20 - Жамазиәл-ахир, 1446 жыл.
     21 - Желтоқсан, 2024 жыл.   


ЕКІНШІ БӨЛІМ

Әлемде ешкім жаман адамдардың жаласынан құтыла алмаған. «Мутәзила» адасқандары пайғамбарларға (алейһимуссалауату уәттәслимат) және періштелерге де тіл тигізген. Бұл жалалар ақыл мен ынсап иелеріне жамандалғандардың тазалығын және жоғары дәрежесін көрсетеді. Шәйхайнның үстемдіктерін көрсететін дәлелдердің бірі көре алмаушылардың, қарсы шығушылардың ғасырлар бойы қалыптасып қалған сөздерден басқа ештеңе айта алмауы.

Бұл жалалардың бірі хазреті Әбу Бәкірдің хазреті Фатимаға мирас бермеуі (радиаллаһу та'ала анһума).

Хазреті Әбу Бәкір «Біз пайғамбарлар мирас қалдырмаймыз. Бізге ешкім мирасқор болмайды» хадис шәрифін ұстанып мирас бермеді. Дауд, Сүлейман, Яхия және Зәкәрия (алейһимуссалам) сөздерінде мирас сөзін қолданғанын Құран кәрім хабар беруде. Құран кәрімнің мағынасын ең жақсы түсінетін пайғамбарымыз. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) бұл аяти карималардың мал-мүлік мұрасын емес, білім мен халифалық мұрасын айтқанын түсініп, жоғарыдағы хадис шәрифті айтты. Бұл хадис шәриф Құран кәрімнің мағынасын түсіндіруде. Әбу Даудтың айтуынша, Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) Бәни Надирде, Хайбарда, Фәдәкте құрма бақтары бар еді. Біріншісінің табысын қызметкерлеріне, Фәдәк табысын кедейлерге беретін. Хайбардағының табысын үшке бөлетін. Екеуін мұсылмандарға, біреуін әһли бәйтіне, яғни жанұяларына беретін. Артылғанын мухажир сахабалардың кедейлеріне тарататын. Хазреті Әбу Бәкір халифа болғанда Расулуллаһтың істегенін өзгертпеді. Хазреті Омар халифа болғанда хазреті Әли мен Аббасты шақырды. «Жоғарыдағы хадис шәрифті Расулуллаһтан естідіңдер ме? Аллаһ үшін шын айтыңдар!» деді. Олар естігенін айтты. Хазреті Фатиманың бұл хадис шәрифті естіген болса да мирас берілмегенде ренжуі пендешілік еді және ислам діні берген, толықтай халал болған мал-мүлікті алып берекеттенгісі келген еді. Хазреті Әли де халифа кезінде бұларды өз балаларына бермеді. Шәйхайнның істегенін өзгертпеді. Омар бин Абдулазиз де осылай істеді.

«Сыддық (радиаллаһу та'ала анһ) ұрының сол қолын шапты. Бұл исламға сай емес» дейді. «Муватта» кітабы мұны ұзақ түсіндірген. Ол ұрының оң қолы мен аяғы кесілген болатын. Сол қолына кезек келген еді. Малики және Шафии мазһабтарында хазреті Әбу Бәкір сияқты істеледі. Ханафи мен Ханбали мазһабтарында хазреті Әлиден келген хабар бойынша, бір қолы мен бір аяғы кесілген адамның басқа еш жері кесілмейді, қамауға алынады.

Хазреті Әбу Бәкірге (радиаллаһу та'ала анһ) Малик бин Нувәйраның қысас жазасын бермегені үшін де тіл тигізеді.

Халид бин Уәлид Маликтың сөзінен оның мүртәд болғанын түсінді. Сондықтан оны да өлтірді. Хазреті Әбу Бәкірдің ижтиһады хазреті Халидтың дұрыс айтқанын көрсеткендіктен, Халидқа қысас жазасын бермеді. Әбу Бәкірдің бұл ісіне қате дейтіндер хазреті Әлидің (радиаллаһу та'ала анһ) хазреті Османды өлтіргендерге қысас жасамағанына не дейді екен?

