жатқан еді. Адам көп еді. Әбу Бәкірге олар «Бізден бір халифа, сіздерден бір халифа болсын!» десті. Әбу Бәкір Сыддық (радиаллаһу анһ) аяти карималар оқып ұзақ насихат айтты. Ансар сахабаларды мақтады. «Имам құрайштан болады» деген хадис шәрифті оқып, «Құрайштан біреуді халифа қылайық. Сендер Расулдың көзінде қандай қадірлі болсаңдар, оның көзінде де сондай құрметті боласыңдар. Мен сахабалардан екі адамды таңдадым. Екеуі де құрайштың асыл ұлдары. Бірі Омар, бірі Әли» деді. Ансар сахабалар Әлиге (радиаллаһу анһ) қол беріп бағынғысы келді. Омар тағы бүлік шығуынан қорқып, «Йа, Әбу Бәкір! Сіз құрайштансыз! Қолыңызды беріңіз, сізге бағынайық» деді. Әбу Бәкір «Сен қолыңды бер, саған бағынайық» деді. Омар Әбу Бәкірдің қолын тартып бағынды. Ансар сахабалар да мұны көріп, бәрі Әбу Бәкірге бағынды. Ансар сахабалардың Сад бин Убадәға бағынатыны туралы хабар Мәдинада тараған еді. Бүкіл сахабалар жиналып, бұған қарсы тұру үшін жүрді. Омар (радиаллаһу анһ) алдына өтіп, «Ей, халық! Келіңдер, пайғамбар алейһиссаламның халифасына бағыныңдар!» деп айқайлады. Сол күні бүкіл Мәдина халқы хазреті Әбу Бәкірге (радиаллаһу та'ала анһ) бағынды. Осылай үлкен бөлінушіліктің алды алынған болды. Хазреті Әли, Хасан және Хусейн (радиаллаһу анһум) әһли бәйтке көңіл айтушылардан босамағандықтан, үшеуі ғана сол күні бағынбай, кейіннен бағынды.

Ертеңіне сейсенбі күні сахабалар мешітте жиналды. Омар (радиаллаһу анһ) мінберге шығып, «Ей, асхаби кирам! Аллаһу та'алаға шүкір етіңдер, сендерді ең абзалдарың болған Әбу Бәкірдің айналасына жинады. Бағынбағандар қалған болса қол беріп бағынсын!» деді. Кейін хазреті Әбу Бәкір Сыддық: «Ей, халық! Біліңдер, мен бұл істі сахабалар арасында бөліну болмасын, қан төгілмесін деп қабылдадым. Мен де сендер сияқты адаммын. Адам қателесе алады. Қателеспеген кезімде Аллаһу та'алаға шүкір етіңдер. Қателескенімде маған дұрысын көрсетіңдер! Мен Аллаһу та'алаға бағынғанымша сендер де маған бағыныңдар. Мен бағынудан шықсам, сендер де маған бағынбаңдар! Қазір пайғамбарымыздың (алейһиссалам) қызметіне қарасайық. Оның хақысын өтейік. Жуындырайық, жаназасын оқиық және қабіріне салайық» деді. Мінберден түсіп, Расул алейһиссаламның бөлмесіне барды. Бетін ашып, мүбәрәк жүзін иіскеді. Мүбәрәк жүзінен және шашынан миск хош иісін сезді. Жүзін мүбәрәк жүзіне қойып, «Ата-анам сізге пида болсын, тірі кезіңізде де, өлі кезіңізде де хош иісіңіз аңқып тұр!» деді. Кейін «Расул алейһиссаламнан естідім, «Мені әһли бәйтім жуындырсын!» деген еді» деп, «Аббас пен Әли (радиаллаһу анһума) жуындырсын» деді. Аббас баласы Фадлмен бірге келді. Хазреті Әли де келді. Халифа «Йа, Әли, Расулуллаһты сен жуындыр» деді. Расулуллаһтың қызметшісі Усамаға да «Оларға қызмет ет» деді. Өзі асхаби кираммен бірге есік алдында күтті. Ансардан Әус бин Хаулиді (радиаллаһу анһ) де көмектесуге ішке кіргізді. Көйлегімен жуындырып, үш ақ кебінге орады. Хош иісті шөп тұтатты. Әбу Талха қабір қазды. Қабірдің орны қай жерде болатына бір ауыздан келісім болмады. Сонда хазреті Әбу Бәкір: «Мен Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм), «Пайғамбарлар қайтыс болған жеріне жерленеді» дегенін естігенмін» деді. Төсегі алынып, сол жер қазылды. Расулуллаһты қабірдің шетіне қойды. Сахабалар топ-топ болып имамсыз жаназа оқыды. Намаз түн жарымына дейін жалғасты. Түн жарымында қабірдің ішіне қойды. Сәрсенбінің түні еді. Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) дүйсенбі күні қайтыс болды. Дүниеге келуі де дүйсенбіде еді. Он алты жасында Хажәр-и әсуад тасын да қағба дуалына дүйсенбі күні қойған болатын. Хижретте Меккеден дүйсенбі күні шыққан еді. Мәдинаға да дүйсенбі күні келген еді.

Жерлеуден үш күн өткен соң хазреті Әбу Бәкір «Расул алейһиссалам сендерді Усаманың қолбасшылығында соғысқа жіберген еді. Науқастанған кезінде ол іс атқарылмай қалды. Бәрінен бұрын осы бұйрықты орындауымыз керек! Бұл мәселеге немқұрайлы қарамаңдар! Соғысқа дайындалыңдар» деп әмір етті. Сахабаларды соғысқа дайындады. Ол кезде Усама жиырма екі жасында еді. Арабстан шөлдерінде көтеріліс шыққаны туралы хабар келді. Сахабалар «Усаманың қолбасшылығында бармайық. Көтерілісшілер Мәдинаға келіп халифаны өлтіреді» десті және болдырмауға тырысты, дегенмен хазреті Әбу Бәкір «Расулуллаһтың бұйрығын не болса да орындаймыз және Расулуллаһ ұнатып таңдаған қолбасшысын мен ауыстыра алмаймын» деді. Усама атқа мініп, ал халифа мен сахабалар жаяу жүріп Мәдинадан сыртқа шықты. Халифа сахабалармен қоштасқанда «Сендерге бірінші насихатым, Усамаға бағыныңдар!» деді. «Шамдағы діни қызметкерлерді, балаларды, әйелдерді өлтірмеңдер» деді. Усамаға қарап: «Расулуллаһ әмір еткен жерге бар! Кейін Шамға аттан» деді. Усама Хузаа тайпасына барып, мүртәдтерді өлтірді. Жеңіспен қырық күннен кейін Мәдинаға оралды.

Арабстан халқы діннен шығып, мүртәд болды. Халифа мүртәдтерді тәрбиеге келтіруге Халид бин Уәлидті жіберді. Халид мүртәдтердің көшбасшыларын жойқынға ұшыратты. Құтылғандар қайтадан иманға келді. Халифа зекет қызметкерлерін зекет жинауға жіберді. Бәни Тәмим тайпасының көшбасшыларынан Малик бин Нувәйраны Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) Бәни Ханзала тайпасының зекеттерін жинауға міндеттеген болатын. Маликтың әулеті Әбу Бәкірге бағынып, зекеттерін жіберді. Сижах бин Харис есімді христиан әйел Мусулдан Хижазға келіп, пайғамбар екенін жариялады. Сижах Маликты өз дініне шақырды. Малик «Сен үшін соғысамын. Бірақ дініңе кіру үшін біраз ойланайын» деді. Сижах ертеңіне «Таңертең маған Раббымнан уахи келді, Бәни Тәмимнен маған сенбегендермен соғысасың» деді. Малик соғысып, жеңіп келді. Көп мұсылманды өлтірді және көп адамның Сижахқа сенуіне себеп болды. Сижах күшейіп, Мусәләмәтул Кәззабқа көмектесу үшін Йеменге барды. Халид халифадан бұйрық алмастан Маликке шабуылдады. Малик зекеттерін Халидқа жіберді. Халид қабылдап, халифаға хабар берді. Халифа әмір жолдап, «Азан даусы естілген ауылдарға тиіспе» деді. Атты әскер Маликты ұстап алып келді де, «Азан даусын естімедік» деді. Әбу Қатада (радиаллаһу анһ) «Мен естідім» деді. Халид: «Неліктен Сижахқа бағындың?» деп сұрағанында Малик: «Мен онымен бейбіт келісімге келдім. Дініне кірмедім» деп жауап берді. Бірақ пайғамбарымыз туралы айтқанда жаңылысып, «Сендердің қожайындарың былай деген еді» дегенде Халид (радиаллаһу та'ала анһ) ашуланып, «Ей, күшік! Біздің пайғамбарымыз сендердің де пайғамбарларың емес пе? Сен мұнафиқсың. Сижахқа бағынғансың! Сол себепті көп мұсылман өлтірдің» деді де, басын шапқызды. Әбу Қатада бұл істі жөн санамай, Мәдинаға келді. Хазреті Омарға айтып берді. Омар (радиаллаһу анһ) халифаға барып, «Халид зұлымдықпен мұсылмандарды өлтірген екен. Халидты шақырып, жазасын бер!» деді. Халифа: «Йа, Омар! Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) Халид туралы «Халид – Аллаһтың қылышы» деген. Оған қалай ренжимін» деді. Маликтың бауыры келіп, «Бауырым мұсылман еді. Сізге бағынған болатын. Халидтен бауырымның қанын сұраймын» деді. Халифа Халидты шақырды. Омар Халидты көргенде жағасына жабысып, оқтарын алып сындырды да, «Аллаһтан қорықпайсың ба? Мұсылманды өлтіріпсің» деді. Халифа сұраған кезде Халид: «Ей, Халифа! Расулуллаһтың «Халид – Аллаһтың қылышы» дегенін естімедіңіз бе?» деп сұрады. «Биллаһи естідім» дегенінде Халид: «Аллаһтың қылышы тек қана кәпір немесе мұнафиқтың басын шабады» деп жауап берді. Халифа «Дұрыс айтасың, бара ғой, қызметіңе орал» деді. Омар (радиаллаһу анһ) Халидтың құтылғанын естігенде ренжіді. Табаридың жазбасы осы жерде тәмәм болды.

