19 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     21 - Қараша, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Сіздің бұл мәселеңізді мен шешемін!

Сіздің бұл мәселеңізді мен шешемін!

Имам Шафии хазрет әһли сүннет уәл жамағаттың төрт мазһабының бірі шафии мазһабының құрушысы. Есімі Мұхаммед бин Идрис. Атасының атасы Шафи құрайш тайпасынан және асхаби кирамнан болғандықтан, ол «Шафии» атымен танымал болды. Шафидың атасының атасы болса Хашим бин Абди Мәнаф.

150 (м.767) жылы Ғаззада дүниеге келген бұл ғұлама 204 (м.820) жылы Мысырда қайтыс болды. Қабірі Курафе мазарында үлкен кесене ішінде орналасқан.

Имам Шафии хазрет әлі кіші жасында Меккедегі сол заманның атақты ғалымдарының дәрістеріне және сұхбаттарына үздіксіз қатысып бастаған. Он жасында сол заманның ең атақты ғалымы Имам Маликтың «Муватта» атты хадис кітабын тоғыз күнде жаттаған. Жастық шағының алғашқы жылдарында өзін толықтай білімге арнап, Меккедегі Суфян бин Уйәйна, Мүслим бин Халид әз-Зәнжи секілді фиқһ және хадис ғұламаларынан білім алды. Хадис, фиқһ, лұғат және әдебиетте үлкен жетістіктерге жетті. Меккелік жастар арасында білімде саусақпен көрсететіндей дәрежеге жетті. Мына оқиға оның үстемдігін көрсетуге жеткілікті:

Ол күндері Мысырдың танымал тұлғаларының бірі әйелімен ұрысқан кезде, әйелі оған: «Ей, тозақтық», - депті. Бұл сөзге жауап ретінде әлгі кісі: «Егер мен тозақтық болсам, онда сен талақсың», - деген екен. Бірақ ол әйелін өте жақсы көретін еді. Тозақтық екені расталса, әйелімен ажырасуға тура келеді. Сөйтіп ол ғалымдарды жинап, бұл мәселенің шешімін сұрайды. Ешкім жауап бере алмайды. Бәрі бір ауыздан «Сенің тозақтық болған-болмағаныңды Аллаһу та'ала ғана біледі» деседі.

Ғалымдар арасынан әлі кіші жаста болған Имам Шафии хазрет орнынан тұрып: «Мен сіздің мәселеңізді шешемін» дейді. Сол жерде отырғандар аң-таң болады. Осыншалықты ғұламалар жауап бере алмаған сұраққа қалай жауап берер екен деп таңқалады. Имам Шафии хазрет: «Алдымен сіз менің сұрақтарыма жауап беріңіз!» деді де, «Күнә істеген кезіңізде Аллаһтан қорқып, ол күнәні дереу доғарған кезіңіз болды ма?» деп сұрады. «Аллаһу та'алаға ант етемін, көп болды» деген жауап алған соң: «Дәл осы жағдайыңызбен сіздің жәннаттық екеніңіз аңғарылды» деді. Айналадағы ғалымдар қай дәлелмен мұндай үкім шығарғанын сұраған кезде:

«Құран кәрімде «Кімде-кім Аллаһтан қорқып, нәпсін күнәлардан тыйатын болса, оның орны әлбетте жәннат» делінеді. Үкімімді осы аяти карима бойынша бердім» деді. Бәрі үнсіз қалды...

(Төрт мазһабтың бірінің иман және фиқһ білімдерін ұстанған мұсылманды «Әһли сүннет» немесе «Сүнни» деп атайды. Ол төрт мазһаб: Ханафи, Малики, Шафии және Ханбали. Бұл заманда осы төрт мазһабтың бірін ұстанбайтын адам бидғатшы болады). («Дуррул мухтар» хашиясы, «Зәбаих» бөлімі).