«Хазреті Әбу Бәкірдің (радиаллаһу та'ала анһ) халифа болуы ашық түрде де, ишарамен де хабар берілмеді. Хабар берілгенде ижтиһадпен сайланбай, ижтиһадқа қажеттілік қалмас еді» дейді. Бұған жауап беру үшін жеті алғы сөз келтіру жақсы болады:

1) Расулуллаһқа (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) «Уахи» бірнеше түрлі келетін. Азап хабарларының бір бөлігі қоңыраудың дауысы секілді келді. Жәбрейіл алейһиссалам адам кейіпінде көрініп айтатын. Түсінде де уахи келетін. Уахидың тағы бір түрі парасат еді. Бұл уахилардың көбі Құран кәрімде жоқ. Мұның себебін сұрауға рұқсат жоқ. Мысалы «Ораза әмірлері Құран кәрімде хабар берілді де, намаздың көптеген әмірлері Құран кәрімде неліктен хабар берілмеді?» деуге болмайды. Осы секілді «Пәлен әмір неліктен Құран кәрімде хабар берілмей, түсінде хабар берілді?» деуге болмайды. Осы секілді «Хазреті Әбу Бәкірдің халифа болатыны Құран кәрімде хабар берілмей, түсінде хабар берілді» деуге болмайды. Осы секілді «Хазреті Әбу Бәкірдің халифа болатыны Құран кәрімде неліктен анық хабар берілмей, түсінде ишара етілді?» деп сұрауға болмайды.

2) Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) әмірлердің, тыйымдардың бір бөлігін айқын хабар берді. Бір бөлігін «Мынаны істеген адамға Аллаһ қамқор болсын, мынаны істеген адамға Аллаһ лағнет етсін» деп ишарамен хабар берді. Мұның себебін сұрауға рұқсат жоқ. Осы секілді «Шәйхайнның (радиаллаһу та'ала анһума) халифа болатынын да неліктен түсін айтып хабар берді де, менен кейін Әбу Бәкір мен Омарды халифа қылыңдар демеді» деп сұрауға болмайды.

3) Кейбір әмірлер хабар беру жолымен жетті. Иса алейһиссалам мен Дәжжалдың келетіні және Дәжжалдың жамандығы хабар берілді. Бұл хабар «Иса алейһиссалам келгенде оған бағыныңдар! Дәжжал келгенде оған бағынбаңдар!» деген сөз. «Мына амалды істегендерді жәннатта көрдім. Былай істегендерді тозақта көрдім» дегені де осындай. Әмір мен тыйым насспен айқын хабар берілгеніндей, насстың ишарасымен де хабар берілген. «Пәленше Ахмедті азат етті» дегеннен «Ахмед оның құлы еді» деген сөз аңғарылады, бұған ишарамен түсіну дейді. «Мына адамды сендерге әкім қылдым» деген сөз «Оның әміріне бағыныңдар» дегенді білдіреді, бұл да ишарамен аңғарылуда. Осы сияқты Аллаһу та'ала бұл үмбет ішінде халифа қылатынын айқын хабар берді. Халифалардың шәйхайн болатынын түс арқылы хабар берді. Осы сияқты ақырзаман пайғамбарының келетінін Иса алейһиссаламға сүйінші беру арқылы Ол келген кезінде Оған бағыныңдар деген болды. «Менің жолымды, ал менен кейін хуләфа-и  рашидиннің жолын ұстаныңдар!» хадис шәрифі шәйхайнға (радиаллаһу та'ала анһума) бағынуды әмір етуде. Олардың халифа болатыны осыдан ишарамен аңғарылуда.

4) Шәйхайнның халифа болатынының хабар берілуі халифалықтарының хақ және дұрыс болатынын да көрсетеді. Иса алейһиссаламның ақырзаман пайғамбарының (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) келетінін сүйіншілеуі де осындай.

5) Екі мубхәм (айқын болмаған) насс қосылған кезде нақты, айқын күйге енеді. «Менен кейін Әбу Бәкірге және Омарға бағыныңдар!» хадис шәрифі шәйхайнның есімдерін анық хабар беріп тұр, дегенмен халифа болатыны аңғарылмайды. «Менен кейін хуләфа-и рашидиннің жолын ұстаныңдар!» хадис шәрифі де халифалықты аңғартады. Екеуі қосылған кезде шәйхайнның халифа болатыны айқын аңғарылады. Бөлек-бөлек хабар берілуінің себебін, хикметін тек қана сөз иесі біледі.