Әһли бәйт ұрпағынан болған сәйид Абдулқадир Гейлани (қаддәсаллаһу та'ала сиррәһул азиз) «Ғуния» кітабында атасы хазреті Әлидің (радиаллаһу анһ) хазреті Әбу Бәкір халифа болатын күні айтқан сөздерін жазуда.

«Мәуаһиб-и ләдунния» кітабының аудармасы, екінші том, жүз елу бесінші бетінде: Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) хазреті Әлиге (радиаллаһу анһ) «Харун Мұсаға (алейһимассалам) қалай жақын болса, сен де маған сондайсың. Бірақ менен кейін пайғамбар келмейді» деді. Бұдан аңғаратынымыз, арада пайғамбарлық емес, халифалық, яғни орнына уәкіл болу тұрғысынан ұқсастық бар. Харун Мұса (алейһиссалам) қайтыс болмай тұрып орнына уәкіл болғанындай, «Сен де мен тірі кезде, болмаған жерімде менің халифамсың» деген сөз. Шәрәфәддин Хусейн бин Мұхаммед Тайиби осылай мағына берді. Харун алейһиссаламның Мұса алейһиссаламнан бұрын қайтыс болғаны баршаға мәлім. Сондықтан Имам Әлидің Расулуллаһтан кейін халифа болатынына бұл жерде ишара болмағанындай, халифа болмайтыны да аңғарылуда.

«Мәнақиб-и чихар йар-и гузин» кітабының бесінші оқиғасында жазылғанындай, Бұхарида Абдуллаһ бин Омар (радиаллаһу анһума) айтқан: «Расулуллаһтың заманында асхаби кирамның үстемдіктері жайлы сөйлесіп отырған едік. Алдымен Әбу Бәкір, кейін Омар, кейін Осман, кейін Әли» дейтін едік. Ибн Мүнзирдің айтуынша, Имам Әли «Бұл үмбеттің үстемі Әбу Бәкір Сыддық» деген.

Хазреті Омардың (радиаллаһу анһ) отыз төртінші оқиғасында баяндалуы бойынша, бір соғыстан өте көп олжа заттары келді. Халифа Омар оның бестен бірін тиесілі адамдарға таратқанда Имам Хасан келді. Оған мың дирхам [3 кг 365 гр] күміс берді. Кейін хазреті Хусейн келді. Оған да мың дирхам берді. Кейін өзінің ұлы Абдуллаһ келді. Оған бес жүз дирхам берді. Абдуллаһ ренжіп, «Хасан мен Хусейн кішкентай бала болса да, оларға көп бердіңіз. Ал мен жауынгермін, қанша рет соғысқа бардым. Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) көз алдында дұшпанға шабуылдап, қаншама кәпір өлтірдім. Маған олардан аз беру дұрыс па?» деп сұрады. Хазреті Омар жауап ретінде: «Ей, ұлым! Сен олармен тең болғың келе ме? Олардың Әлидей әкелері бар. Фатима-туззахрадай (радиаллаһу анһа) аналары бар. Расулуллаһтай (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) аталары бар» деді. Бұл сөздер Имам Әлидің құлағына жеткенде «Расулуллаһтан естідім: «Омар – жәннаттағы адамдардың жарығы және исламның нұры» деген болатын» деді. Хасан мен Хусейн бұл сүйіншіні Омарға айтып барды.

Әбулмуин Мәймун бин Мұхаммед Нәсәфи «Тәмхид» кітабында айтады: Халифаның кім болатыны нақты айтылмаған. Хазреті Әли және балаларының халифа болу керектігі айтылған болса, асхаби кирам мұны айтып, бізге дейін хабар жететін еді. Айтылған әмірді асхаби кирамның жасыратынын айту оларға жала жабу саналады. Асхаби кирам әжетханада қалай тазалану керектігін көрсететін хабарларды да бізге дейін жеткізді. Халифалық үшін әмір, белгі бар болғанда, Әли (радиаллаһу анһ) және балалары мен асхаби кирам мұны әлбетте хабар беретін еді. Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) қайтыс болғанда асхаби кирам Бәни Саиданың үйінде жиналып, «Кімде-кім өз заманының халифасын білмесе, өлерінде дінсіздер секілді өледі» деген хадис шәрифті оқыды. Халифасыз бір күннің де өткенін дұрыс санамады. Сондықтан халифаны білмеу күпірлік. Өйткені исламның бұйрықтарының бір бөлігін атқару үшін халифа қажет. Мысалы жұма мен айт намаздарының оқылуы, жетімдердің үйленуі оған байланысты. Халифаны жоққа шығарған адам парыздарды жоққа шығарған болады. Ал парыздарға сенбеу күпірлік. Ансар сахабалардың бірі «Бізден бір халифа, мұхажир сахабалардан бір халифа болсын» деді. Әбу Бәкір тұрып, «Менің ойымша халифа болу Әлиге жарасады. Мен оның халифа болғанын қалаймын» деді. Әли дереу орнынан тұрып, қылышын шығарып, «Тұрыңыз, йа, Әбу Бәкір! Аллаһтың және Расулының халифасы сізсіз! Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) сізді бәріміздің алдымызға шығарды. Сіздің алдыңызға ешкім өте алмайды. Расулуллаһ маған «Бар, Әбу Бәкірге әмір ет! Сахабаларыма имам болсын» деген. Расулуллаһтың дініміз үшін алдымызға шығуына разы болған адамын біз дүниеміз үшін алдымызға шыққанына разымыз» деді. Расулуллаһ Әбу Бәкірді өзінің имамдық орнына халифа қылғаны үшін оған «Халифа-и Расул» деп айтылды. Сахабалар бәрі хазреті Әлидің сөзін қолдап, хазреті Әбу Бәкірді бір ауыздан халифа сайлады. Кейін Расулуллаһтың қызметіне барды. Жерлеуден кейін халифа хұтба оқыды да, «Мені басшы қылып тағайындадыңдар. Алайда араларыңдағы ең қайырлысы мен емеспін. Мені қабылдаңдар» деді. Әли тағы орнынан тұрып, «Сізді қайтара да, қабылдай да алмаймыз. Сізді Расулуллаһ алдымызға шығарды, кім кері тарта алады?» деді. Әбу Бәкір халифа кезінде күн өткен сайын әлсірей берді. Соңында аянышты жағдайға түсті. Қызы Айша себебін сұрағанда «Ей, көзімнің нұры қызым! Мұхаммед Мұстафадан (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) айрылу азабы мені әбден құлдыратуда» деді.

Абдуллаһ бин Аббас айтқан. «Иза жәә» сүресі келгенде әкем Аббас Әлиден «Бұл сүре Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) қайтыс болатынын хабар беруде. Кімді орнына халифа қылар екен?» деп сұрады. Ол «Ей, көкем, барып Расулуллаһтан сұраңыз. Бұл істі бізге тапсырса, құрайшпен таласуымыздың алды алынған болады. Басқа біреуге берсе, біздің хақымызды қорғасын деп ол адамға әмір берсін» деді. Аббас Расулуллаһ жалғыз кезінде барып сұрады. Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм): «Ей, көкем! Аллаһу та'ала халифалықты Әбу Бәкірге берген. Құтылуды, саламаттық пен бақыттылықты табу үшін Әбу Бәкірдің әр сөзін қабылдаңдар. Оған бағынғандар тура жолды табады» деді. Хазреті Әбу Бәкірдің хақ халифа екеніне сенген және асхаби кирамның барлығын жақсы көрген адам тура жолды тапқан болады.

Салман Фариси (радиаллаһу анһ) асхаби кирамның ұлыларының бірі еді. Көптеген хадис шәрифпен мақталды. Хазреті Омар (радиаллаһу анһ) тарапынан Мәдаин әкімі болып тағайындалды. Отыз бесінші жылы сол жақта қайтыс болды. Осындай ұлы тұлғаның Имам Омарға және үлкен сахабалар әскеріне «Тозақтың иттері» деуі және осы жаман жаланы Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) мойнына жүктеуі ешбір мұсылманның сенетін нәрсесі емес. Өйткені асхаби кирамның кез келген бірін жамандауға әр түрлі хадис шәрифтерде тыйым салынған. Салман Фарисидің бұл хадистерді елемеуі және оның үстіне хадис ойлап шығаруы тек қана яһуди жазған «Хусния» кітабының арсыз, бетпақ және өте төмен жаласы. Иә, Бұхари мен Мүслимдегі, Мәнауиде хабар берілген хадис шәрифте: «Бидғатшылар тозақтың иттері» делінген. Демек әһли сүннеттің тура жолынан айрылғандардың, асхаби кирамға тіл тигізгендердің тозақтың иттері екендігі хабар берілген. Хусния кітабы мұны терісіне айналдырып келтірген.

