Намаздың сүннеттерi
1. Ифтитах тәкбiрiнде қолды құлаққа дейiн көтеру. 2. Қолдың iшiн қыблаға бағыттау. 3. Тәкбiрден кейiн қол байлау. 4. Оң қолды сол қолдың үстiне қою. 5. Ер кiсiнiң қолдарын кiндiктен төмен ұстауы, ал әйелдердiң қолдарын көкiрекке қоюы. 6. Ифтитах тәкбiрiнен кейiн «Субханәкә» оқу. 7. Имамның және жеке оқыған адамның «Аузу» оқуы. 8. Бисмиллаһ айту. 9. Рукуде үш мәрте «Субханә раббиал азым» деп айту. 10. Сәждеде үш рет «Субханә раббиал аъла» деп айту. 11. Соңғы отырыста Салауат дұғаларын оқу. 12. Сәлем бергенде екi жаққа қарау. 13. Имамның жұма және айт намаздарынан басқа, әр намазда бiрiншi рәкатта екiншi рәкатта оқитынынан екi есе ұзын оқуы. 14. Рукуден тұрарда имамның және жеке оқыған адамның «Сәми Аллаһу лимән хамидәһ» деп айтуы. 15. Рукуден тұрғаннан кейiн «Раббәнә ләкәл хамд» деп айту. 16. Сәждеде аяқ саусақтарын бүгiп қыблаға бағыттау. 17. Руку және сәжделерде иiлiп жатқанда және тұрып жатқанда «Аллаһу әкбар» деп айту. 18. Қолдарын және тiзелерiн жерге тигiзу. 19. Қиямда тобықтардың арасы төрт елі болу. Рукуде, қавмеде және сәждеде тигізіп ұстау. 20. Фатихадан кейiн өзі еститіндей амин деп айту, рукуден бұрын тәкбiр алу, рукуде саусақтарды ашық ұстап тiзенiң үстiне қою, сәжде үшiн тәкбiр алу, отырғанда сол аяғын жерге жатқызып, оң аяғын тiк қойып отыру, екi сәжде арасында отыру. Ақшам намазында қысқа сүрелер оқылады. Таң намазында алғашқы рәкат екiншiге қарағанда бiраз ұзағырақ оқылады. Имамға ұйыған адам фатиха және зәм сүре оқымайды субханәкә оқиды. Тәкбiрлердi айтады, әттахияту, салауат шерифтердi оқиды. |