6) «Әдиллә-и шәрия» төртеу. Олардың үшіншісі «Ижма». Ижма пайда болу үшін «Кітаптан» немесе «Сүннеттен» «Дәлел», яғни құжат болуы қажет. Асхаби кирам бір-біріне дәлелдерді еске түсіріп ижма пайда болды. Бұл ижмамен Әбу Бәкірді (радиаллаһу та'ала анһ) халифа қылды. Әлидің (радиаллаһу та'ала анһ): «Оның бұған лайықтырақ екенін білеміз» деген сөзі де осындай екенін көрсетеді.

7) Имам Нәуәуидің және басқа ғалымдардың «Истихлаф» және «Сарих насс» сөздері әртүрлі мағына білдіреді. Өлім жақындағанда хал мен келісім иелерін, яғни мемлекеттік істерде сөз иесі болғандарды жинап, «Мына адамға «Биат» етіңдер» деу сарих насспен истихлаф (өз орнына өткізу) болады. Бұл жерде өлімнің жақын болуы және мемлекет адамдарын жинап айтуы қажет емес. Әмір емес, хабар беру болады. Біреуді осылай истихлаф ету басқасының халифа болуына бөгет болмайды. Истихлаф кейде ашық түрде айтылмайды. Сөздің [насстың] ишарасынан аңғарылады. Немесе екі насстың бірігуінен аңғарылады. Фиқһ ғалымдары насстың ишарасын түрлі түрлі түсінуі мүмкін.

Жоғарыдағы жеті алғы сөз түсінікті болса, негізгі жауапты бастауға болады: Имам Нәуәуидің мазһабының басшысы, тіпті бүкіл хадис және фиқһ ғалымдарының көсемі Имам Шафии (рахметуллаһи алейһ) «Келген кезіңде мені таба алмасаң, Әбу Бәкірден сұра!» хадис шәрифінің Әбу Бәкірдің халифа болатынын айқын көрсетіп тұрғанын түсінген. Имам Шафиидың білімі өте терең, зейіні мен ой-өрісі өте күшті еді. Аллаһу та'аланың аяттарының бір аяты еді. Оның айтуынша, бұл хадис шәриф бір әйелге айтылған әмір болса да, хазреті Әбу Бәкірдің халифа болатынын ишарамен көрсетіп тұр. Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) мұны хабар бергенде разы болмағанын, қынжылғанын көрсетпеді. Бұл жағдай хабар берілген нәрсенің шариғатқа сай екенін көрсетеді. Әртүрлі жерлерде айтылған хадис шәрифтер хазреті Әбу Бәкірдің халифа болатынын айқынырақ хабар беруде. Бәрін жинап біріктіргенде «Тәуатур», яғни нақтылық пайда болады. Имам Нәуәуидің «Насс болғанда, соны айтып, оған бағынатын еді. Насс айтпады» сөзі орынды емес. Өйткені түрлі «Насстарды», яғни айқын хабарларды айтты. Мысалы намазда имамдыққа шығарылған адам халифа болады десті. Мұны асхаби кирамның бәрі білгендіктен, басқа насстарды іздестіруге, айтуға қажеттілік көрмеді. Онсыз да Расулуллаһ қайтыс болғандықтан, бәрі қайғылы, мұңды еді және арабтардың мүртәд болып, Мәдинаға бара жатқаны туралы хабар келген еді. Халифа сайлануының тез атқарылуы қажет болды. Хазреті Әли (радиаллаһу анһ) айтқан: «Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) ауырып қалды. «Әбу Бәкірге айтыңдар! Намаз оқытсын, имам болсын!» деді. Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) қайтыс болғанда ойландық. Исламның туы және діннің тірегі болған намазда Расулуллаһтың алдымызға шығарғанын біз басымызға халифа қылуға разы болып, Әбу Бәкірді халифа сайладық».