16) Парсылық яһуди Муртәданың Хусния атты кітабында «Үмбеттің таңдаулылары да, қарапайым халқы да исламның қалаларына хаттар жолдап, Османды өлтіруге бір ауыздан келісті және тіпті Мысырдан отыз мыңға жуық мұсылмандар Османның зұлымдығына шағымдану үшін Мәдинаға келді. Олар да ижма-и үмметке қосылып, Мәдина ішінде жаман түрде Османды өлтіріп, бірнеше күн аяғын жіппен байлап, сүйреп жүрді. Мұсылмандар топ-топ келіп, «Сен бұл зұлымдықты исламға не бетіңмен жасадың?» деп мәйітін де тоқпақтап ұрды» деп жазған.

Алайда бүкіл ислам тарих кітаптары бір ауыздан оқиғаны бұлжытпай жазған. Мысалы Табари үлкен тарих кітабының аудармасында, үшінші том, жүз жетпіс бірінші бетінде былай жазған:

Хазреті Осман (радиаллаһу анһ) халифа кезінде Йеменде Абдуллаһ бин Сәбә есімді яһуди көне кітаптарды көп оқыған еді. Ол Мәдинаға келіп, халифаның алдында мұсылман болып көрініп, халифаның көзіне түскісі келді. Бірақ халифа оған еш мән бермеді. Ол барлық жерде хазреті Османды жамандады. Халифаға адамдары «Сол яһуди әрдайым сізді жамандап жүреді» десті. Халифа оны Мәдинадан шығарып жіберді. Ол Мысырға барып, халифаға қарсы үгіт-насихат жүргізе бастады. Өте білімді болғандықтан айналасына сауатсыз надандарды жинап алды. Ең көп айтатыны «Әр пайғамбардың уәзірі бар еді. Біздің пайғамбарымыздың уәзірі Әли. Халифалық оның хақысы еді. Осман оның хақысын тартып алды» еді. Шаруаларды алдап, олар «Осман (радиаллаһу анһ) кәпір» деді. Мысыр әкімі Абдуллаһ бин Сад тарапынан халифаға шағым жазды. Мысырдан төрт мың адам Мәдинаға келді. Халифадағы жақтырмаған әрекеттерін оған айтты. Халифа барлық сұраққа жауап беріп, аяти карима және хадис шәрифтермен өзінің дұрыстығын дәлелдеді. Әскер Мысырға кері қайтты. Бір жылдан кейін Мысырдан төрт мың және Ирактан төрт мың адам келді. Мәдина халқы қаруланып, олардан «Не үшін келдіңдер?» деп сұрағанда «Қажылыққа бара жатырмыз» деп жауаптады. Халық қару-жарағын тастады. Келушілердің мақсаты хазреті Османды өлтіру болатын. Мысырлықтар хазреті Әлиді, ирактан келгендер хазреті Талханы халифа қылғысы келген еді. Мысырлықтар хазреті Әлиге келіп, «Сізді халифа қыламыз» деді. Хазреті Әли оларға ашуланып, «Пайғамбарымыз (алейһиссалам) сендер орналасқан жерге келіп тұрақтайтын әскердің малғұн екенін хабар берді» деді. Ол түні халифа хазреті Әлиге (радиаллаһу анһ) келіп, «Мына әскерді кері қайтар» деді. Хазреті Әли келісіп, таңертең әскерге насихат айтты. Әскер кері қайтпақшы болып тұрғанда хазреті Әли халифаға келіп, «Мысырдың әкімін ауыстырыңыз. Олардың талап еткен адамын тағайындаңыз» деді. Халифа Мұхаммед бин Әби Бәкірді әкім қылып тағайындады. Мысырлықтар әкіммен бірге Мысырға қайтты. Бірақ жолда бір хабаршыда халифаның хатын тауып алды. Бұрынғы әкімге бұйрық еді, «Келушілерді қабылдап алыңдар» деп жазылған еді. Ол кезде жазулар нүктесіз болғандықтан, хаттағы «Фақбулуһу» сөзін «Фақтулуһу», яғни «Өлтіріңдер» деген мағынада оқыды. Мысырлықтар бұған ашуланды. Мәдинаға кері қайтты. Ирактықтарды да қайтарды. Халифаның үйін қоршауға алды. Жиырма күннен кейін жұма түні халифаға түсінде Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) «Йа, Осман! Бұл түні біздің қасымызда ауыз ашасың!» деді. Әскер есікті бұзып ішке кірді. Мәруан бес жүз адаммен бақшада еді. Шайқас болды. Қан өзендей ақты. Бес жүз адамның бәрі өлгенше шайқасты. Мәруан жараланып құлады. Алдымен Мұхаммед бин Әби Бәкір ішке кірді. Бірақ халифаның сөзіне шыдай алмай қайтадан шықты. Кейін мысырлықтардан Кинана бин Бәшир кіріп, халифаны Құран кәрім оқып отырған жерінде шәһид етті. Сарайын тонады. Ашәрә-и мубәшәрадан Әли, Талха, Саид және Сад (радиаллаһу анһум) үйлерінен мүлде шықпады. Бәрі қайғырды. Отыз бесінші жыл, зүл-хиджа айының он сегізінші жұма күні еді. Көмекке келген Куфа мен Мысыр әскері үлгермеді. Ол сексен екі жасында болатын. Екінді уақыты еді. Үш күннен кейін үйінен шығарып, үш туысқаны түнде Бақида жерледі. Қорқыныштан ешкім келе алмады. Абдуллаһ бин Сәбә осылайша көздегеніне жетті. Ислам қоғамында алғашқы фитна отын салды. Алғашқы қанды жараны ашты.

Хусния кітабы бұл яһуди тарапынан шығарылып, мұсылмандарды іштей құлдыратуға, алдап арбайтын сөздермен фитна отын қайта тұтатуға, мұсылмандарды бөлуге, ойларын бұзуға тырысуда. Хазреті Османның (радиаллаһу анһ) үйі қоршауға алынған кезде азаншы оны мешітке шақырды. Ол «Келе алмаймын, намазды Әли оқытсын» деді. Әли (радиаллаһу анһ) тек жұма намазын ғана оқытып, басқа намаздарға Әбу Әйюб Ансариды өкіл қылды. Үйі қоршауда болғанда халифа қажылық үшін орнына Абдуллаһ бин Аббасты жіберді. Бірнеше күннен кейін мысырлықтар Әлидің (радиаллаһу анһ) алдына барып, «Сізді халифа қылдық» деді. Ол қабылдамай, «Басқа біреуді таңдаңдар! Мен де оған бағынамын» деді. Олар кейін Талхаға барды. Ол да қабылдамады. Бес күннен кейін Мәдина халқын Әлиге жіберді. Олар әбден жалынды, ол сонда да қабылдамады. Мысырлықтар «Біз халифасыз қайтсақ, үлкен фитна шығады, алдын алу мүмкін болмайды» деді.

Әли (радиаллаһу анһ) қайтадан фитна шықпасын деп алдымен Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) сахабалары бағынсын деді. Олар Талха мен Зубәйрді (радиаллаһу анһума) әкелді. Әли «Менің бұл іске талпынысым жоқ. Бірақ мұсылмандар имамсыз қалды. Қайбірің қабылдасаңдар, қол көтерсін, оған бағынайын» деді де, Талхаға қарап, «Сен бәрінен лайықтырақсың. Қолыңды бер, саған бағынайын» деді. Талха «Сен бар кезде маған жол жоқ» деді де Әлиге бағынды. Екінші болып Зубәйр бағынды. Кейін халық келіп бағынды. Ол күні зүл-хиджа айының жиырма бесі еді. Халифа хұтба оқыды. Бәрі жұма намазын оқыды. Халифа бәрінен бұрын хазреті Муауияны Шамдағы қызметінен босатып, орнына Абдуллаһ бин Аббасты тағайындады. Абдуллаһ мұны қабылдамай, бармады, «Оны қызметінен босатпа, ол жақта ол бұрыннан әкім. Бұл фитнаға себеп болады» деді. Халифа райынан бас тартты, бірақ бір жылдан кейін сонда да босатты. Көптеген әкімдерді ауыстырды. Муауия (радиаллаһу анһ) жаңа әкімге қарсы әскер жіберді. Әкім Мәдинаға қайтты. Шамнан бір хабаршы келіп, «Шамда жүз мыңнан астам адам Османның (радиаллаһу анһ) қаны үшін сізден кек алуыңызды талап етуде және олар күнде мешітке келіп Осман үшін жылауда» деді.

Көрініп тұрғанындай, исламда алғашқы фитнаны шығарған яһуди дүмшесі. Мұсылмандарды ол бөлді. Қазір мазһабсыздардың оның жолында екендігі кітаптарынан аңғарылуда.

