19 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     21 - Қараша, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Сабыр түбі сары алтын

Сабыр түбі сары алтын

Сабыр – Аллаһу та’аланың тағдырына разы болу, жазғанына, бергеніне қарсы шықпау дегенді білдіреді. Шағымдану ниетінсіз басқа түскен қиыншылықтарды айту сабырсыздық болмайды.

 

Сабыр бүкіл жақсылықтардың кілті. Дүниеге келгеннен бастап барлық жетістіктерге сабырмен ғана қол жеткізіледі. Баланың есеюі, ілім алуы, жетілуі сабыр етуге байланысты. Жақсы адам болу, жақсы мұсылман болу сабырмен жүзеге асады. Дініміздің ұлылары да: «Сабыр бүкіл жақсылықтардың, ал шүкір бүкіл берекелердің кілті. Кімнің бойында осы қасиеттер табылса, ең биік рухани мәртебелерге қауышады.» деп білдірген.  

 

Хазреті Абдуллаһ ибни Аббас қызының қайтыс болғанын естігенде алдымен: «Иннә лиллаһ уә иннә иләйһи ражи’ун» деп, оның артынан «Ол махрем еді, Аллаһу та’ала оны перделеді; көмекке мұқтаж еді, қамқорлығына алды; біз үшін сияпат еді, оны бізден бұрын жіберді.» деді де екі рәкат намаз оқыды. Намаз оқығаннан кейін «Аллаһу та’аланың Бақара сүресінің қырық бесінші аяти кәримасындағы: “Сабыр етіп және намаз оқып көмек сұраңдар” деген әмірін орындадық» деп бұйырды.

 

Сабыр діннің жартысы. Намаз болса діннің тірегі. Бұл екеуіне жабысқан адам көздегеніне, мақсатына жетеді. Пайғамбарымыз алейһиссалам: «Сабыр еткен адам жеңіске жетеді.» деп бұйырған.

 

Хазреті Абдуллаһ Муртәйіш: «Бүкіл істердің нәтижесінің пайдалы және салауатты болуы үшін екі шарт бар. Ол сабыр және ықылас.» деп білдірген.

 

Хазреті Исмаил Фақируллаһ: «Тәуәккүл ету, тәслім болу, сабыр ету және разылық білдіру Аллаһу та’алаға баратын жолдың негіздері.» деп білдірген.

 

Ал Яхья бин Муаз хазреттері: «Қиямет күні кедейлік және байлықтың өзі өлшенбейді. Кедейлікке қаншалықты сабыр етілгеніне және байлыққа қаншалықты шүкір етілгеніне қарап, адам есепке тартылады. Мәселе өте кедей немесе өте бай болуда емес, көп сабыр ету және көп шүкір етуде.» деген.

 

Әбу Әли Дәққақ хазреттерінен «Сабыр деген не?» деп сұралғанда жауабында былай дейді: «Сабыр – дәрі ретінде қолданылатын ащы бір ағаштың аты. Сабырлы болған адамдар дүние мен ахыреттің үстемдігіне қол жеткізіп құтылды. Өйткені олар “Аллаһу та’аламен бірге болу” мәртебесіне қол жеткізген. Сондықтан Аллаһу та’ала Тур сүресінің төртінші аятында: «Аллаһ күмәнсіз сабыр етушілермен бірге.» деп бұйырған

            Сабырдың анықтамасы және шекарасы – тағдырға қарсы шықпау. Бір кісінің өз басына түскен бақытсыздықтарын өзгеге айтуы егер шағымдану мақсатымен болмаса, бұл сабырсыздық таныту болмайды. Аллаһу та’ала Әййуб алейһиссалам қиссасында: «Біз оның сабырлы екенін көрдік, ол не деген керемет құл.» деп мадақтаған. Алайда Әнбиә сүресінің 83- аятында Әййуб алейһиссаламның хабар беру мақсатымен «Басыма мына дерт келді» дегенін де айтқан. Бұл үмметтің әлсіздері тек рұқсат етілген нәрселермен амал етіп қысылмасын деп және өздерін еркін сезінсін деп Аллаһу та’ала Әййуб алейһиссаламның: «Басыма мына дерт келді» дегенін білдіріп, мұндай нәрселерді хабар беру мақсатымен айтуды харам етпеді.»             Абдулқадир Гейлани былай дейді:

«Құлдың Аллаһу та’алаға деген сүйіспеншілігінің шынайы не алдамшы екендігі, басына бақытсыздық келген кезде белгілі болады. Басына бақытсыздық келгенде сабырлылық танытып, тыныштығын сақтай білсе, ол құл Аллаһу та’аланы шын сүйеді деген сөз. Бақытсыздық пен кедейлік келгенде сабырлылық таныта білу бұл сүйіспеншіліктің белгісі және дәлелі. Бір адам Пайғамбарымызға “саллаллаһу алейһи уәсәлләм” келіп: “Мен сені жақсы көремін” дегенінде, Пайғамбарымыз: «Онда кедейлікке дайын бол» деді. Тағы бір адам Пайғамбарымызға келіп: “Мен Аллаһу та’аланы жақсы көремін” дегенінде: «Онда бәлелерге дайын тұр» деп бұйырған.

Жағдайларыңнан шағымданбаңдар. Сабыр етіңдер, ойбайлай бермеңдер. Аллаһу та’аланың разылығы үшін көрсетілген сабыр мен төзімдер ешқашан жауапсыз қалмайды. Сондықтан бір мезет те болса сабыр етіңдер, сонда міндетті түрде ұзақ жылдар бұл сабырдың марапатын көресіңдер. Өмір бойы “батыр” атанып, аты шыққан адамдар бұл атаққа бір мезеттік батылдығының арқасында қол жеткізген.»  

Ахмед Йәкдәст Жүрйани хазірет былай деген: «Бұл дүниенің негізі қиыншылықтан құралған. Қиыншылықтың сабыр етуден басқа емі жоқ, шыдап, төзуден басқа құтылу жолы жоқ. Сабырдың әсіресе мына үш түрі өте керемет: Хаққа құлшылық етудегі сабыр, күнә жасамауға сабыр, бәле мен бақытсыздық кезіндегі сабыр.”

           

Хазреті Имам Раббани былай дейді:

«Адамның күнде басына келетін барлық жағдайлары Аллаһу та’аланың қалауымен және жаратуымен бар болуда. Сондықтан қалауларымызды Оның қалауымен сәйкестендіруіміз қажет. Қарсыласқан әрбір жағдайымызды өзіміз талап етіп, іздеп келген нәрсеміз деп білуіміз керек және бұған қол жеткізгенімізге қуануымыз керек. Нағыз құлшылық осылай болмақ. Егер-де құл болсақ, осындай болуымыз керек! Әйтпесе құлдықты мойындамаған және Жаратушыға да қарсы шыққан боламыз. Аллаһу та’ала хадис құдсиде: «Менің белгілеген қаза мен тағдырыма риза болмаған, ұнатпаған және жіберген бәлелеріме сабыр етпеген құл менен басқа Құдай іздесін. Жер бетінде құлым ретінде жүрмесін!» - деп бұйырған.»