19 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     21 - Қараша, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Қазіргі ажырасулардың себебі

Қазіргі ажырасулардың себебі

Сұрақ: Қазір ажырасу күн сайын артып барады. Отбасының жүгі ортақ деп әйелдер әртүрлі жұмыстарда істеуге мәжбүрленуде және осының нәтижесінде отбасылар құлдырауда. Әйелдер жұмыс істеуге міндетті ме?

Жауап: Зәрулік туындамастан әйелімен ажырасып, үй-жайын, жанұясын бұзып, бақыттан айрылу және ажырасқан әйеліне мәһір ақшасын өтеу ер адамға оңай емес. Әйел күйеуіне ыстық тамағын дайындап, киімін жуып, жыртығын жамап, балаларына діни білім мен тәрбие беріп, күйеуінің бейқам және бақытты өмір сүруін қамтамасыз етеді. Жылы сөздерімен күйеуіне шаттық береді. Әйелімен ажырасқан ер адам осы ниғметтерден мақұрым қалады. Ажырасқан кезде әйелдің напақасын беру әкесінің, әкесі болмаса бай туысының мойнына парыз болып жүктеледі.

Көрініп тұрғанындай, ислам дінінде әйел емес, ер адам аянышты жағдайда. Қыз болса да, жесір болса да, тұрмыс құрмаған кедей әйелді әкесі бағуға мәжбүр. Әкесі болмаса немесе кедей болса, бай туысқаны бағады. Мұсылман әйелдің жұмыс істеп ақша табу қажеттілігі жоқ. Ислам діні әйелдің бүкіл қажеттілігін ер адамның мойнына жүктеген. Ер адамның осы ауыр жүгін ескеріп мирасты толықтай тек қана ер адамға берілуі қажет бола тұра Аллаһу та'ала әйелдерге осы тұрғыда да сый көрсетіп, ер бауырларының мирасының жартысындай шамасын алуын әмір еткен.

Ер адам әйеліне үйдің ішінде немесе сыртында қинап жұмыс істеткізе алмайды. Әйел өзі қаласа және күйеуі рұқсат берсе, харам істемей жұмыс істеуі рұқсат, бірақ тапқан табысы толықтай өзінің мүлкі болады. Ешкім осы ақшасын және мирастан қолына түскен мүлкін әйелден тартып ала алмайды. Өзіне, бала-шағасына және үйдің қандай да бір қажеттілігіне жұмсауы үшін ешкім қинай алмайды. Бұлардың бәрін ер адам алып келуі парыз.

Қазіргі таңда көп елдерде әйел де ер адамдармен бірге нан табу үшін ең ауыр жұмыстарда қиналып еңбек етіп жүр. Отбасылық өмірдің жүгі жұптардың екеуіне де ортақ, жүк тең бөлістірілуі керек деген ұранмен әйелдер де фабрикада, егістікте, саудада ерлер секілді жұмыс істеуде. Көбісінің тұрмыс құрғанына өкінгені, сотта ажырасу арыздары толы екендігі күнделікті жаңалықтарда жиі-жиі естілуде. Әйелдер ислам діні оларға берген қадірді, құрметті, рахаттықты, бақыттылықты, еркіндікті және ажырасу хақысына ие екенін білсе, бүкіл әлемдегі әйелдер бірден мұсылман болып, исламды барлық елдерге таратуға тырысатын еді.