«Мәсабих» кітабында жазылуы бойынша, Талха бин Убайдуллаһ (радиаллаһу та'ала анһ) хабар берген хадис шәрифте Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм): «Әр пайғамбардың досы бар. Менің жәннаттағы досым Осман» деген.

Әнәс бин Малик (радиаллаһу анһ) айтқанындай, Биат-и ридуан жасалғанда Осман (радиаллаһу анһ) жоқ еді. Қызметпен Меккеге жіберілген болатын. Расул (алейһиссалам) екі қолын бір-біріне қосып, «Осман Аллаһтың және Расулының жұмысымен жүр. Оның орнына мен қол беремін» деді. Өзінің мүбәрәк қолын Османнан қолы қылды.

«Мәсабих» кітабында Муррә бин Кабтың (радиаллаһу анһ) айтуы бойынша, Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) жақында шығатын фитналарды айтып отырған еді. Сол мезетте біреу өтті. Мүбәрәк қолымен оны көрсетіп, «Фитна күні бұл адам хидаятта» деді. Тұрып қарадым, өтіп бара жатқан адам Осман еді.

Ұлы ғұлама мәулана Нурәддин Абдуррахман Жами (рахимә-һуллаһу та'ала) «Шәуаһид-ун нубуввә» кітабында хабар беруі бойынша, Айша (радиаллаһу анһа) айтып берген, Расул алейһиссалам «Йа, Айша! Сахабаларымның бірін көргім келеді» деді. «Әбу Бәкірді шақырайын ба?» деп сұрап едім, жауап бермеді. Оны меңземегенін түсіндім. «Омарды шақырайын ба?» деп сұрадым, ештеңе демеді. «Көкеңіздің ұлы Әлиді шақырайын ба?» деп едім, тағы үндемеді. «Османды шақырайын ба?» дегенімде «Иә, шақыр. Келсін» деді. Расул алейһиссалам оған бір нәрсе айтты. Реңі сарғайды. Осман халифа кезде үйі қоршауға алынды. «Неге қарсы тұрмайсыз?» деп сұрағандарға «Расул алейһиссалам маған көп нәрсе айтты. Оған сөз бердім. Сабыр етемін» деп жауаптады. Хазреті Айша: «Расул алейһиссалам сол күні оған осы жағдайды хабар бергенін түсіндім» деген.

Абдуллаһ ибн Аббас (радиаллаһу та'ала анһума) айтқан, Хунәйн күні кәпірлер тарағаннан кейін Расул алейһиссаламмен бірге біреудің қасынан өттік. Расул алейһиссалам ол адамға «Ей, Аллаһтың дұшпаны! Аллаһу та'ала сені жақсы көрмейді» деді. Мен «Ол адам құрайштықтарды жақсы көрмейді» деп едім, «Иә, Османды жақсы көрмейді» деді.

Абдуллаһ ибн Аббас айтқан, Расулуллаһтан естідім. «Ант етемін, Осман үмбетімнен жетпіс мың адамға шапағат етіп, тозаққа түсуден құтқарады» деген.

Расулуллаһ қызы Руқайяны Османға бергеннен біраз уақыт өткен соң қызына «Осман бин Аффан қандай адам екен?» деп сұрады. «Қайырлы, жақсы адам екен» деген жауап алды. «Ей, жаным қызым! Османға көп құрмет көрсет. Өйткені сахабаларымның арасында мінезі жағынан маған ең көп ол ұқсайды!» деді.

Әли (радиаллаһу анһ) Фатима-туззахрадан (радиаллаһу анһа) бөлек тағы үйленгісі келді. Расул алейһиссалам мұны естігенде мүбәрәк жүрегі ренжіді. Әли бұдан бас тартқан болса да, оны кешірмеді. Әбу Бәкір шапағат етті, кешірмеді. Омар шапағат етті, сонда да кешірмеді. Осман шапағат етіп еді, кешірді (радиаллаһу та'ала анһум әжмаин). Себебін сұрағандарға «Сондай адамның шапағатын қабыл етемін, ол Аллаһу та'алаға жер мен көктің орнын ауыстыр десе, Аллаһу та'ала келісіп, ауыстырады. Немесе «Йа, Раббым! Мұхаммед (алейһиссалам) үмбетінің бәрінің бүкіл күнәларын кешір» десе, кешіреді» деді.

Әли (радиаллаһу анһ) Фатима-туззахрамен (радиаллаһу та'ала анһа) үйленетін кезінде тойға ақшасы жоқ еді. Сауытын сатуға шығарды. Осман (радиаллаһу анһ) базардан өтіп бара жатып, сауытты таныды. Делдалды шақырып, «Мына сауытқа иесі қанша сұрап жатыр?» деп сұрады. Делдал «Төрт жүз дирхам күміс» деп жауап берді. Хазреті Осман төрт жүз дирхам беріп сауытты сатып алды. Үйіне әкеліп, сауытқа тағы төрт жүз дирхам қосып, Әлиге жіберді де, «Бұл сауыт сенен басқа ешкімге лайық емес. Мына күмісті тойыңа жұмса және біздің кешірімімізді қабыл ет» деді.

Әулиелердің ұлыларынан, үлкен ғалым Имам Мұхаммед Париса (рахимә-һуллаһу та'ала) «Фаслулхитаб» кітабында былай жазған: Хазреті Әли (радиаллаһу анһ) айтқан: «Базбіреулер мені Әбу Бәкір, Омар және Османнан үстем санайды екен. Олай ойлайтындар мұнафиқтар. Олар мұсылмандардың арасына іріткі салу, бауырларды бір-бірінен айыру үшін солай істейді. Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) маған олар туралы хабар берді. «Оларды көргеніңде өлтір» деді. Олар мұсылман болып көрінеді. Алайда олар кәпір және ислам дұшпаны. Өтірік айтумен мақтанады, олардың іші бұзылған. Құран кәрімді өзгертеді. Асхаби кирам арасындағы бөлінуді көп талқылайды. Аллаһу та'ала оларды кешірмейді. Кішілері үлкендерінен сабақ алады. Оларды осылай қате жолда жетілдіреді. Олар исламды құлатады. Бидғаттарды жаяды. Жер жүзінде олардан төмен ешкім жоқ. Жер жүзі оларға ренжулі. Аспан оларға қарғыс көлеңкісін түсіреді. Олар жер жүзіндегі адамдардың ең жаманы. Фитна олардан шығады. Періштелер арасында олардың аты әнжас (ластықтар). Мешіттерінде, жиындарында, мектептерінде асхаби кирамға лағнет айтады және мұны өздерінің ғибадаты деп біледі. Жүректерінде адамгершілік сезімі жоқ. Аллаһу та'ала оларды адам кейіпінен шығарады. Сол заманда сүннетті берік ұстанған адам шәһидтерден, абидтерден үстем болады. Бақытқа кенеледі». Асхаби кирам мұны естігенде: «Йа, әмир-ул мүминин! Біз сол заманға дейін жетсек не істейміз?» деп сұрады. Хазреті Әли «Иса алейһиссаламның хауарилері секілді болыңдар! Біздің жолымызды үйреніңдер. Аллаһу та'аланың бұйрықтарына жүгінуге, Расулына бағынуға, сахабаларының барлығын жақсы көруге және осы адасушылардың сөздерінен, жазбаларынан сақтануға тырысыңдар! Хақ пен сүннетті ұстану бидғат пен адасушылықты ұстанудан қайырлы» деп жауап берді.

Имам Рәфиуддин Таж-ул ислам Осман бин Әли Мәрәнди хазреті Абдуллаһ бин Омардан хабар берген хадис шәрифте Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм): «Аллаһу та'ала сендерге намазды, оразаны, қажылықты, зекетті парыз қылғаны секілді Әбу Бәкір Сыддықты, Омар Фаруқты, Осман Зиннурәйнді және Әли Мұртазаны жақсы көруді де парыз қылды. Осы төртеуінің бірін жақсы көрмейтін адамның намазы да, оразасы да, қажылығы да, зекеті де қабыл болмайды. Қиямет күні олар қабірден отқа [тозаққа] апарылады» деді.

17) Хусния кітабында «Имам Жафәр Садық «Мута» некесін әмір ететін еді. Өйткені Аллаһу та'ала «Әйелдерді пайдаланған соң ақысын төлеңдер» деген аятында мута некесіне рұқсат берген. (Мута некесі дегені – бір әйелге «пәлен ақшаға өзіңді пәлен уақытқа маған тапсырасың ба?» деп, әйелдің де мұны куәгерсіз қабылдауы. Яғни белгілі күнге ақшаға әйелді жалдау деген сөз). Муфәссирлер мен фиқһ ғалымдары бұл аяттың мута некесіне қатысты екенін айтқан. Бұл аяттың күшін жоятын басқа аят пен хадис жоқ. Мұны Омар халифа кезінде ешбір аят пен хадис айтпастан фитнаға жол ашуынан қорқып, өз бетінше тыйым салды. Омар бин Хасин: «Мута некесін жасайтынбыз. Аят және хадиспен тыйым салынбады» деген. Абдуллаһ бин Омар: «Расулуллаһтың сүннеті әкемнің сөзімен өзгертіле алмайды» деген. Негізінде барлық нәрсе мубах (рұқсат). Тыйым салыну үшін аят пен хадис қажет» делінеді.

