19 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     21 - Қараша, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Ораза / Ораза тұтып денсаулыққа қауышыңыз

Ораза тұтып денсаулыққа қауышыңыз

Ораза тұту денсаулыққа зиянды емес, керісінше өте пайдалы. Өйткені Аллаһу та’ала құлына зиянды нәрсе әмір етпейді. Пайғамбарымыз да «Ораза тұтыңдар, денсаулыққа қауышыңдар» деп бұйырған.

Ораза тұту асқазан мазасыздығына себеп болмайды, керісінше асқазанның саулығы үшін өте пайдалы. Бұл жайт бүгінгі медицина мамандары тарапынан анық, айқын түрде дәлелденген. Қаншама шетел тілінде маман дәрігерлер тарапынан жазылған кітаптарда көптеген аурулардың диета сақтаумен емделетіні немесе диета арқылы емнің тез жүретіні білдірілуде.

Ораза – бір жыл бойы тоқтаусыз жұмыс істеген асқазанмен бүкіл ас қорыту жүйелерінің дем алуы және адам денесінің тазаруы деген сөз.

Адамдарда өте жиі кездесетін індет асқазан және ішек аурулары. Ал бұл жағдай семіру, жүрек және тамыр ауруларына, қант диабетіне және қан қысымының жоғарылауына себеп болуда. Ораза бүкіл бұл аурулардың алдын алушысы болумен қатар емнің көзі болып табылады. Бүгін көптеген аурулардан құтылу үшін диета сақтау керектігін дәрігерлер білдіруде.

Ораза тұтумен адам күшті қалау еркіне қол жеткізетіні сөзсіз. Осы себепті арақ, наша сияқты жаман әдеттерінен ораза арқылы құтылғандар көп кездесуде.

Хазреті Шах Уәлиуллаһи Дәхләуи былай дейді:

«Адамның нәпсі кейде қозып арнасынан таси бастайды. Сол себепті адам шәһуатына, қалауларына еріп кетеді. Адам нәпсін мұндай істерден қорғауы үшін кейбір шараларға жүгінуі керек. Ораза бұл орайда ең қолайлы шара. Адам шәһуатын ораза тұту арқылы тияды. Ораза адамның жаман қалауларын әлсіретеді. Рухтың жарқырауы және шәһуаттың, жаман қалаулардың тиылуында оразадан да әсерлі шара жоқ. Адам ораза тұту арқылы шәһуат және жаман қалауларынан қаншалықты арыла алған болса, ораза соншалықты күнәларына кәффарат болады. Періштелер ораза тұтқан адамды жақсы көреді. Ораза тұтқан қоғамға шайтан әсер ете алмайды. Өйткені ол қоғамда ораза тұтылғаны үшін шайтан байлаулы болады. Олар үшін жаннаттың есіктері ашық, жаһаннамның есіктері жабық болады.»

Ораза денедегі көмірсу, протеин және әсіресе май деполарының әрекетке түсуін қамтамасыз етеді. Ораза арқылы сүзгіш жұмысынан құтылған бүйректер өзін тексеру, жөндеу, дем алу және жаңалану мүмкіндігін алады.

Бүкіл осы айтылғандар “ораза тұту адам денсаулығына зиян береді” детіндердің өтіріктері мен жалаларын беттеріне шалпуда.

Ораза жылына бір ай тек күндіздері ішіп-жеуден тиылу деген сөз. Мұның мағынасы адамдарға аштықтың және сусыздықтың не екенін сезіндіру, үйрету. Ораза тоқтарға аш адамның не жағдайда болатынын, не сезінетінін еске салады. Сондай-ақ нәпіске ие болуды қамтамасыз етеді. Ораза тұту мерзімі қамари ай бойынша жүретіндіктен әр жылы күн жылымен алдыңғы жылға қарағанда 10-11 күн ерте келеді. Сол себепті шамамен отыз үш жыл ішінде барлық мезгілдерде ораза тұту мүмкін болады.

Хазреті Сәйид Бурханәддин Тирмизи шәкірттеріне былай деп насихат айтатын: «Қарындарың аш болсын! Ол үшін ораза тұтыңдар! Өйткені ораза хикмет қазыналарының кілті. Ораза тұту көңіл көзінің ашылуына, көңілдің жұмсаруына себепші болады. Сонымен қатар ораза тұтқан адамның дұғасы Аллаһу та’аланың дәргейінде қабыл болады.

Егер Аллаһу та’алаға ғибадат ете алмасаңдар, ең болмағанда ораза тұтыңдар. Қарындарыңды аш тұтуға мән беріңдер. Өйткені ораза тұтудан асқан ғибадат жоқ. Пайғамбар және уәлилердің көңілдерінен шыққан хикмет бұлақтары аштық және оразаның берекесімен пайда болған. Аллаһу та’алаға жеткізетін амалдар арасында оразадан асқан жақсы көлік жоқ. Ораза иелерінің дұғаларының қайтарымы беріледі және қабыл етіледі. Оразаның Аллаһу та’аланың дәргейінде үлкен қадірі және маңызы бар. Ораза – хикмет қазыналарының кілті. Бір адам бүкіл құлдық міндеттерін атқарса, бірақ асқазанын толтырса еш жерге жете алмайды. Оразасын қажетінше тұтса, басқа құлдық міндеттерінде кемшілік болса да, бәрібір бір жерге дейін жетеді. Денсаулыққа зиян келмеуі үшін және жұмыстан алмауы үшін оразаға ақырын ақырын әдеттену керек.»

Қорыта айтқанда ораза адам үшін зиянды емес, қай жағынынан қаралса да пайдалы. Өйткені ораза тұтқандарда күндіз қан көлемінің және тін суының азайғаны нәтижесінде ең болмағанда қан қысымының қалыпты күйге енгені және жүрек жұмысының жақсарғаны байқалады.

Ораза тұтқан кісінің жүйке жүйесі де жеңілдейді. Ораза тұтудай бір ғибадатты орындаудың адамға беретін позитиф энергиясы, қуанышы адамдағы стрес және мұңдарды азайтады, жоқ қылады. Сонымен қатар оараза хазреті Мұхаммед Бақи-биллаһтың айтқанындай:

            «Ораза тұту Аллаһу та’аланың сипатымен сипаттану деген сөз. Өйткені Аллаһу та’ала ішпейді, жемейді, ішіп-жеуге мұқтаж емес.»