19 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     21 - Қараша, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Ықылас адамның істерінен белгілі болады

Ықылас адамның істерінен белгілі болады

Ықылас (ихлас) – денемен немесе мал-мүлікпен жасалатын парыз немесе нәпіл бүкіл ғибадаттарды мәселен жақсылық жасауды, мұсылмандарды қуандыруды, оларды қиыншылықтан құтқаруды, зікірді, истиғфарды (әстағфируллаһ айтуды) Аллаһ разылығы үшін жасау деген сөз.

 

Намаз оқудан мақсат Аллаһу та’аланың ұлылығын ойлап Оның алдында өзінің төмендігін, әлсіздігін түсіну. Мұны түсінген адам үнемі жақсылық жасайды, мүлдем жамандық жасай алмайды. Нәпсіне еретін адамның оқыған намазы сахих болса да жемісін көрмейді. Өйткені адамдардың жанында сүннеттеріне сай оқып, ал жалғыз кезінде әдептеріне мән бермей оқылған намаз рия болады. Пайғамбарымыз «Адамдарға көрсету үшін намазын жақсы оқып, ал жалғыз кезінде бұлай оқымаған адам Аллаһу та’аланы мазақ еткен болады.» деп білдірген. Күнде бес рет Раббының құзырында тұрғанына ниет еткен адамның көңілі ықыласпен толады. Өйткені намазда орындалуы әмір етілген әрбір әрекет көңілмен денеге түрлі пайдалар келтіруде. Мешіттерде жамағатпен намаз оқу, мұсылмандардың көңілдерін бір-біріне байлайды және бір-бірлерінің бауырлары екенін түсінеді. Үлкендер кішілерге мейірімді болады. Кішілер де үлкендерге құрмет етеді. Байлар кедейлерге, күштілер әлсіздерге көмекші болады. Дені саулар науқастанған бауырларын мешітте көрмегенде үйлеріне іздеп барады және «Дін бауырына көмектесу үшін жүгірген адамның көмекшісі Аллах болады.» деген хадис шәрифтегі сүйіншіге қауышу үшін жарысады.

 

Хазреті Шәйх Абдулқуддус баласына былай деп насихат айтады:

«Уақыттың қадірін біл! Күні-түні ілім үйренуге тырыс! Әрқашан дәретті жүр! Бес уақыт намазды сүннеттерімен, тадили әрканымен, хушумен, Аллаһу та’аланы көріп тұрғандай және пайғамбарымыздың білдіргеніндей оқуға тырыс! Бұларды орындасаң дүниеде және ахыретте сансыз көп ниғметтерге қауышасың. Ілім үйрену ғибадат жасау үшін керек. Қиямет күні амалдардан сұралады, “Көп ілім үйрендің бе?” деп сұралмайды. Ал амалдармен ғибадаттар болса, ықыласқа қол жеткізу үшін керек. Барлық нәрсені Аллаһу та’аланың разылығы үшін орындау болған ықылас болса, шынайы илаһ және шартсыз бар болған Аллаһу та’аланы жақсы көру үшін керек.»

 

Мал-мүлік, құрмет, абыройға қол жеткізу үшін жасалған ғибадаттарда ықылас болмайды, рия болады. Мұндай ғибадаттарға сауап берілмейді, керісінше күнә болады, азапқа ұшырайды. Бидғатшылармен, харам істейтіндермен және дін дұшпандарымен достық құратындардың көңілдерінде ықылас қалмайды және көңілдерінде зұлмет, қара дақтар пайда болады.

 

Жақсы, салих мұсылман бола алу үшін әһли сүннет ғалымдарының білдіргеніндей иман ету, ғибадаттарды дұрыс және ықыласпен орындау керек. Аллаһу та’ала дұрыс және ықыласпен ғибадат еткендерді жақсы көретінін, бұлардың көңілдеріне дүниеде файз, нұрлар жаудыратынын, ал ахыретте сауап яғни жақсылық беретінін уәде еткен. Хадис шәрифте былай делінеді: «Аллаһу та’ала былай деп бұйырды “Менің серігім жоқ. Маған серік, ортақ қосқан адам сауаптарын одан сұрасын.” Ғибадаттарыңды ықыласпен орындаңдар! Аллаһу та’ала ықыласпен жасалған істерді қабыл етеді.»

 

Ғибадаттардың дұрыс болуы үшін қалай жасалатынын үйрену керек және үйренгендеріне сәйкестендіріп орындау керек. Аллаһу та’алаға жақын болу, яғни Оның сүйіспеншілігіне қауышу үшін ықыласпен исламға мойынсұну керек. Ал исламға мойынсұну үшін алдымен әһли сүннет ғалымдарының білдіргеніндей иман етіп, кейін харамдардан сақтанып және парыз болған ғибадаттарды ықыласпен орындау керек.

 

“Әшбах” кітабында былай делінеді:

«Бір ғибадатта сауап пайда болуы үшін бұл ғибадаттың сахих болуы шарт емес. Халис ниет етілуі шарт. Халис ниет етіліп жасалған ғибадат, білмеушілікпен фасид болса (бұзылса) сахих болмайды. Бірақ ниет етілгені үшін көп сауап беріледі. Мәселен дәреті бар деп ойлап дәретсіз оқылған намаз сахих болмайды. Бірақ ниеті үшін көп сауап беріледі. Нәжіс екенін білмеген суды таза деп ойлап онымен дәрет алып оқылған намаздың шарты кеміс болғаны үшін сахих болмағанымен ниет болғаны үшін сауап беріледі. Шарттарына сай оқылғаны үшін сахих болған намаз рия, көрсету үшін оқылса сауап пайда болмайды.»

 

Бір күні пайғамбарымыз «Бір адам ықыласпен “лә илаһә иллаллаһ” десе жаннатқа кіреді.» деп бұйырады. Мұны естіген сахабалар «Ей расулаллаһ мұны ықыласпен айтқанымыздың қандай белгісі бар?» деп сұрады. Расулуллаһ алейһиссалам «Сендерді Аллаһу та’аланың харам қылған нәрселерінен тиюы» деп жауап береді.

 

Қорыта айтқанда ықылас барлық нәрсені Аллаһ разылығы үшін жасау деген сөз және бұл хал адамның істерінен белгілі болады. Хазреті Жунәйд Бағдадидің айтқанындай: «Бір адам жасаған ғибадаттарын ықыласпен орындаса Аллаһу та’ала ол адамға бос халдерден, керексіз әуестерден құтылу ниғметін ихсан етеді (береді).»