Бүкіл тәфсир және фиқһ кітаптарының айтуынша, «Ниса» сүресінің жиырма төртінші аятының «Қолданған әйелдеріңнің ақысын төлеңдер» мағынасы мута некесі туралы емес. Некедегі мәһір ақысын беруге қатысты. Мысалы «Бәйдауи тәфсирі» және оның хашиясы «Шәйхзада тәфсирі» екінші том, жиырма алтыншы бетінде жоғарыдағы аяттың тәфсирінде: «Бұл аяти карима сахих болған некені айтуда. Мута некесінің мубах екенін көрсетпейді. Мәһір ақшасын әмір етуде. Мута некесі басында мубах еді. Кейіннен тыйым салынды. Исламда белгілі бір уақытқа неке қию деген жоқ» делінеді.

Ұлы ғалым Бурханеддин Мәрғинанидің (рахимә-һуллаһу та'ала) «Хидая» кітабының шәрһі «Иная» кітабының екі жүз отыз бірінші бетінде мәулана Әкмалуддин [Мұхаммед бин Махмұд Баберти] айтады:

Мута некесі өтпейді. Иә, Абдуллаһ ибн Аббас хабар берген мута некесі мубах еді. Бірақ хадис шәрифпен бұған тыйым салынғанын асхаби кирам бір ауыздан хабар берген. Өзгерткен хадис шәрифтерді де хабар берген. Мысалы Мұхаммед бин Ханафия «Әкем Имам Әли (радиаллаһу анһума) айтқанындай, [хижреттің жетінші жылы] Хайбар қамалы алынған күні Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) мута некесіне тыйым салды» деген. Имам Әли осылай айтса, әһли бәйттің көзінің қарашығы Имам Жафәр Садық мута некесін әмір ете ме? Әлбетте әмір етпейді. Онсыз да «Хусния» кітабын жазған Мұртаза есімді яһуди дүмшесі өтіріктеріне, жалаларына сендіру үшін аяти карималарға қате мағына беруден, хадис шәрифтерді жоққа шығарудан тартынбауымен қатар әһли бәйттің жолы осындай деуді де әдетке айналдырған. Хадис деп ойдан құрастырған сөздеріне «Әһли бәйт осылай әмір ететін» деуде. Осылайша сауатсыздарды алдауда, дегенмен дінін білетін адам бұл өтіріктерге алданбайды. Ғалымдарымыз бұл өтіріктерге аятпен, хадиспен жауап беріп, әһли бәйттің жолымен жүретіндердің, әһли бәйтті шынайы жақсы көретіндердің әһли сүннет екендігін дәлелдеген.

Рәби бин Майсара (радиаллаһу анһ) айтып берген, Хайбарды жаулап алған күнімізде Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) мута некесін үш күнге халал етті. Мен көкем екеуіміз бір әйелдің үйіне келдік. Екеумізде де жұқа шапан бар еді. Көкемнің шапаны әдемірек еді. Мұсылман емес (әһли кітап) бір әйел есіктен шықты. Менің шапаныма және жас екеніме қарады. «Мына адамның шапаны ана адамның шапанына ұқсамайды. Бірақ жастығы да оның жастығына ұқсамайды» деп шапанды емес, жастықты таңдады да, мені ішке кіргізді. Ол түнді сонда өткіздім. Таң атқанда Расулуллаһтың адамының көшеде «Ей, мұсылмандар! Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) мута некесіне тыйым салды» деп айқайлағанын естідім. Бәріміз мута некесінен бас тарттық.

Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) тірі кезінде мута некесіне тыйым салғанын асхаби кирам бір ауыздан хабар берді. Ижма, яғни сөз бірлігі аят пен хадисті өзгерте алмайды, аяттың және хадистің өзгертілгенін хабар береді.

Сұрақ: Сөз бірлігі қалай болады? Абдуллаһ ибн Аббас мута некесінің халал екенін айтатын еді ғой?

Жауап: Тыйым салынғанын кейіннен ол да айтқан еді. Расында Жабир бин Зәйдтің айтуынша, Ибн Аббас (радиаллаһу анһум) қайтыс болмай тұрып мута некесіне тыйым салынғанын айтты. Осылай ижма пайда болды.

Малики мазһабында мута некесінің рұқсат екенін айтатындар бар. Бұл сөз таңқалдырады. Өйткені Имам Малик бин Әнәс «Муватта» атты кітабында [ең алғаш жазылған хадис кітабы] Әли бин Әбу Талиб хабар берген хадис шәрифті жазуда. Хазреті Әли (радиаллаһу анһ): «Хайбар қамалын алған күнімізде Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) есек етін жеуге және мута некесімен әйел алуға тыйым салды» деген. «Иная» кітабының жазбасы осы жерде тәмәм болды.

«Мута некесінің» төрт мазһабта да өтпейтіні «Мизан-ул кубра» кітабында да жазылған.

Араб және түрік тілдеріндегі кітаптардың барлығында, мысалы Алмалылы Хамди (рахимә-һуллаһу та'ала) тәфсирінің 1328-ші бетінде жазылуы бойынша, «Бақара» сүресінің жиырма тоғызыншы аятында: «Аллаһу та'ала жер жүзіндегі барлық нәрсені сендер үшін жаратты» делінген. Яғни жейтін, ішетін және киетін заттардың барлығы халал болып, тек аяти карима немесе хадис шәрифпен ерекшеленгендер ғана харам болады. Адамдардың нәпсілеріне және намыстарына тиюдің харам екенін осы аяти карима көрсетуде. Бірақ ерекше етілгендер харамдықтан құтылып халал болады, бұл болса сахих некемен алу деген сөз. Көрініп тұрғанындай, мута некесінің халал екеніне дәлел ретінде көрсеткен «Негізінде барлық нәрсе мубах. Тыйым салыну үшін аят немесе хадис қажет» сөзінің некеге еш қатысы жоқ. Бұл білімге, дінге сай келмейтін дәлел. Халифа Омардың (радиаллаһу анһ) мута некесіне тыйым салынғанын айтқанда хадиспен дәлелдеуді қажет деп санамауы және ешкім тарапынан бұған қарсылық көрсетілмеуі мұның әуелден тыйым салынғанын бәрі білетінін көрсетеді.

18) «Расулуллаһ қайтыс болғанда Әбу Бәкір мен Омар «Біз пайғамбарлар мирас қалдырмаймыз. Қалдырғандарымыз садақа болады» деген хадисті айтып, Фатима-туззахраның қолынан «Фәдәк» атты құрма бауын мәжбүрлеп алып, бәйтул малға (қазынаға) берді. Фатима Әбу Бәкірге ренжіп, қарғады. Алайда Расулуллаһ тірі кезінде мұны оған өзі сыйлаған және құрмасы үш жыл бойы оған әкелінген болатын. Фатима мұны Әли, Хасан, Хусейн және Қанбармен дәлелдеді, дегенмен Әбу Бәкір ол куәгерлерді қабылдамады. Алайда бұл хадисті ол залым ойлап шығарды. Қызы Айшадан басқа ешкім ондай хадис айтпаған. Ондай хадис бар болса, Фатима әлбетте хабар беріп, ол харам нәрсені сұрамайтын еді. Әһли сүннет Әбу Бәкірдікін дұрысқа шығару үшін адасушылық жолына түсіп, Расулуллаһқа жала жабуда. Аллаһтың әмірін Фатимаға айтпаған дейсіңдер. Айтқан болса, Фатима қабылдамаса күпірлік болады. Бұл хадисті ойлап шығарған адам кәпір. Онсыз да Әбу Бәкірдің куәгер көрсетуі қажет еді. Ол куәгер талап ету арқылы зұлымдық жасаған болды. Кейін пайғамбарлардың мирас қалдырғаны Құран кәрімнің көп жерінде жазылған» дейді.

Алайда Ахмед Жевдет Паша (рахимә-һуллаһу та'ала) «Қысас-и Әнбия» кітабының 369-шы бетінде жазады:

Халифа хазреті Әбу Бәкір (радиаллаһу анһ) Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) қарулары мен ақ қашырын хазреті Әлиге (радиаллаһу анһ) берді. Басқа заттарын бәйтул малға қалдырды. Фәдәк және Хайбардағы құрма бауларын Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) тірі кезінде қайырымдылыққа арнаған, кімдерге таратылатынын әмір еткен еді. Келіп кететін елшілерге, қонақтарға және жолаушыларға беретін еді. Әбу Бәкір (радиаллаһу анһ) бұларды бұрынғыдай таратып, еш өзгертпеді. Фатима (радиаллаһу анһа) мирасын сұрағанда: «Расулуллаһтан естідім, «Бізге, яғни пайғамбарларға ешкім мирасқор бола алмайды! Біздің қалдырған мүлкіміз садақа болады» деген еді. Мен Расулуллаһтың ісін өзгерте алмаймын. Қате жолға түсіп адасудан қорқамын» деді. Фатима «Сізге кім мирасқор болады?» деп сұрады. Халифа «Балаларым, жұбайым» дегенде «Онда мен неге әкеме мирасқор болмаймын?» деп сұрады. Халифа «Сенің әкең Расулуллаһтан естідім, «Ешкім бізге мирасқор бола алмайды!» деді. Сондықтан сен де мирасқор бола алмайсың. Бірақ мен Оның халифасымын, Ол напақа берген адамдарға мен де дәл солай беремін. Сенің барлық шығындарыңды өтеу менің міндетім» деді. Сонда Фатима (радиаллаһу анһ) үндемеді және одан кейін мирас туралы сөз қозғамады.

