СӘЙИД АБДУЛХАКИМ ХАЗРЕТТІҢ ӨМІРБАЯНЫ 1281 [м.1865] — 1362 [м.1943]Осы «Асхаби кирам» (алейһимурридуан) кітабын ұлы ғұлама Ахмед Фаруқи Сәрһәнди (рахметуллаһи алейһ) дайындаған және Сәйид Абдулхаким Арваси хазрет шәрһ еткен. Бірнеше материалдық білімнің аясында шектеліп, ұлы ғұламалардан және олардың туындыларынан, әсіресе ислам дінінің Бәни Исраил пайғамбарларына (салауатуллаһи та'ала алейһим әжмаин) ұқсатылған өте көп және өте жоғары дәрежелі ғалымдарынан, әулиелерінен хабары болмаған, діни білімі ретінде ата-анамыздан естіген, бірақ айналамызда соққан борандар ұшырып азайып жатқан, аздаған капиталдан басқа ештеңесі жоқ болған біздерге әрбірі құндылық, ізгілік қазынасы және мәңгілік бақыт есігінің кілті болған сансыз ислам кітаптарының атауларын естірткен және олардың рухани ауруларға дауа болатын жазбаларын оқу, түсіну бақытына кенелткен, Аллаһу та'аланың түркі тілдес елдеріне берген үлкен сыйы, кәпірлер мен мүртәдтардың өтірік, жылтырақ сөздеріне алданып мәңгілік пәлекетке жетеленген бейкүнәлардың құтқарушысы, Аллаһу та'аланың бар екенін пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) үстемдігін, иман мен исламның ақиқатын, көзқарастары бұзылған ауруларға ішкізіп, жастарға шипа ұсынған руханият маманы және жүректерді қарайтатын, ата-бабамыздың киелі жолын жапқан, күпір мен дінсіздік бұлттарын тарқататын салқын таңғы желі, иман қайнарларын толықтай жапқан дінсіздік түнегін көкжиектен кетірген, білім мен марифат күні, төрт мазһабтың егжей-тегжейін, әулиелердің ұлылығын меңгерген сәйид Абдулхаким хазреттің (қуддиса сиррух) кітаптарын оқу нәсіп болған бақыттыларға осы дүние мен ахирет бақытының жетекшісінің өмірбаянын қысқаша ұсыну және естелігін жәдігер етіп қалдыру жөн көрілді. Сәйид Абдулхаким бин Мұстафа (қаддәсаллаһу та'ала әсрараһума) софия-и алия ұлыларынан және білімімен амал етуші ғұламалардың кәмілдерінен болып, діннің қадірін арттырушы, білімнің таратушысы, жомарттықтың нұры, пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) жолының шариғатын жандандыруға жан-тәнімен беріліп, бар мал-мүлкін жұмсаған, теңдесі жоқ үстем, көркем мінезді тұлға еді. Ван облысының Башқала ауылында 1281 [м.1865] жылы дүниеге келді. Мың үш жүзінші хижри жылының басында ижазат [яғни диплом] алды. Илм-и сарф, нахв, логика, мүназара, уади, баян, мәани, бәди, кәлам, усул-и фиқһ, тәфсир, тасаууф, нусх-и лил-мүслимин, ифта-и аләл мазһабин, улум-и хикмия, яғни хикмет-и табиия [физика, биология], хикмет-и илаһия, риязия, яғни есеп-қисап, геометрия, астрономия секілді улум-и захирия білімдерін ғұлама сәйид Фәхимнен (қуддиса сиррух) алғанындай, тағы да тасаууфтың Мүжәддиди, Қадири, Кубрауи, Сухрауарди, Чәшти бөлімдерін де оқып бітірген. Әкесінің әкесі сәйид Мухиддин. Оның әкесі сәйид Мұхаммед. Ал оның әкесі сәйид Абдуррахман сәйид Фәхимнің әкесінің әкесі (рахметуллаһи алейһим әжмаин). Аталарының он екі имамнан Әли Риза бин Мұса Казымға (рахимә-һумуллаһу та'ала) тірелетіні Ирактағы шариғи бас соттың мұрағатында жазылуымен қатар, сәйид Абдулқадир