Мысырдағы ұлы ғалымдардан Ахмед бин Мұхаммед Шихабуддин Қасталани (рахимә-һуллаһу та'ала) «Мәуаһиб-и ләдунния» кітабының аудармасы, бірінші том, төрт жүз тоқсан бірінші бетінде жазған: «Дұрыс екені бүкіл ислам ғалымдары тарапынан расталған алты хадис кітабын «Кутуб-и ситта» деп атайды. Олардың бірін жазған Ахмед бин Әли Нәсаи хабар берген хадис шәрифте: «Біз пайғамбарлар мирас қалдырмаймыз» делінген. «Сүлейман Даудқа мирасқор болды» және «Йа, Раббым! Маған мирасқор болатын перзент бер» аяти карималарында айтылған мирасқор мал-мүлік алатын мирасқор емес. Білім мен пайғамбарлық мирасы». Жоғарыдағы хадис шәрифті Имам Абдуррауф Мәнауи де жазған және Имам Ахмедтің «Мүснәд» кітабынан алдым деген.

Хадис ғалымы Абдулхақ Дехлеуи (рахимә-һуллаһу та'ала) парсы тілінде жазған екі томдық «Мәдарижун нубуввә» кітабының екінші том, бес жүз жетпіс екінші бетінде былай жазған:

Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) «Біз пайғамбарлар мирас алмаймыз және мирас қалдырмаймыз. Қалдырған нәрселеріміз садақа ретінде беріледі» деді. Өзі қайтыс болғанда үйіндегі заттары, қару-жарағы, малдары және «Фәдәк» деген құрма бауы қалған еді. Ол құрманы отбасына, кедейлерге және жолаушыларға беретін. Қайтыс болғанында қызы Фатима (радиаллаһу анһа) халифа Әбу Бәкірден мирас сұрады. Халифа хадис шәриф оқып, мирас бермеді. Фатима халифаға «Сіз қайтыс болғанда мал-мүлкіңіз кімге мирас болады?» деп сұрады. «Жанұяма және балаларыма қалады» деп еді, Фатима: «Онда мен неге әкемнен мирас алмаймын?» деп сұрады. Әбу Бәкір Сыддық: «Мен әкең болған Расулуллаһтан естідім, «Біз мирас қалдырмаймыз!» деген еді. Бірақ мен Оның халифасымын. Ол берген адамдарға мен де дәл солай беремін және Ол қалдырған мал-мүлікті Ол беріп жүрген жерлерге дәл солай таратамын» деп жауап берді. Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) көп адамға мал-мүлік беретініне сөз берген еді. Қайтыс болуынан кейін олар сол мал-мүлікті сұрап келді. Халифа барлығына берді. Әбу Бәкір мирасты тек Фатимаға ғана тыймады. Айша да (радиаллаһу анһум) келіп мирас сұрады. Оған да бермеді. Басқа жұбайлары да сұрады. Ешбіріне бермеді. Пайғамбарлар мирас қалдырмайды деген хадис шәрифті айтты. Халифа бұл хадис шәрифті айтқанда асхаби кирамның барлығы «Біз де естіген едік» десті, бір адам да қарсы шықпады. Халифа ешкімге мирас бермеді және Мұхаммед алейһиссаламның туыстарына бұрыннан беріліп жүргендерін өзгертпей сол күйінде беруді жалғастырды, Расулуллаһтың істегенін өзгерте алмаймын деді әрі Расулуллаһтың туыстарын өз туыстарымнан артық жақсы көремін деп ант етті. Фатиманың мирас үшін Әбу Бәкірге ренжіп, қайтыс болғанша жақтырмағанын айтатындар таңқалдырады. Асхаби кирам бір ауыздан хабар берген хадис шәрифті Фатиманың қабылдамағанын ойлауға бола ма? Пендешілікпен ренжіді десе де, қайтыс болғанша ренжіді деуге бола ма? Фатима (радиаллаһу анһа) қайтыс болатын кезде Әбу Бәкір Сыддықты кешіргенін, оған разы екенін айтқаны айқын ақиқат. Мысалы хадис ғалымы Имам Бәйһақи Имам Шабиден риуаят етуі бойынша, Фатима (радиаллаһу анһа) науқас кезде халифа Әбу Бәкір үйіне келді. Әли (радиаллаһу анһум) Фатимаға Әбу Бәкірдің келгенін хабарлады. Фатима Әлиге «Ішке кіруіне рұқсат беруімді қалайсың ба?» деп сұрады, Әли «Иә» деп жауап берді. Фатима рұқсат берді. Халифа ішке кірді және одан кешірім сұрады. Фатима (радиаллаһу анһа) Әбу Бәкірге разы болды. Имам Мустағфиридің «Китабулуәфа» және [Ахмед бин Мұхаммед Табаридың 694] «Риядуннадара» кітаптарында жазылуы бойынша, Әбу Бәкір (радиаллаһу анһ) Фатимаға (радиаллаһу анһ) келіп одан кешірім сұрады, Фатима оған разы болды. Имам Әузаи айтқан, Әбу Бәкір Фатиманың есік алдына келіп, «Расулуллаһтың қызы маған разы болмайынша мына есіктен ешқайда кетпеймін» деді. Әли (радиаллаһу анһ) ішке кіріп, Фатимаға «Разы бол» деп ант берді. Ол разы болды. Хафыз Әбу Саид «Китабулмувафәка» атты кітабында да осылай жазған. Фатима (радиаллаһу анһа) түнде жерленді. Әли (радиаллаһу анһ) түн болғандықтан халифаға хабар бере алмады. Кейбір хабарларда Әбу Бәкірдің жаназаға қатысқаны, жаназасын оқытқаны айтылуда. «Фаслулхитаб» кітабында жазылуы бойынша, хазреті Фатима (радиаллаһу та'ала анһа) науқас кезде хазреті Әбу Бәкір келіп, ішке кіруге рұқсат сұрады, хазреті Әли хабар берді. Хазреті Фатима хазреті Әлиге «Сен разы бол десең рұқсат беремін» деді. Ол «Разымын» деген соң хазреті Фатима рұқсатын берді. Хазреті Әбу Бәкір ішке кіріп сөйлесті. Кешірім сұрады. Разылығын алғысы келді. Хазреті Фатима халифаға разы болды. Хазреті Фатима (радиаллаһу анһа) ақшам мен құптан уақыттарының арасында қайтыс болды. [Хижреттің он бірінші жылы еді]. Хазреті Әбу Бәкір, Осман, Абдуррахман бин Ауф және Зубәйр бин Аууам сол жерде еді. Жаназа намазын оқытуды Әбу Бәкірге ұсынды. Хазреті Әбу Бәкір оқытты. Түнде жерледі.

Омар (радиаллаһу анһ) халифа болған кезде Фәдәк құрмаларын Расулуллаһтың заманында болғанындай таратты. Екі жылдан кейін бұл істің басқаруын Әли мен Аббасқа (радиаллаһу анһума) қалдырды. Біраз уақыттан кейін олар халифаға келіп, құрма бауын екеуіне бөліп беруін сұрады. Омар (радиаллаһу анһ) асхаби кирамды жинап, бәріне ант берді де, «Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) «Біз пайғамбарлар мирас алмаймыз және мирас қалдырмаймыз. Біздің қалдырғанымыз садақа болады» деді ме?» деп сұрады. Бәрі бірден «Иә, естідік» деп ант етті. Сонда Омар (радиаллаһу анһ) құрма бауын бөлістірмей, екеуіне қалдырды да, «Өнімін бұрынғыдай таратыңдар» деді. Құрма бауы кейіннен Әлидің (радиаллаһу анһ) қолында қалды. Кейін балаларына, немерелеріне қалып, соңында Мәруанның қолына өтті. Омар бин Абдулазиз халифа болғанда «Расулуллаһтың қызы Фатимаға бермеген мүлкіне қолымды тигізбеймін» деді. Бұл сөзден Фатиманың (радиаллаһу анһа) Расулуллаһтан осы құрма бауын сұрағаны, Оның бермегені аңғарылуда. Бұл жөніндегі хадис шәрифтер Бұхарида жазулы. Абдулхақ Деһлеуидің жазбасы осы жерде тәмәм болды.

«Мират-и Каинат» кітабында екі жүз тоқсан екінші бетінде жазылған: «Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) жұбайлары және қыздары (радиаллаһу та'ала анһуннә) дүниедегі әйелдердің барлығынан үстем. Жұбайларына жала жапқан, жамандаған адам туралы Абдуллаһ бин Аббас «Тәубесі қабыл болмайды» деді. Айшаны (радиаллаһу анһа) балағаттаған адам өлтіріледі. Өйткені оны балағаттау Құран кәрімді жоққа шығару саналып, күпірлік болады дегенге бір ауыздан келісім бар».

Пайғамбарлардың (алейһимуссалауату уәттәслимат) мирас қалдырғанын хабар беретін аяти карималарға келер болсақ, Аллаһу та'ала «Мәриәм» сүресінің 5-6 аяттарында Зәкәрия алейһиссаламның дұғасын хабар берген. Бұл аяти карималардың мағынасы: «Мен өлгеннен кейін орныма өтетін ізбасарларымнан қорқамын. Жұбайым да ауру, бала көтере алмайды. Йа, Раббым! Маған ұл нәсіп ет, ол маған және Яқуб ұлдарына мирасқор болсын!». Бәйдәуи тәфсирінде жазылғанындай, бұл сөз «Біздің дінімізге және білімімізге мирасқор болсын деген сөз. Өйткені пайғамбарлар (алейһимуссалам) мал-мүлікті мирас қылып қалдырмайды» дегенді білдіреді. Шәйхзада хашиясында жазылған: «Пайғамбарларға (алейһимуссалам) мирасқор болу дінін өркендету және пайда беруші болу деген сөз. Бұл пайғамбар болу, біліммен, көркем мінезбен, дінде пайдалы мансап иесі болу және жақсы мал-мүлік иесі болу арқылы орындалады». Зәкәрия алейһиссаламның көкесінің ұлдары Бәни Исраилдың ең жамандары еді. Қайтыс болған соң олардың дінді өзгертуінен қорыққан еді.

«Нәмл» сүресінің он алтыншы аятындағы «және Сүлейман Даудқа мирасқор болды» (алейһимассалам) деген мирасқор болуды Бәйдәуи (рахимә-һуллаһу та'ала) тәфсирінде «Пайғамбарлығына немесе біліміне яки мансабына ие болды деген сөз» дейді.

Көрініп тұрғанындай, хазреті Әбу Бәкір Сыддық (радиаллаһу анһ) құрма бауын хазреті Фатимадан (радиаллаһу анһа) алып қоймаған, бұрынғы күйіндегісіндей қалдырған, оның барлық қажеттілігін бәйтул малдан берген. Кейбір заттарды хазреті Әлиге мирас ретінде емес, бұл зат бәйтул малға өткен соң өз құзыретін қолданып, сыйлық ретінде берген. Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) құрма бауын ешкімге сыйламаған болатын. Фатима (радиаллаһу анһа) «Бұл маған сыйлыққа берілген» демеді және куәгер әкелмеді. Ешбір кітапта бұлай жазылмаған. Мұны тек Ирандағы осы парсы кітабы ғана ойдан шығаруда. Хазреті Әлиді, Фатиманы, Хасан мен Хусейнді мақтайтын көп хадис шәриф бар. Тіпті аяти карима бар. Хазреті Әбу Бәкір Сыддық бүкіл сауда тауарын, мал-мүлкін, отанын, бала-шағасын Расулуллаһ үшін пида еткен, бүкіл соғыстарға қатысып, қария күйінде Расулуллаһтың көз алдында шайқасқан бола тұра осы хадис шәрифтерге мән бермейтіндей төмен адам ба еді? Алайда жүздеген хадис шәриф, тіпті Құран кәрім оны мақтауда, ізгілігін көрсетуде. Мирас хадисін хазреті Фатимаға алдын ала хабарлауға қажеттілік жоқ еді. Уақыты келгенде асхаби кирам оған хабарлады. Фатима-туззахра құрма бауын өзіне халал деп санап сұраған еді. Харам екенін түсінген соң сұрамады. Ғибадаттарды адамға уақыты келмей тұрып айту парыз емес. Онсыз да қайырымдылыққа арналған мүлік ешкімнен ешкімге мирас болып қалмайды. Фатима (радиаллаһу анһа) халифаның сөзін бірден және қуанып қабылдады. Бұл хадис шәрифтің хадис шәриф екеніне ешбір сахаба қарсылық білдірмегендіктен, сенбеген адам кәпір болады. Фәдәк бауы туралы «Хақ сөздің дәлелдері» кітабының бесінші бөлімінде кеңірек мәлімет бар. Сол жерден оқыңыз!

«Мәнақиб-и чихар йар-ы гузин» кітабының төрт жүз тоқсаныншы бетінде былай жазылған:

Бір күні Әбу Бәкір Сыддық (радиаллаһу анһ) Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) үйіне келді. Ішке кірмекші болғанында Әли бин Абу Талиб (радиаллаһу анһ) та келді. Әбу Бәкір шегініп, «Йа, Әли, сен кір» деді. Ол да жауап қайтарып, араларында төмендегідей әңгіме орын алды:

Әли: Йа, Әбу Бәкір! Сен бірінші кір, барлық жақсылықта алда болған, әр қайырлы амалда ілгері болған, бәрінен озған сенсің.

Әбу Бәкір: Сен бірінші кір, йа, Әли, Расулуллаһқа (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) жақынырақ сенсің.

Әли: Мен сенің алдыңа қалай өтемін? Өйткені Расулуллаһтан (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) естідім, «Үмбетімнен Әбу Бәкірден үстемірек ешкімнің үстіне күн тумаған» деді.

Әбу Бәкір: Мен сенің алдыңа қалай өте аламын, Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) қызы Фатима-туззахраны (радиаллаһу та'ала анһа) саған берген күні «Әйелдердің ең жақсысын ерлердің ең жақсысына бердім» деген.

Әли: Мен сенің алдыңа өте алмаймын. Өйткені Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) «Ибраһим алейһиссаламды көргісі келгендер Әбу Бәкірдің жүзіне қарасын» деді.

Әбу Бәкір: Сенің алдыңа өте алмаймын. Өйткені Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) айтқан: «Адам алейһиссаламның жұмсақтығын және Юсуф алейһиссаламның көркем мінезін көргісі келгендер Әли Мұртазаға қарасын!».

Әли: Сенің алдыңа өте алмаймын. Өйткені Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) «Йа, Раббым! Мені ең көп жақсы көретін және сахабаларымның ең жақсысы кім?» деді. Аллаһу та'ала: «Йа, Мұхаммед (алейһиссалам), ол Әбу Бәкір Сыддық» деп жауап берді.

Әбу Бәкір: Мен сенің алдыңа өте алмаймын. Өйткені Расул (алейһиссалам) «Ілімді бір адамға беремін, Аллаһу та'ала оны жақсы көреді. Мен де оны жақсы көремін» деді. Ілім қаласының есігі сен болдың.

Әли: Сенің алдыңда жүре алмаймын. Өйткені Расул (алейһиссалам) «Жәннаттың есіктерінде Әбу Бәкір Хабибуллаһ деп жазылған» деді.

Әбу Бәкір: Сенің алдыңа өте алмаймын. Өйткені Расул (алейһиссалам) Хайбар соғысында байрақты саған беріп, «Бұл байрақ мәлик-и ғалибтың Әли бин Абу Талибқа сыйлығы» деді.

Әли: Сенің алдыңа қалай өте аламын? Өйткені Расул (алейһиссалам) «Йа, Әбу Бәкір! Сен менің көретін көзім және білетін көңілім орнындасың» деді.

Әбу Бәкір: Сенің алдыңа өте алмаймын. Өйткені Расул (алейһиссалам) айтқан: «Қиямет күні Әли жәннат жануарларының біріне мініп келеді. Аллаһу та'ала айтады: Йа, Мұхаммед (алейһиссалам)! Сенің әкең Ибраһим Халил неткен жақсы әке. Сенің бауырың Әли бин Абу Талиб неткен жақсы бауыр».

Әли: Сенің алдыңа өте алмаймын. Өйткені Расул (алейһиссалам) айтқан: «Қиямет күні жәннат періштелерінің басшысы Ридуан есімді періште жәннатқа кіреді. Жәннаттың кілттерін әкеледі. Маған береді. Кейін Жәбрейіл алейһиссалам келіп, «Йа, Мұхаммед жәннаттың және тозақтың кілттерін Әбу Бәкір Сыддыққа бер. Әбу Бәкір қалағанын жәннатқа, қалағанын тозаққа жіберсін» дейді».

Әбу Бәкір: Сенің алдыңа өте алмаймын. Өйткені Расул (алейһиссалам) айтқан: «Әли қиямет күні менің қасымда. Хауз және Кәусар қасында менімен бірге. Сырат үстінде менімен бірге. Жәннатта менімен бірге. Аллаһу та'аланы көргенде менімен бірге».

Әли: Сенен бұрын кіре алмаймын. Өйткені Расул (алейһиссалам) «Әбу Бәкірдің иманы бүкіл мұсылмандардың имандарының қосындысымен таразыда тартылса, Әбу Бәкірдің иманы ауыр басады» деді.

Әбу Бәкір: Сенің алдыңа қалай өте аламын? Өйткені Расул (алейһиссалам) «Мен ілімнің қаласымын. Әли оның есігі» деді.

Әли: Сенің алдыңда қалай жүре аламын? Өйткені Расул (алейһиссалам) «Мен адалдықтың қаласымын. Әбу Бәкір оның есігі» деді.

Әбу Бәкір: Сенің алдыңа өте алмаймын. Өйткені Расул (алейһиссалам) айтқан: «Қиямет күні Әли әдемі атқа мінгізіледі. Көргендер «Бұл қай пайғамбар екен?» деп сұрайды. Аллаһу та'ала «Бұл Әли бин Абу Талиб» дейді.

Әли: Сенің алдыңда жүре алмаймын. Өйткені Расул алейһиссалам «Мен және Әбу Бәкір бір топырақтанбыз. Қайтадан бір боламыз» деді.