Гейланидың (радиаллаһу анһ) немересі сәйид Абдурраззақтың (қуддиса сиррух) мүбәрәк қол жазбасымен де расталған. Бір мың үш жүз отыз екінші 1332 [м.1914] жылы ражаб айының бірінші күні ресейлік әскер Башқалаға бір сағаттық қашықтыққа жақындағанда басталған армяндардың зұлымдығы мен қан төгісінен құтылып, әйелдер, балалар, жетпіс адамдық жақындарымен бірге жер аударып, Рауандыз, Эрбиль, Мусул, Адана, Ескишеһир және соңында бір мың үш жүз отыз жетінші 1337 [м.1919] жылдың шәууал айының басында Стамбұлдың Әйюб Сұлтан ауданына келді. Әуелі базар ішіндегі «Язылы медреседе» орналасты. Кейін Гүмүшсуында Идрис сарайы маңындағы Мұртаза мешітінің имамы ретінде тағайындалды. Бұл хижретінен бұрын екі рет қажылыққа барған болатын. Рисала (кітапша) күйіндегі көптеген хаттары бар. Мәуліт оқылуының және тәспі қолданудың бастамасы және шариғатқа сай екендігі жөнінде, «Рабыта-и шәрифа» кітапшасы, ислам халифаларының соңғысы сұлтан Уахидеддин хан дәуірінде «Медресе-и мутәхассысин» деп аталған ислам университетінде тасаууф оқытушысы [профессоры] кезінде жазған «Әррияз-ут тасаууфия» кітабы, «Сахаба-и кирам», Әждад-и пайғабари» рисаласы және ислам құқығы атты туындылары және араб, парсы, түрік тілдеріндегі өлеңдері өте құнды. Ол саясатқа мүлде араласпады, саяси топтарға қатыспады. Араңдатушылыққа, бөлінушілікке қарсы еді. Медреселердің жабылуы туралы заң шыққан соң шәйхтық, шәкірттік туралы сөйлегені мүлде байқалмаған. Заңға бағынуға тым мұқият қарап, сөйлеген кезінде де осыған кеңес беретін. Дінді дүниелік пайдасына құрал қылған дүмшелерге қарсы Әйюб Сұлтан, Фатих, Баязид, Бақыркөй, Қадыкөй, Бейоғлындағы Аға мешітіндегі уағыздары олардың жала жабуына себеп болды. Олардың қудалауымен [1362] рамазанның он сегізінші және [1943] қыркүйектің он сегізінші сенбі күні Стамбұлдан Измирге апарылды. Месеррет қонақ үйінде, кейіннен бір үйде тұрды. Зүл-қаданың оныншы дүйсенбі күні Анкараға жол тартып, сейсенбі күні Анкарада Хажы Байрам Уәли маңында бауыры сәйид Фаруқ Ышықтың үйіне келді. Фаруқтың үйінде он сегіз күн ауырып жатты. 1362 зүл-қаданың жиырма тоғызыншы және 1943 қарашаның жиырма жетінші сенбі күні күннің шығуынан он сегіз минут бұрын, азани сағат он екіде, зауали сағат алты жарымда көз жұмды. Ол түні жеңіл зілзала болған еді. Сол күні Кечиөрен ауданында күйеу баласы Ибраһимның үйіне апарылып, сол жерде жуындырып, кебіндеп, жаназасы оқылып, Анкара қаласының солтүстігіндегі, қаладан жиырма төрт шақырымдай жердегі Бағлұм ауданында кешке жақын жерленді. Намазына қатысу, тәлқин беру және қабірінің ішіне кіру міндеті Хусейн Хилми Ышыққа нәсіп болды. Мазар Бағлұмның батыс жағында, біраз көтеріңкі жерде, елу метрдей қашықтықта орналасқан, хазреттің қабірі мазардың солтүстік-шығысында. Бағлұм мешітінің есігінің қасында сәйид Бурханеддин Муши хазреттің қабірі бар. Аллаһу та'ала дәрежесін көтерсін! Бәрімізді оның шапағатына қауыштырсын! Кітаптарын оқып, көрсеткен жолында жүруді және рухынан әр мезетте пайда табуды нәсіп етсін! Әмин! 288-ші бетте 7-ші бөлімге қараңыз! |