Әбу Бәкір: Сенің алдыңда жүре алмаймын. Өйткені Расул (алейһиссалам) айтқан: «Аллаһу та'ала: «Ей, жәннат, сенің төрт бұрышыңды төрт адаммен безендіремін. Бірі, пайғамбарлардың үстемі Мұхаммед (алейһиссалам). Бірі, Аллаһтан қорқатындардың үстемі Әли. Үшіншісі, әйелдердің үстемі Фатима-туззахра. Төртінші бұрышындағысы тазалардың үстемі Хасан мен Хусейн» деді».

Әли: Сенің алдыңда қалай жүре аламын? Өйткені Расул (алейһиссалам) айтқан: «Сегіз жәннаттан мынадай дауыс келеді: Ей, Әбу Бәкір, сүйіктілеріңмен бірге кел, бәрің жәннатқа кіріңдер!».

Әбу Бәкір: Сенің алдыңда жүре алмаймын. Өйткені Расул (алейһиссалам) «Мен ағашқа ұқсаймын. Фатима оның діңі. Әли бұтағы. Хасан мен Хусейн жемісі» деді.

Әли: Сенің алдыңа өте алмаймын. Өйткені Расул (алейһиссалам) айтқан: «Аллаһу та'ала Әбу Бәкірдің бүкіл кемшіліктерін кешірсін. Өйткені Ол қызы Айшаны маған берді. Хижретте маған көмектесті. Билал Хабешиді мен үшін сатып алып азат етті».

Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) екі сүйікті досы есік алдында осылай сөйлесіп тұрғанда Ол іштен тыңдап тұрған еді. Хазреті Әлидің сөзін бөліп, іштен:

«Ей, бауырларым Әбу Бәкір мен Әли (радиаллаһу анһума)! Ішке кіріңдер! Жәбрейіл алейһиссалам келіп: «Жердегі және жеті қабат аспандағы періштелер сендерді тыңдауда. Қияметке дейін бір-біріңді мақтасаңдар да, Аллаһу та’аланың алдындағы құрметтеріңді жеткізе алмайсыңдар!» деді. Екеуі құшақтасып, бірге Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) алдына кірді. Расул (алейһиссалам): «Аллаһу та’ала екеуіңе де жүз мыңдаған рахмет жаудырсын! Екеуіңді жақсы көргендерге де жүз мыңдаған рахмет жаудырсын және дұшпандарыңа да жүз мыңдаған лағнет болсын» деді. Хазіреті Әбу Бәкір Сыддық: «Йа, Расулаллаһ! Мен Әли бауырымның дұшпандарына шапағат етпеймін» деді. Хазіреті Әли де: «Йа, Расулуллаһ! Мен де Әбу Бәкір бауырымның дұшпандарына шапағат етпеймін және басын қылышпен шабамын» деді. Әбу Бәкір: «Мен сенің дұшпандарыңды сырат көпірінен  өткізбеймін» деді.

19) «Әһли сүннет әһли бәйтке дұшпан. Өйткені құрбан айт күні имам мінберде Исмаилды құрбан ету туралы оқығанда ғалым-надан бәрің қайғырып, күйінесіңдер, ал мухаррамның оныншы Ашура күні Хасан мен Хусейн шәһид болғаны үшін қайғыратын шиилерге рафизи дейсіңдер» деп жазған. «Хусния» кітабының осындай қате жазбаларына «Асхаби кирам» кітабымыздың 83-ші және кейінгі беттерінде ұзақ жауаптар бар.

Құрбан айтты және оның хұтбасын Расулуллаһ әмір еткені үшін орындаймыз. Хұтбаны үндемей тыңдау қажет. Ол жерде ешкім айқайламайды және қайғырмайды. Исламда қиыншылықтар үшін айқайлау, ойбайлау, қайғы-қасірет тарту, аза тұту Аллаһу та'аланың қазасы мен тағдырына қарсы келу болып саналады. Иә, жақсы көрген адамы үшін жылау рұқсат. Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) қадірлі жұбайы Хадиша-тул кубра (радиаллаһу анһа) және қатты жақсы көретін ұлы Ибраһим қайтыс болғанда әрі үнемі мақтап жүретін көкесі Хамзаның (радиаллаһу анһ) Ухуд соғысында шәһид болғанын көргенде әбден қайғырды, іші күйді. Сахабаларының алдында көп жылады. Бірақ айқай салып ойбайламады. Ешқашан аза тұтпады. Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) заманында мухаррамның оныншы күніне мән берілетін, ораза ұсталатын, көп ғибадат жасалатын еді. Бірақ ол күні және басқа күндері одан да ауыр қасірет тартқан болса да аза тұтпайтын еді. Аза тұту христиандықта бар. Кәпірлер ұстанады. Әһли сүннет Исмаил алейһиссалам үшін де, Хасан мен Хусейн үшін де жылына бір рет емес, әрдайым қайғырады, жылайды. Әр жұма хұтбада Хасан, Хусейн (радиаллаһу анһума) оқылғанда әһли сүннеттің іші өртеніп, көз жасы үзілмеуде. Бірақ Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) аза тұтуға тыйым салғандықтан, ешқашан аза тұтпайды, шектен шықпайды.

Әһли сүннетке әһли бәйттің дұшпаны дейтіндердің жағы қарысса орынды. Әһли сүннет ғалымы Фәридәддин Аттар (рахимә-һуллаһу та'ала) «Тәзкирәтул әулия» кітабында Имам Жафәр Садықты (радиаллаһу та'ала анһ) былай сипаттайды:

Имам Жафәр Садық ислам жұртшылығының сұлтаны, пайғамбарлық дәлелінің құжаты еді. Әр ісі адал, барлық салада ғалым еді. Әулиелердің жүректерінің жемісі, сәйид-и әнбияның сүйіктісі еді. Имам Әлидің (радиаллаһу анһ) ізбасары, Расул алейһиссаламның мұрагері еді. Ариф-и ашық Имам Жафәр Садық әһли бәйттен еді. Әһли бәйттің барлығы бір. Бірінің сөзі бәрінің сөзі деген сөз. Оның жолы он екі имамның (радиаллаһу анһум) жолы деген сөз. Менің тілім мен қаламым оны мақтай алмайды. Өйткені ол барлық білімде және ишараларда ұстаз еді. Бүкіл әулиелердің көсемі еді. Бәрі оған жүгінген еді. Басқа дін иелері де оған ұмтылатын. Әһли ислам оған бағынатын еді. Зауық иелері оның ізінде, ғашықтар оның жолында еді. Абидтердің көшбасшысы, захидтердің қадірлісі еді. Ақиқаттарды ол жазған. Құран кәрімнің сырларын ол шешкен. Әһли сүннет уәл жамағат туралы әһли бәйтті (радиаллаһу та'ала анһум әжмаин) жақсы көрмейді дейтін біреулер бар. Ол надандарға таңқаламын. Өйткені әһли сүннет дегеніміз әһли бәйт деген сөз. Әһли сүннет дегеніміз әһли бәйттің жолы деген сөз. Ол адамдар неткен қате қиялға берілген? Мұхаммед алейһиссаламды жақсы көретіндер оның ұрпағын жақсы көрмей ме? Тіпті әһли сүннеттің имамы Мұхаммед бин Идрис Шафиидың әһли бәйтке деген тым сүйіспеншілігі ел аузында кеңінен тарағандықтан, ол ұлы ғұламаны шии дейтіндер шыққан. Осының кесірінен ол қамауға алынған. Сол себепті ол өлең жазған, бір шумағының мағынасы: «Шиилік Мұхаммед алейһиссаламның ұрпағын жақсы көру болса, бүкіл адамзат пен жын куә болсын, мен шиимін. Өйткені әһли бәйтті қатты жақсы көремін».

Әһли бәйтті жақсы көру әлбетте өте жақсы. Бірақ әһли бәйтті жақсы көру үшін асхаби кирамның (радиаллаһу та'ала анһум әжмаин) бір бөлігіне дұшпан болу керек деп айту өте жаман. Олай айтатындардың тозаққа түсетіні хадис шәрифте хабар берілген.

«Әһли сүннет» дегеніміз әһли бәйтті және асхаби кирамның барлығын (радиаллаһу та'ала анһум әжмаин) жақсы көретін, бәрінің жолымен жүретін мұсылмандар деген сөз. Өйткені әһли бәйттің және асхаби кирамның жолы бір жол және Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) көрсеткен жалғыз жол. Кей адамдар исламды іштен құлату үшін дұшпандар тарапынан ойдан құрастырылған қате жолда жүр. Асхаби кирамның (радиаллаһу та'ала анһум әжмаин) көбіне дұшпан болуда. Еліміздегі мұсылмандарды алдай алу үшін «Біз әһли бәйтке (радиаллаһу та'ала анһум әжмаин) ғашықпыз. Біздің жолымыз әһли бәйттің жолы» дейді. Осылайша өздерінің күпірлігі мен адасушылығын сол дін ұлыларына, әһли сүннеттің қадірлілеріне жұқтыруда. Аллаһу та'ала оларды тура жолға түсірсін! Барша мұсылмандарды осы пәлекет жолына адасудан сақтап қорғасын! Әмин!